Хижра жылын есептеу



Дата28.01.2018
өлшемі196,82 Kb.
#34789
Хижра жылын есептеу

Мұқышев А. В.



8 «Д» сынып оқушысы, №7 мектеп-лицейі, Жезқазған қаласы

Жетекшісі: Ташенова Г. Ә.
Қазақта жыл басы наурыз айының 22-нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толды деп есептелінетін. Жыл басы ”тышқан” жылы болды. 1996 жылдың наурызында тышқан жылы басталса, ол енді 2008 жылдың наурызында қайта келеді. Бірінші мүшел 13 жаста толады. Оған он екі жылдан қосып отырсаңыз, келесі мүшел шығады.

Өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе, “мешін” жылы болғаны, қалдық біреу болса, ол – “тауық”, екеу болса – “ит”, үшеу болса – “доңыз”, төртеу болса – “тышқан” жылы болғаны, сөйтіп әрі қарай кете береді.

“Кез келген ғасыр мешін, тышқан, ұлу жылдарымен басталып, доңыз, қоян, ұлу жылдарымен аяқталмайды”. Керісінше, тауық, сиыр, жылдарымен басталып, тышқан, ұлу, жылан жылдарымен аяқталады. Өйткені, ғасырдың басы ноль сандарымен аяқталатын жылдардан емес, бір санымен басталатын жылдардан бастап есептеледі. Мысалы XX ғасырдың басы 1900 жыл емес, 1901 жыл, соңы 2000 жыл болады.

Осы тақылеттес “тышқан, мешін, ұлу жылдары әрдайым календарьдағы кібісе жылдарға тура келіп отырады.” 1700 жыл ұлу, 1800 жыл мешін, 1900 жыл тышқан болғанымен, кібісе жылдарға жатпайды. Есте ұстайтын бір қағида біз қолданып жүрген григориан календарында 2 нольмен аяқталып, 400-ге бөлінбейтін жылдар кібісе жылдар болып саналмайды. Сондай-ақ, мәңгілік мүшел есебі кестесіндегі 44, 56, 72, 84-ші жылдардың тұсына кей жерде мүшелдік баламасы қойылмған. Осының салдарынан 1744, 1956, 1872, 1972, 1984-ші тәрізді көптеген жылдардың қай мүшелге сәйкес келетіндігін біле алмайсыз. Біздің дәуіріміздің I ғасыры мен XXI ғасырлар арасындағы қарапайым, пайдалануға ыңғайлы мүшел есебінің календары көрсетілген. Бұл календарды әркім XXI ғасырдан әрі жалғастыра беруге болады. Ол үшін ғасырлар кестесінднгі соңғы сандарға үш санын қосып шыққан қосындыны сол санның жанына жазу керек. Мысалы, сол жақтағы бірінші бағанадағы ХІХ санынан кейін ХХІІ, ХХV сандарын жазуға болады. Календарьды пайдалану әдісі оңай. Мысалы, Күлтегін дүние салған салған 731 жыл мүшел есебінің қай жылына сәйкес келетіндігін білу қажет болса, жылдар кестесіндегі VIIІ санының түйісетін тұсын қарау керек. Яғни, 731 жылы қой жылына сәйкес келеді.



Жылдар кестесі


Ғасырлар кестесі

І.І V.VІІ.Х.

ХІІІ.ХVІ.

ХІХ

ІІ.V.VІІІ.

ХІ.ХІV.

ХVІІ.ХХ.

ІІІ.VІ.ІХ.

ХІІ.ХV.

ХVІІІ.ХХІ.

01

13

25

37

49

61

73

85

97

Тауық

Сиыр

Жылан

02

14

26

38

50

62

74

86

98

Ит

Барыс

Жылқы

03

15

27

39

51

63

75

87

99

Доңыз

Қоян

Қой

04

16

28

40

52

64

76

88

00/0/

Тышқан

Ұлу

Мешін

05

17

29

41

53

65

77

89




Сиыр

Жылан

Тауық

06

18

30

42

54

66

78

90




Барыс

Жылқы

Ит

07

19

31

43

55

67

79

91




Қоян

Қой

Доңыз

08

20

32

44

56

68

80

92




Ұлу

Мешін

Тышқан

09

21

33

45

57

69

81

93




Жылан

Тауық

Сиыр

10

22

34

46

58

70

82

94




Жылқы

Ит

Барыс

11

23

35

47

59

71

83

95




Қой

Доңыз

Қоян

12

24

36

48

60

72

84

96




Мешін

Тышқан

Ұлу

1 ғасыр – тауық, II ғасыр – сиыр, III ғасыр – жылан жылдарынан басталатындықтарын бір рет қарағанда-ақ білуге болады. Григориан календары 1 қаңтардан, мүшел есебі 22 наурыздан басталатындықтан, 1 қаңтар мен 21 наурыз аралығындағы уақыт ескі жылдың санатына ілінетінін естен шығармау керек.

Ескі кітаптарда көне қолжазбаларда адамдардың туған не қайтыс болған жылдары, сондай-ақ тарихи оқиғалары хижра жыл есебімен белгіленеді. Осы жылды қазіргі сіз бен біз пайдаланып жүрген Григорян жыл есебіне қалай айналдыруға болады? Ол өте оңай.

Мысалы, Абу-Райхан Беруни хижраның 363 жылы туылған. Бұл біздің қазіргі жыл санауымыз бойынша қай жылы болатынын есептеп шығару үшін хижра жылын 33 санына бөлу керек. 33 саны хижра жылымен Григорян кестесінің бір-біріне тең келетін мезгілін білдіреді. Бөлуден шыққан санды хижра жылынан алып, одан қалған санға 622-ні қосу керек. 622 саны, Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинә шаһарына көшкен жылын білдіреді. Сонда нәтиже мынадай боп шықпақ:

363 : 33 = 11; 363 – 11 = 352; 352 + 622 = 974.

Демек, Абу-Райхан Беруни бабамыз біздің жыл санаумызбен 974 жылы туылған екен. Формуласы төмендегідей болады:

Г = x – x : 33 + 622

Ал, енді Григорян жылын хижра жылына қалай айналдырамыз? Ол үшін осы жылдан 622-ні аламыз. Содан кейін нәтижені 33-ке бөлеміз де, бұдан шыққанын 43-ке қоссақ, керек есебіміздің шыққаны. Мысал үшін, қазір бізде 2009 жыл. Бұл хижраның қай жылы болмақ?

2009 – 622 = 1387; 1387 : 33 = 42; 1387 + 43 = 1430.

Қазір бізде хижраның 1430 жылы.



Бір ескертетін жәйт: әуелгі санды 33(не 32)-ге бөлгенде нәтиже қалдықпен шығады. Егер осы қалдық 33 не 32-нің жарымынан, яғни 17-ден артық болса немесе – демек, шыққан нәтиже бүтін санға айналдырылады. Егер қалдық 16-дан кем болса, онда немесе нәтиженің тек қана бүтін бөлігі алынады.

Хижраның 801 жылы және жалпы хижра есебіндегі жылдарды григориан календарына аудару үшін мына тәсілді пайдаланамыз:



  1. 801 + 622 = 1423

  2. 801 : 33 = 24

  3. 1423 – 24 = 1399 жыл, яғни тайқазанның жасалғанына тура 591 жыл болды.

Ал, григориан календарындағы күндердіді хижра есебіне аудару үшін келесі әдісті қолданамыз.

  1. 1990 – 622 = 1368

  2. 1368 : 32 = 42

  3. 1368 + 42 = 1410 жыл, 1990 жылдың 24 маусым, сейсенбіден бастап хижра есебінің 30 жылдық айналымы бітіп, жаңа 1-ші жылы басталады, ол – 1411 жылға сәйкес келеді.

18566 жылдан кейін, яғни біздің заманымыздың 20556 жылы григориан календары мен хижра есебіндегі жыл санау жүйесі теңеседі де, хижра есебі оза бастайды.

Әдебиеттер:



  1. «Зерде» журналы, 1990 жыл.№1.№4.№11.

  2. «Фарсы тілі» оқулығы, М.Абдусматов.

  3. «Халық календары», М.Ө.Исқақов, Алматы, 1980 жыл.

Каталог: conf2009
conf2009 -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі
conf2009 -> Пифагор теоремасының ДӘлелдемелерінің ТҮрлері және қолданылуы
conf2009 -> Алгебралық ТҮрлендірулер
conf2009 -> СИҚырлы шаршылар
conf2009 -> Ғылыми жоба тақырыбы
conf2009 -> Рационал сандардың шығуы және оның дамуы
conf2009 -> Теріс сандардың дамуы
conf2009 -> Әбдірахманова Жадыра 10 сынып Алтын қима
conf2009 -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет