Іс-тәжірибе бағдарламасын дайындаған: PhD.,Сәрсенбі Ә


Зерттеулік тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері



бет3/12
Дата04.01.2022
өлшемі36,52 Kb.
#109045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Магистратура Физика зертеу багдар 2019
emtihan suraktar , Аналетикалық геом, Аналетикалық геом, тест, Тригонометриялық тепе-теңдіктер мен теңдеулерді шешу, Бағалы Емтихан сурақтары, Бағалы Емтихан сурақтары, seminar ekon teoriya 2016
1.1 Зерттеулік тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері
Магистранттың зерттеулік тәжірибесі отандық және шет елдік ғылымдардың жаңа теориялық, әдістемелік және техникалық жетістіктерімен, қазіргі заманғы ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру, эксперименттік мағлұматтарды түсіндіру мен өңдеу мақсатында жүргізіледі. Зерттеулік тәжірибе мақсаты өз бетінше ғылыми жұмыс жүргізуге тәжірибелік машықты қалыптастыру және өзекті ғылыми мәселені зерттеуге машықтану, магистранттардың оқу барысында алған кәсіптік білімдерін кеңейту болып абылады. Зеттеулік тәжірибенің дербес мақсаттары болып табылады: - таңдалған мамандық аясында кәсіптік білімдерді қалыптастыру және жетілдіру, бағыттау пәндері мен арнайы магистрлік бағдарлама пәндері бойынша алынған білімдерді бекіту; - таңдалған мамандырылған даярлау бағыты бойынша қажетті кәсіптік құзыретті иелену; - жалпылама ғылыми мәліметтерді жинау және талдау; - магистрлік диссертацияны даярлауға ғылыми ойлар мен өзіндік ұсыныстар әзірлеу; - өз бетінше зерттеулік жұмысқа машықтану, зеттеушілер ұжымының зерттеулік жұмысына тәжірибелік қатысу. Тәжірибенің басты міндеті ғылыми және тәжірибелік қызметке машықтандыру, ғылыми-зерттеулік, өндірісті-технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық құзыреттің кәсіптік бөліктерін қалыптастыру, сонымен қатар магистрлік диссертацияны орындауға қажетті мәліметтерді іріктеп алу болып табылады.

Магистранттардың зерттеуілік тәжірибесінің дербес міндеттері болып табылады: - таңдалған магистрлік диссертация тақырыбына сәйкес зерттеудің эмпирикалық базасымен жұмыс (эмпирикалық зерттеу бағдарламасы мен жоспарын құру, эмпирикалық зерттеу міндеттердің қойылуы және тұжырымдауы, эмпирикалық зерттеу объектісін анықтау, эмпирикалық зерттеу әдісін таңдау, эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістері); - магистрлік диссертация тақырыбы бойынша сұрақтарды қарастыру; - көпшілік алдында ғылыми талқылау жүргізуге дәлелдемелер даярлау; - ақпараттарды іздеу амалдары мен анықтамалы-библиографиялық жүйені зерделеу; - библиографиялық анықтамалармен жұмыс жасауға машықтану, ғылыми библиографиялық тізім жасау, ғылыми жұмыстарда библиографиялық сипаттауды қолдану; - шет елдік және отандық кітапханалық қордың электронды база мәліметтерімен жұмыс; - магистранттың зерттеулік қызмет нәтижесін жалпылау және даярлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет