2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (ағылш. Universal Declaration of Human Rights, UDHR) — адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір халықаралық-құқықтық құжат. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған. Құжатта белгіленіп, бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын, сақталуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бұл құжаттың негізгі міндеті.
Декларация 30 бапты қамтиды. БҰҰ-ның жарғысында көрсетілгендей (30 бап):
Осы декларациядағы қағидалардың ешқайсысы қандай да бір мемлекетке, адамдар тобына немесе жекелеген адамдарға қандай да бір қызметпен айналысу құқына ұсыныс ретінде түсіндірілуге тиіс емес.
3. Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ. Заң 5 тарау, 31 баптан тұрады.
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы. Заң 4 тарау, 36 баптан тұрады.
5. ҚР Қылмыстық кодексі (Жалпы бөлім). 2019 ж.
ҚР Қылмыстық кодексі (Ерекше бөлім).2019 ж.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуға жатады.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. (1 баптың 1,2 тармағынан)
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
Достарыңызбен бөлісу: |