Кестелі грамматика


Толықтауыш байланысу түріне қарай



бет23/30
Дата16.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#129360
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
КЕСТЕЛІ ГРАММАТИКА
Каз тили Аныктамалыктар
Толықтауыш байланысу түріне қарай

Түрлері

Анықтамасы

Сұрақтары

1 Тура толықтауыш

Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш дейміз.


кімді? нені?

кімін? несін?

кімімді? немді?

кіміңді? неңді?

кімін? несін?

2. Жанама толықтауыш

Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінің бірінде тұрған немесе туралы, жайында, жөнінде деген шылаулармен айтылған толықтауышты жанама толықтауыш дейміз.

Барыс, жатыс шығыс және көмектес септік сұрақтарына жауап береді.



Толықтауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:



Құрылысына қарай

Сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?

Дара

Мына хатты Абай ағам Әбішке жазған еді. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. (Мақал). Қорқақ көлеңкесінен де қорқады (Мақал)

Күрделі

Қаптың аузын шуда жіппен тіктік Сарыарқа күйі тыңдап отырғандарға қатты әсер етті. (газеттен)

Бәйбіше қара сақалдыға қымыз ұсынды.



Үйірлі

Дәмежанға енді басқа пәтерге көшуі керек екенін жайлап ұғындырды. Ол амандаса сала, қораның іші қараңғы екенін айтып, шам алып шықпақ боп, тез бұрылып ішке қарай жөнелді. (М.Әуезов).

Дәмежан осы уақытта тізе бүгіп, күйеуінен төмен отыра бере, Абайлардың неғып кешігіп келгенін сұрады. Ол - әкесінің өлімі үстінде біреулерге қосылып, біреулерді жамандасып, сарапқа салып отырды лайықсыз көрді. (М.Әуезов).





АНЫҚТАУЫШ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет