Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістік туралы берілген білімді ойын, дидактикалық
материалдар арқылы еске түсіру, талдау, бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларға адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесін
беру, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық
қарым – қатынасқа үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық
қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой
қорыту жұмысын арттыру.
Сабақтың түрі: экологиялық - ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ассасация
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сөзжұмбақ, сызбалар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Назарларын сабаққа аудару.
б) Сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .
56 – жаттығуды тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Құпия» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
-
10 . Зат есім дегеніміз не?
-
20. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-
30. Негізгі зат есім дегеніміз не?
-
40. Туынды зат есім дегеніміз не?
-
50. Тәуелдік жалғаулары деген не?
-
60. Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады?
-
70. Көптік жалғауларын ата.
-
80. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса: жылқы.
-
90. Қалам сөзін тәуелде
Достарыңызбен бөлісу: |