10. 2014 жыл 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының ішкі істер туралы Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.
Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады. (1 баптың 1,2 тармағынан)
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ.
Заң 7 тарау, 25 баптан тұрады.
11. 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ ҚРЗ. Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. (1 баптан)
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ ҚРЗ.
Заң 8 тарау, 52 баптан тұрады.
12. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. (1 баптың 1 тармағынан)
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы.
Конституциялық заң 5 бөлім ,59 баптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |