Жазықбаева К.Қ. Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, ҚТӘ 1 курс магистранты айгүл кемелбаева шығармаларындағы мифтік элементтер



бет2/2
Дата22.04.2022
өлшемі20,03 Kb.
#140305
1   2
Байланысты:
Жазықбаева К.Қ. ҚТӘ 1-курс Мақала

Тірек сөздер: мифтік кейіпкер, аңыз, магиялық реализм, жын-пері кескіндері, идея, образ.
Мифтік тұрғыда ойлау адамзаттың санасының сәби шағына тән деген тұжырымдар қазір ескіре бастады. Тіпті бүгінгі прозадағы көркемдік шындықты бейнеленуде мифтік образдарды пайдалануды арнайы тәсіл етіп алған қаламгерлер бар. Сондай қаламгерлердің бірі Айгүл Кемелбаева. Жазушының «Жезтырнақ», «Қақпаншы», «Алмұрт» әңгімелерінде мифтік кейіпкерлер кездеседі. Бұл шығармалар «әңгіме ішіндегі әңгіме тәсілімен» баяндалады. Ол әңгімелердегі ерекше, ғажайып, тылсым бейнелер дін тақырыбына өте жақын болып келеді. Мысалы, «Жезтырнақ» шығармасындағы ертегі, аңыздарда айтылып жүрген жезтырнаққа тап болған пенденің бастан кешкен оқиғасы суреттеледі. Жазушының бұл әңгімесі арқылы кез келген жағдайдан, пәледен орынды сөйлеу арқылы құтылуға болатынын көре аламыз. Кей уақытта үндемеу арқылы сұраққа дәл жауап беруге болады, ал кейде үндемеу арқылы үлкен пәледен құтылуға болады. Автор да осы шығарма арқылы сөздің құдіретін көрсетеді. [1, 18-б.] Ал «Қақпаншы» атты әңгімесінде белгісіз мақұлықты ұстап алған адам өмірі баяндалады. Әңгімеде адам баласы белгісіз мақұлықты босатпай, оған қастандық жасайды. Аңшының өз өмірі де шығарма соңында қайғымен аяқталады. Әңгіменің негізгі ойы - біреуге қиянат жасама ,обалына қаласың дегенді автор өте көркем жеткізеді.
Жазушының «Алмұрт» әңгімесі де діни бағытта жазылған, ислам дінінің мифтеріне өте жақын болып келеді. «Ротаның aзық- түлік қоймасы бар, үнемі сол қойма apқылы өтеміз. Ayлacындa жалғыз түп aлмұpт ағашы өскен. Aйнaлa орман қалың болғанмен, сол маңдағы дapa aғаш. Өзі жер кіндігінен өсіп шығып, солтүстіктің көк acnaнын ұшар басымен тіреп тұрғандай ғажайып aйбынды әсер қалдыратын. Биіктігі шыңмен тaлacca, aлып aғаштың жyaндығынa екі aдaмның құшағы жетпейді» [2,100-б.] Бұл шығармада бейнеленген алмұрт ағашы мұсылман дініндегі өмір ағашы туралы аңызға ұқсас. Аталған үш әңгіменің ортақ идеясы - әлемдегі тылсым , таңғажайып дүниелерді Алланың жаратуы. Негізгі ортақ ойы- құдайды ұлықтау, Аллаға сену, оны құрметтеу болып табылады. Адам баласының Аллаға бағынышты екенін көрсету жазушының әңгімелерінде айқын көрініс тапқан.
Автор «Қияда» әңгімесінің кейіпкері өмірде болғанын, қиялдан тумағанын анық көрсетеді. Болған оқиғаны көркем шығармаға айналдыру автордың негізгі ойы болған тәрізді. Бұл болжамды шығармадағы шежірелер де растайды.Ұлттық дүниетаным көрсетіліп, әңгімеде нағыз қазақтың образы жасалған. Мысалы, салт – дәстүрді мықты сақтаған елді Түсіпханның өлімінен кейін елінің қырық күн жоқтау айтуынан көре аламыз. Бұл әңгіме жоқтаумен аяталуы арқылы ерекшеленеді. Әңгіменің тағы бір ерекшелігі- прозаның поэзиямен аяқталуы. Көркем әдебиетте мұндай тәсілдер ерекше бағаланады. Негізгі кейіпкердің, яғни Түсіпханның бейнесі ұмытылмастай сомдалған. Себебі ол шындықтан туындаған кейіпкер. Халқымыздың суырып-салма қасиетін шығармадағы жоқтау жырлары керемет ашады. Импровизация кейіпкердің қайғы шеккен ең жақын деген туыстарының, бауырларының мұңды зарынан шыққан жоқтауда ерекше көрініс тапқан. Осы арқылы автор халқымыздың ұлттық болмысын көрсетіп қана қоймай, оқырманға шығарманы эмоционалды сезінуге мүмкіндік береді. Қаламгер халқымыздың көне, тылсым жанрын жаңғыртып, өз шығармасын өзге әңгімелерден ерекшелейді. Шығармада романтикалық прозаға тән көркемдеуіш құралдар ерекше көрініс тапқан. Бұл әңгімеде Аллаға деген сеніммен бірге ажал тақырыбы берілген. Арбаның астында басылып, түнін өткізген жігіт құдайды қарғамайды. Себебі, ол жақсылықтың бәрі тек құдайдан, ал жамандық атаулының тек пендеден келетінін жақсы біледі. Өлім тақырыбы - бұл әңгімеде ерекше берілгені соншалықты, кейін осы тақырыпты өзекті ету жазушылар арасында сәнге айнала бастады. Өлім о бастан әдебиеттің негізгі тақырыбы болған. [3]
Қаламгердің «Тобылғысай» атты әңгімесі ауыл сыртындағы сай-салалардың әдемі көрінісінен басталады. Автор шабындық жерлерді пейзаждық тұрғыдан әдемілеп, суреттеп кеткен. Негізгі кейіпкер Бижанның шабындық шабуға барғанда, кенеттен қайтар жолында машинасы бұзылып, айдалада қалуы, сөйтіп кейіпкердің кешқұрым сол жерде қалуға мәжбүр болуы баяндалады. Шығармадағы кейіпкердің сюжеттік әрекеті мол дәйектеліп, ен даладағы қараңғылықта бастан өткеретін қорқынышты сәттер шынайы психологиялық өрнектермен айшықталады. Шығармадағы негізгі фон қараңғылық. Жын, пері кескіндері Бижанның көзіне қарауытып көрінеді. Осы суретті жазушы былай деп бейнелеп көрсеткен. «... Артқы дөңгелектің тұсында зорайып бірдеңе қарауытты. Біреу бұқпалап таяп қалғандай жүрегі су етті. Бижан жалт бұрылып, ыршып кабинаға қайта тығылды. Жазушы шығармаларында су стихиясы жиі кездеседі: «Көгал иісі бұрқырап, жаңбырдан соңғы иісіндей жұпар аңқиды. Шырайы жалқын биік күн аспанда балқып жатады. Адам ұланының дамылдап, жүрегімен тағзым қылған тамыр соғуына үндес келсе, алаңсыз табиғат жаны елжіреп, қайта мүлгиді» [5,87-б.]. Жазушының «Тобылғысай», «Қияда» туындыларында ұлттық дүниетаным мен ұлттық құндылықтарды шебер суреттеу арқылы шығарма қорытындыланады.
Айгүл Кемелбаеваның ең үздік шығармаларының бірі - «Қоңыр қаз» әңгімесі. Әңгіменің идеясы адам- жерге түскен періште деген Інжілдің көне аңыздарынан туындаған. Бұл шығарма «еске салу әңгіме» болып табылады. Әңгіме тұтас алғанда, қазіргі адамзат адамның толық үлгісі емес екенін, ал адам атаулының періштеден туындағанын еске салады. Шығармадағы кішкентай ғана қанатты қыз өзінің алғашқы мекені, шыққан жері, яғни періштелер мекеніне оралады. Көптеген сыншы, зерттеушілер бұл әңгіменің концепциясы жаңа деген қорытындыға келеді. Осындай үлкен қорытынды жасау, аңыз сарынында жазу, қаламгерден көп ізденіс пен қабілеттілікті талап етеді. Бір деммен оқылатын әңгімедегі ең ғажап сәт – қыздың құсқа айналып ұшып кетуі. Ең алдымен әлдебір жігітке алданып қалған жас қыздың ауылдағы қойшы ағасына хат жазғаны баяндалады. Егер олар бойжеткенді өзекке тепсе, ары қарайғы тағдыры беймәлім... Қойшының қарындасын қабылдағаны, бойжеткеннің құстың жұмыртқасына жеріктігі, соңыра нәрестені дүниеге әкелуі бір деммен оқылады. Түсінбей кібіртіктеп қалу сосын басталады. Бұл – сәбидің арқасында құстың қанатына ұқсас шеміршектің өсе бастауы. Қызының жұмбақ жаратылысын өзгеден жасырған анасы оны бастауыш сыныпта оқудан шығарып алады. Өйткені қызы мектептен жылап келеді, оқушылар оны «бүкір» деп мазақтайды. Арқасынан өсіп келе жатқан қанаттары оны бүкір етіп көрсететін. Таңнан кешке дейін үйде отыратын қыз бала сурет сала бастайды. Басқа ештеңені емес, тек құстардың суретін. Ана жүрек бұл баланың ерекшелігін сәби кезінде-ақ сезеді. Сол үшін өзін паналатқан ағасының үйінен көшіп кетеді. Әйтпесе, ағасы сәби туғанда қатты қуанған, сәбиге мейірімі оянған. «Бауырыма салып алам» – деген дәмесі де бар еді. Өйткені оларда бала жоқ. Алланың шеберлігін қараңыз, осы сәби дүниеге келіп, ерлі-зайыптының оған мейірімі оянған соң, көп өтпей олардың да отбасында сәбидің күлкісі естіледі... [4]
Енді осы оқиғаны магиялық реализмнің қалыбына салып түсіндіріп көрейік. Атақты «Жүз жылдық жалғыздық» әдебиеттегі магиялық реализмнің ең таңдаулы мысалы. Шығарма емес, ертегі оқыған сияқты боласың. Бірақ бәрібір шындық ретінде қабылдайсың. Адамға торайдың құйрығы өсіп шығуы мүмкін нәрсе емес, бірақ, күнәға, былыққа белшеден батқан жиіркенішті, күнәһар пенделерге торайдың құйрығы өсіп шығуы керектігі туралы ой адамның санасында әбден мақұлданған, бекіген, яғни адам өз нәсілін ондай «құрдымға» қия алады. Сондықтан романдағы кейіпкерлерге торғайдың құйрығы өсіп шығуын оқырман кедергісіз қабылдайды. Дәл сол себепті «Қоңырқаз» әңгімесіндегі кішкентай, бейкүнә сәбиге қос қанаттың өсіп шығып, оның адамдардан қорлық көрмеуі үшін аспанға ұшып кетуін де оқырман еш кедергісіз шындыққа балай алады. Екіншіден, магиялық реализмге тән бір ерекшелік – адамның сезімдері мен құмарлықтары егжей-тегжейлі, ашық жазылады. Әңгімеде сәбидің анасының құстың жұмыртқасына жерік болғаны, жұмыртқа жеп жүріп жерігін басқаны сәтті суреттелген. Әйелдің жерік халін жеріне жеткізе баяндайтын қаламгер бір нәрсеге аса мән береді. Ол – жұмыртқаны ұрлап жеу деталі. Осы жерде болашақ некесіз сәбиді дүниеге әкелетін ананың жұрт көзінен жасырын, өткен шақтағы «ұрлықы» құмарлықтары туралы тұспалдайды... Үшіншіден, магиялық реализмге тән тағы бір ауқымды ерекшелік – ол кейіпкерлердің бір-біріне қарама-қайшылығы. «Қоңырқазда» көп кейіпкер жоқ. Сөйте тұра олар бір-біріне ұқсамайды. Бәрі бір-біріне қарама-қайшы. Олар бір-бірімен дауласып, бет жыртысып жатқан жоқ. Бірақ әртүрлі танымдағы адамдар. Санамалай берсең, ол әдіс арқылы басқа да ерекшеліктерді шығаруға болады. Бірақ осының өзі-ақ әңгіменің нағыз магиялық реализм сипатында жазылғанын көрсетіп тұр. Ең бастысы, әңгімені оқыған оқырман жас қыздың құсқа айналып кетуімен «келіседі». Шығарманың басты идеясы- адам жанының жалғыздығы. Қаламгер ана мен қыздың жан жарасына емді адамдар әлемінен алыс жарден іздейді де, оны құстар әлемінен табады. Әңгіме күнәһар ана мен таңғажайып тәсілмен қазға айналған қызы төңірегінде өрбиді. Бас кейіпкердің арқасына кішкене кезінде балапандікі тәрізді қоңыр қанат пайда болады. Сол арқасындағы қанат үшін Қорлан қарапайым балалардан ерекшеленеді. Ол ерекшелігі үшін ол күлкіге қалады, қоғамнан шеттетіледі. Автор құстар образы арқылы шығармасын айшықтайды. Шығарма соңында Қорлан адамдарды өзіне жатсынып олардан суынады, қанатына жан бітіріп өз қиялындағы құстарға қосылады. Бұл шығармасы арқылы кез келген адамның қоғамда өз орны бар деген қорытынды жасайды.
Айгү Кемелбаеваның шығармаларында миф – өзге бір шындықтың таңғажайып көркем түрі ретінде көркем суреттелген. Қазаққа ең әуелі ұлттық идеология, дін мен дәстүр қабысқан бұрынғы көзқарасты қалпына келтіру керек деген жазушының ойы өз шығармаларында айқын көрініс тапқан. Діндерді дүниетаным дәрежесінде қарастыру керек. Бір тылсым құдірет күш иесі бары рас. Бірақ оның нақты формасын адамзат дәл тани алды деуге болмайды. Дінді сөз құдіретін ерте ұғып қойған ересек халықтар өз мақсаттарына пайдалана береді. Құдайға құлшылық сырт көзге көрінбес, тілсіз, жүректе болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Акмагамбетова Б.Е., Коспакаева Г.А. Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы постмодернизмнің Исламдық сарынмен сабақтастығы
// Игібай Әлібаев мұрасы және рухани жаңғыру құндылықтары. 2018. №2. Б 17- 20.
2. Кемелбаева А. Әңгімелер мен повестер: Жинақ.-Алматы:Жібек жолы, 1997.
3. Кемелбаева А. «Қияда». Астана. Елорда. 2001. -120 бет.
4 Кемелбаева А. Қоңырқаз әңгімесі. https://malim.kz/16660.
5. Кемелбаева А. Тобылғысай : повесть және әңгімелер. Астана. Елорда, 2001. -120 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет