Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет6/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

шынында  да  дұрыс  екен.  Екі  жармалы  есіктің  жабылған  бөлігінің  сыртына 

бадырайта «Кітапхана» деп жазып, оның бетін шынылап қойыпты. 

Сонымен, не керек, отыз үшінші аудиторияны таптым-ау жағалап келіп. 

Ендігі  барлық  бақытым,  көрер  қызық,  кешер  қуанышым  отыз  үш  деген  екі 

сөзге  тірелгендей  болып,  есіктің  жоғарғы  жағына  жазылған  екі  цифрға 

ентелей  қарап,  күлімдеп  тұрмын.  Бойым  жетсе,  қолымды  созып,  өзім  үшін 

өзгеше ғажап бұл цифрды сипағым да келетін сияқты. Өйткені мен төрт жыл 

бойы  жеңісті  арман  еттім.  9-майда  батыста  неміс  фашистері  тізе  бүкті,  3-

сентябрьде шығыста жапон империалистері жеңіліп, қол көтерді. 

Отан  үстінде  жеңіс  туы  желбіреді.  Қаһарлы  қыс  өтіп,  халық  аңсаған 

жазғытұры  жеткенде  жер  бетіне  қаулап  бір  көк  шықпайтын  ба  еді.  Сол 

сияқты  боп,  соғыс  біткеннен  кейін  жұрт  жүрегін  жана  арман  кернеді.  Ана 

ұлын,  әке  баласын  жігіт  жарын,  қыз  ғашығын  көксеп,  тезірек  қауышуды 

тіледі.  Көгеннен  ағытылған  қозыдай  жамырап,  батыс  пен  шығыстан  елдің 

түкпіріне қарай тірі қалған солдаттар ағылды. Жолда кездескен жыпырлаған 

село,  көп  қаланың  біріне  тоқтамастан  әркім  өз  аулына,  өз  үйіне  жетуге 

ынтықты, өз ұясын көруге асықты. «Менің ұям сенсің - университет, сенсің – 

отыз  үшінші  аудитория!  Сенен  басқа  менің  ешкімім  жоқ!»  –  деп  іштей 

тебірене есіктің тұтқасына қол создым мен. 

Солдаттың  ауыр  салмақты  керзі  етігімен  еденді  тарс-тұрс  басып,  есіктен 

кірдім. Менің бұл кірісім аудиториядағыларға асфальт көшеде тағалы ат келе 

жатқандай  әсер  еткен  болуы  керек.  Олай  дейтінім  парталарына  жайғасып, 

алдарындағы  қағаздарына  үңіліп  отырған  студенттердің  бәрі  бастарын 

бірден  көтерісіп,  күнге  қарай  бұрылған  көп  күнбағысқа  ұқсап,  мойындарын 

соза  маған  тесірейді.  Мен  де  оларға  қарадым.  Қарасам,  алдымда  қаптап 

отырған қыз екен. Соғысқа дейін бір қыз бетіме тіке қараса, бәшірем кететін 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет