Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар 2 сынып



бет9/11
Дата10.11.2023
өлшемі50,55 Kb.
#190685
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар 2 сынып
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 1токсан, Дүниетану тест, ЖБ Дүниетану 2-сынып, Адамның қаңқасы
Керуеншілер» ойыны №2
Дидактикалық мақсаты: Оқулықтағы пысықтауға арналған бағандардағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланылады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады.
Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2не 3 сақина не оның орына құрт, кәмпит, түйме т.б. қолда барды пайдалануға болады. (Әр қатарға бір-бір сақинадан болса ойын тез жүреді.).Мазмұны; Сынаптағы балалар 2 немесе 3топқа бөлінеді. Әр топқа бір-бірсақина беріледі.Әрбір қатар мысалдардытоптарға бөліп береді.Мұғалімнің командасы бойынша қолында сақинасы бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастыра береді.Ойынды қай топ бұрын аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады .
«Дүкен» ойыны
Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеуге қарапайым түрде күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру. Ақшаны ұсақтап үйрену.
Құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар ,(көкөніс, оқу құралдары т.б.) оның жазылып алынған бағалары, жасалған тиындар мен ақшалар.Таразы, есепшот,әр түрлі бұйымдар.
Мазмұны: Оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке шығады.қалған балалар сатып алушылар болады.Бұйымдардың бәрінің бағасын жазып ,іліп қояды.Сатып алушылардың қалаған заттарын көрсетіп, чектерін алып келсе, соны есептеп затын беріп тұрады.Бағылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады. Рольдерін ауыстырып отырса ойын қыза түседі.
«Сиқырлы таяқ»
Дидактикалық мақсаты: Балаларға санның ретін меңгерту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Ұзындығы бір метрдей таяқ.
Мазмұны:Бұл ойынға сынып түгел қатысады. Балалар қол ұстасып, дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші қолына таяқ ұстап, дөңгелектің ортасына шығады да ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойын жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап ұстап тұрып кез келген қатардағы санды айтады да, таяқты қоя береді. Мысалы: 4,10, ...әйтеуір жаңағы дауысты қатарда тұрған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер дауысты естімей, аңғармай таяқты құлатып алса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Егер таяққа дер кезінде жетіп, жерге құлатпай ұстап алса, онда ойын жүргізушімен орын ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет