«Мои документы» бумасын ашыңыз. Онда Менің экспериментім және Эксперимент бумаларының бар екеніне көз жеткізіңіз. Екі таңбаны белгілеп алыңыз. Оларды SHIFT пернесін ұстап тұрып DELETEпернесі арқылы жойыңыз. Ашылған диалогтық терезеде объектілерді жоюды растаңыз. Мои документы терезесін жабыңыз.
Корзина терезесін ашыңыз. SHIFT пернесін басып жойған объект, Корзинағатүспегеніне көз жеткізіңіз. Корзинаны жабыңыз.
Негізгі мәзір арқылы Проводник программасын ашыңыз (Пуск > Программы > Проводник). Проводник мәзірінің сол жағында ашылған бумаға назар аударыңыз. Бұл жүйелік дискінің түпкі каталогы болу керек (папка С:).
Сол жақ панелінде Мои документы бумасын тауып алып, буманың таңбашасын шерту арқылы ашыңыз.
Бағыттауыш программасының оң жағында жаңа «Эксперимент» бумасын құрыңыз.
Панелдің сол жағында Мои документы бумасында бір рет шерту арқылы «+» түймешегін шертіңіз. Мои документы бумасында «Эксперимент» бумасы пайда болғанын аңғарыңыз.
Бағыттауыштың сол жақ панелінде «Эксперимент» бумасын ашыңыз. Оң жағында ештеңе бейнеленбеуі керек, өйткені «Эксперимент» бумасы бос.
Бағыттауыштың оң жағындағы «Эксперимент» бумасының ішінде «Менің экпериментім» бумасын құрыңыз. Панельдің сол жағында «Эксперимент» бумасының жанында «+» түймешесі пайда болғанын аңғарыңыз. Бұл буманың ішінде бума бар екенін білдіреді. Түйінді ашып, бағыттауыштың оң жағындағы құрылған бейнені қарастырыңыз.