Бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін өзі бағалауына терең ықпалететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіпжұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қорытынды
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер мұғалімдердің жұмыс үлгісін сәйкестендіруіне және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға ерекше на- зар аударуына ықпал етеді. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) және ЭЫДҰ сияқты халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген, қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қандай дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» жинақтау әдістемесін біліп, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.
3.Paul Black and Dylan William «Assessment and Classroom Learning» [Бағалау және сыныпта оқыту], Assessment in Education, March 1998, келтіреді.«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс кітабынан.