Байқауды өткізу тәртібі және мерзімі
Байқау 2 кезеңде өткізіледі.
Бірінші кезеңде (сырттай) байқау материалдары Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының базасында 2021 жылдың 1-15 наурыз аралығында қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген материалдар байқауға қатыстырылмайды.
Екінші кезең (санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан онлайн форматта) - 2021 жылдың 16-18 наурызда байқау жұмыстары іріктеледі.
Ұйымдастырушы байқаудың онлайн конференциясының уақыты мен күнін алдын ала хабарлайды және 1 Қосымшадағы
өтінімді толтыру кезінде көрсетілген қатысушылардың телефон нөмірлеріне сілтемені жібереді.
Байқау нәтижелері және байқау жеңімпаздары туралы ақпарат 2021 жылдың 25 наурызында Орталықтың http://aocit.kz/ сайтында жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |