Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ


Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін педагогикалық, психологиялық факторлар



бет3/5
Дата06.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#61674
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, креативти ойлу, Студентке Жас ерекшелик

1.4 Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін педагогикалық, психологиялық факторлар
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін көптеген факторлар бар. Біздің қарастыратынымыз – педагогикалық, психологиялық факторлар.Бұл екі фактор бір-бірімен тығыз байланысты. Алдымен педагогикалық факторды қарастырайық.

Бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде басталатын тіл дамыту – қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамдық бөлігі. Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мақсаты – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту болып табылады.

Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру өте маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын оқу әрекеті арқылы қалыптастырамыз.Оқу әрекеті дегеніміз – білім, білік алуға бағытталған әрекетті айтамыз. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Бастауыш сыныпта, әсіресе, қазақ тілі және ана тілі пәндерінде балалардың сөйлеу дағдыларына көп көңіл бөлінген.

Осыған байланысты, қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин [25], А.Байтұрсынұлы [14] ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Тіл дамыту мәселесінің психологиялық негіздерін анықтауда белгілі психологтардың (Ж.Аймауытов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.А.Леонтьев, П.Я.Галперин, А.С.Лурия, Н.И.Жинкин, Д.Б.Эльконин, Н.А.Степанов, А.А.Люблинская т.б.) жоғары психикалық функциялардың дамуындағы сөз бен сөздің орны жайындағы теориялары оқушы тілін дамытудың әдістемесін жасауда басшылыққа алынды. Психология ғылымында әртүрлі жас ерекшелік сатысындағы адам психикасы дамуының мүмкіншіліктері түрліше болатындығы белгілі жайт.

Психологтар сөйлеу әрекеті екі түрлі деп, оларды сырттай сөйлеу және іштей сөйлеу деп бөледі, бірақ олар бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, олардың физиологиялық негізі бір. Бірақ, олардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Сырттай сөйлеуде адам сөзін тыңдаушыға дәл жеткізу үшін, ойын тілдің грамматикалық нормасына сай құруға тырысады. Іштей сөйлегенде ойдың екінші біреуге түсініктілігі қажетті болмағандықтан, грамматикалық нормаларды толық сақтауға мән берілмейді. Сырттай сөйлеу тыңдаушысына бағытталады, ал іштей сөйлеу біреудің сөзін түсіну, ұғыну үшін жұмсалады деп санайды.

Оқушының сөздік қорының толығып, мазмұнды да, жүйелі сөйлей білуге дағдылануында қызығудың мәні үлкен. Қызығу өзінің мазмұны мен бағытына қарай материалдық, қоғамдық, танымдық, кәсіптік т.б. болып бөлінетіндігі – ғылымда белгілі жағдай. Осы қызығулардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, таным қызығулары оқудың, ғылымның түрлеріне қатысты болады.

Сондықтан тілді дамыту үшін қабылдаудың маңызы зор.Оқушының логикалық ойлауы есте сақтау қабілетіне де қатысты. Ес сөйлеуді қамтамасыз ететін құралдың бірі іспетті. Бірақ ес оймен тікелей байланысты.

Тіл дамыту ісінде оқушылардың байқау қабілетінің де маңызы зор. Оқушылар заттардың, құбылыстардың ерекшеліктерін түсініп, ажырату үшін оларды байқауға, байқағыштыққа үйрету керек. Психологтардың пікірінше, байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау. Байқағыштық оқушыларды өздері бақылаған құбылыстар мен заттардың ерекшеліктерін ажыратуға, түсінуге, олардың арасындағы айырмашылықтар мен байланысты таба білуге жетелейді. Бақылау жұмыстары арқылы оқушылар зейін қойып, зерттеп түсінген құбылыстары жайында өз ойларын жазбаша да, ауызша да жеткізе алады.

Тілдің үнемі дамуына байланысты , әдеби тілдік нормалар да өзгеріп отырады. А. Қыдыршаев былай дейді: «Кей адамдардың сөзі жұртты ұйытып, тыңдаушылардың айызын қандырады. Ондай сөзді тыңдай беруден әсте ешкім жалықпайды. Ал қайсыбіреулердің сөзі әсерсіз болып тыңдаушысын мезі етіп жібереді. Мұның өзі сөздің коммуникативтік сапасы, қысқаша айтқанда, сөз сапасы деген аса күрделі ұғыммен тығыз байланысты. Қазіргі кезде сөз мәдениеті деп аталатын пән сөз сапасын ғылыми негізде ғылыми тұрғыда оъективті бағалауды қарастыра алады. Бұл ретте сөз дұрыстығы, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз әдебі дегендер сөздің коммуникативті сапасын көрсететін белгілер болып табылады». Біздің қарастырғанымыздай, баланың тілінің дамуына әсер ететін психологиялық факторларды Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, А.И.Леонтьев, А.Р.Лурья,С.Л. Рубинштейн т.б. атап көрсеткен. Ал мектеп кезеңінде Ш.А. Амонашвили, В.В.Давыдов, Л.В. Занков, П.Е.Гальперин т.б. зерттеулерінде қарастырылды [61].

Бұл ғалымдар оқу процесі кезінде іс-әрекет арқылы баланың тілін, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болатынын айтты.

Қ.Қадашеваның: «Мынадай ұстанымдар бар: ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным, тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын өлшеммен беру, бекіту»,-деген пікіріне қосылуға болады [62]. Пікірлесу кезінде әңгімеге кем дегенде екі адам қатысатындықтан айтушының (адресаттың) сөзі, ол негізгі ақпаратты беруші болғандықтан, тыңдаушы (адресантқа), негізгі ақпаратты қабылдаушыға анық, түісінікті, ұғынықты болумен бірге, таза, бай, көркем сөйлемдермен берілуге тиіс. Айтушы өз сөзіне тыңдаушысын қызықтыра білуі тиіс. Мұндай қатысымдық сапаларға сөздің дәлдігі, түсініктілігі, байлығы, тілдің тазалығы, айқындылығы сияқты мәселелер жатады.

Сонымен, сөйлеу сөз өз мақсатына жету үшін ол әрі анық, әрі дәл, әрі таза, әрі әртүрлі айшықты, мәнерлі көркем, бейнелі сөздерге бай мағыналы да мазмұнды болуға тиіс. Сөйлеу сөз әрекетінің бір түрі ретінде ауызша сөзге жатады. Сөйлеу психологиялық тұрғыдан белгілі бір тілек пен себепке тіркеледі де, ол қалайда өз алдына мақсат пен міндет қояды. Бұл мақсат бойынша сөйлеуден өзге де мәселенің сырын тілдік құрал арқылы шешу талап етіледі. Сонымен сөйлеу дегеніміз – адамның өз ойын құрастырып, оны ауызша тұжырымдап айтуы. Психологтардың пікірінше, ол – өте күрделі және көп қырлы процесс. Сөйлеу әрекеті ойлау әрекетімен тығыз байланысты. Ал ой-пікір жеке ұғымдар негізінде жасалады. Сондықтан сөйлеу әрекетінің психологиялық негізін қарастырайық.

Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:


  1. Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;

  2. Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемге осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.

  3. Диалогтік логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелдігі, т.б.) кемдеу болады;

  4. Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т.б.) толықтырылады;

Диалог сөздің қысқа айтылатын және көбіне ойды кең жайып жатуды тілемейтінін байқауға болады. Ал монологтік сөзде керісінше, ойды кең жайып айтуды тілейді, әрі ұзақ айтылады.

Диалогтік сөзде көбінесе алдағы болатын әңгімені алдын-ала жоспарламайды. Ал монологтік сөзде алдын-ала жоспар құрылады. Диалогтік және монологтік сөздің тағы бір басты ерекшелігі – оның эмоцианалдығында, яғни ұялған, ашуланған адам бір қалыпты сөйлей алмайды. Сондықтан да диалогтік сөз болсын, монологтік сөз болсын мұғалім оқыту барысында оқушы психикасының мұндай сәттеріне көңіл аударуы қажет. Осыған байланысты зерттеулер жүргізгенде, ойлау процесін айтып кетуімізге болады. Себебі, ой мен сөз бір-бірімен тығыз байланысты. Ойлау процесінің нәтижесінде тіл арқылы ой сыртқа шығады. Осыған байланысты көптеген психологтар ойлаудың заңдылықтарын зерттеп, оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға байланысты сөйлеуге үйретуде түрлі тәсілдер жасады. Ең алғаш тілдің ойдан сөзге қарай қозғалыс процесі екенін анықтаған – Л.С. Выготский болған. Ойлаудың басты қызметі – шындықтың бейнеленуі, ал тілдің басты қызметі – коммуникация болып табылады. Психологтар ойлаудың заңдылықтарындағы процестердің (анализ/талдау, синтез/ жүйелеу, тұжырым) диалог сөзге тән монолог сөзге үйрету әдістемесін жасауда өте үлкен орын алады[63]. Диалог сөзде тыңдаушының айтылған пікірге кері реакциясы болады. Ал монолог сөзде, керісінше кері реакция болмайды, тек автор сөзі ғана болады. Диалог және монолог сөзде кездесетін қиындықтар түрліше болып кездеседі. Бұл қиындықтың нәтижесінде алға қойылған мақсатқа қол жеткізе алмау пайда болады. Оларға:



  • сөйлеушінің қызығушылықтарының болмауы;

  • сөйлеуші мен тыңдаушының қызығушылығы мен қабілетінің сай келмеуі;

  • сөйлеуші мен тыңдаушының бір-бірін түсіне алмауы;

  • ұялшақтық пен жатырқаушылық;

  • сөйлеушінің өзін басқалардан кем санауы.

Мұндай қиыншылықтарды ғалымдар, егер мұғалім сабақта достық, ұжымдық, сенімділік, жақсылық пен көңіл-күйдің көтеріңкілігін пайдаланса, онда оқушының ұялшақтық, қорқыныш, үрей, өзін басқалардан кем санауы секілді қиыншылықтарды жеңе отырып ауызекі сөйлеуге үйретуде оқушыларда диалог сөздің іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға болады деп ойлаймыз. Ол үшін түрлі жаттығулар орындату қажет. Оқушылардың үндемей отырғандығы немесе сабақ үстінде әңгімеге қатыспауы екі түрлі қайшылықтың (шынайы қайшылықтар және психологиялық қайшылықтар) әсерінен болады. Егер де жаңа тақырып оқушыға қызық емес және оның жаңа тақырыпқа қосатыны жоқ болса немесе оқушы жаңа тақырыпты тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда шынайы қиындық туындайды. Ал психологиялық қиындық коммуникация процесін қиындатып жібереді.

Мұндай психологиялық және шынайы қиындықтарды жеңу үшін Ф.Дебизер мынадай ұсыныстар жасайды:



  • сөйлеушілердің ойы қарама-қарсы болатын шиеленіскен жағдай құрастырылуы керек;

  • өз біліміне сенімді емес оқушы жақсы және көп білетін оқушымен бір жұпта болып, бірігіп әрекет әрекет етуі қадағалануы керек;

  • оқушыны сөйлету үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы жағдай туғызылуы керек;

  • оқушыны өз әріптесін тыңдай білуге үйрету керек.

Диалог сөздің тағы бір қиындығы – әңгіме барысында сөйлеушілерге екі бірдей талап койылады. Әңгімеге қатысушы бір жағынан сөйлеушінің сөзін түсіне білуі керек, екінші жағынан әріптесінің сұрағына дереу жауап қайыра білуі керек. Яғни, диалогтік қарым-қатынасқа түсушілерден тыңдап түсіну іскерлігі мен сөйлеу іскерлігі бірдей бір мезгілде талап етіледі.

Сондықтан да бастауыш мектеп оқушыларын диалог сөзге үйретуде бұл аталған қиындықтарды жеңілдететін амалдарды ойластырып, оларды оқыту процесінде ескеруіміз қажет. Әсіресе, бұл процестер, бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда маңызды болғандықтан, мұғалім оқушылармен түрлі жаттығулар жасауы керек.Жоғарыда қарастырылған диалог және монолог сөздердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қиындықтарды жеңе отырып оқушыларда диалог және монолог сөздердің іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға болады деп ойлаймыз. Бұл ойымызды жүзеге асыру үшін әрине арнайы тапсырмалар және жаттығулар құрастырылуы керек.

Сөйлеу ерекшеліктеріне қарап бейтаныс адамдардың өзін қай жерден екенін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, өзін қоршаған ортасы туралы қандай ойда екенін, білімін, тәрбиесін байқауға болады. Бұған тілді зерттеген И.П.Лысакованың сөзі дәлел: «Кез-келген адамдардың сөйлеу тілінде оның әлеуметтік таптық ерекшелігі, жасы, білімі, қызмет түрі, тұратын жері, жынысы, қатынастың жағдайы, түрі, тақырыбы, мақсаты, сипаты көрініс табады» [64].

Баланың таным үдерістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін лексиконы да өсіп отырады. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Баланың психикасы жетілген сайын лексиконы дамып, одан күнделікті өмірде керекті сөздерді іріктей алады. Сол үшін баланың сөздік қоры, ауызша сөйлеу дағдысы дамуы үшін психикалық жүйесінің дамуы шарт. Ойлау мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөздік қор мынадай психикалық қасиеттермен тығыз байланысты:



  1. Сөздік қор және ойлау;

  2. Сөздік қор және сөйлеу;

  3. Сөздік қор және ұғым.

Ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты болғандықтан, сөздік қорды байыту, ойлау мен сөйлеуді дамыту оқушылардың оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға тәуелді. Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруды зерттеген ғалымдар Л.А. Леонтьев: «Іс-әрекет әдісі білімді игеруге дұрыс бағыт беріп қана қоймайды, ойлаудың тәсілдері мен үлгілеріне және іс-әрекетіне, баланың шығармашылық күш қайраты мен таным күшінің дамуына да бағыт сілтеп, игеру жолдарын да анықтайды. Олай болса, баланың тілін дамыту осы іс-әрекет теориясы бойынша қарастырылады»,- деген болатын [65].

Бала әрекеттер мен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам психикасы іс-әрекет үстінде дамып қалыптасады. Ал адам әрекетінің әрқайсысы: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тең ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туындайды. Бұл теориялық пікірлер тіл дамыту мәселесінде сөздік қорды байыту мәселесінде де ерекше орын алмақ.

Сөйлеу – күрделі процесс.Сөйлеудің екі түрін ажыратамыз:

а) диалог түрінде сөйлеу, ә) монолог түрінде сөйлеу. Сөйлеудің бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Олар көбінесе бір-бірімен аралас келеді. «Диалог сөзге үйрету әдістемесін жасау үшін диалог сөздің психологиялық ерекшеліктерін білу маңызды. Диалог-субъект-субъект(тер)дің арасындағы тілдік қарым-қатынас.Бұл коммуниканттардьң бір-бірімен ақпаратпен алмасуы; алдына койған белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған субьекттердің белсенді тілдік қарым-қатынасы», – деп көрсетеді Б.Ф.Ломов [66]. Ол тілдік қарым-қатынастың ерекше түрі, ол сөйлеушінің бірінің екіншісіне көңіл аударуымен, әріптесін құрал деп емес, мақсат ретінде тануымен сипатталады.

Монологтік сөйлеу дегенміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:


  1. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;

  2. Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);

  3. Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.

Монологтік сөйлеуді оқыту – ең күрделі іс. Монологтік сөйлесу кез-келген жұптық, топтық, көпшіліктік сияқты қатынас процесінің құрамы ретінде қарастырылады.

Монологтік сөйлесу мына жағдайда қалыптасады:

а) Сабақта оқу материалының мазмұнының мүмкіндіктерін жүзеге асырғанда;

ә) Монологтік сөйлесуді үйрену ептілігін қалыптастыруға ықпал ететін

арнайы жаттығулар кешенін мұғалім сабақ барысында қолданған жағдайда;

Монологтік сөйлеу − бұл өз ойын, пікірін, оқиғаға бағасын кеңейтілген немесе қысқартылған түрде білдіретін бір тұлғаның, бір жақтың сөзі. Бастауыш мектептегі қазақ тілі және ана тілі пәндері тапсырмаларының бірі – оқушыларды диалогтік оқытумен монологтік сөйлеуге үйрету.

Бұл оқытудың мақсаты − монологтік сөйлеу қабілетін қалыптастыру, бұның астарында тіл табыса білу қабілеті және өз ойын ауызша түрде толық, дұрыс мәнді түрде жеткізе білу ұғымы жатыр. Бүгінгі таңда бастауыш мектептердегі білім беру жүйесінде монологтік сөйлесуге қажетті уақыт бөлінбей отыр. Бұл ұстаным қате, себебі − оқытудың бұл түрі ойлауды, логикалық тұрғысынан ойлауға, осыған сәйкес өз пікірін тыңдаушыға ұғынықты тілде жеткізуге үйретеді.

Монолог − бұл жеке адам өзі құрастыратын, тілдік құралдарды өзі анықтап қолданатын − сөйлесудің бір түрі. Монологтық сөйлесудің − репродуктивтік және продуктивті сипаты болуы мүмкін.

Монологтік сөйлеу − диалогтік сөйлеу сияқты психологтардың дәлелдегеніндей ситуацияға, оқиғаларға негізделген болуы қажет. Себебі монологтік сөйлеуге қатысушылар тыңдаушыларға бір жаңалықты жеткізуге ынта-ықыласы болуы қажет. Монолог − мән-мәтінді монологтік сөйлеуге мынадай талаптар қойылады: ол «өзінен өзіне» − түсінікті болуы қажет, яғни тілдік емес құралдардың көмегінсіз түсінікті болуы қажет.

Монологтік сөйлеудің мынадай қатынас ретінде қызмет атқарады:

− ақпараттық қоршаған орта құбылыстарын, оқиғаны сипаттауды, іс- әрекет пен жағдайды жаңа ақпарат түрінде жеткізеді;

− ықпал етушілік біреудің іс-әрекеті, ойы, көзқарасы, іс-әрекетінің дұрыстығына сенім білдіру іс-әрекетке ықпал ету немесе іс-әрекеттің алдын алу.

− көңіл-күйді бағалау. Бастауыш мектеп үшін монологтік сөйлеудің ақпараттық қызметі ең өзекті болып табылады. Монологтік сөйлеудің жоғарыда аталған қызметтердің пікірді білдіруде өзінің тілдік құралдары тән. Психологиялық әдебиеттерде диалогтік сөйлеуге қарағанда монологтік сөйлеу күрделі және қиын екендігі айтылған.

Монологтік сөйлеу − сөйлеп тұрушыдан өз ойын байланыстырып, жүйелі түрде оларды анық, түсінікті түрде жеткізуді талап етеді. Монологтік сөйлеуді меңгеру кезінде бұл қиындықтар күрделенеді, себебі оқушы өзінің ойын жеткізетін деңгейде сөздік қоры жоқ. Лингвистік тұрғысынан алғанда монологтік сөйлеу сөйлемдердің толыққандылығымен сипатталады.

Қатынастық мақсатта − монологтік пікір білдіруде: монолог − хабар; монолог − сипаттау; монолог − талқылау; монолог − барлау, монолог − пікір болып табылады. Ықпал етушілік қызмет − монологте жарқын түрде пікір түрінде беріледі.

Мектептегі білім беруде монологтік пікір білдіруде мыналар өзекті, әрі маңызды болып табылады. Өзі туралы сипаттау, хабарлау, өзінің пікірі, мектебі, қаласы, өзінің жанұясы туралы айту маңызды.

Монологтік сөйлеуге үйрету, оқыту жоспарлы әрі жүйелі түрде оқыту бастауыш сыныптардан басталып, бүкіл оқу жылына созылады. Оқытудың бастапқы сатысында – оқу монологі – пікірді білдірудің қарапайым әрі қысқа түрде және бір немесе бірнеше сөйлемдік бейнелеулерден тұратын сөйлемді жеткізу болып табылады.

Қатысушылар − жалпылай дайындықсыз оқиғаны жүйелі түрде жеткізе білуі және тақырыпқа сәйкес ауызша хабар жасай білуі, оқыған немесе тыңдаған материалын өзінің қарапайым тілінде жеткізе білуі қажет. Қатысушыларға дерек туралы хабарлап қана қоймай, айтылған оқиғаға өз қатынасын білдіре білу талабы қойылады.

Монологтік жаттығулардың түрін анықтау кезінде мынадай критерилерді ескеру қажет:


  1. Монологтің түрі (хабарлау, мәлімдеу, сипаттау, талқылау);

  2. Ойды байланысты және ұғынықты жеткізу, пікірді құрылымының үйлесімді аяқталуы.

Монологтің құрылымды үйлесімді бөліктерінің дамуы үшін − үш бөліктен кіріспе сөз, негізгі және қорытынды бөліктен тұратын эталондық мәтін қолданылады.Бұл кезде − монологті құрастыру үлгісінің арнайы сызбасы қолданылуы мүмкін.Монологтік сөйлеуді меңгерудің қиындықтарына сөйлемдегі сөздердің қатарын және екпіндерді дұрыс таңдау болып табылады.

Бастауыш сыныптарындағы оқушылардың дамуын ескере отырып, олардың құбылыстар арасындағы байланыстарды толық аша алмайтынын айту қажет. Алайда бастауыш сынып оқушыларында теориялық ұғымдарды құрастырудың негіздері бар және олар теориялық талдамалар жасауға дайын болады, өз пікірін білдіруде − нақты теориялық ойларды қолданады.

Диалог және монологті зерттеу жұмыстарын бастағандар:

Л.П. Якубинский, Л.В.Щерба, Г.О.Винокур,М.М.Бахтин болса, ал қазіргі уақытта зерттеуді жалғастырушылар: Гельгардт, Красильников, Семененко т.б. болды. Осылайша диалог және монолог сөйлеушілердің белсенді әрекеті болып табылады [67].

Диалогтік қарым-қатынас процесінің өзінділігі диалог сөзге тән жылдам темпті, сөйлеушілердің бір нәрсені тез, жылдам түрде айту қажеттігін жүзеге асырады. Ол тілдік қарым-қатынаста ауызша құралдармен бірге қосымша құралдардың болуын қажет етеді.Бұл диалогке қатысушылардан сөзді түсіну процесінде мимика, ым-ишара мен қол, бас қозғалысына сүйенуді талап етеді [65]. Айтылған сөз ым-ишарамен, бет-әлпет қозғалыстарымен, қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалыстарымен және т.б. толықтырылады.Сонымен қатар, монологтік сөйлеуде де, сөйлеушіден өз ойын мимика, ым-ишара мен қол, бас қозғалысына сүйенуді талап етеді. Алайда, оқушылар сөзінде жоғарыда келтірілген диалог және монолог сөздің маңызды болып табылатын сипаттамаларын кездестіру жоқтың қасы. Бұл жерде бастауыш мектепте оқушыларды ауызша сөздің осы түріне үйретуде, мұғалімнің диалог және монолог сөздің келтірілген ерекшеліктерін ескеруінің маңызды екенін айтуға болады. Сол үшін мұғалім сабақта диалогке, монологке тікелей қатысып, мимика, ым-ишараға көп көңіл бөліп, оны оқушыларға көрсетуі тиіс және арнайы жаттығулар мен тапсырмалар орындауға ұсынуы тиіс.

2. КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК, МОНОЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының монологтік, диалогтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері
Қазақ халқы ежелден-aқ «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерінің бейнелілігі мен мазмұндылығына мән берген. Сондықтан сөз мағынасын ғана емес, оның құдіретін, сұлулығын көре, тани білуге үйрету – ұстаздың негізгі парызы. Келісті етіп сөйлей білуге, пікір алысуға дағдыландыруда сөз маржанын көре білуге машықтандыру – басты мәселе.

Ұстаз оқушының тіл шеберлігін түсінуіне, оның ішкі иірімдерін игеруіне мүмкіншілік жасауы тиіс. Көріп отырғандай, балаға сөз құдіретін танытып, оның тілін дамытуға әсер етуде үлкендердің ролі орасан зор екенін осыдан байқаймыз. Қазақ тілінің әдістемесінде, соның ішінде бастауыш мектепте казақ тілін оқыту әдістемесінде елеулі еңбектері бар, бастауыш мектеп окушыларының тілін дамыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым — С.Рахметова. Оның еңбектерінде бастауыш мектеп окушыларының тілін дамыту мәселесінің ғылыми негіздері анықталынып, әдістемелік жақтары айқындалған. С.Рахметова "Бастауыш класс окушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері /"ауызша және жазбаша тіл дамыту әдістемесі/" атты докторлық диссертациясында бастауыш мектеп окушыларының тілін дамыту үшін олардың алдымен сөздік қоры мол болуы қажет екендігін дұрыс тұжырымдаған [68].



Ғалым оқушылардың сөздік қорының мол не аз болуы олардың біліміне, тілінің дамуына, ой-пікірін жеткізуіне әсер ететіндігін ашып айтқан.

Ғалым тіл дамытудың маңызын, мазмұнын анықтай отырып, балалардың тілін дамыту жұмыстары олардың сөздік қорын молайтусыз жүрмейтіндігін атап көрсетеді: "Себебі... сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады: ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес "[68].

«Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларында «коммуниктивтік іс-әрекет» ұғымымен синоним тәріздес болып келеді. Сонымен қарым-қатынас деп – екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.

Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы , онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы , мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым- қатынас жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Асқар – менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір-бірімен танысады, әңгімелеседі.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға.Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі – ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.

Әдіс (methodos деген грек сөзінен туады – «зерттеу» немесе «таным жолы»), тәсілдер жиынтығы [69].

Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.

«Технология» сөзін грек тілінен аударғанда, «шеберлік» деген мағынаны білдіреді.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді [70].

Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

Инновация латын тілінен аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады [71].

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгерту, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі», – деп жазады [72].

Ал инновация негізін құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововедение», «новшество», «новое», т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады [72].Ол өз еңбектерінде «инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация – жаңарту, «нововедение – енген жаңалық», «новое» – жаңа, «новшество» – жаңалық, «инновациялық процесс» – жаңарту үрдісі.



Тілдесу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі.. Біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап, түсінісуі). Бастауыш мектеп оқушыларының монологтік, диалогтік сөзге үйретудің әдіс-тәсілдерін және технологияларын төмендегідей етіп жіктеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет