Жобаның коммерциялық нәтижелігі қаржылық шығындарды табыстылық нормасын қамтамасыз ететін нәтижелерді салыстыру арқылы анықталады.
Е = Нәтиже/Шығындар
Әр қадамдағы нәтиже ретінде нақты ақшаның ағыны қолданылады.
Жобаны іске асырғанда 3 түрлі қызметті бөліп көрсетеді:
Инвестициялық – негізгі қорлар құнының өзгерісімен байланысты.
Операциялық – кәсіпорынды басқарумен және ағымдағы шығындармен байланысты.
Қаржылы – бағалы қағаздар қоржынымен байланысты.
Қызметтің әр түрі ақшаның келуімен және шығуымен байланысты болады.
П – ақшаның түсімі.
О – ақшаның шығыны.
Ф – нәтиже.
Нақты ақша тасқыгы деп инвестициялық және операциялық қызметтен түскен ақша мен шығындар арасындағы айырманы айтады.
Нақты ақша сальдосы – бұл барлық үш қызмет түрі бойынша ақша түсімдері мен шығындары арасындағы айырма.
Негізгі шарт – аталған көрсеткіштер оң сан шығу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |