Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Қазіргі заманғы клиникалық психологияның негізгі бөлімдерімен салалары туралы айтып өтсеңіз



бет2/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

Қазіргі заманғы клиникалық психологияның негізгі бөлімдерімен салалары туралы айтып өтсеңіз.

Клиникалық психологияның негізгі бөлімдері.


Клиникалық психологияның негізгі бөлімдері: патопсихология, нейропсихология және психосоматикалық медицина болып табылады.Және тағы мынадай арнаулы тарауларды кіргізе аламыз психотерапия, реабилитология, психогигиена және психопрофилактика, девиантты тәртіптің психологиясы, шекаралық психикалық бұзылудың (неврозология) психологиясы. Арнаулы бөлімдердің саны ылғи қоғамның қажеттіліктерінің байланысты көбейіп,өсіп отырады. Сонымен қатар бүгінде клиникалық психологияның мынадай жеке облыстарын кездестіруге болады, мысалы посттравмалық күйзелістің психологиясы, кемтарлықтың психологиясы, психовенерология, психоонкология, және әлеуметтік денсаулық психологиясы.
Клиникалық психология мынадай тәртіптермен байланысты, психиатрия, психопатология, неврология, психофармакология, жоғарғы жүйкенің қызметінің физиологиясы, психофизиология, валеология, ортақ психология, психодиагностика, арнаулы психология және педагогика. Клиникалық психологияның және психиатрияның ғылыми және практикалық мүддесінің ортақ қызығушылығы диагностика болып табылады. Клиникалық психологияның тарихына үңілсек диагностика психиатрияның қосымша инструменті. Психиатр негізі көп көңілді патологиялық органикалық процестерге, сонымен қатар психикалық ауытқуларға көңіл бөледі. Психиатрия сау адамдардың психикалық дамуына аса назар бермейді. Бір жағынан диагностикалық процесс психикалық ауытқуларды, екінші жағынан индивидуалды жеке тұлғалардың органикалық бұзылу күйін және адамдағы психологиялық бұзылудың растамасын анықтауды қажет етеді, ал оған көмек патопсихологиялық және нейропсихологиялық эксперименттер және әртүрлі психологиялық тесттер(сынамалар). Клиникалық психология мен психопатология байланысы арада медициналық ғылымның айрықша облысында - психопатологияда бақыланады. Патопсихологияда және психопатологияда бірдей жағдайды қарастырады : психикалық қызметтің бұзұлуы. Сол себептен мынандай пікір қалыптасқан,бұл тәртіптер бір-бірімен сәйкес келеді, оларды тек қана ауру адамдардың жағдайына байланысты ажыратуға боладыБ. В. Зейгарниктің пікірінш, патопсихология ( психопатологияға қарағанда) психикалық қызметтің ыдырау заңдылығын зерттесе, ал психопатология тек қана бұзылған психикалық функцияларды зерттеумен айналысады. Алайда Б. Д. Карвасарскийдің айтуынша психикалық бұзылуды қандай да бір норма және есеп бойынша елестету мүмкін емес дейді. Патопсихология психикалық бұзушылықтың психологиялық жағын суреттейді. Яғни естің , тұлғаның және негізгі психикалық үдерістердің – қабылдаудың, жадтың және ойдың өзгеруі, ал психопатология психикалық бұзушылықтарды медициналық санатпен (этиология, патогенез, белгі, синдром, симптомокинез, синдромотаксис (түрлі синдромның арақатынасы) және өлшемдермен суреттейді.
Клиникалық психологияның және психофармакологияның байланысы мынада: соңғы шыққан дәрілердің психикалық эффектісін зерттеу.
Клиникалық психология мен валеопсихологией және психогигиенамен байланысы психикалық және соматиялық бұзылуға төтеп беру, және психикалық денсаулықтың өлшемінің анықтау.
Клиникалық психология мен арнаулы психология және педагогикамен байланысы бала және жасөспірімнің проблемалық тәртібінің коррекциясінің жолының ізденісінде , психикалық функционалдық ауытқу немесе жеке даму ауытқушылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет