Жаратылыстану-математика факультетінің деканы


Дәріс № 15 Дәріс тақырыбы: Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер



бет9/15
Дата17.06.2018
өлшемі1,4 Mb.
#42451
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Дәріс № 15

Дәріс тақырыбы: Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер
Қарастырлатын сұрақтар:

  1. Жабық тұқымдылардың классификациясы

  2. Қос жарнақтылар, дара жарнақтылар

  3. Магнолиялардың, сарғалдақтардың гүлі, жемісі

Дәрістің мазмұны: Жабықтұқымдылар құрлық өсімдіктері эволюциясының ең жоғарғы белесі. Магнолиофиттерге жалпы сипаттама. Вегетативтік органдарының морфологиялық және анатомиялық өзгешеліктері. Көбеюі. Гүлдің шығу тегі. Стробилярлық теория. Теломдық морфология. Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың айырмашылықтарын көрсететін белгілері. Жабық тұқымды өсімдіктердің маңызы. Олардың классификациясы.

Дәрістің мақсаты: Жабық тұқымдыларда алғашқы ұғым «гүлдің» пайда болуын, ашық және жабық тұқымдылардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарына көңіл бөлуі. Жабық тұқымды өсімдіктердің маңызын, құрылысын, көбеюі мен классификациясын түсіндіру.

ЖАБЫҚ ТҰҚҰМДЫЛАР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИОФИТТЕР БӨЛІМІ - ANGIOSPERMATOPHYTA, MAGNOLIOPHYTA
Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін барады. Бұл жер бетіндегі қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.

Құрылысы. Спорофиттерінің өмірлік формасы — ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі,- және көпжылдык).

Көбеюі. Спорофитге гүлдер пайда болады, ал оларда микро- және мегаспоралар жетіледі. Споралары спорангилерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит - тозаң, екі клеткадан, ал аналық, гаметофит - ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процестің нәтижесінде тұқымбүрінен дән, ал гүл түйінінен (жатыннан) және гүлдің басқада бөліктерінен жеміс пайда болады.

Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі. Олардың ішіндегі ең белгілілерінің бірі. Р.Веттштейннің псевдант (гректің Pseudos- жалған, anthos – гүл) теориясы. Бірақ бұл теорияны қазіргі кезде тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар деп айтуға болады.

Стробилярлық теория. Стробилярлық (rpeк. strobilos - қарағайдың, немесе шыршаның бүршіктері - шишки ), немесе эванттық (грек, eu - жақсы, толық және anthos - гүл; басқаша айтқанда толық жетілген гүл деген мағана береді) теория, гүлдің пайда болуы және оның маңызы жөніндегі белгілі гипотезаның бірі. Н. Арбер және Д.Паркиннің бұл гапотезасының тууына 1907 жылы мезазойлық қосжынысты "гүлдері" - стробилдері бар aшық тұқымдылардың ерекше бір тобының (беннетиттердің) табылуы себеп болды.

Сырт кескінімен, тік бұтақталмаған діндерімен және қауырсынды жапырақтарымен беннетиттер пальмаға, оданда көбірек қазіргі кезде өсетін ашық тұқымдылар - саговниктерге ұқсас болған. Алайда саговниктердің стробилдері дара жынысты. Мөлшері әртүрлі болып келетін беннетиттердің стробилдерінің жақсы жетілген конус тәрізді өсі болады, оған әртүрлі жапыраққа ұқсас органдары орналасады. Төменнен жоғары қарай жабындық жапырақшалары "гүлсерігі", микроспорофилдері және «аналығы» (гинецей) орналасады. Микроспорофилдері көп жағдайда қауырсынды, кейбір папоротниктерің спорофилдеріне, мысалы, түйеқұсқанаты (страусоперо) өсімдігіне ұқсас болады. Микроспорангилері бірігіп, біршама күрделірек құрылым - микросинангий түзеді. "Аналығы" (гинецей) тек микроспорофилдері түсіп қалған (протерандрия) стробилдерінде ғана байқалады. Тұқымбүрі аяқщаның ұшында орналасады және интегументтері болады. Екі тұқымжарнағы бар ұрығы жақсы сақталған болады. Шамасы эндоспермі болмаған, ол ашық тұқымдыларда мүлдем кездеспейтін құбылыс. Тұқымбүрі жыныстық белгісі жоқ (стерильный), жоғарғы жағы жалпайған ерекше қабыршақтармен қоршалған болады.

Беннетиттердің кейбір ерекшеліктері - стробилдерінің қосжынысты болуы, жекелеген бөліктерінің орналасу ерекшелігі, өсінің формасы, олардың көп жемістілермен туыстық жақындығы болған деген жорамал айтуға (жасауға) мәжбүр етеді.

Стробилярлық теория бойынша жабық тұқымдылардың гүліне де, беннетиттердің стробилдеріне де бастама берген, бізге дейін жетпеген, мезазойдың алғашқы кездерінде өмір сүрген, архайлық қосжынысты стробилі бар ашық тұқымды өсімдіктер болған. Мұндай стробильді Н.Арбер және Д.Паркин проантостробил деп атаған. Ол өстен, жабындық жапырақшалардан, микроспорофилдерден және мегаспорофилдерден тұрған. Проантостробил жабық тұқымдылардың гүлінен, барлық бөліктерінің құрылысымен, әсіресе макро- және мегаспорофилдерімен біршама айырмашылығы болған. Микроспорофилдерінде микроспорангилерінің ерекше көп болуы және олардың жоғарғы ұшында жалпайған (кеңейген) участкесінің болуы көніл аударарлық. Проантстробилдің "аналығының" (гинецей) беннетиттердің және жабық тұқымдылардың, аналығынан айқын айырмашылығы болады. Оның жеміс жапырақшалары шет жағында бірнеше тұмымбүрлері бар ашық, тісті-тісті болып келеді.

Шамасы эволюцияның барысында микроспорофилдері редукцияға ұшыраған және микроспорангилерінің саны төртке дейін қысқарған. Ашық мегаспорофилдерінің шеттері түйісіп және тұтасып бірігіп ішінде тұқымбүрі бар жабық жеміс жапырақшаларына айналған. Жемісжапырақшалары (ашық тұқымдыларда - интегументімен) тозаңды ұстауға мүмкіндік алады, сөйтіп антостробил түзіледі, басқаша айтқанда гүл пайда болады, бірақта оның стробилден шыққаны (жетілгені) айқын байқалып тұрады.

Осы кездегі жабық тұқымдылардың ішінде Н.Арбер және Д.Паркиннің гипотездік моделінде берілгендей қарапайым белгілері бар, ал кейбір жағдайдарда тіптен оданда қарапайым болып келетін өсімдіктер кездеседі.



Теломдық морфология. Теломдық теория классикалық морфологияның негізгі түсініктеріне, гүлдің бөліктерін жапырақтың метаморфозы ретінде қарастырғанға қарсы келеді. Қарсылықтың күштілігі сонша, соңғы кездері тіптен жаңа морфология туралы және бұрынғының толық ескіргені айтылып жүр. Мұндай пікір бұрында сөз болып келген. Теломдық теорияны дәлелдеуге 1917-1920 ж.ж. жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ерекше қарапайым тобы риниофиттердің (псилофиттердің) ашылуы себеп болды. Шамасы риниофитттер папоротник тәрізділерге бастау берген, ал олардан ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылар пайда болған.
Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың айырмашылыктарын көрсететін белгілер


Жабық тұқымдылар


Ашық тұқымдылар

Спорофиті


І. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі- немесе көпжылдық).

1. Ағаштар, сиректеу бұталар.

2. Вегетативтік органдары көптеген әртүрлі гистологиялық элементтерден тұрады, тутіктері болады.

2. Вегетативтік оргаңдарының гистологиялық элементтері онша көп бола бермейді, көпшілігінің түтіктері болмайды.

3. Арнайы мамаңданған ввгетативтік органдары болады - түйнектері, баданалары, тамырсабақтары.

3. Арнайы маманданған вегетативтік органдары болмайды.


4. Тұқымбүрлерін жеміс жапырақшалары жауып түрады.

4. Тұқымбүрлері тұқымдық қабыршақтарының үстінде ашық жатады.

Гаметофиті




1. Аналық гаметофиті – сегіз клеткадан тұратын ұрық қабы.

І. Аналық гаметофиті - эндосперм және екі немссе оданда көбірек архегониялар.

2. Аталық гаметофиті - тозаң, вегетативтік және генеративтік клеткалардан тұрады.

2. Аталық гаметофиті - тозаң, бірнеше проталлиальды, антериальды және вегетативтік клеткалардан тұрады.

Ұрықтануы




1. Қосарланып ұрықтанады,спермияның бірі жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі - екінші реттік ядромен қосылады.

1. Бірақ рет ұрықтанады: - спермияның бірі архегонияның бірінің ішіндегі жұмыртқа клеткасымен қосылады.

Тұқымы



1. Тұқымы тез пайда болады – 3-4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады.

1. Тұқымның пайда болуы өте жай жүреді (1,5-2 жыл), тозаңдану мен ұрықтанудың арасы 13 айға дейін соызлады.

2. Эндоспермі триплоидты (3п).

2. Эндоспермі гаплоидты (п).

3. Ұрықтың 1-2 тұқым жарнағы болады.

3. Ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады.

4. Тұқым жемістің ішінде болады.

4. Тұқым тұқымдық қабыршақтың үстінде ашық жатады.


Маңызы. Филогенетикалық системаны құрастыруда бұрынғы Одақтас республикалардың ғалымдарының орны ерекше деп айтуға болады. Олардың ішінде Н.И. Кузнецовтың, Б.М. Козо-Полянскийдің, Н.А. Буштың, А.А. Гроссгеймнің және А.Л. Тахтаджянның системаларын атап өткен жөн.

Классификациясы. Жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар (Dicotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді.


Қос жарнақтылар


Дара жарнақтылар

1. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады.

1. Ұрыктың бір ғана тұқым жарнағы болады.

2. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады; тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетті; тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы.

2. Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші per қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы.

3. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабактың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады.

3. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады.

4. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы.

4. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді.

5. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.

5. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жабық тұқымды өсімдіктердің негізгі белгілері қандай?

  2. Гүлдің шығу тегі туралы не білесіз? Стробилярлық теорияның мағынасы неде?

  3. Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың айырмашылықтарын көрсететін қандай белгілері бар?

  4. Жабық тұқымдыларды жүйелеуде қандай топтарға бөледі? Олардың маңызы қандай?


Қолданылған әдебиеттер:

    1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.

    2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл

    3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.

    4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»

    5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл


Дәріс № 16

Дәрістің тақырыбы: Бұршақ, құлқайыр, шатыргүлділер тұқымдасы

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бұрашқ тұқымдастарының гүлдерінің алуан түрлілігі, белгілері, маңызы

  2. Шатыргүлділердің гүлдерінің алуан түрлілігі, белгілері, маңызы

  3. Құлқайыр тұқымдастарының гүлдерінің алуан түрлілігі, белгілері, маңызы

Дәрістің мазмұны: Бұршақ тұқымдасына жалпы сипаттама. Тіршілік формалары және вегетативтік органдарының негізгі ерекшеліктері. Гүл шоғырының типтері. Гүлдің құрылысы. Бұршақ тұқымдасына жататын туыстар. Құлқайырлар тұқымдасына жалпы сипаттама және олардың таралуы. Туыстарының шаруашылықтағы маңызы. Шатыргүлдер тұқымдасының географиялық таралуы және экологиясы. Тіршілік формалары. Көкөністік, эфир майлы, улы және дәрілік шатыргүлдердің негізгі туыстары мен түрлері, олардың ерекшеліктері, таралуы мен адам үшін маңызы.

Дәрістің мақсаты: Жалпы тұқымдастардың түрлерін, тіршілік формаларын, географиялық және экологиялық таралуын, практикалық және адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Бұршақтар тұқымдасы - Fabacеае, Рapilionaceae


Бұршақтар тұқымдасының 120 мындай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.

Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық маңызы аса зор. Мысалы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес. Тастағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышка туысында, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір түрлерінде аталыктарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) түтік түзеді, оның ішінде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жішпелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екініш жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:  Са(5)Co3+(2)А(9)+1G1.

Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын (ашылатын) немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің құрғақ салмағына шаққанда оңдағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох - Pisum) 34% дейін, ноқатта (нут -Сісег) 31%, люпинде (Lupinus) 61%-ке болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль (Phascolus) мен жасымық (чечевица – Lens) тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.

Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жем-шөптік бал жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т.б. өсімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).



Сиыржоңышқа туысы (вика, немесе горошек - Vicia). 150-дей түрі бар; бұрынғы БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.

Асбұршақ туысы (горох - Pisum). Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6 түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.

Егістік асбұршақ (горох посевная - P.sativum) біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын (горох полевой - P.arvense), шамасы соңғы тур осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.

Беде туысы (клевер - Trifolium). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасында 65 түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1-3 дәнді қақырайтынбоб (сиректеу 4-6 дәнді), әдетте екі ерінді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде (клевер луговой - T. pratense) биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық шоптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дәні болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский - Т. hybridum) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудандарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый - Т. repens) жапырақшасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса құнды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.

Жоңышқа туысы (люцерна - Medicago). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігінінде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасында 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырының ұзындығы 1,5м -ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы аса құнды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.

Сарбас жоңышқа (люцерна серповидная, или люцерна желтая- M.falcata) биіктігі 100-120см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдынғы және Орта Азияда) және мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышқаның (люцерна посевная, или синяя - M.sativa) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль тәрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағдайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың териториясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.

Фасоль туысы (Phaseolus). Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үшқұлақ күрделі болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, кызғыштау-сары, қоныр-қызыл және сия-көк түсті болып келеді. БОР-дың территориясында 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі.



Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенная – Ph.vulgaris) көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль (фасоль огненно-красная – Рh. coccineus) өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-кызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады (дәндері ақ болып келетін сорттары) .

Соя туысы (Glycine). Туыстың құрамында 40-тай түр бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың териториясында тек бір ғана Уссурий соясы (соя уссурийская - G.ussuriensis) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажеттісі түкті соя (соя щетенистая - G.hispida) деп аталынатын түр. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн. га асады. 1 т. дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36%-ке дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріп те және силос түрінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әртүрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье, кофе, шоколад және т.б. (100-ден астам тағамдардың түрлерін) жасайды. Сонымен бірге соядан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей және тағы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алады.
Құлқайырлар тұқымдасы – Malvaceae
15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарында, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңкап (тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5 жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден немесе көптен туқымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген клеткалары болады.

Мақта туысы (хлопчатник - Gassypium). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері жер шарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтары болып табылады. Жіп иіруге қажетгі талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы - талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бірклеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60 мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70-75% -ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дәндерінен 20%-ке дейін тамаққа пайдаланылатын және техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілгенү БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа республикалары (Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник - G.hirsutum), шыққан жері Мексика; гузу немесе кысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник - G. herbaceum), шыққан жерi Иран және Орта Азия; және египет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник - G. peruvianum), шыккан жері – Перу.

Басқа туыстарының сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кендірі (кенаф -Hibiscus cannabinus), бамия (H.esculentus), авиценна канатнигі (Abutiton avicennae).

Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей - Althaeae) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный – A. officinalis ) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.

Шатыргүлдер, немесе сельдерейлер тұқымдасы -Umbelliferae, Apiaceae


Тұқымдасқа 3 мыңнан аса түр (300 туыс) жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі, ал Қазақстанда флорасында 230 түрі кездеседі. Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай және құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларынада кеңінен таралған. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жартылай бұталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м., ал диаметрі 6 см. дейін барады. Жапыраққары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр немесе шоқпарбас түрінде болады. Гүлдері актиноморфты бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфты, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағында аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 ұялы. Гүлінің формуласы мынадай: * Са(5-0)Co5 A5G(2). Жемісті тұқымша.

Көптеген түрлері ертеден овощтық, жем шөптік және қош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреулерінде, организмге қатты әсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына үнемі қауіп туғызады.



Сәбіз туысы (морковь - Daucus). Сөбіздің 60-тай түрі бар. Көпжылдык, екіжылдық және біржылдық шөптесін өсімдік.

Европада, алдынғы Азияда (Жерорта теңізі облысы), Африкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, солтүстік және оңтүстік Америкада кеңінен таралған. БОР-дың флорасында жабайы сәбіз (дикая морковь - D.carota) деген бір ғана түр кездеседі. БОР территориясында ол Запорожьеге дейін барады. Тамаққа пайдаланатын сортарының ұзын, сиректеу қысқа, ашық сары немесе қызғыш-сары түсті тамыржемістері болады. Талға беретін сорттарының тамыржемістерінің түсі ақ немесе сары болып келеді және салмағы 2кг.-ға дейін барады.



Одан басқа сәбіз, витамин өндірісінде, аса қажетті шикізат болып табылады. Тамыржемісінде каротин (провитамин А) және С, Bl, B2 витаминдері жиналады.

Петрушка туысы (Petrosetinum). Онын 6-түрі бар. БОР-ның флорасында, оның ішінде Қазақстанда да кәдімгі петрушка (петрушка обыкновенная немесе п. кудрявая - P. crispum) деген жалғыз түр бар. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі; БОР-дың территориясының арктикалық және субарктикалық аудандарынан басқа жерлердің барлығында өседі. Тамырлары мен жапырактары отырғызады.

Борщевик туысы (Heracleum). Дүниежүзі бойынша 70-тей түрі бар, БОР-дың флорасында 36 түрі, ал Қазақстанда 2 кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда Европаның, Азияның, Африканың, солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік, көп мөлшерде көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктердің қатарына жатады.

Сібір борщевигі (борщевик сибирский - Н.sibiricum) - биіктігі 1м-ден асатын өсімдік, жапырақтары үлкен қауырсынды тілімделген болып келеді. Кәдімгі борщевик (борщевик обыкновенный - Н.sphondytium) - биіктігі 1м-гe дейін баратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы үшқұлақ болып келеді және улы өсімдіктердің қатарына жатады.

Утамыр туысы (вех - Cicuta). Бұл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен солтүстік Америкадан кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый - Cicuta virosa) деген жалғыз түрі бар, ол сабағының биіктігі 50-80 (150) см жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімделген, ұзын сағақты болады, тамырсабағы жекелеген камераларға бөлінген, улы алколоидтар (цикутотоксин, цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет