Х. С. Муханбеткалиев 20 ж



бет7/10
Дата25.11.2019
өлшемі1,04 Mb.
#52408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс
басқару, басқару, Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс , ҚМЖ 7 сынып 6 сабақ

Студенттердің өзін - өзі бақылауға және тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Менеджменттік басқару тәжірибесінің негізіне алынып отырғандемократиялық баскарудың мәні неде?

  2. Менеджмент негізінде басқару құрылымы және оның әр бөлігініңатқаратын қызметтеріне шолу жасаңыз.

  3. Білім беруді басқарудың инварианттық бөліктерін қамтитын(өзгермейтін, міндетті бөліктері) құрылымын жасаңыз. Осықұрылымның вариативті (өзгермелі) бөлігіне қандай мазмұндық жәнеқұрылымдық бөліктер енгізген болар едіңіз?

  4. Басқару тиімділігін қамтамасыз ететін қызметтерді атаңыз?

  5. Мектеп басқаруды менеджмент негізінде дамыту құрылымы қандайбөліктерден тұрады?

  6. Басқаруды жоспарлау үшін білім беру үрдісіне қатысушы оқушы менмұғалімнің өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына негізделген басқарумақсатына сай күтілетін нәтижелер алдын - ала белгіленеді. Сіз осынәтижелер ретінде оқушы және мұғалімнен қандай әрекеттердіңорындалғанын белгілер едіңіз.

  7. Инновациялық мектепті басқарудың құрылымдық-мазмұндықжобасын жасаңыз. Презентациялаңыз.

  8. ¥жымның бірлескен қызметіндегі рефлексиялық әрекеттерді қандайпедагогикалық және әдістемелік шаралар арқылы жүргізуге болады?Аталған шаралардың біреуіне тиімділігі тұрғысынан кеңірек талдаужасаңыз.

Әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.А.Теория и практика гуманизации школьногообразования: Монография. -Алматы.Тылым, 1998.-225с.

  2. Гершунский Б.С. Образование XXI века. М:2003

  3. Караев Ж.А.Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения.дисс.д.п.н., Алматы, 1994-312с.

  4. Краевский В.В.Проблемы научного обоснования обучения. М.:Педагогика, 1977

  5. Педагогика. Уч.пособия для студентов педвузов и колледжей // Подред. Пидкасистого-М.:Пед общество Россия, 2000-640

  6. Колесникова И.А. О приоритетных направлениях в формировании,стратегии образования на научно-педагогическом уровне. //Образ,политика нарубеже 20-21 веков, часть 3.-СПб:1995.-С.53-.

  7. Поташник М.М. Инновационные школы России: становление иразвитие. Опыт программно-целевого развития. Пособия дляруководителей школ. М., 1996-293С.


Мектептегі білім беру процесін басқару технологиясын

құрастырудың негіздері
Мақсаты:

Басқару теориясында қалыптасқан түрлі теориялар тұрғысынан білім беру процесін басқару технологиясын құрастырудың негіздерімен таныстыру.



Міндеттері:

Курс соңында студенттерден төмендегі нәтижелер күтіледі:

1. Басқару мазмұнының функционалдық, жүйелік, ситуациалық,оңтайландыру және зерттеушілік сипаттарын меңгереді.

2. Білім беру үрдісіне ендіріліп жатқан көзқарастар негізінде мектепбасқаруды адам тұлғасына бағьптандырылған, немесе тұлғалықбағдарлы мазмұнын жүзеге асырудың шарттарын біледі, әрқайсысынаталдау жасай алады.

3. Тұлғаның бойында өзін-өзі дамытуға бағытталған субъектіліксапаларды қалыптастырудың құрылымын теориялық - тәжірибелік түрде дәлелдей алады.



Соңғы кездері білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне жаңа технологиялар енгізіліп, оқыту мазмұны тұлғаны дамытуға, оқушының дербес психологиялық ерекшеліктерін, өзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр. Алайда, жаңа бағыттар көбіне пәндік-әдістемелік деңгейде қолданылып, мектеп басқару негізінен жоспарды орындауға қызмет ететін дәстүрлі сипатта қалып отырғаны белгілі.

Басқару теориясында калыптасқан түрлі ұстанымдар тұрғысынан білім беру процесін басқарудың логикасы құрылады. Басқару мазмұны қазіргі педагогикада функционалдық, жүйелік, ситуациалық, оңтайландыру және зерттеушілік сипаттары қарастырылып жүр. Білім беру үрдісіне ендіріліп жатқан көзқарастар негізінде мектеп басқаруды адам тұлғасына бағыттандырылған, немесе тұлғалык бағдарлы (Р. Х.Шакуров, Т.И.Шамова, Н.В.Немова), мотивациялық (В.С.Лазарев, Л.М.Перменова, И.К.Шалаева) көзқарастар түрғысынан карастырылатынын көруге болады.



Басқарудың тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны.

Ізгіліктік заңдылықтарын негізге алу арқылы тұлғалық бағдарлы басқару үрдісіне қатысушылардың тұлғалық құндылығына бағытталған сенім мен құрметтеудің көрінісі болып табылады. Бұл жағдайда барлық басқару қызметі мен педагогикалық әрекеттер адам үшін қажеттігімен өлшенеді, сонымен қатар басқару жоғарыдан төмен ықпал етумен емес, оның субъектілерінің басқару ісіне белсене араласуымен және өзара қарым-қатынасының сипатымен ерекшеленеді. Басқарудың сипаты субъектіден-субъектіге, монологтан-диалогқа, бақылаудан-өзіндік бакылауға, тұлғалык бағдарлы мазмұнға ие болады. Тұлғалық бағдарлы теория негізінде басқару үрдісінде оқушылар мен мұғалімдер "басқару субъектілері" ретінде қарастырылады. Олардың арасындағы қатынастар ерекше сипатқа ие болып, субъектаралық, диалогтық рефлексиялық мазмұн қалыптасады. Сөйтіп, тұлғалық тұрғыдан басқару оның субъектілеріне сырттан ықпал ету арқылы ғана емес, өз бойындағы әлеуетін дамыту, өзіндік рефлексиялық әрекеттерін жетілдіру барысында жүзеге асырылады.

Тұлғалық бағдарлы басқару мазмұнының негізінен тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісімен сәйкестік мәні анықталды:

  • тұлғалық бағдарлы білім беру - адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы. Сондықтан, тұлғалық бағдарлы білім беруді басқару - тұлғаның өз мәдениетінің субъектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;

  • тұлғалық бағдарлы білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін өзі реттеуге, өзін өзі қорғауға, өзін өзі тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен диалогтық қарым-қатынасы жүреді, сондықтан тұлғалық бағдарлы білім беруді басқару - педагогтың балаға қатынасын және оқытудағы тұлғалық позициясын қалыптастыру;

  • тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару - адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол - тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау;

  • тұлғалық бағдарлы білім беру адамның қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны адамның өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субъектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.

Тұлға өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - өзін өзі рефлексиялық басқаруды жүргізе алады. Осыған сәйкес тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың мазмұны құндылықтық, танымдык, әрекеттік-шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды.

1. Құндылықтық қызмет тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін тандап алу;



  1. Танымдық қызмепі тұлғаның рухани дамуының негізі
    ретінде мәдениет, табиғат, ноосфера туралы ғылыми
    білімдерін игеру;

  2. Әрекеттік-шығармашылық қызмет тұлғаның оқу, еңбек
    ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз
    мүмкіндіктерін жүзеге асыру, шығармашылық қабілетін
    қалыптастыру және дамыту;

  3. Тұлғалық-рефлексиялық қызмет өзіндік санаға бағытталып
    рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік
    мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.

Мектепті тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару педагогикалық бағдарламалардың мазмұнын да ішінара өзгертеді. Бұл жағдайда жаңа әдістемелерді қолданудың мәні мен ерекшеліктері, тереңдігі оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру арқылы игеріледі. Сондықтан мазмұндық компоненттің оқушы үшін көкейкестілігіне назар аудару, жаңа талаптар мазмұнының білім беру бағдарламасы, стандарттарымен үйлесімді кірігуін ескеру маңызды мәселе.

Менеджмент негізінде тұлғалық бағдарлы басқарудың ерекшеліктері:

білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделді;

барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылар мен мұғалімдердің шаршатуын болдырмауды көздейді;



оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі оған катысушыларды іріктеп, таңдап алу арқылы емес, педагогикалық ішкі резервтер мен мүмкіндіктерді пайдалану негізінде қол жеткізіледі;

педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, субъектарлық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;

басқарудың тұлғалык бағдарлы мазмұны білім беру үрдісіндегі тұлғалардың (оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана, әкімшілік) өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;

Басқаруды менеджмент негізінде жүзеге асыру оның педагогикалық шарттарын белгілеп алуды қажет етеді. Өйткені, менеджменттің жоғарыда сипатталған ұстанымдары оларды тәжірибеде іске асыруға бағытталған арнайы шарттардың орындалуынсыз теория ретінде қалып, практикалық қолданбалы міндеттерді атқара алмайды.



Басқарудың педагогикалық шарттары

Педагогикалық үрдістегі өзара қарым-катынастар педагогикалық үрдісте, өзара қатынаста, ұжымдық катынаста, өзіндік қатынаста көрініс табады және оларды басқару үрдісіндегі "субъектаралық қатынастар", "ұжымдық-диалогтық қатынастар" және "тұлғалық-рефлексиялық қатынастар" деп аталатын педагогикалық шарттарға бөлінеді.



Субъектаралық қатынастар шарттары. Тұлғалық бағдарлы басқару үрдісіндегі субъектаралық катынастар білім берудегі оқушы мен мұғалімнің арақатынасына ғана тән ұғымды білдірмейді. Басқару жүйесінің дәстүрлі түсінігіндегі баскарушылардың субъектілік, басқарылушылардың объектілік мазмұны өзгеріп, оқушылар, мұғалімдер, әкімшілік басқарудың және өзіндік дамытудың субъектілері болып табылады. Педагогикалық үрдістегі субъектаралык қатынастар шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады (С.И.Рубинштейн, Ш.А.Амонашвили). Оның мәні: тұлғаның өзін құндылык ретінде қабылдауға негіз болатын субъектаралық қарым-қатынас орнату: тұлғалық ерекшеліктерін түсіну, онын ой-пікірімен, арман-мақсатымен, проблемаларымен санасу. Оқушының жеке тұлға ретінде ата-анасынан, ұстаздарынан бөлек өзіндік әлеміне бойлау арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыру, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіру;

Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары. Басқарудың ұжымдық-диалогтық катынас шарттары мұғалімдер ұжымына да, оқушылардың сыныпішілік, мектепішілік ұжымына да, әкімшілік топтарына да қатысты орындалады. Қандай ұжым болса да ол құрамындағы субъектілердің арақатынасына (интерсубъектілікке) негізделеді. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік топтағы диалогтық қатынасқа түсуі арқылы тұлғаның адамгершілік, рухани сапалары қалыптасады (А.В.Петровский). Соңғы кездерге дейін тұлғаның психологиялық мәні оның айналасындағы құбылыстарға қатысты объективтік тұрғыдан қарастырылып, оған өзіндік эмоциялық түрткі болатын субъектілік сапаларына аз көңіл бөлініп келді. "Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана "адамның адамдығы" өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады."(М.М.Бахтин). Оның ойынша диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі диалогтық қатынастар қалай алады, тұлғаның белсенділігі, өзін өзі үнемі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Олар оқушылар мен мұғалімдер ұжымдарындағы қызметте диалогтық қарым-қатынасты жүзеге асыру: өзге адамдармен жайлы қарым-қатынас, түсінісу, бірлесіп әрекет істеуге бейімділігін дамыту ұжымдық рефлексия арқылы бірлескен шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары тұлғаны педагогикалық үрдістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мумкіндіктерінің даму үшін қолайлы орта туғызуды көздейді. Тұлғаның өзіндік сапаларын дамыту, оны өз әрекетінің субъекті ретінде калыптастыру үшін өзіндік рефлексия кажеттігін көрсетеді. Ізгіліктік психология тұрғысынан "рефлексия" - субъектінің өз тәжірибесіне сыни көзбен қарау арқылы өз әрекеттерін, айналамен қарым-қатынасын қайта зерделеуі және қайта карастыруы деген сипаттама беріледі (А.Н.Леонтьев). Рефлексиялық қатынас арқылы басқару педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық т.б.) нәтижелі болуына олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны тұлғаның рефлексиялық әрекеттерінің субъектісі ретіндегі көзқарасын қалыптастыру: өзіндік рефлексия жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік кажеттіктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін рефлексиялық қажеттіктер негізінде пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдык және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді. Сондықтан, менеджмент негізінде басқарудың педагогикалық шарттарының мазмұны былайша айқындалады:



I) педагогикалық үрдістегі субъектаралық қатынастар:

оқушының жақын даму аймағын анықтау және соған сәйкес педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру;

оқушымен субъектаралық, диалогтық катынастар орнату;

педагогикалық жаңалықтарды нәтижелі енгізу;

оқушылар бойында адалдық, әділеттік, адамгершілік, белсенділік сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін диалектикалық байланыста орындау;

оқу материалдарымен қызықтыра, ынталандыра алуы.

2) ұжымдық-диалогтық қатынастар:

педагогикалық үрдіске катысушылардың бірлескен әрекеттерінің ортақ құндылықтары мен ұстанымдарын, өз игі дәстүрлерін қалыптастыру арқылы өзара татулық пен шынайы қарым-қатынастық орта пайда болуы;

жеке мұғалімдер мен жалпы ұжымда тұлғалық бағдарлы жаңашыл әдістерді, алдыңғы қатарлы жобаларды қабылдай, енгізе алатын деңгей пайда болып, проблемалық ізденіссіз, психологиялық-педагогикалық жаңғырусыз, озат тәжірибені меңгеру мен таратусыз жұмыс істеу мүмкін болмайтын жағдайға айналуы;

педагогикалық қызмет барысындағы гуманистік, демократиялық бағыттар, диагностикалық әдістемелер, "субъект-субъекттік" қарым-қатынас қалыптасып, оқушылар мен мұғалімдер, оқушылар мен оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындагы байланыс интерактивтік, рефлексиялық, ұжымдык бірлік секілді жаңа сипат пайда болуы.

3) тұлғалық-рефлексиялық қатынастар:

тұлғанын өз еңбегінің белгілі бір нәтижелерін болжай отырып оған жетуге ынталылығы;

өз рефлексиясы, оқушы, ата-ана рефлексиялары арқылы кемшіліктерін нақты көре білуі, жою жолдарын анықтай алуы;

өзіндік дамыту мен білім алуға даярлығы;

өз қажеттіліктерін нақты білуі;

өз нәтижелеріне көңілі толмауы;

өз пәні бойынша оқушылар білімін тексертіп отыруға және өзі тексеріп отыруға ынталылығы;

өз пәні бойынша мектеп бітірушілердің жетістіктерін талдап отыруға тырысуы.

Аталған қарым-катынастық шарттар негізінде басқару басқарушы (әкімшілік тобы) және басқарушылардың (окушы, мұғалім) өзара қарым-қатынасы негізінде төмендегі сипатқа ие болады: басқарылушының субъектілік қызметтерін кенейту, орындаушылық ролін өз әрекетін ұйымдастырушы ролімен алмастыру, белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызу мүмкін болады. Тұлғаның рефлексиялық қабілеті оны рефлексиялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлексиялық қажеттіктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады және оның сонғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы калыптасады.

Аталған рефлексиялық сапалардың қалыптасуы педагогикалық шарттар ретінде белгіленген қарым-қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Оны төмендегі педагогикалық-психологиялық құрылым ретінде көрсетуге болады:

Тұлға - оған қарым-қатынас арқылы ықпал ету --- субъектілік сапалардың ңалыптасуы

Сөйтіп, адамның тұлғалық дербестігін қалыптастырудың негізі - сыртқы ортаның ықпалы мен ішкі өзіндік даму үрдісі. Менеджмент негізінде басқарудың бағыттары оқушылар мен мұғалімдердің өзара белсенді карым-қатынасын көздейді, бірлескен әрекеттерге негізделеді және өзара түсіністік пен рухани шығармашылық негіздерін калыптастырады.


Студенттердін өзін - өзі бакылауға және тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Басқару мазмұнының функционалдық, жүйелік, ситуациалық,оңтайландыру және зерттеушілік сипаттарын атаңыз.

  2. Білім беру үрдісіне ендіріліп инновациялық көзқарастар негізінде мектеп басқаруда жаңатехнологиялардыендірудін кандай қажеттігі бар деп есептейсіңіз?

  3. Тұлға дамуына бағытталған технологияларды атаңыз, оларды мектепбасқару мазмұнына ендіру мүмкіндіктерітуралы не айта аласыз?

  4. Мектеп басқарудың тұлғалық бағдарлы мазмұнын жүзеге асырудыңшарттары қандай? Олардың әрқайсысының мазмұнына талдау жасаңыз.

  5. Сіз оқитын университетте педагогикалық үрдістегі субъектаралыққатынастарды қалыптастыру студенттерге не береді деп ойлайсыз?Оны қалыптастырудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

  1. Уиверситетік ортада, немесе мектеп өмірінде адамдардың арасындаорнатылатын ұжымдық-диалогтық қатынастар қандай жағымдықұбылыстар тудыруы мүмкін?

  2. Тұлғалық-рефлексиялық катынастарды қалыптастыру арқылы өзбойыңыздағы қандай қасиеттер мен мүмкіндіктерді жүзеге асыруғаболады деп ойлайсыңыз?

  3. Тұлғаның бойында өзін өзі дамытуға бағытталған субъектілік сапаларды қалыптастырудың құрылымын көрсетіңіз және оның мүмкіндігін белгілі педагогтар мен психологтардың теорияларына сүйене отырып дәлелдеңіз.

  4. Өмірдегі тәжірибе барысында субъектілік сапаларды қалыптастыруғажәне оны жүзеге асыруга болатын жағдайларды ұсыныңыз.

  5. Тұлға дамуына бағытталған технологиялардың және оны кұрастырушы авторлар еңбектерінің картотекасын жасап, өз тобыңызға ұсыныңыз.


Әдебиеттер:

  1. Бахишева С.М. Гимназияны басқару: теория және тәжірибе, Алматы,2004 ж

  2. Бондаревская Е.В. Личностно-ориентированное образование: опыт,разработки, парадигмы. -Ростов на Дону, 1997.

  3. Кульневич С.В. Педагогика личности от концепций до технологий: Учеб.-практич.пособие для учителей и аспирантов пед.учеб.заведений,слушателей ИПК.-Ростов-н/Д:творческий центр "Учитель", 2ОО1.-16Ос.

  4. Таубаева Ш.Г.Исследовательская культура учителя. Методология, теория и практика. -Алматы: Алем, 2000-38ІС.

  5. Мұханбетжанова А.М.Интеграцияланған білімдік кеңістікте түлғалықбағдарлы білім беру технологиясы/Қазақстан жоғарғы мектебі.1999. №4. 40-43б.

  6. Шиянов Б.Н. Теоретические основы гуманизации педагогическогообразования. Авт., дисс.д.п.н.м., 1991ЗЗс.

  7. Педагогика. Учебное пособие. В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко,Е.Н.Шиянов-М.:, Школа-Пресс 1997 5126.

  8. Шамова Г.И.Давыденко Т.М.Управление образовательным процессом вадаптивной школе. М.:Центр "Педагогический поиск", 2002.

  9. Петровский В.А. Личность в психологии: парадигма субъектности.-Ростов/Дон, 1996.

  10. Мұханбетжанова А.М. Тұлғалық бағдарлы оқытудың негізгі ұғымдары// Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұлганы дамыту. Ғылыми-практикалық конференция, Евразия гуманитарлык институты, Астана, 2004.


Мектептің тәжірибелік іс-әрекетіне менеджментті ендірудің

тиімділігі

Мақсаты: Білім беру менеджментінің педагогикалық басқару үрдісіне ендірілуінің кажеттігі және оның қазіргі жағдайымен таныстыру.

Міндеттері

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Білім беру менеджментінің білім беру мекемелеріне ендірілуқажеттігін түсінеді және оның қазіргі кездегі отандық жәнешетелдік жағдайына шолу жасай алады.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылғадейінгі стратегиялық міндеттеріне сәйкес жаңа мазмұнды білімберу мақсаттары мен міндеттерін таддай біледі.

  3. Білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге асыратын басқарушыныңбасты менеджерлік құзыреттіліктерін сипаттай алады.

Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиялық міндеттеріне сәйкес ұлттық-тарихи және этникалық салт-дәстүрлері мен кең ауқымда ойлауды қалыптастыруға бағытталған жалпыадамзаттык құндылықтарын ескеретін жаңа мазмұнды білім беру мақсаттары мен міндеттері анықталды.

Қазақстан мектептерін басқару мектеп түлектерінің өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға дайын болуына, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ барлық өмір бойына өмірдегі өзгермелі жағдайларға икемді болуға дайындауға бағытталуы тиіс. Білім беруді басқару сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі. Аталған тұжырымдамада өскелең ұрпақгың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылатыны және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен камтамасыз етуге тиістігі атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары 12 жылдық оқыту мерзімін белгілеген. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының нысанына, типіне, түріне карамастан, оқушылардың міндетті дайындығының минимумы көрсетілген.

Мектептің тәжірибелік әрекетіне менеджментті ендіру бүгінгі білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа жолдарын іске асыру қажетіктеріне байланысты өзекті болып отыр. Олар 12-жылдық білім беру Тұжырымдамасының жобасында төмендегідей көрсетілген:

- мектеп бітірушінің қалыптасқан негізгі құзыреттіліктері ретінде күтілетін нәтижелер түрінде жалпы орта білім берудің жалпы мақсаттарын құру;



  • үйретуде - білім, білік және дағдыларды игертуден құзыреттіліктерді
    қалыптастыруға, ал оқытуда - оқу ақпаратын берумен оқушыларды күтілетін нәтижелер жетістігімен қамтамасыз ететін оқу қызметін ұйымдастыруға арналған акценттерді ығыстыру;

  • жеке тұлғаның мектептегі білім берудің түрлі деңгейінде дамуының
    бірізділігін көрсететін оқытудан күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесін құру;

  • кең ауқымды қызметтердің тәсілдерінің, яғни құзыреттіліктердің даму
    динамикасын бақылауға, сондай-ақ оқушының, мұғалімнің, мектептің, барлық білім беру жүйесінің өзіндік дамуын реттеуге бағдарланған оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;

  • білім берудің жоғарғы мектебінде бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының жеке бағдары және вариативтілігі;

  • педагогикалық саралау және бейіндендіру негізінде жеке білім беру
    траекториялары бойынша оқыту процесінде оқушыны табысты әлеуметтендірумен қамтамасыз ету;

  • жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнының психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі.

Осыған сәйкес жалпыұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау болып белгіленіп отыр. Жалпы білім беретін мектеп - мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал ететін барлық қажетті жағдайлардың барлығын орындап отыратын әлеуметтендіру институты. Қазіргі таңда білім беру мекемесінің қызметін басқарудың негізгі нәтижесі ретінде басты құзырлылықтар жиынтығын интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа да салаларда жасау қажеттігі туып отыр. Бұларды игеру басқару арқылы білім беруге қатысты кәсіби және әлеуметтік өмірдегі кептеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім берудің 12-жылдық жаңа мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған болғандықтан, басқару үрдісінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттарын орындауға ұмтылудың маңызы зор. Олар:

  • проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент;

  • ақпараттық құзыреттілік;

  • коммуникативтік құзыреттілік –

Менеджмент тұрғысынан басқарудың ерекшелігі - нақты адамдармен қарым-қатынас, оларды тұлғалық әрекеттерге тартудың ізгіліктік және демократиялық жолдары. Осы сипаттағы түрткі беру мотивация арқылы басқару адам баласының өзіндік мүмкіндіктерін түгелдей іске қосып, оны жүзеге асыру үшін өз қажеттігін қалыптастырады. Мотивтің, яғни, түрткі жасаудың басталуы - өзіндік сананын оянуында, ал өзіндік сана өзіндік танымға, өзіндік бағытталуға, өзіндік қалпымен танылуға, өзіндік түзетілуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға әкелетін мықты негіз болып табылады. Бұл психологиялық және педагогикалық әрекеттер тұлғаның өзіндік дамуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі білімді ізгілендіру бағыты адамды дамытудың психологиялық-педагогикалық теориясына негізделеді, оның тәжірибелік бағыты - оқу бағдарламаларын қазіргі отандық және әлемдік мәдени мұралармен, жетістіктермен байыту болып табылады. Оған сай басқару мазмұны төмендегідей ерекшеліктерімен айқындалады:

  1. басқару жүйесі белгілі бір құрылым бойынша жүргізілетін
    технологиялық қызметпен қатар білім беру үрдісіне
    қатысушылардың тұлғалық әрекеттерін жүзеге асыруды
    қамтамасыз етеді;

  2. басқару мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің түлғалық
    мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін болғандықтан өзіне тән
    ухтанымдары-педагогикалык шарттары және әдіс-тәсілдері болуын
    көздейді;

  3. басқару үрдісінде оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен оған жету
    жолдары тығыз бірлікте қарастырылады, яғни нәтиже ғана
    бағаланбайды, оның орындау барысындағы тұлғаның іс-әрекеттері
    де талданып отырады;

  4. басқарудың барлық тетіктеріне оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-
    а
    налардың араласуы арқылы олардың субъектілік белсенділігі,
    жауапкершіліктері арттырылады.

Бұлар өз кезегінде басқару субъектілерінің өзіндік әрекеттеріне рефлексиялық талдаулар жасауына, өз біліміндегі олқылыктарды бағалай алуына, мүмкіндіктерін дамытуына қолайлы орта туғызады.
Өзін - өзі бақылауға және тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Білім беру менеджментінің білім беру мекемелері тәжірибесіне ендірілу қажеттігін қалай түсінесіңіз?

  2. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік педагогикалықменеджментке шолу жасаңыз.

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиялық міндеттеріне сәйкес жаңа мазмұнды білім беру мақсаттары мен міндеттеріне талдау жасаңыз.

  4. Аталган Тұжырымдамаға сәйкес білім беруді басқарудағы жаңаміндеттерді қалай айқындар едіңіз?

  5. Жалпы орта білім беретін мектептер мазмұнын түбегейліөзгертетін жаңа білім стандарттары білім беру мекемелерінбасқару мазмұнына қандай өзгерістер енгізілуін талап етеді депесептейсіз?

  6. Жаңа білім мазмұнының нәтижесі ретінде негізге алынғанқұзіреттіліктерге талдау жасаңыз.

  7. Менеджмент тұрғысынан басқару құзыреттіліктердіқалыптастыруға қалай ықпал ете алады?

  8. Мектеп басқарушының құзыреттілік сапасын құрастырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет