Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет14/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Сурдоандрагогика («андрагогика» термині гректің aner, аndros – ересек адам және agugl – басшылық, тәрбиелеу деген сөзінен шыққан) есту қабілеті зақымдалған ересек адамдарды оқыту, білім беру және тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерін зерттейді. Аталған мәселелердің ішінде кәсіби білім беру (бастапқы,орта, жоғары), әлеуметтік бейімдеу мен әлеуметтік–кәсіби оңалтуға бағытталған педагогикалық көмекті белсендендіру. Есту қабілетін жоғалтқан ересектерге арналған оңалту қалпына келтіру бағдарламаларын құруға көп көңіл бөлінеді.

Сурдопедагогика жүйесіне ерте жастан, мектепке дейінгі жастан мектепте, кәсіби білім беру әдістемелері және оқу пәндерін оқыту әдістемелері кіреді.

Кез келген ғылыми білім сияқты сурдопедагогика да басқа ғылыми салалармен (философия, медицина, әлеуметтану, құқық, лингвистика, аудиология) жүйеішілік және жүйеаралық байланыс негізінде дамиды. Сурдопедагогиканың сурдопсихологиямен тығыз байланысы есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін терең зерттеуге, жеке тұлғасының қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге, оқыту мен тәрбиелеу барысында олардың дамуының кемістігінің алдын алу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет