Психопрофилактикаға мысал



Дата07.02.2022
өлшемі17,19 Kb.
#93425
түріЛекция
Байланысты:
ББЖПҚ Таңсық Айдана 11-12
ББЖПҚ Таңсық Айдана 11-12

11-12апта. Білім берудегі психологиялық қызметтің психопрофилактика бағыты (бірнеше мысал келтіріңіз)
Психопрофилактиканың мақсаты- тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру. Психопрофилактикаға мысал ретінде біз ата-аналар жиналысында өтілетін лекцияларды, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жарнамалар дайындауды жатқызсақ болады. Балаларға қазіргі уақытта бақытты , арайлы өмір жағдайын туғызу. Ересектерге психопрофилактика арқылы мұның басты мәселе екенін түсіндіру. Адам жеке тұлға болғандықтан оның өмірінде әртүрлі мәселелер, әртүрлі тосын оқиғалар болуы мүмкін. Бұл мәселелер адамның жүйкесіне әсер етіп, оның соңы әртүрлі патологиялық жағдайларға алып келуіде ықтимал. Осындай жағдайларда біз психотерапевт, психолог секілді мамандардың көмегіне зәру боламыз. Психопрофилактика меніңше өте жақсы бағыт, себебі, қазіргі ұрпақтарымыз заманның дамуына қарай оларда өзгеріп келеді. Олармен көп әңгімелесіп, өміріне қызығушылық танытып, қолдау білдіру, оның ойымен санасып, әрқашан қасынан табылу ата-ананың міндеті болып саналады. Мектепте, жиналыстарда осындай үндеулер жолдау меніңше отбасы тұрақтылығын сақтауға жақсы әсер береді
1960 жылдың соңынан бастап мектеп жұмысына практик-психологтың араласу формасының белсенді ізденістері қарастырыла бастады, өйткені психологияда жəне педагогикада қажетті теориялық жəне практикалық алғышарттар пайда болды. Х.Й. Лийметстің (1983) анықтауы бойынша жаңа адам даму үрдісіне психологиялық жүйелі талдау жасау:

  • даму деңгейін диагностикалау мен психикалық дамудың ортақ заңдылықтарын анықтауы дамуда индивидуалды жəне ұжымдық өзара қатынасты дамыту жəне түсінуді басқару үрдісі ретіндегі тəрбиеге қарау;

  • педагогика деңгейінде ғылыми білімнің интеграциялық үрдісін тереңдету;

  • болашақ мұғалімдердің психологиялық даярлығын жетілдіруді қамтыды.

1975 жылдан бастап қиын жеткіншектермен жұмыс жасайтын арнайы мектептер Эстонияда құрылып, жалпы білім беретін мектептерінде 1980 жылдардан бастап мектеп психологтері жұмыс атқара бастады [3, 19].
Мектеп психологтері жұмыстарының формалары мен əдістерінің ғылыми негізділігін белсенді зерттеу 1983 жылғы «Мектептегі психологиялық қызмет» атты «дөңгелек үстел», Таллинде өткен Бүкілодақтық психологтер конференциясындағы мектептегі психологиялық қызметті құруға байланысты эксперименттерді талдап, психологиялық қызметтің ұйымдастырылуына байланысты мəселелерді қарастырылуымен байланысты.
1982 жылы Мəскеуде Ресей ағарту Министрлігінің нұсқауымен мектепке психолог мамандығын енгізу туралы қаулы қабылданған. 1984 жылы Мəскеуде Психология ғылым академиясы институ- тында І-ші Бүкілодақтық кеңес одағындағы психологиялық қызмет сұрақтары бойынша конференция өткізіліп, онда «Мектептегі психологиялық қызмет» секциясы жұмыс атқарды. Қатысушылар мектептегі оқыту-тəрбие процесін психологиялық қамтамасыз ету мəселелеріне баса назар аударды [3, 17].
Қызметтің құрылымдық буыны Қазақстан Республикасының əрбір білім беру мекемесінде бар (балабақша, əртүрлі мектептер, балалар үйі, интернаттар, орта кəсіби білім беру орындарында, жоғары оқу орындарында), қызметтің негізгі мекемелері ретінде əртүрлі деңгейдегі психологиялық қызмет орталықтары жұмыс атқарады.
Қызмет жұмысы халықаралық жəне қазақстандық балалар құқығын қорғау жəне балаларды дамыту актілері мен заңдарын қатаң жүзеге асыруға негізделеді. Қызмет өзінің іс-əрекетін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының білім беру аймағындағы заңдылықтарды, нормативті құжаттарды, актілерді, бұйрықтарды Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым Министрлігінің нұсқауларын, нақты қызмет буындарына сəйкес қаулы, ережелер жəне жарғыларын басшылыққа алады.
Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеттері:

  • əр жас кезеңдерінде балалардың толыққанды тұлғалық жəне интеллектуалды дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін дамыту қабілеттерін қалыптастыруға жағдай жасау;

  • оқыту процесінде əр балаға индивидуалды жол табуды қамтамасыз ету;

  • баланың тұлғалық жəне интеллектуалды дамуындағы ауытқуларды жеңу жəне алдын алу шараларын қолдану;

  • балалар мен жасөспірімдердің деликвентті (заң бұзушылық) жəне аддиктивті (ерте ішімдікке салыну мен нашақорлық) мінез-құлқықты жеңу жəне алдын алу шараларын жүргізу;

  • жеткіншектер мен жасөспірімдердің əлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

Қазақстандағы қызмет негізгі үш бағыттардан тұратын тұтас жүйе ретінде қызмет атқарады, олар:

  • ғылыми зерттеушілік, баланың əлеуметтену, психикалық даму жəне тұлғалық қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, соның негізінде қазіргі білім беру жүйесі жағдайында психологиялық білім беруді кəсіби қолдану құралдары мен əдістерін, тəсілдерін жасау;

  • əдістемелік, оқыту мен тəрбиелеу процесінде қолданбалы психологиялық білімдерге сүйенуді қамтамасыз ету;

  • тəжірибелік білім беру мекемелерінде арнайы психологиялық бөлмелерде жəне орталықтарда психологиялық қызмет-психодиагностика, психопрофилактика, даму, коррекция, кеңес беру түрінде жүргізіледі. Аталған бағыттардың əрқайсысының міндеттерін білікті мамандар құзіретіне қарай шешіп, жүзеге асырады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер теория мен практиканың арасындағы салиқалы арақатынасты талап ететін Қазақстанның психология ғылымының дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет