Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет10/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Әрекет

Ойды жеткізу

Өзіндік пікір




Дәлел




Өз пікірін айғақтайтын мысал




Өз пікіріне қарсы дәлел




Қарсы дәлелді жоққа шығаратын дәлел




Қорытынды







  1. Ж.Әбдірашевтің адамзатқа тән мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу шеберлігін талдаңдар.

Дәптеріңе жаз
Ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтып, тірек сызба құрастыр.
Түйінде
Ж.Әбдірашевтің ақындық дәстүріне әсер еткен факторларды анықтап, пікіріңді 6 сөйлеммен дәлелдеп, ойыңды түйіндеп жаз.
Қалай ойлайсың?
Автор шығармаларында ғаламдық мәселелерді қозғайтын тақырыптар бар ма? Ойыңды мысалдармен дәлелде.
Үйде орында
Ақын туралы ақпаратты ассоциативті жағынан байланыстыр немесе ұсынылатын деректерді графикалық нысандар, көрнекі көрсетілім арқылы тақырыпты ойластырып, инфографика ретінде ұсын.
Зерделіой
Әдебиетке алпысыншы жылдардың аяғында Арал теңізінің дауылы секілді бұрқыратып келген адамдардың бірі - Жарасқан. Ол бірден өз буынының көшбасшысына айналды. Ақындар бұлбұлы - Шөмішбай Сариев, Темірхан Медетбек сияқты поэзияның қазіргі заманғы ақиықтарына айналған ақындар көшін Жарасқан бастаған еді. Сол мұзжарғыш мінез Жарасқанның бойында көз жұмғанша сақталған еді.
Ұлықбек Есдәулет
«Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы
Өтіп бара жатқан уақыт керуені Жарасқандай ерек таланттың ұлттық руханиятымыздағы өзгеше орнын одан әрі өркештендіре түсері сөзсіз.
Әбіш Кекілбаев
«Дала, сенің ұлыңмын» - Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала... Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.
«Дала» - поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата-ба- баларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен - қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сырт өккісі келген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы - баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз - «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы - біздің қазақтың жері.Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала - біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген. Ол халықтық атау болуы керек», - деген болатын.

Туған жер



Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала перзентімін» деген сөзді былай сипаттаған:
Бірге жылап, бірге күліп ұлы елмен, кең төсіңде мәңгі-бақи жүрер ме ем! Ол да - жалғыз, сен де - жалғыз, бірақта, оны - сен деп, сені - ол деп білем мен! - деп, лирикалық кейіпкерді даламен егізетіп бейнелейді.
Ақын поэмасы жазылған уақытқа назар аударсақ, Кеңес өкіметінің әлі іргесі сөгілмеген өз күшінде тұрған уақытымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан «Болған жоқпын Амангелді сарбазы, болған жоқпын Ұлы Октябрь солдаты!..», «Тігер ме едім байрағыңды Берлинге - болған жоқпын қан майданда кешегі, болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге!» деген поэма жолдарынан ақын өкінішін аңғарамыз. Бұл жерде ақын өкінішімен де тарихта аты қалған қайраткерлердей халық қамы үшін еліме ерен пайдамды тигізер едім деген арман-тілек.
Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тек тарихи уақыттың ішінде ғана қарастырып келді. Алайда қазір уақыт пен кеңістік мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде.
Кеңес өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік жолында «халық жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ойтап қырлығы айқын:
Туған дала,
Менсіз талай қамалдар алыныпты!..
Сенің арың - маған да ар.
Кешірмені, Кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар?
- дейді. Дегенмен ол әл-Фараби сияқты ғылым-білім іздеп қиырға кетпей-ақ, Махамбет, Амангелді сияқты қолына найза ұстап, жауға шаппай-ақ, Рақымжан Қошқарбаев сияқты Рейхстагқа ту тікпей-ақ, өзінің парасатты поэзиясымен-ақ еліне адал қызмет ете білді. Сол себепті ақын:
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса – қаға беріс қалмаспынмен, енді аса!..
Бірақ мені кешірмесен, өмірде өлең қылар өзерлігім болмаса!.. - дейді, яғни уақыт пен кеңістік белгілері тығыз бірлікте көрініс табады.
Жарасқан Әбдірашевтің:
Аға түгіл, тыңдамай бала да ақыр, Орнағандай басына заман ақыр. Бүгінінен безінген қайран ақын, Болашаққа адымдап бара жатыр - деген поэма жолдарын эпиграф етіп алып, «Ақын кетіп барады...» деген мақала жазған ғалым Бақытжан Майтанов: «Туған жер, халқы мен ана тіліне деген шынайы, мөлдір көңілді ақын «Дала, сенің ұлыңмын» атты арнайы кітабында ойы, сыры өзектес жырлар арқылы сарқылмай өрнектеді. Мұнда сол дәуірдің әсері де жоқ емес. Бірақ Ж.Әбдірашев уақыттың жұқалтаң талабын күмәнсіз талант жүрек алауымен жеке өміріндегі мағыналы күйге бұра біледі» деп жазғанындай, Жарасқан Әбдірашев - «Ұлы даланың» сан тарау тарихын терең түсініп, оның алдындағы перзенттік парызын үлкен жауапкершілікпен сезіне білген асқақ үнді ақын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет