Курстық ЖҰмыс қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы


«Семантикалық карта толтыру» әдісі



бет9/11
Дата22.01.2022
өлшемі101,91 Kb.
#129609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс, Мағжан лирикасын оқыту,Асқар Анар

«Семантикалық карта толтыру» әдісі.


Авторы, шығарма аты

Айырмашылықтар

Ұқсастықтар

М. Жұмабаев «Қазақ тілі»

1. Мағжан тілдің жойылмайтындығын, құдіретін көрсетеді.

1. Екі өлең де төрт шумақтн тұрады.

І. Жансүгіров «Анам тілі»

2. Ілияс дүниеге келген жас сәби алғашқы сөзін ана тілінде айтатынын , шаршаған жан демін ана тілінде шығаратынын көрсетеді.

2. Екі өлеңде тіл туралы







3. Екі өлеңде 11 буынды







4. Екеуі де, қара өлең ұйқасына құрылған.


«Семантикалық карта толтыру» және «Гомотетиялық» әдістерімен жұмыс жасауда оқушы жан-жақты ізденеді, екі шығарманың не екі ақынның бір тақырыпта жазылған шығармаларының айырмашылықтарын, ұқсастықтарын көрсетеді. Өзіндік шығармашылық жұмыс жасайды.

Салыстыра талдаудың тағы бір түрі — қарама-қарсы екі құбылысты салыстыра талдау» әдісі. Бұл әдістің ерекшелігі - екі түрлі кұбылысты қарама - қарсы қоя отырып талдап, екі кұбылыстың өзіндік әсемдігін, өзіндік ерекшелігін, өзiндiк құпиясын жария ету, адамның жан дүниесi мен табиғат құбылысын бiрге өрбiтiп, бiрге астастырып көрсету, табиғат сұлулығына тұшыну.

Дала, Дала, Сар дала !

Жапан түзде бір қара ...

Шілде, Оттай ыстық күн ,

Дала - өлік. Жоқ бір күн ,

Жер де жатыр тұншығып .

Жол жыландай иiрiлген ,

Шаң ерініп, үйірілген,

Еш бiр леп жоқ, тып - тымық.

Көкте жалғыз бұлт жок ,

Көктің түсі қызғылт көк

Дүниенi тылсым билеген.

Ыңыранғанда әлдекім,

Жылайма екен әлде жын?
(М.Жұмабаев, Жазғы жолда)
Ызалы жел долданып,

Екі иінінен дем алып,

Ішiн тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып,

Аңдай ұлып бір мезгіл,

Екі санын шапақтап,

Біресе сақ - сақ күледі.

Кейде кенем баяулап,

Жер бауырлап жаяулап,

Аузы - басы жыбырлап

Асып - тасып сыбырлап,

Жерді жапкан кебiндi

Сүйіп ақырын құшақтап,

«Әпсүн » окып үреді .



( М.Жұмабаев « Қысқы жол » )
Өлендегi карапайым көріністер мол сырға ие . Ақын жол , дала , көк аспан, бұлт, боран, аяз - бәріне де жан бітіріп , кейіптеу әдісін ұтымды қолданып, табиғат құбылысын жандандыра түскен. Осы екі өлеңді , екі кезендегі табиғат құбылысын бiр - бiрiне карама - қарсы қойып , оған «мiнездеме» беру , тiрi жандай суреттеу , әрі сол арқылы табиғи кұбылыстың жұмбак сырын көз алдына елестету окырманды шаттыкка бөлейді . Табиғат пен адамның жан дүниесі үйлесім тауып, бірге астасып кетеді.

Поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып, соған жалғаса туады . Сөз қолдану шеберлiгi , көркемдік шеберлік дегенiмiз өмiр кұбылыстарын танып - білу, ұғып - түсіну қабілетімен , көркем ой - сезім куаттылыгымен терең тамырласып , кабысып жатады . Поэзия тілінің сипат - ерекшелігі онын мазмұнына тікелей байланысты . Өйткені , өлең тілі көркем шығарманың идеялык мазмұнын ашу , жеткiзу талабына сай қалыптасады . Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын , куат беретін ой , сезiм терендiгi болса , сол ойдын , сезiмнiң барынша әсерлі , мейлінше терен , ерекше ажарлы болуы тілге , сөзге байланысты . Лирикалык шығармаларды окытканда , окушылардың ішкі жан сырына терең бойлай білу керек . Өмір акикатының суреттелуiне, көркем сез айшықтарының эпитет, теңеу, метафора, аллитерация, ассонанстарының айкындығына көз жiберiп қана қоймай , ақын жүрегiнiң соғысына , жан лүпіліне оқушы назарын аудару керек.

Түркістан - екі дүние есiгi ғой.

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңiрi берген несібі ғой.

Тұранның елi, шексіз , шөлі қандай,

Тенiздей кемері жоқ көлі қандай!

Тұраннын дария аталган өзендері,

Тасыса , шөлдi басқан селі қандай!



( М.Жұмабаев « Түркістан » )

Үйлесiм тапқан дыбыстар арқылы ақын Түркістанға деген сүйіспеншілігін , туған жеріне деген мейiрiмiн бiлдiру үшін «Т » дыбысын тамаша қолданған. «Т» дыбысының қайталануы өлеңнің саздылығын, әуезділігін арттырып, әдеби туындыға көркемдiк сипат беріп тұр. Сонымен қатар «шөлі қандай», «көлі қандай», «селі кандай» деген тіркестер де, өлеңге әр , сыр беріп тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет