Зерттеудің мақсаты:
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда
оқытуды теориялық жағынан негіздеу және оның әдістемесін жасап,
тәжірибеден өткізу.
Зерттеу нысаны:
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан
оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні:
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан
оқыту әдістемесі
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер бастауыш білім беру пәндерін
метапәндік тұрғыда оқыту теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделіп, оның
әдістемесі әзірленсе, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан
оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделі шығармашылықпен қолдануға
бағытталса, онда бұл метапәндік сабақ үдерісінде оқушылардың тұлғалық,
коммуникативті, реттеуші және жалпытанымдық әмбебап іс-әрекетінің
дамуына мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда оқушылар метапәндік
біліктерінің қалыптасуына және жетілдіруге ықпал ететін белсенді қызмет
түрлеріне қосылады.
Зерттеу міндеттері
1. «Метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» ұғымдарының мәнін нақтылау;
2. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың
құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
3.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың
педагогикалық шарттарын анықтау;
4. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесін
жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте сынақтан өткізу, ұсыныстар
беру.
Зерттеудің жетекші идеясы:
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыдан оқытудың теориялық негіздеріне сүйеніп жасалған әдістеме бастауыш
сынып оқушыларының теориялық ойлауын дамытуға, олардың санасында
әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді және оқушыларды
әр алуан әдеттегі жағдайларға жаңаша қарауға, инновацияны бағалауға
баулиды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздемесі
– «метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту»
түсініктерінің мәні, білім
берудегі
метапәннің
феноменологиялық
сипаттамаларын
зерттеу
(Ю.В. Громыко [49], А.В. Хуторской [50], А.Г. Асмолов [51], Н.В. Громыко
[52], М.Н. Ахметова [54], К.Ю. Колесина [55], Ю.Н. Кулюткин [56], А.В.
Позднякова [57], А.А. Устиловская [58], Т.П. Фисенко [59] және т.б.);
– аксиологиялық, синергетикалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік,
жүйелілік, біртұтастық, құзыреттілік тұғыр (К.А. Абульханова-Славская [60],
А.С. Амирова [61], Я.О. Устинова [62], Г.В. Коган [63] және т.б);
– бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастырудың
технологиялық астарлары, құрылымы туралы еңбектер (Л.С. Выготский [64],
В.В. Давыдов [65], Б.Ф. Ломов [66], А.Р. Лурия [67], Г.А. Цукерман [68],
Д.Б. Эльконин [69] және т.б).
|