Тұқым қуалау – организмнің көбею ерекшелігіне байланысты генетикалық материалдың түрлі жолдарымен ұрпақтан – ұрпаққа берілуі. Жыныстық көбею кезінде тұқым қуалау жыныс клеткалары арқылы жүрсе, жыныссыз көбею кезінде сомалық клеткалар және споралар арқылы іске асырылады.
Тұқым қуалау – организмнің көбею ерекшелігіне байланысты генетикалық материалдың түрлі жолдарымен ұрпақтан – ұрпаққа берілуі. Жыныстық көбею кезінде тұқым қуалау жыныс клеткалары арқылы жүрсе, жыныссыз көбею кезінде сомалық клеткалар және споралар арқылы іске асырылады.
Ұрпақтар арасындағы құрылымдық функционалдық сабақтастықты қамтамасыз етуде негізгі рөлді хромосомалар атқарады. Ендеше хромосомалар – тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі.
Хромосомалар санының немесе құрылымның өзгеруі оның өзгергіштігін көрсетеді. Бұл айтылғандар хромосомалық немесе ядролық тұқым қуалаушылық болып табылады
Өзгергіштік - ағзалардың жаңа белгілерін иемдену қасиеті.
Генетиканың даму кезеңдері.
Генетиканың даму кезеңдері.
1.Классикалық (1900-1930) –1900 жылы тұқым қуалау заңдылықтарының екінші рет жарыққа шығуымен басталады.
2.Неоклассицизм(1930-1953)- экспериментальды мутагенез жан-жақты қолға алынып, радиациялық, химиялық мутагенді факторларды пайдалану нәтижесінде гендегі, хромосомадағы өзгерістер зерттелді.
3.Синтетикалық кезең (1953 жылдан бері) - ДНҚ құрылымының толық анықталып, оның генетикалық мәнінің ашылуымен сипатталады.
ГЕНЕТИКАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Генетиканың даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырды.
Бірінші-классикалық генетика кезеңі. Бұл кезең 1900 жылы тұқым қуалау заңдылықтарының екінші рет жарыққа шығарумен басталды.
Де Фриз 1902 жылы мутация деген терминді енгізіп мутациялық теорияның негізін қалады.
В.Бетсон 1905 жылы ғылымға генетика, аллеломорфтар, гомозигота, гетерозигота деген терминді енгізі, табиғатта байқалатын гендердің өзара әрекеттесу құбылысын ашты.
Дж. Харди және В. Вайнберг 1908 жылы Мендель заңдылықтары гендердің популяция ішінде таралу процесін түсіндіреді деп көрсетті.
1910-1911жылдары Т. Морган тұқым құалаушылықтың хромосомалық теориясын жарыққа шығарды.
1920 жылы Вавиловтың тұқым қуалаушылықтың өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңы ашылды.