Материалдары


АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет5/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
abai2020

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ: 
«АЛЛА ДЕГЕН СӨЗ ЖЕҢІЛ» 
 
Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы 
ғылымдарының кандидаты, 
Павлодар педагогикалық университетінің доценті 
Абайдың күні бүгінге дейін таным-түсінікке қиын өлеңінің бірі – «Алла деген 
сөз жеңіл» деген өлеңі. Ақын бұл өлеңді 1897 жылы 52 жасында жазған. Қазіргі 
нұсқасында он алты тармақ, төрт шумақтан тұрады. Жеті-сегіз буынды шалыс ұйқасқа 
құрылған. Мүрсейіттің 1905 жылғы
[1], 1907 жылғы
[2] және 1910 жылғы [3] 
қолжазбаларында бұл өлең кездеспейді. Турағұл қолжазбасында
[4] алғашқы екі 
шумағы ғана бар. 1909 жылы Санкт Петербургте И.Бораганский баспаханасынан араб 
әрпімен басылған ақын өлеңдерінің алғашқы жинағында да Турағұл қолжазбасындағы 
екі шумақ басылған
[5]. 1922 жылы Ташкентте шыққан кітапта да
[6], 1933 жылы 
М.Әуезұлы құрастырып латын әліпбиімен басылған толық жинақта да өлеңнің басқы 
екі шумағы өзгеріссіз қайталанады
[7]. Тек 1939 жылғы ақын шығармаларының толық 
жинағында соңғы екі шумақ қосылған
[8]. Ақынның бұл жинағы біраз толықтырылып, 
кейбір өлеңдердің текстологиясы қайта қаралып, біршама өңделген басылым. Жауапты 
редакторы С.Аманжолов, «Абай халық ақыны» деген кіріспесін жазған С.Мұқанов. Кім 
құрастырғаны мәлімсіз, басылымда көрсетілмеген. Соңғы қосылған екі шумақ қайдан 
алғаны да айтылмаған. Дегенмен қосылған шумақтар тақырыпқа сай өлеңнің пішіні 
мен мазмұнына үйлесіп тұр. Кейінгі баспа бетін көрген ақынның толық жинақтарында 
осы төрт шумақ өзгеріссіз жарияланып келеді.
Енді өлеңнің әр жылдары жарияланған нұсқаларын талдап көрелік. Тұрағұл 
қолжазбасында және 1909, 1922, 1933, 1939 жылдардағы басылымдардағы бірінші 
шумақ:
Алла деген сөз жеңіл, 
Аллаға ауыз жол емес. 
Ынталы көңіл, шын жүрек, 
Өзгесі хаққа қол емес, – деп келсе, кейінгі жинақтарда екінші тармақ «Аллаға 
ауыз қол емес» болып, төртінші тармақ «Өзгесі хаққа жол емес» болып өзгертілген. Бұл 
жерде «жол» мен «қол» сөздерінің орны ауысқан.
Алғашқы басылымдардағы (1939 жылдарға дейінгі) бірінші сөйлемнің (алғашқы 
екі тармақ) беретін ой тиянақты, яғни Алланы құр ауызбен ғана айтып тану мүмкін 
еместігіне меңзеп тұр. Екінші сөйлемдегі жеткізетін ой нақты емес. Төртінші 
тармақтағы «қол» не үшін қолданылып тұрғаны түсініксіз. Хақты, шындықты, 
ақиқатты тануға «қолдың» қанша қажеті бар?! 1968 жылы шыққан «Абай тілі 
сөздігінде» өлеңнің осы шумағындағы сөзге «лайықсыз, жөн емес» деп түсіндірілген
[9]. 1939 жылғы басылымда бұл жол «Өзгесі хаққа құл емес» деп келеді. Бұнда да 
сөйлемнің семантикасын түсіну қиын. «Өзгесі хаққа қол (құл) емес» тармағы 
шумақтың ғана емес бүкіл өлең мәтінінің мағынасына нұқсан келтіріп тұр. Абай 
шығармаларының текстологиясымен айналысқандардың ешқайсысы бұл сөзге көңіл 
қоймаған
[10]. Бұл жердегі барлық мәселе осы «қол» немесе «құл» сөзінде тұр.
Енді осы қолданыстағы сөздердің дұрыс-бұрыстығын көз жеткізу үшін алдымен, 
өлеңнің тақырыбын анықтау керек. Тақырып аты – «Алла деген сөз жеңіл» – ақынның 
негізгі ойын тұжырымдай анықтайтын пропозиция, яғни логикада пікір, пайымдау 
болса, тіл білімінде сөйлем. Пропозиция семантикалық құрылым болғандықтан нақты 
мағынаны анықтауға жол ашады. Нақты мағынаны анықтау үшін тақырыпқа сай 
лексика семантикалық топқа жіктесек: Алла, хақ, тәңірі, тағриф, мәужут, ақыл, хауас, 
мутакәллим, мантиқин сияқты мазмұнды анықтайтын тірек сөздерді аламыз. Осы тірек 
сөздерден діни-танымдық микротақырып шығады. Яғни өлеңнің тақырыбы – діни 


20 
фәлсафалық өлең. Фәлсафалық тұрғыдан – 
ةفرعم
الله
( мағрифату Аллаһ) – «Алла тану». 
Енді нысанға алып отырған «қол» сөзіне келсек бұл да жоғарыдағы тілдік бірліктердің 
қатарындағы фәлсәфа, нақты айтқанда мантиқ (логика) термині – 
لوق
(қаул) – сөз, 
айтылым деген мағыналарымен қатар логикада пайымдау (суждение) деген термин 
ретінде қолданылады.
Бұл терминді Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінен кездестіреміз. Ол өзінің 
«Логика ғылымы туралы» трактатында ақылмен пайымдалатын обьектілер туралы айта 
келе: «Осы екеуін, яғни ақылмен пайымдалатын объектілер оны білдіретін оралым – ой 
қорытындыларын ертедегілер
قظُن
(нутқ) – «сөз» және 
لوَق
(қаул) – «айтылған сөз» деп 
атаған. Ақылмен пайымдалатын объектілерді олар 
لوَق
(қаул) – «айтылған сөз» деп 
атаса, ал 
قظُن
(нутқ) – «сөз» деп адамның ішіндегіні, жанында (жүрегінде. – Ә.Ә.Д) 
барды атады. Осы екеуін білдіретін – ақылдағы 
لوَق
(қаул) сөз де жүректегі 
قظُن
(нутқ) 
сөз де сыртқа дыбыс арқылы шығарылады. Адам өзі үшін белгілі бір пікірді растағысы 
келсе, бұл іштегі, көңілдегі «айтылған сөз» (
قظُن
– нутқ), ал сол пікірді басқаларға 
растағысы келсе, ол сыртқа дауыс арқылы «айтылған сөз» (
لوَق
– қаул). Қызметі қандай 
да бір пікірді растау болып табылатын «айтылған сөз» мейлі ол көңілдегі «айтылған 
сөз» болсын (
قظُن
– нутқ), мейлі дыбыспен «сыртқа шығарылған айтылған сөз» болсын
(
لوَق
– қаул) оны ертедегілер силлогизм деп атаған»
[11], – деп трактатында мантиқтың 
(логика) үш басты негізін ашып көрсетеді:
1) Мантиқ – адамның ойлау күші. Ойлау арқылы адам ғылым мен өнерді таниды 
және өзге тірі мақұлықаттардан ерекшеленеді; 
2) Мантиқ – жанда (жүректе) орналасқан сөз (
قظُن
– нутқ); 
3) Мантиқ – дауыс арқылы сыртқа шығарылған, айтылған сөз (
لوَق
– қаул). 
Әл-Фараби «Логикалық трактатында» (
ةيقطنملا لئاسرلا
– Әр-рәсәиʼлу-л-
мантықиа) логикалық пайымға қатысты «қаул» (
لوَق
) сөзінің негізінде:
«қаул би-л-
фиғл»
(
لعفلاب لوَق
) – ассерториялық пайым немесе бір нәрсенің бар екенін мойындауды 
не терістеуді білдіретін пікір; «қаул мисәлии» (
يلاثم
لوَق
) – аналогиялық пайым немесе 
бір нәрсенің ұқсастық, үйлесімділігіне байланысты пікір [12,672], сонымен қатар 
«Китәб әл-хитаба» 
(
ةباطخلا باتك
) – «Риторика» трактатында «силлогистикалық 
айтылым» (
يسايقلا لوقلا
– әл-қаул әл-қиасии)
[12,458]; «күмәнді айтылым» (
لًكشملا لوقلا

әл-қаул әл-мушәккәл)
[12,460] сияқты т.б логикалық терминдерді қолданады.
Әл-Фараби логика-гносеологиялық зерттеулерінде, өзі айтқандай, Аристотельдің 
алты логика кітабын қамтитын «Органон» жинағына сүйенеді. Жоғарыда келтірген 
дәйектемеде біз астын сызып көрсеткен ертедегілер деп нұсқап отырғаны герек 
ойшылдары Платон мен Аристотель. оның формалды логиканың заңы силлогизмге 
(араб. 
سايق
– қиас) қатысты айтқандарын негізге алып отыр.
Міне, Абай өлеңінде осы мантиқ терминін (
لوَق
– қаул) қолданған. Ал енді бұл 
терминнің қазіргі өлең мәтінінде дұрыс оқылмауының себебіне келетін болсақ, 
алдымен, араб таңбалы қадим жазуында араб-парсы сөздері, сөз тіркестері, метатіл сол 
тілдің орфографиялық ерекшеліктерін сақтап жазған. Яғни консонантты дыбыстық 
жазуға негізделген араб жазуында диакретикалық белгілері (харакаттар) сақталып
жазылады. Әсіресе Құран аяттары мен хадис сөздерінде бұл заңдылық қатаң сақталады. 
Кейбір қадими қолжазбаларда араб-парсы сөздері немесе пәндік аталымдардың 
харакаттары (дауыссыз дыбыстың асты-үстіне қойылатын қысқа дауысты дыбыстар) 
қойылмауы да мүмкін. Содан кейбір сөздер дұрыс оқылмай жатады. Сөз қылып 
отырған араб тілді (
لوَق
– қаул) терминін харакатсіз оқығанда қадим жазуында «қол» 
немесе «құл» деп оқуға болады, сөз болып отырған Абай өлеңі мәтінінде солай оқылған 
да. Екіншіден, «қаул» (
لوَق
) сөзін термин ретінде қарастырмағандықтан, яғни аялық 


21 
(фондық) білімнің болмағандығынан дұрыс оқуға көңіл бөлінбеген. Ең басты олқылық 
Абай шығармаларындағы діни-фәлсафалық, логикалық аталымдар мен терминдерге 
түсінік берілмеген, мазмұнына сай текстология жасалмаған.
Қорыта айтқанда, Абай таным теориясындағы Аристотель философиясынан 
бастап классикалық ислам фәлсафашыларының тракттатарындағы «Алла тану», 
«Таухид», «Тасдиқ» іліміне қатысты тұжырымдарды мәтін коцептісі (мазмұнды 
барынша сығып) аясында өзінің он алты жол, төрт шумақ өлеңімен жеткізген. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қоры, КП-336/1, №87 бума. 
2.
Сонда. КП-336/2. № 98 бума. 
3.
Сонда. КП-5020, № 88 бума. 
4.
Сонда. КП-6714/1,
№ 143 бума. 
5.
Қазақ ақыны Ибраһим Құнанабайұғының өлеңі. – Санкт Петербург: 
Восточная электро типография И.Бораганского,1909. – 120 б. (48-бетте). 
6.
Абай. Абай Құнанабай ұлының таңдамалы өлеңдері. Ташкент: Туркестанское 
государственное издательство, 1922. – 293 бет. (144-бетте). 
7.
Абай Құнанабайұлы. Толық жинақ. Алматы: Қазақстан баспасы, 1933. – 402 
б.(193-194 беттер). 
8.
Абай (Ибраһим) Құнанабайұлы шығармалары. Өлеңдер мен поэмалар .1т. – 
Алматы: Қазақстан көркем әдебиет баспасы, 1939. – 284 б. (196-бетте). 
9.
Абай тілі сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов. – Алматы: 
«Ғылым», 1968. – 734 б. (391-бетте). 
10.
Жақыпбайұлы Б. Абай өлеңдерінің текстері. Ақынның туғанына жүз жыл 
толған мерекесіне арналған ғылыми еңбектер. – Алматы, 1945. – 310-338 б; 
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы, 2005. 
11.
Әбу Насыр әл-Фараби. 10 томдық шығармалар жинағы. 1-том. 
Метафизика. Астана: ТОО»Лотос – Астана», 2007. – 336 б. (174- бетте). 
12.
Аль-Фараби. Логические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1975. – 672 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет