МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет3/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1 Қазақ әдеби тілі


1. 1 Тілдік терминдердің әдеби тілге қатысы және орыс (еуропа) зерттеушілерінің пікірі
Қазақ әдеби тілінің тарихы тіл білімінің бір саласы және ғылыми пән ретінде әртүрлі күрделі лингвистикалық деректермен құбылыстарды қарастыра отырып, оларды тану үшін жалпы терминдерді қолданады. Сондықтан да қазақ әдеби тілі тарихында мына терминдер жиі қолданылады.
Түркі тілі – батыс хун бұтағы мен шығыс хун бұтағы (Н.А. Баскаков классификациясы). Аглютинативті тип. Түркі халықтары мен тайпаларының тілі. Түркі қағанатының алғашқы жазба ескерткіштерінің (VII-VIII) жазылуы.
Қыпшақ тобына енетін қазақ тілі. ХIV-ХV ғасыр қазақ этнонимінің пайда болу кезеңі түркі халқының құрамынан қазақ елі ретінде дербес мемлекеттің қалыптаса бастауы. Қазақ тілі-тарихи Отанында тұрып жатқан жергілікті халықтың атымен аталған тіл.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Қазақ әдеби тілі - халық тілінің стильдік тармақтары сараланған жоғары формасы (ҚСЭ, 1975, 6-том, 233-бет). «Ғылым тілі және әдеби тіл статусы» академик Ә. Қайдаров (Қазақ тілінің өзекті мәселелері. 1998, 180-188 б.); Ш. Сарыбаевтің «Қазақ әдеби тілі тарихының зерттелу жайы мен міндеттері» (Қазақ тіл білімі мәселелері, 2000. 522-611 б.).
Халық тілі - Қазақстан халықтарының тілі Қазақстанда тұрып жатқан 136 ұлт пен ұлыстың, тайпа мен этностардың тілімен шатастырмау мақсатында Қазақ халқының тілі дейміз. Жалпы халықтың тілі - қазақ халқының тілі дегенен шығып, қазақстанда тұрып жатқан халықтың тілі дегенге ойысады. Олардың ортақ сөйлеу тілі - орыс тілі.
Ауыз әдебиетінің тіліне фольклор мен ауыз әдебиетінің тілі кіреді. Айтыла келе ауызша жеткен, бірақ әдебиеттенген бетін ХIХ ғасырда алған дүниелерді айтамыз.
Ауызекі сөйлеу тілі - ол да қазақ тілі арқылы жеткен әдеби тілінен онша алшақ кетпеген көбіне есімелі (оракустикалық) жадылы дағды арқылы жеткен әдеби тіл өмір сүрген форма. Оның қарама-қарсына қойылатын басты құбылысы - әдеби тіл. А.П.Чехов тіл мен ораторлық өнер туралы: «Во все времена богатство языка и ораторское исскуство шли рядом» - дейді. Ал мына еңбекте: «Эмоциональная окраска слова - это способность слова выражать различные чувство» - деген (под. ред. Г.Г. Городиловой, 1991. 57 с.).
Ауызша дамыған әдеби тілде негізінен қатаң орфоэпиялық нормамен реттеліп отырады (Маслов. Ю.С. Введение в языкознание. –М.: «Высшая школа», 1975. –11 с. ) «Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі - құлақ болды. Есту сенумен пара - пар болды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі - көз келді» - деген сөзге біз де келісеміз (Мәдениеттану негіздері, 2000. 51 б.). Ауызша сөзге негізделген қауымдық өмірде адамдар тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) кеңістікте өмір сүрді. Ұрпақтар мирасқоры ретінде танылған, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүр, мифтер немесе фольклор кеңінен дамыды. Ойдың тікелей естілуі адамдардың өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлігін қамтамасыз етті. Жазу тілінің пайда болуы адамдардың естілетін дыбыстық акустикалық кеңістігінен, көзге көрінетін визуальдық көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл - өсиет, даналық ой, көп жылғы тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмайтын болды. «Қаз қауырсынан жасалған қаламсап тіл үстемдігіне шек қойды; ол өмірдегі қасиетті құпияны жоққа шығарды; ол сәулет өнері мен қалаларды, жолдар мен әскерді, бюрократияны дүниеге әкелді. Ол сананы тылсым көлеңкеден жарыққа шығарып, өркениетке бастама болған түбегейлі метосфера болды» - дейді Кукаркин А. (Буржазное общество и культура. –М.:, 1970. –363 с.) Демек, жоғарыдағы аты аталған кітаптың авторлары Т.Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, Құлсариева шындыққа бір табан жақын болды.
Ауызша дамыған әдеби тіл - жазба әдеби тілдің үлгісіне қарағанда арнасы әлдеқайда тар. Ауызша әдеби тілді жеткізуші, тасушылар ақын-жыраулар. Оларда даралық шығармашылық сипат болды. Жалпы ауызекі сөз бірден қалыптаспайды және өз бойында ұзақ жылдыр диалектілік ерекшеліктерін сақтап жүреді. Ал, бұл тілдің қоғамдық рөлі жазбалық қасиеті пайда болғанда артады. Жазба тіл - әдеби тіл өмір сүретін форма. Орфографиялық нормасы көбіне тұрақты болады. Тілдің даму барысында сөйлеу тілі арқылы жеткен сөздердің кейбірін жазба әдебиеті қабылдап әдеби нормаға айналдыруы да мүмкін. Әдеби тіл үнемі жазбалықпен бекітіледі. Жазбалық та, ауызша тіл де үнемі өзара қарым - қатынаста болады.
Сөйлеу тілі - өзіндік орфоэпиялық нормасы бар, сөйлеу мәдениеті, мәнерлеп оқу, көркем оқу деген принциптерді қамтиды. Жазба тілге қарағанда сөйлеу тілі жеке сөздер мен сөз тұлғалары тезірек өзгерістерге ұшырайтыны да белгілі. Қазіргі заманның жанды сөйлеу тілі бірдей болмайды. Сөйлеу тілі - әдеби және әдеби емес болып екі формаға бөлінеді. Әдеби емес тілге - жаргон, диалекті, қарапайым сөздер жатады. Н.А. Мещерский: «Устная литературная речь тоже нормирована, подчинена своду правил орфоэпии» - дейді. Жазба тілді де, ауызекі сөйлеу тілін де адамдар жүзеге асырады.
Жергілікті - жердің ерекшелігіне байланысты әдеттегі қарапайым сөзден өзгеше қарапайым тіл деп таныған қарапайым сөз - сөйлеу тілінің құрамдас бөлігі болып табылады да, өзінің құрамына диалекті сөздерді де қабылдайды. Қарапайым тілдің ерекшелігі кәсіби сөйлеу лексикасымен де айқындалады.
Кітаби тіл - (Китаби тіл. А. Байтұрсынов) Орта ғасырлық дәуірде жасалған жазба дәстүр. Ол жазушылардың өзінен бұрын қалыптасқан тілдік дәстүр. IХ-Х ғасырлардан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі грамматикалық жағынан көптеген түркі тілдеріне ортақ дәстүрі бар тіл. Қолдану аясы төл әдеби тілден басқа болды. Н.Сауранбаев: «Қазақ арасындағы сауатты ақындар қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде (шағатай тілі - автор) жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп ендірген. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабаевтың, Ақмоланың т.б. шығармаларының тілі осындай» - деп Мәшһүр – Жүсіпті де осы қатарға қосқан. Бұл терминді әдеби айналымға енгізген В.Радлов, Васильев. «Шағатай тілі» деген таза әдеби тілді кейде «Кітаби тіл» деу де қалыптасқан. Ә.Құрышжанов «Шағатай тілі» мен «кітаби тіл» деген бір категория емес – дегенді айтады. Р. Сыздықова: «Қазақ жазуы шағатай тілін өзінше «сындырып» пайдаланды» - дейді. Біздің ойымызша, «Кітаби тіл» деген орыс жылнамасынан ауысқан термин Ярослав Мудрыйдың кезінде «учениью книжному» деген желеумен шіркеулік жарғыларды оқыған (Горшков пен Е.Ковалевскаяны қараңыз: Москва, 1969, 1978). Міне, осы тұрғыдан келіп, қазақ жеріне де сауаттарын ашып жатырмыз деген мақсатпен «кітаби тіл» дегенді енгізген. Былай қарағанда бұл түркі елін оның ішінде орыс миссионерлерінің қазақта (қырғыз-қайсақ) менсінбеушілігінен, кемсітушілігінен келіп туған термин.
Шағатай тілі - көне өзбек тілінің ғана мұрасы емес, сонымен қатар қазіргі Орта Азия, Қазақстан жеріндегі біраз халықтардың да мұрасы. ХII ғасырдан бастап, ХV ғасыр арасында қалыптасқан тіл. Шартты түрде «чағатай» деп аталған жазба тіл болғанымен, тілшілер бұл тілді «чағатай» тілі емес, академик А.Н. Смайлович айтқандай «Орта Азия түрік әдеби тілі». Түркі (түрки) тілімен жазылған шығармаларда берітін осы терминдермен атау белең алды. Шағатай тілі мен кітаби тіл жарыса қолданылып, кейіннен кітаби тіл деген термин басым түсті. ХV - ХIV ғасырларда түрік құрамынан бөлініп өз алдына дербес мемлекет құра бастаған түркі халықтарына ортақ тіл. Қазақ халқы да осы тілді пайдаланды. Түркітанушылар орта ғасырлардан келе жатқан орта Азиялық түркі әдеби тіл (көне өзбек әдеби тілі деп танып келді). Ғ. Мұсабаев Араб графикасының негізінде көне түркі тілінің әсерінен (көне өзбек) жазба тілі шағатай тілі қалыптасты бұл тіл кейіннен түркі халқының Орта Азия елдерінің әдеби тілі болды деп жазды. «Абай және шағатай әдебиеті» (Қ.Жұбанов), «Кітаби тілдік (шағатайша) морфологиялық тәсілдер», «Шағатай тұтқынынан» - сөз патшасына» (Р. Сыздықова) құнды мақалалар жазылды. Кітаби деген тіл басқа жұртқа да еншіленді. Мысалы, Мечковскаяның сөзіне көңіл аударсақ: «Потомки переселившихся, а также вывезенных из Крыма в ХIV в. пленных крымских татар (караимов); постепенно забывая родной язык и переводя на белоруский и польский долго сохроняли арабскую графику, так возникали китаби-белорусские и польские тексты, написанные арабским письмами» - дейді (Социальная линг., М. 1996, 109 с.). Бұл Орта Азиялық түріктік жазба тілді Ә. Болғанбаев, Ғ.Қалиев қазақтың ескі жазба әдеби тілі деп атаған. Көне түркі тілін (жазба тілін) қазақ тілінің жазба тілі дей алмаймыз, себебі ол тіл-автономды емес, грамматикалық қатары болған жоқ. Соған қарамастан бұл – тіл, тірі іскер тіл болып қана қоймай, оның ораторлық - шешендік стиль ерекшелігі болды.
Субстрат - белгілі бір тілдің өмір сүріп отырған ортадағы немесе аймақтағы тілді басып озуы.
Суперстрат - тілдің басқа тілді мұрагерлікке еншілеп алуы.
Адстрад - екі тілдік қабаттың қатар өмір сүріп, бірде - бірінің біріне - бірі өктемдігі жоқ тілдер.
Ариальды лингвистика - (латынша: area - площадь (алаң), пространство (кеңістік) Екі тілдің бір кеңістікте тоғысуы. Мысалы, Алтай өлкесі мен Ресей аймағы екеуінің арасында шекара жоқ. Бұрын ТМД мемлекеттерінің тілі солай өмір сүрген. (Кодухов.В.И. Введение в языкознание. Москва «Прос.» 1979; Головин.Б.Н. Введение в языкознание. М., Высшая школа. 1977; Баранникова. Введение в языкознание. Издат. Саратовского универ. 1973; Общее и недоевропейское языкознание. М., 1956, Стр. 112-118.)
Койнэ - грек тілінде: коіне-общее (жалпы) қандайда бір үстемдік етуші диалектінің негізінде пайда болған жалпы тіл. Нақты жағдайда Киев диалектісі мысал бола алады. (Ковалевская.Е.Г. История русского литературного языка. М., Прос. 1978, стр.49). Дифференцация - тілдердің аймақтық бөлінуі негізінде туыстас тілдер мен диалектілердің пайда болуы. (Дифф. Латын тілінен: differo-распространяю, различаю).
Интеграция – қарама - қарсы үрдістердің негізінде тілдер мен диалектілердің қосылуы. (inteqrare- востонавливать целом, об"еднять). Тілдердің дифференцация мен интеграцияға ұшырауының (тілдердің қосылуы мен ажырауының) бірнеше себептері бар: экономикалық, әскери, саяси, мәдени т. б.
Изоглосса - грек тілінде isos-одинаковый (бірдей) glossa-язык(тіл) деген мағынаны білдіреді. Бұл - лингвистикалық картадағы сызық былайша айтқанда шекара. Сол сызықтың ішіндегі немесе сыртындағы диалектілердің таралу аймағын көрсететін шекара.
Креольдық тіл - негізінде креол деп аралас некеден туған адамды айтқан. Ағылшын тілі негізінде Папуа, Жаңа Гвенеяда – ток - писин және хири-мотуда; Крио тілі сол сияқты Сьерра - Леонда; Крио тілі француз негізінде Гаити мен Мартиникада; португал негізінде - Жасыл Мыс аралында және Кюрасо аралымен испандық филипинда
қалыптасты (Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. АСПЕНТ ПРЕСС. Москва 1996 ,113)
Этнос - Тайпалар мен халықтардың, ұлттардың тарихи қалыптасқан этникалық қоғамы.
Этникалық - Қандайда бірдеменің қалыптасуына мүдделі-Халықтың (халықтардың, тайпалардың) тарихи қалыптасқан адамдардың қоғамы.
Диаспора - Бір ұлттың адамдарының өздерінің тарихи Отанынан тыс жерде өмір сүруі.
Узус - қолдануға алынған, сөйлеу дәстүрі. (Латынша : usus-қолдану, дәстүр деген мағынаны береді.) Узальдық - узустың негізінде шыққан, қалыптасқан (окказиональға қарама-қарсы; латынша: occasto-кездейсоқтық деген мағынаны береді.) Қараңыз: Кодухов. В.И. Введение в языкознание. Москва «Просвещение» 1987, 84 с.
Ұлттық әдеби тіл - Қазақстанда өмір сүріп жатқан полиэтникалық тілдердің түптің түбінде барып қосылатын ең жоғарғы формасы болып табылатын қазақ тілінің ғылыми-техникалық саласының жетілген үлгісін меңгере алатын тіл. Бұл орайда Қанағат Жүкештің пікірі ойлантарлық.
Әдеби тіл - А. В. Исаченко пікіріне орай айтылып жүр. 1. Ол поливалентті, ұлттық өмірдің барлық қызмет көрсету орындарында қолданылады; 2. Нормаланған тіл (орфографиясы, орфоэфиясы, гармматикасы мен сөздіктерге түскен тіл); 3. Ол жалпы ұлттық ұжымның мүшелеріне міндетті тіл, диалектілік варианты болмайды; 4. Стилдік жағынан дифференцияланған тіл. Әдеби тілдің қазіргі анықтамасы бойынша ұлтқа дейінгі дәуірде әдеби тіл мүлдем болмаған сол сияқты қазіргі ұлттық тіл пайда болғанға дейін славян халқында жазба тіл болмады [1, с 42.]. В.В. Виноградов: Халықтың тарихында маңызды рөл атқарған әдеби тілдің пайда болу құбылысын қарастыру өте маңызды. Әдеби тілді зерттеу ісін ХIХ-ХХ ғасырмен ғана шектемей тілдің даму барысында біздің мүмкіншілігімізге орай жете алатын тарихи тілдік деректердің барлағын қарастырып барып, біз әдеби тілідің қаншалақты ауқымды екендігіне көзіміз жетететін болады. Сонда ғана әдеби тілдің нақты табиғатын танып, тарихи өзгерістерін көретін боламыз, бұл өзгерістер әдеби тілді зерттеу барысында барынша анықталатын болады дейді [2, с 37-38.]. Әдеби тіл тарихын зерттеу ағылшындарда жақсы қалыптасқан олар әдеби тіл тарихын төрт кезеңге бөліп қарыстырады да көне дәуірге: бірінші ғасыр мен б.д.д. VII-VII ғ. көнеағылшын тайпаларының өмір сүрген ортасы деп танып содан кейін ағылшын халықтарының негізін салды дейді [3, с 20.]; В.Д. Аракин тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі адам ойын біріктіретін акустикалық бейнені, сөзді атап өтеді де, Ф.де Соссюрдің, Л.В.Щербаның пікірлерін қуаттайды [4, с 8-9.]; Б.А.Ильиш көнеағылшын тілінің негізін көнегермандық руникалық жазбалардан іздестіреді ең көне жазба ескерткіштердің бірі- Гот евангелиясы (Вульфил-IV ғ) бұл руникалар II-III ғғ да жатуы мүмкін дейді [5, с 14-15.].

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет