«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚпарат тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»



бет1/7
Дата02.07.2018
өлшемі133,36 Kb.
#45986
  1   2   3   4   5   6   7





«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 12 айы бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы

АҚПАРАТ
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабаймен бекітіліп, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтенмен, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сламбековамен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Е.Төлендиевпен келісілді.

Мемлекеттік жастар саясатын насихаттай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 204 – кездесулер мен дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар мен тренингтер, 1 – ашық есік күні, 37 - байқаулар, 18 – жастар спартакиадасы, 3 – мәнерлеп өлең оқу кештері, 25 – мерекелік кештер, 2 – жас ақындар мүшәйрасы мен ақындар айтысы, 5 – жастар сенбілігі, 19 – қабырға газеттері, 2 – интелектуалды ойындар, 5 – жастар акциялары, 2 – жастар форумдары, 2 – көрме, 2 – жастар флешмобтары, 7 – әдеби кештер, 5 – арт-моб, 2 – кеңес беру алаңдары, 1 – сауалнама жүргізу, 4 – таратпа материалдар тарату, және жоспардан тыс бағыттағы барлығы 458 іс-шара өткізілді. Атап айтсақ:



10 қаңтар - Сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Қыс қызығы!» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды С.Нұртайқызы, ІІ орынды А.Бекбатыр, ІІІ орынды Ш.Асқар иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Байқауға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

10 қаңтар - «Тараз-Ғасыр» колледжінде «Біз - экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

11 қаңтар - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінің жастарымен
атты кездесу өткізілді. Кездесуге А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Рахимова, А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Әлімқұлова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

12 қаңтар - «Парасат» колледжінде «Біз - экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» тақырыбындағы кездесу өткізілді.

12 қаңтар - Д.А.Қонаевтың туылғанына 105 жыл толуына орай, ел игілігі жолындағы еткен еңбектері мен жасаған жақсылықтарын түсіндіру мақсатында «Ботақан» аула клубының жастары мен жасөспірімдері арасында «Ұлты ұлықтаған - Ұлы тұлға!» атты шығарма байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша І орын А.Тұрғанбек, ІІ орын А.Дәуренбек, ІІІ орын Д.Орынбасарұлы иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 20- ға жуық адам қатысты.

12 қаңтар - Әлемдік мәселеге айналып үлгерген суицид дертінің алдын алу, жастар мен жасөспірімдерге өмірдің құндылықтарын ұғындыру және психологиялық тұрғыдан көмектесу мақсатында №10 орта мектебінің жастарымен «Өмір қымбат сый!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының философия ғылымдарының кандитаты, доцент Р.Джуншеев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ертуганова, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Қосубақ, Г.Еркебекова және жастар, барлығы 100- ге жуық адам қатысты.

13 қаңтар - «Балауса» аула клубының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдерге аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың игі істері мен жетістіктерін насихаттау, жастардың еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Балауса» аула клубында «Қонаев - ұлы тұлға!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 15- ке жуық адам қатысты.

16 қаңтар - Жастар мен жасөспірімдерге қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегін насихаттау мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Мақтан тұтар - ұлы тұлға!» атты кездесу өтті. Іс-шараға барлығы 20-дан астам адам қатысты.

17 қаңтар - Жастар арасында суицидтің алдын алу мақсатында Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінің жастарымен «Мен - өмірді таңдаймын!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының философия ғылымдарының кандитаты, доцент Р.Джуншеев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ержанова, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

17 қаңтар - №25 орта мектебінде «Қауіпті діни экстермизм мен терроризм!» тақырыбында кездесу өткізілді.

18 қаңтар - №43 орта мектебінде «Қауіпті діни экстермизм мен терроризм!» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

19 қаңтар - Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде «Қауіпті діни экстермизм мен терроризм!» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

19 қаңтар - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Д.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің жастарымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Жамбыл политехникалық колледжінің «құқықтану» пәнінің мұғалімі Қ.Мұрат, Д.Карбышев атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Орысбекқызы, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Г.Еркебекова және Ә.Садықбекова, жастар, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

19 қаңтар - Әлемдік мәселеге айналып үлгерген суицид дертінің алдын ала отырып жастар мен жасөспірімдерге өмірдің құндылықтарын ұғындыру және психологиялық тұрғыдан көмектесу мақсатында Абай атындағы №26 орта мектебінің жастарымен «Өмір шыңға шыққанмен бірдей!» атты семинар- тренинг өткізілді.

Іс-шараға Тараз қаласы №5 емханасы, «Жастар денсаулық орталығы» мекемесінің психолг маманы А.Жаркенбекова, Абай атындағы мектеп директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Б.Айтімбетов, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-дан астам адам қатысты.

20 қаңтар - Жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында №46 орта мектебінің жастарымен «Нашақорлықсыз болашақ!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-талдау және түсіндіру бөлімінің инспекторы Ж.Өзбекәлиев, КТІЖ УПИ полиция лейтенанты И.Абдылдаев, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ахметова, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Э.Әкпар мен Л.Құдайбергенова және жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

25 қаңтар - Жастардың құқықтық білімін тереңдетіп, жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында №53 орта мектебінде «Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Тараз қаласы ІІБЖПҚ полиция аға лейтенанттары Б.Сейтбеков пен Д.Данакеев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Еркінова мен Г.Еркебекова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жаныбекова, мектеп ұжымы мен жастары, барлығы 170-ке жуық адам қатысты.

26 қаңтар - Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен наша бизнесінің алдын алу және өзге де жат қылықтардан аулақ болуларын түсіндіру мақсатында №15 мектеп-гимназиясында «Нашақорлықсыз өмір!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шараға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

27 қаңтар - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінің жастарымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл политехникалық колледжінің «құқықтану» пәнінің мұғалімі Қ.Мұрат, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

31 қаңтар - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра отырып, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында нашақорлық пен наша бизнесінің алдын алу және өзге де жат қылықтардан аулақ болуларын түсіндіру мақсатында «Ботақан» аула клубының жастары мен жасөспірімдері арасында «Қылмыс түбі қорлық!» атты кездесу өтті. Іс - шараға барлығы 20- ға жуық адам қатысты.

1 ақпан - №15 мектеп-гимназиясында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге мектептің инспекторы М.Юсупова мен директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Тілеубеков, ақпараттық-дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспектор-заңгері Г.Жаңабек және ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, мектеп ұжымы мен жастары, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

1 ақпан - №43 орта мектебінде «Елбасы Жолдауы - дамудың асыл арнасы!» атты кздесу өткізілді. Кездесуге мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тілеубердиева мен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қарасайқызы, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, мектеп ұжымы мен жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

2 ақпан - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жаһандық жолға - жүйелі Жолдаумен!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына Тараз қалалық маслихатының депутаты С.Берікқожа, Жамбыл облыстық «Жайдарлы жастар» КВН лигасының төрағасы Б.Мөрбеков, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер оқытушылары, «Мәңгілік ел» орталығының жетекшісі А.Абдрашева, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Е.Төлендиев, мекеме қызметкерлері, колледждің педагогикалық ұжымы мен студенттері, барлығы 120-ға жуық адам қатысты.

2 ақпан - №56 орта мектебінде «Жастар қылмысқа қарсы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бекболатов пен мектептің полиция капитаны, инспектор Ә.Садықов, ақпараттық - дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспектор-заңгері Г.Жаңабек және ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Э.Әкпар мен Л.Құдайбергенова, мектеп ұжымы мен жастары, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

3 ақпан - «Универсиада-2017» бүкіләлемдік қысқы ойындарына орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» атты қалалық жастар спартакиадасы өткізілді.

Cпартакиаданың қорытындысы бойынша үстел теннисінен І орынды С.Касторный, ІІ орынды Н.Кылычмедов, ІІІ орынды Б.Құнанбай, қол күресі бойынша І орынды С.Максимкерей, ІІ орынды С.Танербергенов, ІІІ орынды Б.Қасымов, жүзу жарысы бойынша І орынды П.Рянзин, ІІ орынды В.Попов, ІІІ орынды А.Даубжанов иеленді. Сонымен қатар, жалпы командалық есеп бойынша І орынды «ТарМПИ», ІІ орынды «ТарМУ», ІІІ орынды «Тараз сервиз және технология колледжі» командалары ие болды.

6 ақпан - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында №11 орта мектебінде «Жолдаудың бізге берері мол!» атты кездесу өткізілді. Іс - шараға барлығы 120-ға жуық адам қатысты.

7 ақпан - №46 орта мектебінде «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

8 ақпан - «Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынамасын» және экстремизм мен терроризмнің жетегінде кетудің алдын алу мақсатында арнаулы орта оқу орындарында (Жамбыл медициналық колледжі, «Тараз- Ғасыр» колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжді) «Дін және қоғам!» атты кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен арнайы сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама барысында студент жастарға қазіргі кездегі орын алып жатқан дін мәселесіндегі өзекті проблемаларға жол бермей, дұрыс бағытпен жүру керек екендігі түсіндірілді. Жүргізілген сауалнама қорытындысы «Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемлаарын зерттеру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолданып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы мониторинг жарияланды. Жалпы қатысқандар саны - 170 жас.

Аталған іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ- нің ақпараттық- талдау және түсіндіру бөлімінің инспекторы Ж.Өзбекәлиев, «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Исатай, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық-дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі А.Кадралиев, «Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Қосубақ және Э.Әкпар, Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының төрағасы Ә.Мұратбаев қатысты.

8 ақпан - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубының жасөспірімдері арасында «Нашақорлықсыз өмір!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша І орын С.Сайлаубек, ІІ орын Б.Тұрғанбек, ІІІ орын Б.Ануарбек арнайы дипломдармен марапатталды. Іс - шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

8 ақпан - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыру мақсатында №56 орта мектебінің жастарымен «Есірткі - қоғам дерті!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы Ж.Надырқұлов, мектеп директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары С.Бекболатов, ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

8 ақпан - Сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіре отырып, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында «Ботақан» аула клубының жасөспірімдерімен «Нашақорлықсыз өмір!» атты қабырға газетінен байқау өткізілді.

Байқауға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Қосубақ, жастар, барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

8 ақпан - Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде «Жастар қылмысқа қарсы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қалалық №2 полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы, полиция капитаны М.Әділхан, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берикова, ақпараттық- дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспектор- заңгері Г.Жаңабек және ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар мен жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

9 ақпан - №33 орта мектебінде «Қылмыс және жасөспірім!» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Джантелиев, ақпараттық-дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспектор-заңгері Г.Жаңабек және ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Шабан, мектеп ұжымы мен жастары, барлығы 50- ге жуық адам қатысты.

10 ақпан - №53 орта мектебінде «Елбасы Жолдауы баянды болашаққа жол ашады!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Қазақстанның болашағы үшін» білімгерлер мен жастардың Тараз бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Исатай, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық дін талдау секторының меңгерушісі А.Қадралиев, №43 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жаныбекова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова және жастар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

10 ақпан - Сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, отансүйгіштікке, елін қастерлеп, құрметтеуге баулу және сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Балауса» аула клубының жасөспірімдері арасында «Сүйем сені, туған өлкем!» атты сурет байқауы өткізілді. Іс-шараға барлығы 20-ға жуық адам қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды А.Сұлтанханова, ІІ орынды Н.Мұхтар, ІІІ орынды А.Сұлтанханов иеленіп, арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

10 ақпан - Жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі заттарының, ішімдік пен шылымның жас ағзаға тигізер зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында И.Панфилов атындағы №39 орта мектебінің жастарымен «Есірткі - қоғам дерті!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 120-дан астам адам қатысты.

Кездесуге Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы А.Чикашева, №56 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қырғызбайқызы, «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Ш.Сейдуалиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Еркінова мен Г.Еркебекова, жастар, барлығы 120-дан астам адам қатысты.

14 ақпан - Жастар мен жасөспірімдерге спорттық ойындарды ойната отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу және қызығушылық пен белсенділікті дамыту мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Көңілді мәре!» атты дойбы ойынынан жарыс өтті. Іс - шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.

14 ақпан - Жастар мен жасөспірімдер арасында «15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған» күніне орай Ауған оқиғасының тарихын кеңінен насихаттау, жасөспірімдерді ерлікке тәрбиелеу мақсатында №15 мектеп-гимназиясы мен №33 орта мектебінде «Ерлік - ұрпаққа мұра!» атты кездесу кештері өткізілді. Іс - шараға барлығы 130-ға жуық адам қатысты.

14 ақпан – «15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне» орай жастардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін асқақтату, ұлтжандылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында №23 орта мектебінің жастарымен «Ауған ақиқаты!» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

14 ақпан - Жастар мен жасөспірімдер арасында «15 ақпан - Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған» күніне орай №5 мектеп- гимназиясында «Жастығын жалын шарпығандар!» атты кездесу кеші өтті.



Іс - шараға барлығы 120- ға жуық адам қатысты.

14 ақпан - «Тараз сервис және технология» колледжінде «Қылмыс - қоғам дерті!» атты дискуссия өткізілді. Іс-шараға Тараз қаласы ІІБЖПҚ полиция аға инспекторы, полиция майоры Н.Батырханов, «Тараз сервис және технология» колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы М.Сатымбекова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық-дін проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспектор-заңгері Г.Жаңабек және ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

15 ақпан - «№48 орта мектебінде «Елбасы Жолдауы - жарқын істің бастауы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі М.Байшонов, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының Жамбыл облысы бойынша көшбасшысының орынбасарлары Ж.Данаев және А.Далғар, №48 орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тілеубердиева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

16-17 ақпан - «15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне» орай №42, №51 орта мектептерінде «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізілді.

Іс - шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

16 ақпан - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі жастарымен «Есірткі - қоғам дерті!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шарағаЖамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы Л.Омаров, ІІБ- нің 1- ПБ ЖПҚ ЮПТ Е.Көмеков, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

16 ақпан - Жамбыл политехникалық колледжінде «Экстремизм мен терроризм күні қауіпті індет» тақырыбындағы кездесу өткізілді.



17 ақпан - №10 орта мектебінде «Серпінді мақсат тудырған - Жолдау!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге мектептің тәлімгері Д.Жанбосынова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторлары Э.Әкпар, Н.Шабан және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

21 ақпан - №42 орта мектебінде «Елбасы Жолдауы - ел дамуының асыл арнасы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жастар арсында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының Жамбыл медициналық колледжі бойынша көшбасшысы Е.Қыпшақбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шыңғысбаева, ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

22 ақпан - №51 орта мектебінде «Жолдау жүктеген жауапкершілік!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге «Күлтөбе» пікірсайыс клубының төрағасы Б.Асқар, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының жоба үйлестірушісі Е.Сағындық, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Көшбаева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

22 ақпан - №12 мектеп-гимназиясына «Жарқын Жолдау - серпінді мақсат!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Г.Еркебекова, Н.Қосубақ, "Күлтөбе" пікірсайыс клубының мүшесі Ш.Жусипов, жастар және мектеп ұжымы, барлығы 30-дан астам адам қатысты.

23 ақпан - «Тараз-Ғасыр» колледжінің жиын залында «Жаһандық бәсекеге қабілетті Қазақстан!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Кездесуге қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жастар арсында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі Ш.Жүсіпов, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының жоба үйлестірушісі Е.Сағындық, «Тараз-Ғасыр» колледжі директорының құқық- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нұралы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

23 ақпан - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі жастарымен «Есірткі менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы Д.Құлназакрова, ІІБ-нің 1-ПБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Б.Альмухамедов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 60- қа жуық адам қатысты.

23 ақпан - Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында №15 мектеп- гимназиясында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет