Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Кеспе – қыр. кисп (Будагов, 177). Кеспе көже



бет9/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   227
Кеспе – қыр. кисп (Будагов, 177). Кеспе көже дәмдісі қайта келді, Байеке әшуласын айта келді (М-Ж. ҚШ, 15); Қазақтың тағы бір ұлттық тамағы «кеспе» немесе «салма» деп аталады. Алғашқысын иеленген қамырды жіңішкелеп кесіп жасаса, «салманы» ұннан, тарыдан, күріштен дән салып пісіреді (С.М., 109 б.). Әлімкөже – (еск. қабығынан тазаланған ет қосып айрықша әдіспен жасалған жұмсақ ботқа.). Төңкеріске дейін Түркістандағы Ахмет Яссауидың мешітіне жұма намазынан кейін жиылғандарға әлімкөже беретін әдет болған. Сол асты пісіретін орынды «қазандық» деп атаған, ас қазандары мен асты халыққа үлестіріп беретін астаулар осы күнге дейін сақталған (Оңдасынов, 140). Таган (таған) – треножник, на который ставится над очагом казан (Потанин, 304). Мысалы, М. Қашқари былай дейді: «SARMAШИҚ: кеспенің бір түрі. Қамырды ұсақтап майдалап кесіп дайындайды. Мұны негізінен науқас, сырқат адамдар ішеді» [10, б.585]. Овощты (сәбзені) мал баққан ауылдар сирек қолданған. Олар «тау жуа», қыр жуа» аталатын шөптерді кеспеге турап та, шикі күйінде де жеген. Сазды жерге өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп, жейтін болған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дәмді қышқылтым шөпті де сүйсініп жейді (С.М., 113).
Қонақкөже (қон + ақ + кө + же) арқылы жасалған. Қонақ көже үйге қонуға келген қонақпен байланысты болса керек. Қонақасы мен қанақкөже тығыз байланысты. Өмірімде көрген мейманмын, Қонақкөже ішпестен (М-Ж. 54); Қонақасыларын беріп ертең таң атқан соң бәрін үйге шақырып (М-Ж. 2 т, 67); Алдына ас келтірді балдан тәтті (ГШ, 109); Қонақ сөзі мынандай мағына береді дейді Л. Будагов: «тур. тат. арапша конакъ (отъ) осм. `гость`. алт. конокъ, монг. хонокъ сутки, жизнь. Кавказдықтар қонақтар үшін дайындалған үйді «кунахскій» – деп атайды т.б. бірнеше мағынасы бар [20, б.94-95].
*Көже – «жидкая похлебка» – деп екінші компонентіне Ә. Т. Қайдар түсінік береді (Қайдар, 252). Көжені қазақтар қайнатқан суға бидай, тары не ұн салып ашытады. Сүт қосылмаған қатықсыз «қара көже» – деп аталады. – Ұрғашының асыққанды алдап жөнелту үшін даяр сый асы болады ғой, деп, отызына табаққа салып екеуара жент қойыпты (М-Ж. 9 т. – Б. 73). Же тұлғасы «жем» және «жент» сөздерінің құрамында анықталған сияқты.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет