Методология (әдіс-тәсіл) - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжрибенің бірлестігіне сүйене отырып, қортынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі - диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т. б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.
Заң ғылымы – қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |