Лекция Материялық нүктенің кинематикасы


Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#81267
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Механика лекция 2

Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы. Элементар бұрыштық орын ауыстыру вектор болып табылады: . Сондықтан
= (14)
бұрыштық жылдамдық та вектор болып табылады, өйткені, – вектор, ал – скаляр.
Бұрыштық үдеу. Уақыт бойынша бұрыштық жылдамдықтың туындысы бұрыштық үдеу деп аталады:
= . (15)

Инерциялық санақ жүйелері. Салыстырмалылық принципі. Галилейдің түрлендірулері
Толып жатқан тәжірибелерден көретініміз: қозғалмайтын жұлдыздар сферасына қарасты бірқалыпты ілгерілемелі және тұзусызықты, демек, бір біріне қарасты, қозғалыстағы барлық координаттар жүйелеріндегі бүкіл механикалық құбылыстар біркелкі түрде жүреді.
Тартылыс өрісі тым аздау деп топшылансын. Мұндай координаттар жүйелері инерциялық деп аталады, өйткені оларда Ньютонның инерция заңы әділетті боп есептеледі.
Бірінші болып Г. Галилей айтқан – барлық инерциялық координаттар жүйелеріндегі механикалық құбылыстар біркелкі жүреді деген пайымдау – Галилейдің салыстырмалылық принципі деп аталады.
Қатты дененің ең қарапайым қозғалысы – оның ілгерілемелі бірқалыпты түзусызықты қозғалысы. Осыған сәйкес, санақ жүйелерінің ең қарапайым салыстырмалы түрдегі қозғалысы болып, оның ілгерілемелі бірқалыпты түзусызықты қозғалысы алынады. Санақ жүйелерінің бірін шартты түрде қозғалмайтын, ал екіншісін – қозғалыста деп алайық. Әрбір санақ жүйесіне декарттық координаталар жүйесін енгіземіз. Қозғалмайтын К санақ жүйесіндегі координаталарды (x, y, z) арқылы, ал қозғалыстағыны K' – (x', y', z') арқылы белгілейік. Айтайық: "K' координаттар жүйесі К жүйесіне қарасты жылдамдығымен қозғалуда".
Уақыттың әрбір мезетінде қозғалыстағы координаттар жүйесі қозғалмайтын жүйеге қарасты белгілі бір орында болады (4 Сурет).

4 Сурет.
Егер, t=0 мезетінде екі координаттар жүйелерінің бастары сәйкес келген болса, онда t мезетінде қозғалыстағы координаттар жүйесінің басы қозғалмайтын жүйенің x=vt нүктесінде болады.
К жүйесінде қайсыбір Р нүктесінің x, y, z координаталары мен K' жүйесіндегі тура сол нүктенің x', y', z' координаталары арасындағы байланыс мынандай түрде беріледі:


x' = x – vt, y' = y, z' = z, t' = t.
(16)
Бұл формулалар Галилей түрлендірулері деп аталады.
Керісінше қозғалмайтын жүйе ретінде K' жүйесін алуға болады. Онда
Галилей түрлендірулері мынадай болады:
x = x' + vt', y = y', z = z', t = t'. (17)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет