Миналанған аландардағы өткелдер мынадай тәсілдер арқылы жасалуы мүмкін:
--- механикалық тәсілмен – миналарды жарып жою тәсілі немесе коллеялық мина тралдары (КМТ -5М, КМТ -6) көмегімен өткелдер шегінен алып тастау тәсілі;
--- жару тәсілімен – реактивті қозғалтқыштар көмегімен немесе тралы бар танкімен сүйреу арқылы ұрыстың миналанған алаңдарына берілетін ұзартылған зарядтар көмегімен оларды қопару жолымен миналарды жою;
--- қолмен жасалған тәсілмен – мина іздеуішпен және түрткішпен іздеу, оны көмілген жерінен тармақты ілгекпен суырып алу және өткелдерден аулақта жою.
Бөгет жолағы (полоса заграждений)- қарсыласты титықтату, оны шығынға ұшырату, оның жылжуын бәсеңдету мақсатында бөгеттер қойылған жергілікті жердегі жолақ. Кенес армиясының Ұлы Отан соғысына дейінгі жарғыларында қорғаныстың алғы шебінің алдында 10-12км қашықтықта бөгет жолақтарын дайындау қарастырылған. Онда артиллериялық-минааралық және пулеметтер атыстарымен тасаланатын табиғи бөгеттермен үйлестіре отырып, әр түрлі бөгеттер орнату көзделген. Бөгет жолағындағы көпірлер мен жолдар қиратуға дайындалатын болған(4).
Бөгеттер мен кедергілерден өту. (Преодоление заграждений и препятствий) - әскерлердің бөгеттер мен табиғи кедергілер арқылы жылжуы. Бөгеттер мен кедергілерден өту тәсілдері жауынгерлік дайындықтың нақты жағдайына, қойылған міндетке, командир шешіміне, қолда бар күш пен құралға, жыл мен тәуліктің мезгіліне байланысты анықталады. Әскерлердің қозғалысы жолындағы кездесетін кедергілер, әдетте, айналып өтідеді, ал ол мүмкін болмағанда тура өтіледі. Тралдарды қолданатын танктер мен ЖҰМ-дар ұрыстық ретті жинамай-ақ миналы аландардан өздігінен өтеді; тралсыз танктер мен ЖҰМ-дар және басқа әскери техника өтпелер бойымен жылжиды; жаяу әскер жаяуланған ретпен өтпелер бойымен немесе танктермен тралданған іздермен жылжиды. Табиғи кедергілер (орлар, шағын енді өзендер, каналдар, бұлақтар және т. б.) жабдықталған өткелдер арқылы өтіледі. Ұрыс қимылдары кезінде көпірлік өткелдерді тез тұрғызу үшін танктік және автомобильдік көпір салғыштар кеңінен қолданылады. Құрғақ жыралар мен орлар арқылы өту үшін бульдозерлік жабдық орнатылған танктер, жолсалғыштар және сүйремелер көмегімен топырақ себіліп, топырақты өткелдер жасалады. Аз сулы бұлақтардан сүзгілі торырақ үйінділері жабдықталады немесе жол құбырлары орнатылады. Шағын енді, бірақ терең және мол сулы кедергілерден өту үшін бір ізді механикаландырылған көпірлер қолданылады немесе алдын ала дайындалған элементтерден (бөліктерден) және жергілікті жер материалдарынан ағаш көпірлер тұрғызылады. Тегіс, қатты, тастақ немесе түбі құмды сулы өңірлерде кешпелі өткелдер жабдықталады. Дөңгелекті және шыңбыр табанды машиналарды өткізу үшін кешпелі өткелдер, әдетте жеке дайындалады. Жарылыс нәтижесінде пайда болған кедергілерден әскерлердің айналып өту мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды аршу жұмысы барынша аз болатын бағытта өтіледі(4).
Достарыңызбен бөлісу: |