ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


ЖАСТЫҚ ШАҚ Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

ЖАСТЫҚ ШАҚ
Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын 
жас. Осыған әрқашанда әзір болу керек. 
Бауыржан Момышұлы
Жастық шақ – адам өмірінің ең маңызды ке-
зеңі. Себебі жастық шақта адам баласы жаңа 
өмірге бейімделіп, өмірлік бағытын анықтай-
ды. Жастық шақта жасалған шешімдер мен 
таңдаулар өте маңызды.
Жастық шақ – адам баласының бойында қу-
аты тасып тұрған сәт. Энергияға толы осы 
кезеңді дұрыс пайдаланған адам ғана өмірлік 
жетістікке жетпек. 
Адам өмірінің ең әдемі уақыты – осы жастық 
шақ. Өмірдің қанық түстерге боялуы тек осы 
кезеңге тиесілі. Сан алуан қызық пен шат-
тықтың көрінісі осы кезеңмен байланысты-
рылады. Көпшілік өзінің ерекше есте қалар 
уақыты жайында сұралғанда, ойланбастан 
студенттік шағын тілге тиек етіп жатады. Өт-
кізген жастық шағын адам өмір бойы жыр 
қылып айтудан жалықпайды. Самайын ақ қы-
рау шалып, көз жиегін әжім торласа да, жас 


12
күнінде көргенін ұмытпайды. Бойынан әл 
кете бастаса да, әскердегі күндерін күні кеше 
болғандай суреттеп отырады. 
Балауса балғын жастық шақтың тағы бір ерек-
шелігі – адам табиғаты көркемдік пен сұлу-
лыққа жақын болады. Жанына жақын әсемдік 
алыс болса да, оған жету үшін тәуекелке бел 
буып, соңы жоқ сапарға шығудан тайынбай-
ды. «Құласаң, нардан құла» деп биік шыңдар-
ды мақсат етеді. «Алынбайтын қамал жоқ, 
бағынбайтын белес жоқ» деп қайсарлық көр-
сетіп, қайраттылық танытатын кезеңнің нақ 
өзі!
«Ақыл – жастан» демекші, жас адамның 
ойы жүйрік, ақылы сергек, зейіні ашық бо-
лады. Ішкі жан дүниесі де ақ парақтай таза, 
қаз қалпында сақталған шақ – осы кезең. Ми 
нейрондарының ең белсенді жұмыс атқарып, 
ішкі және сыртқы сезімдердің оттай лаулап 
тұрған уақыты осы болғандықтан, өмірге де-
ген құштарлықтың басым болатыны осыдан 
болса керек. 
Жас кезде адам жаңа дүниеге, жаңа ортаға тез 
бейімделгіш келеді. Өзгеруге, жаңаруға бұл 
кезеңнен кейін адамның икемі келе бермейді. 
Сондықтан жаңа өнер үйрену, шет тілін мең-
геру, мамандық иесі атану бұл кезеңнен кейін 
қол жетпес сағымға айнала бастайды. 


13
Адам өмірінің сапалы-сапасыз өтетіні, баян-
ды-баянсыз болатыны осы жастық шаққа ті-
келей байланысты. «Не ексең, соны орасың» 
демекші, жастық шақта өзін дамытуға, біл-
мегенін үйренуге, бойындағы қабілеттерді 
ашып, оны жетілдіруге тырысуы тиіс. Егін 
алқабы үшін көктем уақыты болмаса, алқап 
тақыр қалатыны сияқты, жастық шақта бүр-
шік жарып, гүлдемеген адамның да құны көк 
тиын болмақ. Осы тұста Мұхтар Шаханов 
атамыздың 12-3=? әйгілі алгоритмін айта кет-
песке болмас. Ол жайлы білесіз бе?
Адам өмірін төрт мезгілден тұратын ғұмырға 
теңейтін болсақ, жастық шақ, әлбетте, – оның 
көктемі. Ал осы жылдың ішінде көктем бол-
майтын болса, қалған үш мезгілдің болуын-
да еш мән-мағына қалмасы анық. Көктемде 
бүршік атып, гүлдемеген ағаштың жаз мау-
сымында пісіп жетілетін, күз кезінде бұтағы 
салбырап беретін жемісі де болмайды. Адам 
өмірі де тура солай. Жас кезінде бүршік атып, 
гүлдемесе, орта жаста өз ордасының іргесін 
қалап, қартайғанда бейнетінің зейнетін көре 
қоюы екіталай. Cондықтан бұл жағдайда он 
екіден үшті алса, «нөл» қалады. Яғни, адам 
баласының өмірінен жастық шақты алып 
тастаса, одан ешқандай қайран жоқ. Себебі 
ақыл да жастан, күш-қайраттың тасыған тұсы 
да жастық кезеңде. 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет