Негізгі бөлім
Қазақстанда тәжвирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мемлекеттік және шағын жинақты мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Мектептер ағымдағы 6 сәуірден бастап ҚОЖ бойынша балаларға білім беру үдерісін бастады. Бұл жүйеге толықтай көшер алдында елімізде байқау сабақтары жүргізіліп, білім ордаларының дайындығы алдын ала тексерілді. Тексеру нәтижесіне байланысты ғаламтор жүйелері, мессенджер арқылы ұстаздар оқушыларды оқыта бастады. Сонымен қатар теледидарда белгіленген кесте бойынша дәрістер көрсетіледі. Және «bilimland», «aіmektep», «daryn» секілді республикалық порталдар да онлайн, оффлайн өз қызметтерін ұсынып, ұстаздарға көмекке келді. Мынадай карантиндегі күрделі жағдайда мен өзімнің ғана емес, оқушыларымның да көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер ететін логикалық тапсырмалар мен жұмбақтарды whatcapp арқылы ортақ чатқа жіберіп отырамын. Бұл қашықтықтан оқыту жүйесінде telegram бағдарламасы мен whatcapp пайдаланамын. Ал ZOOM бағдарламасы балалармен онлайн сабақты жүзбе-жүз экран алдында кездесу арқылы жүзеге асырылатынын білемін. Дегенмен ата – аналарымның шешімі ватсап болғандықтан осылай болды.
Достарыңызбен бөлісу: |