Көкшетау, 2022 жылы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесінің» мамандығының 3-курс студенті Ильяс Айдана Топ: бопмә (к)-92



бет7/7
Дата14.03.2023
өлшемі2,08 Mb.
#172451
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Портфолио.18 мектеп — копия

Ш. Уалиханов атындағы
Көкшетау Университетінің
Әлеуметтік және жас ерекшелік
Педагогикасы кафедрасының
«БОПМӘк92» студенті
Ильяс Айдана

Педагогикалық практикалық есебі

Мен Ильяс Айдана Асқарқызы педагогикалық тәжірибені 24.01.-26.02 2022ж аралығында Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінде өткіздім. Ең алдымен біз мекеме басшысының орынбасары Сатпаева Баян Дауленовамен таныстық. Бізге мектептің әр кабинетін, өзіміз жетекшілік ететін сынып кабинеттерімен, сондай-ақ асхана балалардың дене шынықтыру пәні өткізілетін спрот залмен таныстық. Мектепте тәжірибе жетекшісі ретінде Халхабай Тендік мұғалімге және 2 «А» сынып-лицейіне бекітілдім. Бірінші аптада сыныпқа кіріп сынып жетекшімен және оқушылармен танысып, тілдесе бастадым. Оқушыларды сырттай бақылып, мұғалімнің сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарға қатыстым. Сынып жетекшінің ережелерімен танысып, мұғалімнің іс-әрекетіне қарап және сабақ беру техникасына назар аударып ішінара анализ жасап отырдым. Сондай-ақ оқушылардың сабаққа белсенді қатысуымен қатар, тәртіптерін бақылап отырдым. Сол сәтте маған оқушылардың психологиясы қызығырақ болды, яғни сабақ беру барысында олар не нәрсеге көп көңіл бөліп қызығатындығы ойландырып отырды.


Келесі аптадан бастап мен мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып,пәндер бойынша сабақ беруге кірістіп және сынып жетекшінің міндеттерінде қоса атқардым. Балаларды сыныпқа кіргізіп қарсы алдым,олардың температурасын арнайы күнделікке жазып отырдым. Сонымен қатар асханаға тамақтануға баратын оқушылардың тізімін жазып, ол тізімді асхана аспаздарына тапсырып отырдым. Алғашқы аптаға қарағанда қызығарақ белсенді өткен болатын. Әдебиеттік оқу сабағынан «Көңіл сұрауды білемін» тақырыбында сабақ өттім. Оқушыларға қызығырақ болу үшін презентация, фотосуреттер, видеобейнелер арқылы ертегіні түсіндірдім. Сабақ кезінде оқушылардың өздеріне сенімді болып, жауапкершілікті сезініп,сабақ барысында қойылған сұрақтарға нақты және дұрыс жауап беруге тырысқандығын байқадым. Оқушылардан сабақтың қалай өткендігін білу үшін кері байланыс жасадым. Оқушылардың мені мұғалім деп атағандары маған ерекше сезім сыйлады. Сондай-ақ балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс жасау мен үшін қызығырақ болды. Педагогикалық тәжірибе барысында күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақ жоспарларын дайындап, оқу сабақтарын ұйымдастырып өткіздім. Әрбір сабағымда тақырыпқа сай көрнекіліктер жасалынды, сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдандым.
Мен үшін тәжірибе кезеңінің үшінші аптасы алдыңғы апталарға қарағанда оңайырақ болды. Себебі оқушылармен адаптация процесі осы аптада өте жеңіл өтті. Сонымен қатар есімдерін есімде сақтай бастадым. Белсенді оқушылармен жұмыс жасау қызықты болды және кейбір оқушылармен жеке жұмыс жасай бастадым. Оларға мүлдем түсінііксіз көрінгер сабақтар бойынша жұмыс жасадым. Қиын көрінетін сабақтарды қызықты қылуға тырыстым. Осы орайда сынып жетекші маған сабақты өту әдістемелерімен тәжірибелерін бөлісіп,бағыт-бағдар беріп отырды. Педагогикалық тәжірибе кезінде күнтізбелік жоспары сәйкес сабақ жоспарларын дайындап,оқу сабақтарын ұйымдастырып өткіздім. Әрбір сабағымды тақырыпқа сай көрнекіліктер жасадым,сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдандым. Осы аптада математика пәнінен «3санын көбейту мен бөлу» тақырыбында сабақ өттім. Түрлі көрнекіліктер дайындап топқа бөліп,топтық жұмыс ұйымдастырдым. Осы тәжірибе барысында мен өз мамандығымды дұрыс таңдағаныма көзім жетті. Оқушылармен тығыз жұмыс істеу барысында мен өзімнің жаңа қырларымды аша білдім.
Төрітінші аптада мен балаларға толық үйрендім десемде болады. Аптаның алғашқы күні сынып сағатын өткіздім. Яғни сынып сағатының тақырыбы «Кеңес әскерлерін Ауғанстанан шығару». Тақырыпты ашу үшін презентация видеокөрнекіліктер құралдарын қолдандым.Балаларға тақырып бойынша түсіндірме жүргізіп сол бойынша сұрақтар қойдым. Аптаның келесі күні сабақ кестесі бойынша жаратылыстану пәнінен «Ғаламшар қалай орналасқан» тақырыбында сабақ өттім. Сабақта ғаламшарлардың атауларын білдік күн жүйесінға дегі ламшарлардың орнын анықтадық. Тәжірибе жасадық. Сабақтың қалай өткенін білу үшін кері байланыс жасадым. Қазақ тілі пәнінен жұрнақ пен жалғауды қорытындылау үшін нәтиже сабақ өткіздім. Алдынғы апталарда жұрнақ пен жалғауды бірнеше сабақ өткен болатынбыз.Нәтиже сабақта түбір мен қосымша,жұрнақ пен жалғауды ажырата алатындарын білдім. Қазақ тілі пәнінен БЖБ қиналмай тапсырып шығатындарына сенімді болдым. Дүниетану пәнінен «Өткенді білеміз» тақырыпта тарихи адамдардың өткен өмірі,тарихи жерлер туралы білді. Оларға тарихи жерлер,археологтар туралы білу қызық болды.
Мен үшін педагогикалық тәжірибенің бесінші аптасы алдыңғы аптаға қарағанда ерекше өткен болатын. Келесі аптада оқушыларды көрмейтініме іштей басқаша сезім болды,балаларға деген қимастық болды. Төрт апта біз үшін балаларға деген сүйіспеншілкпен мейірімділікті оятты. Бесінші аптада әр күнде сабақ өткізген сайын пәндерге деген қимастықта болды. Алдыңғы апталарда өткен тақырыптармен сабақтарға қорытынды жасадым. Әр сабақтардан БЖБ алған болатынбыз, сонымен қатар оқушылардың нәтижесін байқап қортынды жасадым.Жақсы балл алған оқушылар үшін мақтандым, төмен балл алған оқушылармен қайта жұмыс жүргіздім. БЖБ алуда қызықты болды,себебі берген білімнің нәтижесін көрдім. Теңдік Халхабайқызының іс-тәжірибедегі жетекшім ретінде орасан зор көмегі тиді.Мұғалім болуға деген қызығушылығыммен құштарлығымды оятуға үлкен әсер еткен сынып жетекшім. Дұрыс кездерді қолдап, қателіктерімді дұрыстап, білмеген сәттерімді түсіндіріп, қолдау көрсеткен кездері көп болды.Менің мамандығым менің мақтанышым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет