Мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет5/7
Дата08.06.2020
өлшемі100,99 Kb.
#72674
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТРАКТОР 11 ко 21 мех

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

 

1. Тракторлардың жұмыс жабдықтары не үшін қажет?



2. Жұмысшы жабдықтармен қандай жұмыстар атқарылады?

3. Қандай құралдарды жұмысшы жабдықтар деп атаймыз?

4. Трактордың гидравликалық жүйесі қандай қызмет атқарады?

5. Гидрожүйенің құрылысын түсіндіріңіз.

6. Гидрожүйені қандай қалыпта жұмыс істей алады?

7. Насостың, таратқыштың және гидроцилиндрдің жұмысын айтып беріңіз.

8. Аспалы механизмді тракторға бекітудің қандай түрлері бар?

 9. Қуат алу білігінің қызметін айтып беріңіз.

10. Тәуелді куат алу білігін қай кезде қолданады?

11. Тәуелсіз қуат алу білігінің жұмысына талдау жасап беріңіз.

Оқулық тақырыбы
Тракторлар мен автокөліктердің жалпы қозғалысы

ТРАКТОР түлғасы құрылысына қарай рамалы, жартылай рамалы және рамасыз болып бөлінеді. Рамасыз Тракторлар түлғасы көбінесе қуаты аз Тракторларда қолданылады және оның беріктігі жоғары, салмағы жеңіл келеді. Бірақ ол әр түрлі механизмдер тіркеуге икемсіз болады. Тракторлардың рамасыз түлғасы ондағы механизм қораптарынан біріктіріліп жасалынады.

Жартылай рамалы түлғада трансмиссияның қорабына жартылай ғана рама бекітіледі де оған қозғалтқышорналастырылады. Осындай қондырғы көбінесе әмбебап-қатараралық Тракторларда қолданылады.

Қуаты үлкен жалпы жұмысқа арналған ТРАКТОР- ларда көбінесе рамалы түлға қолданылады. Олардың беріктігі жоғары жәнеәрбір механизмдер оған жеке- жеке бекітілетіндіктен күту мен реттеу жұмыстарын жүргізу ыңғайлырақ. Бірақ рамалы түлғасы бар трак- торлардың салмағы ауырлау болады.

Рамалы ТРАКТОР түлғасының екі түрі болады: біріншісі берік етіп тұтас жасалады да, екіншісі екі жартылай рамадан құрастырылады. Рамасы тұтас жа- салатындары көбінесе шынжыр табанды Тракторлар (Т-150, ДТ-75). Дөңгелекті Тракторлар (Т-150К, К-701) рамасы құрамалы етіп жасалады. Жартылай рамадан құралған екі бөлік өзара бұрала алады. Сондықтан да мұндай Тракторларды бүру үшін осы екі жартылай раманы бір-бірімен салыстырғандағы жағдайын өзгертеді. Мұндай құрамалы раманың басқадан артықшылығы — жер бедеріне қарай Трактордың икемделуі жақсарады.

ТРАКТОР тұлғасына реттеу жұмыстары жүргізілмейді. Тек оның бекіністерінің босап кетпегендігін қадағалап отыру керек.

Аспалы тірекке Трактордың түлғасын жүргізгіш дөңгелектермен жалгастыратын механизмдер жатады. Аспалы тіректі багыттағыш қондырғы мен серіппелі элемент құрайды. Бағыттағыш қондырғы кедергі кездескен кездегі дөңгелектердің ТРАКТОР Г түлғасымен салыстырғандағы қалай қозғалатындығын анықтайды. Сол бағыттағыш қондырғының құрылысына қарай шынжыр табанды Тракторлардың аспалы тірегі қатты, жартылай қатты және серіппелі болып бөлінеді.

Қатты аспалы тіректердің серіппелі элементі болмайды. Сондықтан олар жылдамдығы өте аз өндірістік Тракторларда қолданылады. БұлТракторларда тірек дөңгелектері рамамен тікелей жалғастырылған. Сондықтан да тегіс емес жер бедерінен өткенде тез жүрсе, ТРАКТОР қатты теңселіске келеді. Жылдамдіқ 1,7 м/сек аспайды.

Жартылай қатты аспалы тірек қолданылғанда бір жақтағы барлық тірек дөңгелектері бір рамаға бекітіледі де, ТРАКТОР тұлғасымен әр түрлі болып жалғанады (үш нүктелі немесе төрт нүктелі).

Аспалы тіректі ТРАКТОР түлғасына үш нүктелі тәсілмен жалғастырғанда, тірек дөңгелектерінің ра- масының арты жүргізгіш белдеменің осіне топсалы етіліп, ал алды қосымша көлденең рамаға серіппелі элемент арқылы бекітіледі. Ал көлденең рама ТРАКТОР түлғасымен ортасы арқылы бір нүктеде ғана топсалы етіліп жалғасады. Сөйтіп, аспалы тірек ТРАКТОР түлғасымен артқы жағында екі нүкте, ал алдыңғы жағында бір нүкте арқылы жалғасады.

Үш нүктелі жартылай қатты аспалы тіректің осылайша құрастырылғандығынан, тірек дөңгелектері өзара бір-бірімен салыстырғанда жылжи алады. Сондықтан олар жер бедеріне жақсы икемделеді де, теңселуі азаяды.

Төрт нүктелі жартылай қатты аспалы тірек те үш нүктелі тәрізді жасалады, тек айырмашылығы трак- тәрдің алдыңғы жағымен серіппелі элемент арқылы жеке-жеке жалғасады.

Жоғарыда айтылып отырған қатты және жарты- лай қатты аспалы тіректердің бір айырмашылығы онда орналастырылатын тірек дөңгелектерінің санына шек қойылмайды, ал олар неғұр лым жиі орналасса, жер бетіне салмақтың таралуы да біркелкі болады. Сөйтіп, ондай Тракторлардың теңселуі күшейеді. Сондықтан да ондай аспалы тірек аз жылдамдіқпен жүріп, ауыр жұмыстарды атқаратын Тракторларға қойылады.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын негізгі Тракторларды серіппелі аспалы тірекпен жабдықтай- ді. Мұндай тіректердің негізгі қасиеті жер бедеріне қарай оңай икемделеді және серіппелі элементінің көмегімен теңселмелі қозғалысты жұмсартады.

Серіппелі аспалы тіректер құрылыстарына қарай дербес (ДЭТ-250), рьиагты-балансирлі (ТДТ-75) және балансирлі (ДТ-75, Т-150) болып бөлінеді. Осылар- дің ішінде ауыл шаруашылығы Тракторларында балансирлі аспалы тіректер оның жылдамдығын секундіна 5 метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Балансирлі аспалы тіректер тірек дөңгелектері бағыттағыш балансирлерғе ось арқылы айналмалы түрде бекітіледі де, екі балансир өзара топсалы жалғасады. Екі балансир бір-бірінің айналысын серіппе кедерғі тудырады. Сөйтіп сереппелі, балансир және тірек дөңгелектері бір торап құрайды. Мұны балансир торабы деп атайды. Балансир торабыТРАКТОР рамасына ось арқылы топсалы түрде жалғасады. ТРАКТОРға барлығы осындай төрт балансир торабы қойылады. Оның екеуі Трактордың артқы, екеуі алдыңғы болігінің салмағын қабылдайды.

ТРАКТОР кедір-бүдір жер бетімен қозғалғанда, өрбір тірек доңғалағы серіппені қысып, өз балансирлерін ғана көтереді. Серіппе қысылуының салдарынан ТРАКТОР рамасы аздап қана теңселеді. Сөйтіп Трактордың жүрісін жұмсартады.

Дөңгелекті Тракторлардың артқы белдемесіне ас-палы тірек қойылмайды, яғни артқы бедцеме тікелей жүріс дөңгелегіне бекиді. Себебі, аспалы тіректің жұмысын пневматикалық дөңгелектің өзі атқарады. Сондықтан да артқы дөңгелектегі ауа қысымы томен болады. Ал алдыңғы бедцемелерін серіппелі аспалы тірекпен жабдықтайды. Мұндай аспалы тіректің екі түрі: байланысты және байланыссыз түрлері болады. Тракторларда көпшілік жағдайда байланысты аспалытірек қолданылады. Олай деп аталу себебі, оң жақтағы дөңгелектің Бұл қалпы өзгерсе, сол жақ- тағы дөңгелекке де әсерін тигізеді немесе керісінше.

Байланысты аспалы тіректе екі жақтағы дөңгелек бір осьпен жалғасады. Серіппелі элемент кейбір трак- торларда (МТЗ-80) дөңгелек пен белдеменің аралы- ғына, ал кейбір Тракторларда (Т-150К, К-701) белде- ме мен рама аралығына қойылады. Дөңгелек пен белдеменің аралығын жұмсартқанда орамді серіппе, ал белдеме мен рама аралығын жұмсартқан жағдайда жазық серіппе (рессор) қолданылады.

Дөңгелек пен белдеме аралығына серіппелі элемент қойылған жағдайда екі дөңгелектің бір-бірімен байланыстылығы азаяды, тіпті оны кейде байланыс- сыз аспалы тірек деп те атайды.

Барлық аспалы тіректерге жөндеу жұмыстарынан басқа реттелу жұмыстары жүргізілмейді. Тек қана серіппелі элементтің сереппелігін жөндеу кезінде тексеріп, азайып кетсе жаңасымен алмастырады

Қызметтеріне қарай дөңгелектер қозғайтын және басқаратын дөңгелектер болып екі түрге болінеді. Қозғайтын дөңгелектер трансмиссиядан келген ай- налдыру моментін өзінің шеңбер бойында жанама күшке айналдырады. Ол үшін қозғағыш дөңгелектер жер бетімен ілініске түседі. Жер бетімен дөңгелек аралығында пайда болған жаңа күштің әсерінен ТРАКТОР жылжиді. Сондықтан да мұндай дөңгелектерді қозғағыш немесе жетекші дөңгелектер деп атайды. Қозғағыш дөңгелектердің санына қарай Тракторлардың кедергіден отімділік қасиеті өзгереді. Қозғағыш дөңгелектер көп болған сайын Трактордың өтімділік қасиеті де артады. Сондықтан әмбебап-қатараралық Тракторлардың кейбір түрлерін, өтімділігіжоғары етіп, төрт қозғағыш дөңғелекпен жабдықтай- ді. Олар (Т-40АМ, МТЗ-82) ылғалдылығы жоғары, батпақты жерлерді ондеу кезінде қолданылады. Сөйтіп олардың үлкен тарту күшін тудіруын мүмкіндік жасалады.

Қозғағыш дөңгелектер үшін топырақпен жақсы ілініске түсетін тістері бар пневматикалық шиналар пайдаланады. Олардың басқа дөңгелектерден айыр- машылығы — топырақпен ілінісу қабілеттілігі болып табылады.

Басқару дөңгелектері Трактордың алдыңғы бөлі- гінің салмагын қабылдайды жәнеТРАКТОРға жүріс ба- ғытын береді. Трактордың жүріс бағыты осы басқа- рылатын алдыңғы дөңгелектердің қалпымен анық- талады. Сондықтан да оларды бір оське топсалы етіп жалғастырып, сол топса арқылы ТРАКТОР түлғасымен салыстырғандағы қалпын өзгертіп отырады. Тракторды жеңіл басқару үшін дөңгелектердің қалпын реттеу керек. Ондай реттеулер туралы төменде жүріс бөлігін реттеуге арналған тақырыпта айтылады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет