Лекция Материялық нүктенің кинематикасы



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#81267
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Механика лекция 2
MEX-1

2 лекция


Материялық нүктенің кинематикасы

2.1. Механикалық қозғалыс. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі


2.2. Материялық нүкте ұғымы. Материялық нүкте қозғалысының
кинематикалық сипатталуы. Траектория теңдеуі
2.3. Орын ауыстыру векторы
2.4. Жылдамдық
2.5. Үдеу
2.6. Қатты дененің кинематикасы
2.7. Айналмалы қозғалыс кинематикасының элементтері. Айналмалы
қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық
және бұрыштық үдеу
2.8. Инерциялық санақ жүйелері. Салыстырмалылық принципі
2.9. Галилейдің түрлендірулері

Барлық материялық денелердің ара қашықтығы бар, олар бір біріне салыстырмалы түрде өз орнын иеленіп, белгілі бір тәртіпте орналасады. Материялық денелердің осы бір ең жалпылама қасиеттері адам санасында ұзақ уақыт бойға практикалық іс – әрекеттің нәтижесінде кеңістік кейпінде өз көрінісін тапқан.


Евклид геометриясы. Абсолюттік кеңістік. Салыстырмалы кеңістік.
Қоршаған орта ұдайы өзгерістер үрдісінде болады. Үрдістер белгілі бір ізбен тізбектеліп келіп отырады; үрдістердің әрқайсысының белгілі бір ұзақтығы бар. Дүние үнемі даму үстінде болады. Дамушы, өзгеруші дүниенің осы жалпылама қасиеттері адам санасында уақыт ұғымы түрінде көрініс тапқан.
Периодтық үрдістер. Сағат. Бірыңғай уақыт. Сағаттарды синхронизациялау.
Механикалық жүйелердің моделін жасау үшін маңызды абстракцияның бірі материялық нүкте ұғымы болып саналады. Материялық нүкте деп геометриялық мәні бойынша математикалық нүктеге эквивалентті, бірақ массасы бар физикалық нысанды айтады.
Материялық дене.
Әрбір қозғалысқа кем дегенде екі дене қатысады, сондықтан, қозғалысты сипаттау үшін, екі дененің бірін санақ денесі деп аламыз. Санақ денесі болып, негізінде кез келген дене кабылдана алады.
Қайсы бір санақ денесімен байланыста тұрған санақ жүйесін, мысалы тікбұрышты координаттар жүйесі түрінде көзімізге елестетуге болады. Кеңістіктің барлық нүктелерінің орналасу жағдайы сөзсіз, ойша алғандағы қатты, өзара перпендикуляр, тікелей санақ денесімен байланысқан, және координаттар жүйесінің басы деп аталатын, қайсыбір белгілі нүкте арқылы өтетін үш тік стерженьмен салыстырмалы түрде анықталған. Стерженьдердің кесінділерінің ұзындығы белгілі бір ұзындық бірлігі арқылы өлшенуі қажет. Сонда кеңістіктің әрбір нүктесі үш санмен – координаталармен анықталатын болады.
Ең маңызды координаттар жүйелері.
Радиус-вектор.
Материялы нүкте қозғалысын сипаттау дегеніміз, оның кез келген уақыт мезетіндегі орналасу орнын көрсету. Ол өз қозғалысы кезінде қозғалыс траекториясы деп аталатын санақ жүйесі нүктелерінің үздіксіз тізбегін құрайды.
Санақ жүйесі нүктелерінің орналасу жағдайын әртүрлі тәсілдермен сипаттауға болады, соған сәйкес, нүктенің қозғалысын да түсіндіруге мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет