М. Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді


Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті



бет6/6
Дата15.06.2022
өлшемі364,67 Kb.
#146633
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БМ-41 Ерболқызы А педагогика курсовой (1)

2.3 Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Ана тілі сабақтарында шығармашылыққа іздендіретін өз бетінше өлең не әңгіме құрастыруға және мәтінді толықтыруға, мазмұнын сурет бойынша әңгімелеуге машықтандырады.


2.4 Дамыта оқыту технологиясында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Интерактивті оқыту
Интерактивті оқыту - қарым-қатынастағы оқыту. Интерактивті оқыту соңғы мақсатын және негізгі білім беру үрдісінің мазмұнын сақтайды, бірақ білімді берушіден (трансляция) диалогтыққа, яғни өзара түсіністік пен өзара әрекетке негізделген формасының түрін өзгертеді.
«Интеракционизм» - (ағылшынның interaction - өзара әрекет) қазіргі психологиядағы осындай ғылыми бағыттың дамуымен байланысты. Оған әлеуметтік өзара әрекеттесу контекстіндегі тұлғаның дамуы мен іс-әрекетін қарастыру тән. Ресейлік педагогикалық энциклопедияда интеракционизм бітұтас теория немесе ғылыми мектепті бейнелейді, оның кейбір қағидалары өзге тұжырымдамалармен ұштасады, оның ішінде психоанализбен және бихевиоризммен, сондықтан да психологияның бұл бағыты «интеракционистік бағдар» немесе «интеракционистік тұрғы» ретінде жиі анықтайды. Бұл бағдар (тұрғы) негізінде Дж.Мид жасаған әлеуметтік өзара әрекеттесу теориясы жатыр. Оған сәйкес тұлғаның дамуы белгілі бір әлеуметтік топтың мүшелерімен индивидтердің қарым-қатынас үрдісінде жүзеге асады. Дж.Мид бұл үрдісті анықтаушы тұлға емес қоғам, топ болып табылады деп санайды. Өзге адамдармен қарым-қатынаста абстрактылық ұғым туралы ойлай білу қабілеттілігі қалыптасады, бастысы өзгелерден ерекшеленетін ерекше бейне сапасында өзін ұғынады. Адамның «мені» - әлеуметтік тәжірибенің өнімі, ол оның алғашқы балалық ойындарында қалыптаса бастайды. Осылайша тұлғаның ішкі әлемі топтық әрекетте туындайды. Мидтің ойын Р.Сирс жалғай отырып, «екі немесе бірнеше персоналардың комбинерленген әрекетін сипаттайтын» дидактикалық жүйені психологиялық талдаудың бірлігі жасауды ұсынады. Сирс бойынша әр индивидтің әрекеті үнемі өзге адамға бағдарланған және оған бағынышты. Сәйкесінше қатты айқын және өзгермейтін тұлғалық қыр, мысалы агрессия немесе дос көңілділік болмайды, өйткені мұндай мінез-құлық дидактикалық жүйенің өзге мүшесінің қасиеттеріне үнемі байланысты. Осылайша, даму-тәрбие практикасының және тәрбиеші сапасының айнасы .
Интеракциялық тұрғы өкілдері адамның «арнайы адамдық» мінез-құлқын айқындауға, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық механизмінің қалыптасуын ашуға, тұлғаның шығармашылық бастауын белсенділігін көрсетуге тырысты.
Әдебиет көздерін талдау интерактивті бағдарланған жүйеге тән көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.:
-дидактикалық жүйені екі немесе бірнеше қатысушылардың комбинацияланған әрекетін талдау бірлігі ретінде;
- ұжымдық (топтық) қызмет және іс-әрекет;
- олардың нәтижесіне рөлдік жауапкершілік;
- өзге адамдарға бағдарлану;
- дидактикалық жүйенің өзге мүшесінің ерекшелігіне адамның мінез-құлқының әсері мен бағыныштылығы;
- тәрбие практикасы мен тәрбиеші сапаларының оның субъектілерінің мінез-құлқында көрініс табуы;
- интерактивті бағдарланған дидактикалық ортаның (немесе кәсіби) маңызды шартты қарым-қатынас болады.
Интерактивтілік білім беру категориясы ретінде бір жағынан тұлғаның бағдарлы педагогика қажетсінетін және оқу мен ақпараттың өзара әрекетке (А.А.Бодалев, Е.Л.Мелибурд, К.Рудестам және т.б.) міндетті жағдай ретінде коммуникативті бағдарланған тұжырымдама ретінде негізделген. Екінші жағынан интерактивтіліктің қажеттілігі оқыту феноменінің мәнімен шартты (байланысты), оның міндеті мамандардың негізгі міндетті компоненті қарым-қатынас болып табылатын өнімді тұлғааралық өзара әрекетін қалыптастыруға, модельдік тәжірибесінің қалыптасуына жағдай жасау ретінде түсіндіріледі (В.П.Беспалько, И.П.Пидкасистый т.б.). Үшіншіден «интерактивтілік» ұғымын педагогикалық анықтау субъективтік шындық ретінде қарастырылатын білім беру сүйенетін ақпарат, пәннің мәніне байланыстыp.
«Интерактивті өзара әрекет» тар мағынада бұл диалог, кең мағынада кез-келген субъектілердің олардың қолы жететін құралдар мен әдістерді қолдануымен жүретін полидиалогы. Мұндағы полидиалогта екі жақтың да белсенді қатысуы - сұрақтар мен жауаптармен алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған шешімдерді орындауды бақылау. Оқытудың интерактивті формалары мен құралдарының бүгінгі білім беру үрдісінде қажеттігі «оқыту» феноменінің ғылыми категория және дидактикалық үрдіс ретінде болуымен байланысты.Оқытудың инновациялық технологиясы білім алушыны коммуникативтік үрдіске белсенді қатысуына даярлайды, инновациялық мәдениетке тартылуын, тұлғалық қабілетінің дамуына негізделген интерактивтік жылдамдығының дамуына көмектеседі. Бұл білім алушыны ақпаратты тұтас қабылдауына бағытталған, оның қабылдауын интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде жетілідіреді. ЖОО-ы жағдайында педагогикалық-психологиялық материалында инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді жүзеге асыру оның тиімділігі мен гуманитарлық пән мен коммуникация құралы ретінде оқытуға сәйкестігін көрсетті.
2. Оқытуды интенсивтендіру түсінігі оқытудың белсендендіруге майыстырады. Белсенді оқыту әдістеріне оқытушылардың мақсатқа бағытталған әрекетті түсіндіреді, мынадай мазмұндағы өңдеуді пайдалану бағытталған, оқытудың қабылдауларымен мәнін яғни олар қызығушылықты, өз беттілікті, студенттің білімді меңгерудегі шығармашылық белсенділіктің болуын, оларды тәжірибиеде қолдвнуда дағды мен білімнің құрлымын сонымен қарар өндірістік жағдайларда болжау қабылдауының құрылуын және өз бетімен шешімін таба білуін арттыра түседі.
Қазіргі жағдайда оқытуды интенсивтендіру мен белсендендіру стратегиялық бағытымен оқытудың мазмұнына дидактикалық және психологиялық шарттарды құруы мүмкін. Осы үрдіске студенттердің қосылуы тек қана интелектуалдық деңгейде ғана емес, сондай – ақ әлуеметтік және тұлғалық белсенділікті қосады.
Догматикалық оқытуда берілген білім сол жерде меңгерілуі қажет, ал оқытудың субъектісі қоршаған орта объектісіне шығыстық моделде әсер етті: гуру оқушы. Осындай жүйеде білім гурудан оқыушыға бағытталған, және қатысушылардың танымдық белсенділігінің мәселесі қойылмайды.
Белсенді оқытудың негізгі жүйесі 70ж соңында психологтармен педагогтардың мектеп контекстігіндегі мәселелік оқытуында туатын, бұл жоғарғы оқу орындарындағы дидактикалық үрдісте мәселелік оқытуды қиындатады. Мәселелік оқыту түсінігі мен мазмұны жоғарғы мектеп хабарлаушысы деген көп жылдық дискуссия жоғарғы оқу орындарындағы мәселелік оқытудың спецификасан ашады. Осы жоспардаең басты жұмыстың бірі А.М.Матюшкиннің жұмыстарында көрінеді, яғни бұндадиалогты мәселелік оқытутүсінігі көрсетілді, бұл субъектілі – объектілі қарым – қатынастың тууына әкелді, және студенттердің жұмыс түрлеріне мәселелік әдісті қосу қажет болды.
Жоғарғы оқу орындарының тиімді көтерілу әдістеріне белсенді оқыту интенсивті және мәселелік оқытуды қолданса да, психологиялық – педагогикалық шарттарды құру маңызды, яғни студент өзін оқу әрекетінің субъектісіетіп толық түрдежәек позициясын көрсетуі мүмкін. Белсенді және енжар деп бөлу қажет емес. Бұндағы тіл стеуденттің белсенділігініңдеңгейі мен мазмұнынан болуы қажет, ол сол және басқа әдіспен меңгерілуі қажет. Тұлғаны белсенді оқытудағы дидактикалық принцип және өзін - өзі кәсіптік анықтауда студенттердің оқу әрекетінде талаптар жүйесін меңгереді және түгел оқу үрдістерінде мұалімнің де педагогикалықәрекетін меңгертеді. Бұл жүйеге ирархияны жүзеге асыратан ішкі және сыртқы факторлар, қажеттіліктер мен түрткілер кіреді. Осы мінезділердің мазмұнындағы ара қатынасын оқытудағы нақты түрткіле мен әдістер кіреді, тұлғаның белсенді шығармашылығын құру үрдісін ұйымдастыруға жағдай құру қажет. Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудағы ең бір перспективті бағыт, қазіргі мамандарға қажетті мәселелік оқыту болып табылады.


Модульдік оқыту
Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үдерісіне еніп, қолданыла бастады. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады.
Энциклопедиялық сөздіктерде модуль (лат.) «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді деп көрсетілген. Ғалымдар мен зерттеушілердің (Г.Қ.Нұрғалиева, А.А.Гучинский, Г.С.Кудебаева, Ю.У.Байсалов, Ю.К.Балашов, Н.Д.Никандров, т.б.) пікірлерін, анықтамаларын сараптай келе, модульдің өзіндік ерекшелігін төмендегідей түйіндеуімізге болады. Атап айтқанда, модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.
Мысалы:

Дәстүрлі оқыту

Модульдік оқыту

1. Оқытудың мақсаты айқын емес. 2. Оқыту нәтижесі ең соңында белгілі болады. 3. Оқу мәтіндерін жалпылама барлығы толық беріледі. 4. Мұғалім негізгі тұлға, өз пікірін жоғары қояды. 5. Оқушының қызығушылығы төмен, көп белсенділік танытпайды. 6. Мәтінді түсіндіру бір сарында өтеді. Оқушы кейде жалығып, тындамайды, өзіндік ізденіске түспейді. 7. Олардың білімі сабақта ғана тексеріледі.

1. Мақсат нақты, айқын. 2. Нәтиже белгілі болғандықтан, оқушылар соған жетуге тырысады. 3. Мәтіндер бөлікке, модульге бөлініп көрсетіледі. 4. Мұғалім – бағыт беруші студент пікірін үнемі ескереді. 5. Оқушы өз пікірін білдіруге қорғауға, дәлелдеуге белсенді. 6. Әр оқушы материалды өз мүмкіндігіне сай меңгереді. Қызығушылық танытып, тұжырымдар, қорытынды пікір айтуға дайын болады. 7. Оқушы білімі әр модульден кейін тексеріліп отырады.

Модуль оқу материалының мазмұнын сапалы, көрнекі түрде меңгеруге ықпалын тигізеді. Жазушы шығармаларын модульге бөліп оқытуда жалпы дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады, мәселен, жүйелілік, әр модуль бірін-бірі толықтырып, төмендегідей жалғасып отырады:
– әр модульде интерактивті тапсырмалар мәтінге сай ұсынылады;
– мәтінді есте берік сақтау мақсатында теориялық материалдарға қайталау сұрақтары, әдеби жаттығулар беріледі;
– танымдық мотивациясын белсендіру, өздік жұмыстары, реферат, тест, эссе, шығарма т.б. жұмыстарды орындату көзделеді;
– әр модульдің мазмұн жағынан дербестігі, белгілі бір уақытқа негізделетіні ескеріледі.
– әр модуль инновациялық, жаңа технологиямен оқытуға байланысты үнемі толықтырылып, оларды өзгертіп отырудың оңтайлы болу жағы қарастырылады.
Модульдің мазмұны оқу үрдісінде төмендегідей бірнеше блогқа жіктеледі:
Модульге кіру блогы. Мұндағы мақсат оқушылардың тақырыпқа қатысты бұрынғы білетіндерін толықтыру, еске түсіру, білім деңгейін тексеру, қайталау сұрақтары гипермәтінге сәйкес беріледі.
Проблемалық блокта оқушыларды ойландыратын, іздендіретін құзыреттілік түріндегі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Тереңдету блогында білім алушыларға ұсынылған ақпараттық мәліметтер, жазба жұмыстары, әдеби-теориялық ұғымдар тереңдетіп талдауды қажет етеді, ізденушілік бағыт басым болады.
Қорыту, бекіту блогы. Мұғалім оқушылардың әр алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуына бақылау жасайды.
Тексеру блогы. Мұнда берілетін тапсырмалар білім, білік, дағдылардың мақсатқа сай орындалуын, оқушылардың оқу жетістігінің нәтижелілігін тексереді.
Сөйтіп, берілетін білім мазмұнының модульға топтасуы білім алушылардың білімін нығайтуда, мазмұндық интеграцияны нығайтуда ұтымдылық байқатады. Модульдік оқытуда оқушылардың оқу материалын тұтас, жүйелі ұғынуына жағдай туады, ақпараттық білімдік орта құру арқылы модульден мәтінге, тапсырмалар мен тестерге өтуге болады. Модульге ену оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу, оны өз іс әрекеттерінде пайдалана алу біліктіліктері мен құзыреттіліктерін жетілдіреді. Модульдік оқытуда мұғалім өз міндетін нақты жоспарлайды, берілген тақырыптар төңірегінде әртүрлі әдеби тапсырмалар орындатуды ойластырады.
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен ерекшеліктері.
Жаңа педагогикалық технологияның XX ғасырдың 60 жылдарында пайда болған түрі – «Модульдік блокпен оқыту жүйесі». Бұның дүние жүзінде 4 жолы бар:
-Американдық модуль
-Неміс модулі
-Скобиннің орыс модулі
-Алексюк пен Фурманның украиндік модулі
Бүгін таңда М.Чошановтың мәселелік модульді оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, жан-жақты қарастырылады.
Дидактикалық модуль – оқытудың жаңа технологиясының мазмұны. Берілген деңгейде таңдап алынған тарауды жете зерттеп, дайындық нәтижесі жоғары білім жүйесінің барлық белгілері мен қасиеттерін сақтап қалған дидактикалық модуль болып табылады. Дидактикалық модуль – нақтылы оқушылар тобында бір уақытта жүргізілген оқу процесінің жобалануы мен іске асырылуының педагогикалық ортасы. Ол – оқу процесін жасаушы, пән мұғалімінің әдістемелік тәжірибесін, орындаушылық тәсілін, өзіне тән қабілетін айқындайды. Дидактикалық модуль бойынша оқу процесін жобалағанда оқу материалдарының мазмұны (оның көлемі мен күрделілік деңгейі) мен нақты оқушылардың мүмкіндіктері және ерекшеліктері арасындағы табиғи байланыс қамтамасыз етіледі.
Дидактикалық модуль 45 минут уақытта модульдер жиынынан құралған оқу-тәрбиелік процестің кезеңдері мен элементтерін жоспарлап, жобалайтын бастапқы, үлгі модулі болып табылады. Оның құрылымы мен функциялары мынандай:
- берілген дидактикалық модульде оқу ісіне қажетті білім мен атқарылатын іс-әрекеттің маңыздылығы, іздену, дайындық жұмысын жолға қою және оны ұйымдастыру ерекшеліктері анықталады;
- берілген дидактикалық модульді меңгерудегі әрбір оқушының дайындығын белгілеу және оны даярлау.
- оқу ақпаратының бөліктері арқылы, соның нәтижесінде өз бетімен істелетін оқу-танымдық іс-әрекет арқылы материалдарды танып білу.
- оқушылардың жалпы білімдік дайындығын, сапасын базалық деңгейге жеткізу үшін қажетті нақты оқу материалдарын меңгеру (дидактикалық модуль көлемін, білімнің негізгі деңгейін, оқу мәліметін бір уақытта бастап, бір уақытта аяқтауды талап етеді).
- пән бойынша дайындықтары жоғары оқушыларға берілетін оқу материалдарын барынша тереңдетіп, кеңейту мүмкіндіктерінің болуы.
- оқу мәліметін өздігінен танып білуі мен меңгерудегі әр оқушының жеке басының қабілетін белгілеу (оқу процесін басқарудағы педагог мәліметінің дұрыстығы мен ақиқаттығы).
Сонымен бірге, модульдық оқытуды жобалаудың бір ерекшелігі – ол пән оқытушысының қай кезеңде болмасын өзінің кез-келген жаңалықтары мен әдістемелік ұсыныстарын модульге енгізуге мүмкіндігі барлығында.
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты (В.М.Монахов) оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар барысындағы қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау.
Сыни тұрғысынан ойлау
Білім сапасын арттыру мақсатымен елімізде қазіргі уақытта кеңінен қолданылып келе жатқан тәсілдерідің бірі – «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» (Reading and Writer for Critical Thinking) жобасы да сабақтың үш құрылымдық кезеңін ұстанады: «Қызығушылықты ояту – Мағынаны ажырату – Ой-толғаныс». Бұл құрылым ойлау үдерісінің қалайша өрбитіндігін сипаттап, әрбір оқушыны «өзінің курстастары және мұғаліммен жүргізетін рефлексиялық диалогқа жұмылдыруды» көздейді.
Бұл жобада сабақтың әр кезеңінің ерекшеліктері мен мақсаттарын қалайша сипаттайтындығына тоқталып кетейік.
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде (Evocation) үйренушілер білім үдерісіне ниеттеледі, айрықша көңіл аударады, жаңа материалды игеруге ынталанады. Бұл кезеңде мынандай үш мақсат жүзеге асырылады:

  1. Қарастырылатын тақырып бойынша үйренушілер бұрынғы білімдерін есіне түсіреді. Білім зерттеу – жаңаны ескімен байланыстыратын үдеріс, жаңа білім міндетті түрде қандай да бір жеке тәжірибе негізінде құралады. Өзінің жеке білімін еске түсіру арқылы үйренушілер белсенді түрде өздерінің білімін анықтап, оны талдайды және алдағы уақытта қарастырылатын жаңа мәліметтермен байланыстырады.

  2. Үйренушілер белсенді әрекеттерге жұмылдырылады. 
    Білім игеру – белсенді әрекет. Саналы білім алу үшін үйренушілер білім игеру процесіне белсенді түрде араласуы керек: ойлау, сөйлеу мен жазу арқылы өз білімдері мен түсініктерін өзгелерге жеткізе білуі керек. 

  3. Үйренудің мақсаттарын айқындау арқылы үйренушілер ойлау жұмысынаынталандырылады. 

Шығармашылық белсенділікті көтеру үшін бұл кезеңде үйренушілерді зерттеу мақсаттарын айқындауға жұмылдыру керек. Өз мұқтаждарынан туындаған, өздері құрастырған мақсаттар үйренушілердің жаңа білімге деген ынталарын еш бәсеңсітпейді. Ал үйренушілердің жеке тәжірибесінен туындаған пікірлер әрқашанда сан алуан болып, сол арқылы оларды пікір алмасуға және пікірталасқа әкеледі. Өз кезегінде көзқарастардың мұндай қарама-қайшылығы әр үйренушіде түрлі сұрақтардың пайда болуына әкеледі.
«Мағынаны ажырату» кезеңі (Realization of meaning) жаңа материалды игеруде туындаған сұрақтарға үйренушілердің өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруімен ерекшеленеді.
Бұл кезеңде үйренушілер жаңа ақпаратпен немесе идеялармен тікелей қарым-қатынас жасап, оларды дербес түрде зерттейді, ізденеді.
Бұл кезеңнің басты мақсаттары мынандай: 
1. Үйренушілерді жаңа білім игеру жұмысына асқан құштарлықпен араластырып, олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың басқа кезеңдерімен салыстырғанда мұнда үйренушілер мейлінше дербес болып, ұстаздың араласуын қажет етпей, өзіндік тұрғыдан әрекеттенеді. Олар үйренудің әртүрлі тиімді тәсілдерін қолдану арқылы белсенді танымдық жұмысқа кірісіп, жаңа білім туралы өзіндік түсінік және пікір қалыптастырады. Үйренушілер мұндай жұмысқа жұмылдырылмаса, зерттеудің мағынасы тіпті де жоғалып кетуі мүмкін. 
2. Үйренушілердің өзіндік пікір мен түсінік қалыптастыруға ынталандыру. 
Белсенді үйренушілер жаңа мәлімет жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады. Қажет болған жағдайда олар оны қайта қарастырып, сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін анықтауға тырысады. Мұндай жағдайларда бәсеңді (пассив, ырқы кемшін) үйренушілердің өздері түсінбегенді қалдырып кетуі әбден ықтимал. 
«Ой-толғаныс» кезеңінде (Reflection)үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдерімен (ұғымдарымен) салыстыра отырып өзгертеді.
Осы кезеңде олар сұрақтар, ұсыныстар, пікірталастар, зерттеулер арқылы бұрнағы түсініктерінің негізінде жаңа білім құрастырады. Үйрену дегеніміз өзгеру және өзгерту деген сөз. Өзгеру жаңа түсініктің атаулары мен терминдері, жаңа әрекеттер, білімнің жаңа ахуалы мен жаңа сенімдер тұрғысында болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер үйренушілердің бұрынғы білім негізінде жаңа түсінікті қалыптастыру жұмысына белсене араласқанда пайда болады.
Бұл кезеңде мынандай мақсаттар тұтуға болады: 
1. Үйренушілер өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтер арқылы жеткізеді. 
Зерттеу және түсінік - өзіндік, дербес ұғымдар. Үйренушілердің есінде өздерінің тәжірибесі, білімі, сөздері арқылы түсінгендері қалады. Жаңа түсінік тек осындай өзіндік контексте пайда болады.
2. Үйренушілер бір-бірімен ой бөліседі.
Пікірлесу арқылы үйренушілерде өзіндік пікірлердің пайда болуына ой талқыда келтірілген көзқарастардың әр түрлігі, сан алуандығы көп септігін тигізеді. Үйренушілердің ой алмасуда әр түрлі пікірлерді келтіруі жаңа мәліметтің игерілуіне жол ашады.

«Қызығушылықты ояту»
(Evocation)

«Мағынаны ажырату» кезеңі
(Realization of meaning)

«Ой-толғаныс» кезеңінде
(Reflection)

Сабақ мазмұнын оқушыларды бұрынғы білімдерімен байланыстыру, оқушыларды ықыласын жаңа білімді қабылдауға белсенділендіру, олардың сұрақтары мен мақсаттарын айқындау

Мұғалімнің басшылығымен оқытудың белсенді түрлерін қолданып жаңа мәліметпен танысу, оны жан-жақты қарастыру, зерттеу, игеру

Жаңа тақырып бойынша оқушылардың пікірлесуі, ойлануы, жаңа мәліметті өз түсінігіне икемдеу немесе проблемаларды шешуде қолдану

Сонымен, келтірілген пікірлер мен түсініктердің негізгі идеясы келесі деп тұжырымдауға болатын секілді: сын тұрғысынан ойлау дегеніміз саналы түрде бағалау, ой қорыту, ой толғау. Сын тұрғысынан ойлау адамнан нақты проблеманы шешуге бағытталған психикалық, эмоционалдық және танымдық белсенділікті талап етеді.


Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктері мынада:
- кез келген проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақ қояды;
- ең маңызды жәйттерді бөліп шығарады;
- проблема не ақпаратқа қатысты деректерді қолданады;
- критерийлер мен стандарттарды қолданады;
- критерийлер мен стандарттарға негізделген дәлелді қорытынды мен шешімдер келтіреді;
- өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар;
- себеп-салдарды анықтайды;
- талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды;
- ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді;
- басқалармен тіл табысып, ортақ мәмлеге келеді.



Оқушыда сын тұрғысынан ойлаудың қалыптасу деңгейлері

Бастапқы деңгей
- өз көзқарасы мен ұстанымын жан-жақты тұрғыдан қалыптастыра алмайды;
- өз ұстанымын толық дәлелдей алмайды, оның артықшылықтарын толық көрсетпейді;
- жан-жақты салыстырмайды;
- ұтымды мысалдар келтірмейді;
- себеп-салдарын дәлелді түрде келтіре алмайды;
- талдау мен синтездеуді толық жасамайды;
- жан-жақты баға бере алмайды.

Орта деңгей
- ойлау қадамдарын ретімен қолданады;
- өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастырғанымен, оларды ұтымды түрде дәлелдей алмайды;
- өз ұстанымдарын өзгелермен салыстырады, оның артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады;
- өзіне айтылған сынды сабырмен қабылдай алмайды;
- өзге ұстанымдарды жан-жақты талдамайды, олардың онқылықтарын ажырата алмайды.

Жоғарғы деңгей
- негізгі ойлау қадамдарын ретімен, логикалы түрде және тереңінен қолданады;
- өз көзқарасы мен ұстанымдарын ұтымды түрде дәлеледей алады;
- өзіне өзі нақты аға бере алады;
- өзге пікірлерді бағалай біледі;
- ұсыныс пен болжам жасай біледі;
- айтылған сынға байыппен қарайды;өз жұмыстарын жақсарту жолдарын іздейді.

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің педагогикалық санасын өзгерту керек. Мұғалім осы модуль көмегімен «пән» және «тақырып» атты ауқымдардың тар шеңберінен шығып, оқушының тек білім мен білігін бағалап қана қоймай, шәкіртін кең тұрғыдан қарастыратын болады: педагог оқушыны «өмір сүру», «тұлға болу» секлді кең ауқым тұрғысынан қабылдайтын болады. Енді мұғалім үшін оқушының Әлеммен, адамдармен жасалған қарым-қатынасы мен орнатқан байланыстары маңызды болады.


Сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы мұғалім оқушыларда мынандай дағдыларды қалыптастыру мүмкіндігіне қол жеткізеді:
- есте сақтау дағдылары (ақпаратты ұзақ мерзімді түрде есте сақтау, оны қайта қалпына келтіре білу);
- жинақылық пен шоғырлану дағдылары (жаңа ақпараттағы ашық түрдегі немесе жасырын проблемаларды айқындап, оларды зерттеудің мақсатын, бағыттары мен құралдарын айқындау);
- ақпаратты жинау дағдылары (жүйелі түрде ойлау, дербес түрде пайымдау, қорытындылау, логикалық талдауды қолдану, себеп-салдарын айқындау, негізгі идеяларды ажырату, қателер мен олқылықтарды тауып, оларды түзету);
- жаңа ұсыныстар/шешімдер келтіру дағдылары (ақпараттар мен идеяларды қосу, ең маңызды ақпарат мен идеяларды айқындау, қолдағы ақпарат көмегімен болжау жасау, қосымша ақпарат көмегімен толық мағына құрастыру);
- бағалау дағдылары (ақпарат немесе идеялардың бағалау критерийлерін құрастыру, тұжырымдардың дұрыс/бұрыстығын айқындау, рефлексия түріндегі күмәндану);
- сыни сауаттылық дағдылары (өзіндік пікір қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру, кез келген ақпарат бойынша талдау және сараптау жұмыстарын жүргізу, оны бағалау);
- әлеуметтік құзыреттілік дағдылары (өз біліміне деген жауапкершілікті тудыру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту).
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы өмірдің сан алуандылығын түсініп, оның жағымды-жағымсыз жақтарын бағалай алатын болады. Бұл оған қатып қалған пікірлер мен көзқарастарға тойтарыс беріп, рефлексия арқылы өзіне қажетті және тиімді деген шешім жасау мүмкіншілігін береді. бқл шешімдер басқалар қабылдаған және ұстанатын қағидалардан бөлек болады, өйткені оқушы бір дұрыс шешімге қанағаттанбай, толассыз іздені мен зерттеуді өмір салтына айналдырады. Бұл шәкірт интуициясының дамуы мен шығармашылығының өсуіне әкеледі. Сан шешімдерді талдап, бағалай білген оқушы кез келегн теориялық және практикалық проблемаларды өздігімен шешу деңгейіне көтеріледі. Ол үздіксіз жаңа идеяларды келтіріп, үнемі даму үстінде болады. Ал бұл әдетті өз кезегінде болашақта оның кәсіби және адами тұрғыдан оң өзгерістеріне алып келетіндігі сөзсіз.


Ойын арқылы оқыту техналогиясы
Ойын арқылы оқыту техналогиясының мәні -дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шынығу барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы - ойын әрекеті. Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі — адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан ұрпақтан ұрпаққа берілген өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады..
Ойынды психологиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері Н.Фрейд, К.Роджерс, Д.Леви, Д.Торф және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталады. Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелденген, тіпті, 18 ғасырда Ж.Ж.Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек.»- деген.
Ойын әрекетінің бала психологиясының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Кеңестер одағында жалпы ойын теориясы Г.В.Плеханов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко сынды, атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Дидактикалық ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісіне П.П.Блонский, С.П.Шацкий, В.Г.Марц, А.В.Сухомлинский, В.Г.Яковлев, Т.Е.Каликова, Э.В.Янковскаялар сияқты ғалымдар да назар аударды.
Мектепке дейінгі балалардың ойындарына да көптеген еңбектер бағытталған. Соның бір тобы рөлдік, творчестволық ойындардың теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, И.А.Фраукина, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б. келесілері педагогикалық процестерде дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшеліктеріне, алатын орнына жэне маңызына тоқталды.
Ғалымдар: Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская, В.Н.Афанасова т.б. ал үшінші бір тобы мектеп алды даярлық тобындағы балалардың ойынның маңызын анықтауға бағытталған еңбектер Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванцова және т.б.
Тәрбиелік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талдау жасаған.
А.С.Макаренконың айтуынша: «Үлкендер өмірі үшін жүмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды рөл атқарады. Ойында бала қандай болса, өскенде жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.»-деп жазды.
Ал Қазақстан зерттеушілерінің ішінде дидактикалық ойынды зерттеген ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров болды.Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта беруге үйрету – мұғалімнің басты парызы. Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сыныпта отырғанда балалардың тез шаршауы, оның ақылының жұмыссыз қалуынан, әсіресе, тек отыруда ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында сабақты дидактикалық жарыс-ойын түрінде өткізсе, балалар сергіп өздерін еркін ұстайды»-деп ойынның, қызықты жаттығудың балалардың оқу әрекетін жандандырып оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал екенін атап көрсетеді.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, сөздік қорының молаюы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, біз төмендегідей қорытындыға келдік.
- оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш кластан басталуы тиіс; 
- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады; 
- бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. 
Дамыта оқыту жүйесінің бір ерекшелігі проблемалық жағдайлар туғызу, оны шешу, осыны пайдалана отырып оқушылар бойына танымдық құзіреттіліктің алғашқы белгілерін қалауға болады. Оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, танымдық іс- әрекетті әр пәнде жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық, топтық тұрғыда шешудің маңызы зор. Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.Дамыта оқытуда баланың іздегушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алауға әрекеттенеді. Қазіргі жаңа буын оқулықтары дамыта оқыту үдерісіне сай құрылған.
Дамыта оқыту жүйесі көздеген мақсаттарға жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді, сонымен қатар баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсіп, білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз етіп алатын үдеріс деп қарастыра келе, дамыта оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланды. Ең бастысы, дамыта оқытуды әр мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы және мұғалім оқушыға дайын білімді берумен шектелмей, баланы өз бетімен білім алу, іскерлік, мүмкіншілікке бағыттауы керек.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1

«Дамыта оқыту технологиялары» Б.А.Тұрғанбаева Алматы, 2000ж

2

«Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар» Нағымжанова Қ.М, Нұрғазиева Н.М Өскемен 2008 ж

3

Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» Педагогикалық шығармалар, 1998 ж

4

Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері/ Психологиялық ғылым және білім беру №1/2003 ж /

5

http://sdamzavas.net/4-43727.html

6

“Білім туралы” ҚР заңы, 1999 жылғы 7 маусым №389-1

7

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, 2004, N2, -бб.3-16

8

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2004. -38 б

9

Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 1998, 378 б

10

Сағындықұлы Е. Педагогика. Лекциялар курсы. –А.: 1999

11

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. –А.: Дарын. –2004

12

Нұрғалиева Г.К.. Оқыту әдістері. – А., 1991

13

Хмель Н.Д.. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы. Мектеп, 1984

14

https://infourok.ru/bayandama-damita-oitu-tehnologiyasi-1010663.html

15

Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауы

16

Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999

17

Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003

18

Білімдегі жаңалықтар №2-3 -2008

19

Бастауыш мектеп №2008 2,4,6,8

20

12 жылдық білім №1-2008





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет