Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет3/12
Дата07.02.2022
өлшемі48,36 Kb.
#93463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СИК Айдарбай Акдаулет

Аманкелді Иманов - есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең-1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақыды. Төзгісіз қанауға ұшыраған, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге жөне соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді. Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Әліби Жангелдинменмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкімет кезіндегі алашордашыларға қарсы күрес жүргізді. 1917 жылы ақпанның 21–23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947
жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді.
1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды.

Тоқаш Бокин -1916 жылы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне белсене араласты. Уақытша өкіметтің жергілікті өкілдеріне, алашордашыларға және буржуазияшыл-ұлтшылдарға қарсы батыл күрес жүргізді. Жетісу облысындағы орыс-қазақ қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі комиссариат комиссарының орынбасары болды. Жетісуда шаруаларға материалдық көмек көрсетті, Қызыл гвардия бөлімдерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ақ гвардияшыл казак-орыстармен болған ұрыстарда (сәуір-мамыр 1918) жауынгер топтың құрамында ерлікпен шайқасты. Алашордашылар мен солшыл эсерлер оны жауыздықпен өлтірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет