Бағыттауыш панельдің сол жағында Windows бумасын тауып алып, оны ашыңыз.
Windows бумасының ішінде объектілерді уақытша сақтайтын Теmр бумасын тауып алыңыз, бірақ оны ашпаңыз.
Тасымалдау арқылы, оң жақтағы «Эксперимент» бумасын сол жақтағы C:\Windows\Temp бумасына апарыңыз. Бұл амалды мұқият орындау керек. Дұрыс апарған жағдайда жазу түсін өзгертеді, бұл уақытта тышқанның батырмасын жіберуге болады.
Бағыттауыштың сол жағында C:\Windows\Temp бумасын ашыңыз. Оң жақ панельде бұл буманың ішінде «Эксперимент» бумасы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Сол жақ панельде Корзинаны тауып, «Эксперимент» бумасының таңбашасына апарыңыз. Корзинаны ашып, жойылған буманың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Мои документы бумасында өз бумаңызды құрыңыз. Бағыттауыш программасын жабыңыз.
Тапсырма № 2. «Блокнот» мәтіндік редакторы.
Ж ұмыс мақсаты: мәтіндік редактор блокнотпен танысу.
Теоретикалық жағдайлар және жұмысқа нұсқаулар.
Блокноттың терезесі келесі элементтерден тұрады:
Жүйелік таңбаша;
Тақырып жолы;
Батырмалар (жинақтайтын, үлкейтетін, жабатын);
Мәзір қатары (файл, түзету, анықтама, және де әрбіреуінің сатылы мәзірі болады);
Жұмыс аймағы;
Айналдыру алабы (полоса).
Жолдың басына - .LOG сөзін енгізіңіз. Бұл берілген сөз әрбір жұмыс аяқталғаннан соң осы жұмыстың жасалған күні және уақытын Блокнотта жазылуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |