Жоспар: Кіріспе Мұхаммед Хайдар Дулати өмірі туралы деректер Негізгі бөлім



бет2/2
Дата08.03.2023
өлшемі18,52 Kb.
#171462
1   2
Байланысты:
тарихи рашиди
СӨЖ
Б і р і н ш і д е н, „Тарих-и Рашиди»— көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек, үнді тілдерінде жазылған, есімдері әлемге мәшһур Шығыс пен Батыс ғүла- маларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.
Е к і н ш і д е н, Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы үрпақтан-үрпаққа жалғасып, ауызша айтылып кел- ген тарихи деректерді, аңыз-әфсаналарды, хандар мен сүлтандардың генеалогиясын (ататегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады.
Ү ш і н ш і д е н, қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде та- ныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре текстін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған.
Міне, Хайдар Дулати өзінің „Тарих-и Рашиди» атты еңбегін жазу барысында осы жәйттерді мықтап ескере отырып, оны жоғарыда айтылған үш талапқа да жауап беретіндей етіп жазған.
2.3
Хайдар Дулатидің бүл еңбегін тұңғыш рет Англияның аса көрнекті тарихшысы Э. Денисон Росс (1871 —1940 ж.) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрді. Шығарманың қазақ тарихына қатысты түстарын кезін- де белгілі шығыстанушы ғалымдар В. Вельяминов-Зернов, В. Вяткин, Т. Султанов, К. Пищулина тәржіма жасап, өз еңбектерінде ғылыми негізде пайдаланды.
Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтың көрнекті ғалымы С. Асфендияров та тәржіма жасаған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде жарық көрді. Өзбек ғалымдары „Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарды.
Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі түркі тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ қауымының көне шежіресінен аса кұнды деректер беретін бірден-бір туынды.
Ежелгі түркі әдеби ескерткішгері мен қазақтың өзіндік төл әдебиеті арасында сан ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бар екенін жоғарыда келтірілген нақты деректерден айқын көруге болады. Мұндай көркемдік дәстүр жалғастығы негізінен шығарманың тақырыбына, идеясына, сюжетіне, бейнелеу құралдарына, композициясына, тіліне, тағы басқаларына қатысты болып келетінін көрдік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –А., 2005.
Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрсстоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.
Мирза Мухаммад Хайдар. Тарих-и Рашиди. Перевод с персидского А.Урунбаева, Р.П.Джалиловой, Л.М.Епифановой. Приложения и указатели Р.П.Джалиловой. Фан, Ташкент, 1996.
Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. М.Х.Дулати қоғамдық қоры, Алматы, 2003.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» (Мұхтар Қазыбек, Əбсаттар Нұралиев). «Мирас» баспасы, Алматы, 2015.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет