Лекция 1.Қазақстан Республикасының Құқық негіздері курсының пәні және жүйесі.Мемлекет теориясының негіздері
Жоспар
1.1. Құқық негіздерінің қайнар көздер
1.2. Мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктер
1.3.Мемелекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар
4614746279
Құқық негіздерінің қайнар көздері
Жүйе деп әртүрлі байланыстарымен және өзара қатынастарымен біріккен жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.
Элемент - бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, жүйе ішкі құрылысты, құрылымды, байланысты, бөлшекке даралап бөлуді мегзейді. Сонымен бірге жүйе белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында жүйе деп реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.
Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау - құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларынын көбінің бір тұтасқа бірігуі, олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа туғызады.
Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда толығынан қолдануға болады. Оның аса маңызды белгілері: біріншіден, құқық нормаларының тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелілігі болып табылады. Соңғыны құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады. Оның ең басты сапасы - қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердін болмауы.
Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа шығармайтын ішкі үйлесімнің көрінісі болуға тиіс.
Әрбір жүйе екі негізгі бөліктің, біріншіден, құрылышы - қандай да болмасын бірыңғай тым жалпы бір тұтастықтың (процестің, құбылыстың) шеңберінде біршама дербес элементтердің жекеленуі мен «жиынтығын» және, екіншіден, құрылым элементтерінің өзара қатынасы болуын көздейді.
Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігін қатынастардың реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді, оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың өзара бір-бірімен келіскен әрекеттестікте болуын көздейді, бұл жүйенің өмір сүруінің амалы болып табылады. Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір элемент бүкіл жүйеге тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары өмір сүруі мүмкін емес.
Құқықтың жүйелі құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен принциптерін қарастырайық. Құқықты жеке бөліктерге бөлудің негізіне материалдық белгі - құқықтық реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынды. Құқық жүйесін жеке бөліктерге бөлу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады.
Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдык тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады.
Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Егер нормативтік нұсқама (құқық нормасы) құқықтың бастапқы элементі, негізгі клеткасы, тұтас құқықтык материя болатын болса, онда құқықтық институт құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес құрылымдық бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдык мазмұны бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Құқықтық институт - бұл біртектес қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |