Алматы, 2022 «Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» оқу практикасы
Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын және гнозис – білу) – зерттелетін обьект немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі.
«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» оқу-педагогикалық практикада даму деңгейіне байланысты жетістерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттілік тұлғаның қалыптасу үдерісін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский: «Егер педагог адамды барша тараптан тәрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» - деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тәрбие үдерісіндегі маңызын баса көрсеткен. Сондықтан да даму желісін диагностикалау жоғары жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс болып табылады. «Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» оқу практикасы жалпы ғылыми, дидактикалық, психологиялық, педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған.