Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет4/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

айтқанда:  жеке  адамды  жақсы  көре  тұрып,  көпті  сүйе  білудің  жолын  табу». 

Өте дұрыс айтылған. Бірақ осыны қалай көрсетуге болады? 

–  Оны  білмеймін,  –  деді  журналист.  –  Мен  сіздерге  тек  қана  өз 

махаббатымның тарихын айтып берейін. 

– Айтыңыз, тілеуіңізді берсін. 

– Ал, тыңдаңыздар онда. 

 

І 

–  Мен  оларды  жақсы  көрдім.  Бірақ  олар  маған  қарамады,  –  деп  бастады 

Ербол әңгімесін. 

Жалғыз қыз ғана жанымды ұқты, тек соны айтайын мен сізге. 

Сонымен  мен  1945  жылдың  он  төртінші  ноябрь  күні  осы  әсем  астана  қала 

Алматыдағы  Қазақ  университетінің  студенті  боп  қабылдандым.  Тарих-

филология факультетінің деканы, батыр тұлғалы, кесек пішінді, жалпақ бетті, 

қысық  көздеу  келген  орта  жас  мөлшеріндегі  сабырлы  кісі  документтерімді 

байыппен  қарап  шықты  да,бұрын  пединституттың  бірінші  курсын 

бітіргендіктен  бірден  екінші  курсқа  алынатынымды  айтты.  Мен  содан  бір 

сағат  қана  бұрын,  астананың  Совет  көшесіндегі  университет  үйінің 

баспалдағына  табанымды  тіреп,  жаңа  ғана  үзіліске  шығып,  дәлізді  кернеп 

тұрған  студенттердің  арасынан  өтіп,  үйдің  ең  жоғарғы  екінші  этажына 

көтерілгенде  Алатаудың  асқар  шыңына  шыққандай  болып  едім.  Шыңнан 

шыңырауға  қарағандағыдай,  басым  айналыңқырап,  буын-буыным  дірілдей 

түскенін  де  аңғарғанмын.  Енді  міне  декан  екінші  курсқа  қабылдандың 

дегенде,  өзім  екі  аяғыммен  нық  басып  тұрған  деканаттың  едені  жылжып, 

қозғала  жөнелген  сияқтанды.  Мен  деканат  бөлмесінде  емес,  Алатаудың 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет