Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг


«Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі



бет6/7
Дата22.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#24029
1   2   3   4   5   6   7
«Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі
Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.
Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу 
2. Ақылдылық 
3. Ұқыптылық 
4. Кең пейілділік 
5. Қарапайымдылық 
6. Әділдік 
7. Ашықтық 
8. Өз бетінділік 
9. Принциптілік 
10. Шыншылдық 
11. Өзіне сенімділік 
12. Еңбекқорлық 
13. Батылдық 
14. Тұрақтылық 
15. Төзімділік 
16. Сабырлық 
17. Тіл табысушылық 
18. Саналылық 
19. Бауырмалдық 
20. Сыпайылық

Достық және сенімділік” туралы жаттығулары



1.      «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту .

Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .

2.      «Сенімділік» жаттығуы .

Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .

Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .

3.      «Биіктік»  жаттығуы .

Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .

Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .

Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:

-          Белгі  қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

-          Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

-          Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?

-          Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме

Сөйлеу мәнерін қалыптастыруға және іскерлік ойындары

1.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

2. «Комплимент» ойыны.

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

3.Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Мұғалімдерге арналған тренингтер

1.«Шеңберден басып өту» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенім, ынтымақтастықты қалыптастыру.

Ойыншыларды шеңберді қалыптастыруға бұйырыңыз. Әрбір ойыншы қарама-қарсы кім тұратынын анықтайды. Сіз «жүр» дегенде әрбір ойыншы көзін жұмып шеңберден өтіп және қарама-қарсы тұрған ойыншының орнына тұру керек. Мұны барлық ойыншылар бір сәтте істеп және көздерін ашпау қажет! Әдетте қатысушылар шошынады да, бірақ ақырын-ақырын үйренеді. Кейін ойыншылардан көздері жабық болған кезде не сезінгендерін сұраңыз. Жаттығу шынайы өмірмен қалай сәйкес келеді?

2.«Кім көшбасшы?» жаттығуы

Топтың шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Ойыншылардың ішінен өз еркімен бөлмеден шығуды бұйырыңыз. Шеңберде тұрғандар өз ішінен жасырын көшбасшы таңдап алу керек. Бұл көшбасшы әрекетті бастауы қажет. Мысалы, шапалақтап немесе аяқпен жерді бір тарс ету шарт. Әрекет әр 15 секунд сайын ауысып отыруы қажет. Шеңбер бойында тұрған қалғандары оған қарамай көшбасшының әрекетін қайталайды. Ерікті ойыншы бөлмеге бұл әрекет жүйесін орындауға қайтып келеді. Еріктіге көшбасшыны табуға үш кезек береді.

3.«Көшбасшыға ілесу» жаттығуы

Ойыншыларды шеңбер бойына тұруды сұраңыз. Көшбасшы шеңбердің ортасына тұрып шеңбер бойымен жүгіріп және «мен сияқты істе» деп дауыстайды, ал топ «мен сияқты істе» деп оның артынан қайталайды. Кейін көшбасшы шеңбердің сыртынан шығып «мен сияқты істе» деп қайталай береді.

Көшбасшы мен билеп жатырмын, мен секіріп жатырмын, т.б деп айта бастайды. Топ көшбасшының қимылын қайталайды. Көшбасшы барлығы шаршағанша мен сияқты «істе» деп қайталай береді.

4.«Вербалды емес қарым-қатынас» жаттығуы

Топтан екі тыңдаушы таңдалынып «тарабар» тілінде сөйлесуі ұсынылады. Әңгімелесуде өз тілінен басқа тілдің бәрін (немесе екеуіне де сүйікті тілден басқа) пайдалануға болады, ол мимика, дыбыстау, қолдарын сермелеу болу мүмкін.

Екі мұғалімнің міндеті - бір-бірімен әңгімелесу, тіпті пікірталас жасау ойын кезінде партнерлер бір-бірінің пікірлерін мұқият қадағалауды оның ойын көрсете алатын ерекшеліктерін, белсенділігін бақылау арқылы серіктестігінің не айтқысы келіп тұрғанын түсінуге тырысады.

Көрермендердің міндеті - пікірлесуші екі адам не жайында айтып отырғанын ұғыну.

Диалог аяқталған соң алғашында бақылаушылардың пікірлері, содан кейін әрбір ойыншы өз пікірлерімен не жайында айтқаны туралы бөліседі. Ойынның екінші кезеңінде барлық ойыншылар үштіктерге бөлінеді. Әрбір үштікте - бақылаушы және бір-бірімен «тарабар» түрінде пікірлесуші екі ойыншы болады.

Қалған тыңдаушылар пікірлесудің әр сәтін қалт жібермей қадағалайды да, әңгіменің тақырыбы не жайында екенін анықтауға тырысады.

5.«Тыңдаушы жұптар» жаттығуы

Ойыншыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз. Жұпта бір ойыншы екіншісіне бақытты сәтін суреттеп беру керек. Тыңдаушы ештеңе айтпау шарт, тек айтылып жатқанға мұқият көңіл бөлу қажет. Бірнеше минуттан кейін тыңдаушылар естуін доғаруын сұраңыз. Бұл кезеңде айтушы өз оқиғасын жалғастыра береді, бірақ тыңдаушы оған көңіл бөлмей ғана тыңдайды. Оған есінеуге, бұрылуға немесе ысқыруға болмайды. Маңыздысы оның жұбы айтып жатқанын тыңдаушы естімейді. Бірнеше минуттан кейін оларды тоқтатыңыз. Содан соң тыңдаушы мен айтушы орындарын ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Ойын аяқталған соң ойыншылардан қызықтырған және қызықтырылған тыңдаушылардың айырмашылықтары өзгерді ме? Жаттығуды талқылаңыз.

6.«Қағаздарды жинақтау» жаттығуы

Мақсаты: Қарым-қатынас және қабылдау дағдысын дамыту

Барлық ойыншылардан көздерін жұмуды сұраңыз. Оларды қарамауға бұйырыңыз! Жүргізуші барлығына қағаз таратады. Ойыншыларды қағазды екі бүктеуге және бүктелген қағаздың оң жақ бұрышын жыртып алуды сұраңыз. Кейін тағы бір рет екі бүктеуге және сол жақтағы бұрышын жыртып алсын. Қарауға болмайтынын ескертіңіз! Енді көздерін және қағазды ашып қалған ойыншыларға көрсетсін.

Қағаздың парақтары әртүрлі кесіледі. Ойыншылардан бұл жаттығу не байқатқанын сұраңыз. Біріншіден, ең жеңіл нұсқауларды да әркім әртүрлі түсінеді.

Біз жиі ойлаймыз, айтылған нәрсеміз басқаларға түсінікті болатындығы, тек кейін айтылған нәрсемізді әркім басқаша қабылдайтынын аңғарамыз. Барлығы нұсқауды дұрыс орындады, бірақ қорытынды әртүрлі.

7.«Кеден» жаттығуы

Ойыншылар ішінен екі «кеден қызметшісі» және екі «шетелдік» таңдалынып алынады. «Екі кеден қызметкерінің» міндеті «шетелдіктермен» сөйлесу барысында олардың қайсысы «контрабанда» алып өткізгісі келгенін анықтау. «Багаж» ретінде «кеденшілерге» «шетелдіктер» алып келген екі кітап болуы мүмкін, ал «контрабанда» ретінде біреуінің ішіне салынған бір парақ қағаз болуы мүмкін. «Кеденшілер багажды» тексеруге құқығы жоқ. Ол өздерінің байқағыштығы мен сезімталдығына сүйеніп өз мақсаттарына жетуге тиіс. «Шетелдіктер» сыртта өздерінің қай елден, қандай мақсатта келгендігі жайлы аңыз ойлап шығарып жатыр. «Шетелдердің» негізгі мақсаты «кеденшілермен» әңгіме барысында күдік тудырмайтындай аңыз ойлап шығарып, кеденшілердің көңілін аулау. Әңгіме «кеденшілердің», «шетелдіктердің» қайсысында «контрабанда» жасырылғанын анықтауға дейін жалғасады. Жауап алынғаннан кейін басқа ойыншылар өздерінің шешімдерін айтады. Тек содан кейін ғана «шетелдер» мойындайды.

Ойын соңында ортақ пікірлесу болады, пікірлесу барысында топ мүшелері қай жауап және неліктен дұрыстығын сұрыптайды. «Кеденшілер» мен көрермендердің қандай белгілер арқылы «шетелдіктер» «контрабанда» жасырынғаны және қайсысында екендігі анықтағаны белгілі болады.

8.«Карусель» жаттығуы

Қатысуышылар карусель тәртібімен отырады (немесе тұрады), яғни бір-біріне қарап екі шеңбер құрып тұрады: ішкілер қозғалмайды (ойыншылар ортаға сырттарын бұрып тұрады) және сыртқы қозғалатын (ойыншылар шеңбердің ортасына қарап тұрады). Тренердің белгісі бойынша сыртқы топтың ойыншылары бір немесе екі адым оңға қарай жасайды немесе өздерінің оң жағында тұрған орындықтарға отырады және басқа партнердің алдына келіп тұрады. Ойында ондай ауысулар бірнешеу. Сонымен қатар ойыншылардың рөлін тренер өзі өзгертіп отырады.

Жағдайдың мүмкін болатын мысалдары:

  • сіздің алдыңызда көңілсіз, бір мазасыз күйге түскен адам оның жанына барып әңгіме бастаңыз, тыныштандырыңыз.

  • сіздің алдыңызда бірінші сыныпта бірге оқыған сыныптасыңыз келеді. Сіз оны бірден танымадыңыз, себебі сол көп жылдан бері көрмеген едіңіз. Шамалы уақыт ойланғаннан кейін сіз оған жақындап, сөйлесесіз...

  • мектеп алаңында сіздің өз сыныбыңыздағы екі оқушы төбелесіп жатқанын көресіз.

Сізді көре сала біреуі қашып кетеді, екіншісі орнында қалады. Онымен сөйлесіп жағдайдың себебін анықтаңыз.

Әңгімелесу мен қарым-қатынас бекіту уақыты әрбір жағдаятта 2-3 минут. Содан кейін ойын басқарушы белгі береді, ойыншылар 30 секунд ішінде басталған әңгімені аяқтауға тиісті, қоштасып, оң жаққа келесі партнерға қарай ауысады.

9.«Ұстаз бен ұстаз арасындағы қарым-қатынас» жаттығуы

Мақсат: Ұстаздардың арасындағы қарым-қатынасын үйлестіру.

Барысы: Мұнда мұғалімдерге өзіне ұнайтын әріптестірінің атын немесе суретін салдыру тапсырылады. Әр суретке сипаттама беріледі. Неге? Не үшін? Қай іс-әрекеті жағымды? деген сұрақтар арқылы олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы өзгереді .

10.«Біздің ұйымшыл топ» жаттығуы

5-6 адамнан 4 команда құру. Оларды жеке столдарға отырғызу. Әр командаға фломастерлер, қаламдар беріледі. Әр топ өздері таңдаған тақырыпқа сурет салады. Қатысушылар сурет салып жатқанда тыныш баяу музыка қойылады. Суретті салып болған соң әр команда қалаулары бойынша суреттердің атын атап мазмұнымен таныстырады. Қалған командалар сол суреттерге қатысты өз эмоцияларын білдіреді (секіру, үндемеу).

«Қақтығыс» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларды жұп-жұпқа бөледі. Ойланыңыздар, сіздер жанжалға қатысушыларсыздар деп, әр қайсысына жауапкершілік артады.

  • қақтығысты бастау;

  • қақтығыстағы дәнекер;

  • қақтығысты тоқтату.

«Жанжалға не әсер етеді?» - деген сұраққа жаттығу соңында жауап бере отырып, қатысушы өз тапсырмаларын қорғайды. Жүргізуші жанжал кезіндегі мінез - құлықты қадағалап отырады.

Жүргізушіге кеңес:

  • Қақтығыс кезінде мені не мазалайды?

  • Қақтығыс маған қалай әсер етеді?

  • Жақсы жаққа қалай өзгеруге болады? - деген сұрақтарды қолданады.

«Екі жақты пайда» деген ұғымды ашу. Қажет болса қақтығыс кезінде қолданылатын дене жаттығулары жасалынады.

11.«Мейірімді есім» жаттығуы

Мақсаты: эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон жасау.

Әр тыңдаушыға оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады (енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды).

12.Тиімді қарым-қатынас деңгейін дамытуға арналған «Туған күн» жаттығуы

Бұл жаттығуды тілек айту ауызша (вербалды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілгендіктен қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және қарым-қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың бір -біріне деген сенімдері күшейді.

13.«Менің күшті жақтарым» жаттығуы

Қатысушылар жұпқа бөлінеді, серіктестер өздерінің бала тәрбиесіндегі өзара мәселелерін бір - біріне айтады. Егер кімде - кім қиналса, тренер өзі бағыт береді. Әңгімелесуші адам серіктесін тыңдап болғаннан кейін оның мінез – құлқының күшті жақтарын табатындай жағдаятты талдайды. Рөлдер ауысқаннан кейін шеңбер бойына отырып талқылау болады. Енді мұғалімнің өзінің жағдаят мінезінің қандай күшті жағын көрсеткенін әңгімелейді.

Кездесу соңында мұғалімдер өз сезімдерімен бөлісіп, психологтың келесі сұрағына жауап береді: «Бүгінгі жаттығуда сіз үшін не пайдалы болды?».

  1. балаға деген сүйіспеншілік

  2. тұрақты қатынас

  3. аса қамқор болу

  4. шектен тыс талап қою

  5. парықсыздық

  6. қатаң қару.

14. «Мен сені түсінемін» жаттығуы

Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 мин ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі ойын ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен бөліседі. Оған 5 мин уақыт беріледі.

Жүргізушіге кеңес: қатысушылар жаттығу басталмас бұрын өздеріне серіктес таңдаулары қажет. Белгілі уақыт аралығында қатысушылар өз беттерімен жұмыс істейді. Содан-соң бір-бірінің пікірін талқылайды. Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшек. Сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін педагог міндеті түрде оқушының іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады.

15. «Мен және басқалар» жаттығуы

Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өздерінің автопортреттерін салады.

Парақтың шет жақтары бос болуы тиіс. Жоғарғы жағына өзінің аты-жөнін жазады. Уақыты 10минут. Жұмыс аяқталған соң, мұғалімдер өз суреттерін әріптестерімен ауыстырады, барлық мұғалім өз аты-жөндерін қалағандарынша жазып шығулары қажет. Жұмыс толық аяқталған соң талқылау жүргізіледі.

Талқылау:

  • Сенің автопортретің өзіңе ұнайды ма?

  • Тағы кімдікі ұнайды?

  • Кім туралы білу саған қызықты болды?

16. «Менің есімім» жаттығуы

Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өз есімдірін әсерлеп жазулары тиіс.

Жұмыс аяқталған соң жүргізуші жинап алып, педагогтарға көрсете отырып сұрақ қояды:

  1. Есімің өзіңе ұнайды ма?

  2. Есіміңнің мағынасын білесің бе?

  3. Есіміңді кім таңдады, кім қойды?

Талқылау:

  • жаттығу ұнады ма?

  • Қандай есімдер ұнайды?

17. «Сөздерді құраймыз» жаттығуы

Өз есімдерінің әріптерінен сөздер құрау қажет. Талқылау кезінде балалардан жаттығу жасау қияндыққа түсті ме, жоқ оңай болды ма деген сияқты сұрақтар қоюға болады.

18. «Сүйікті өзіме хат» жаттығуы

Жаттығу жеке-жеке орындалады. Әр педагог өзінің «меніне» қалағанынша хат жазады. Кім оқығысы келсе, сол педагогты оқытуға және көпшілік талқысына салуға болады.

Көңіл күй” жаттығулары



1.«Көңіл күй түсі» атты жаттығу.

Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып, оны осы сәттегі көңіл күйлеріне байланыстыра отырып сипаттайды.

2.      «Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» жаттығу.

Сіздерге келесітапсырма. Бірінші тұрған адамөзінен кейінгі екінші адамға қолын созып, сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын дейді, ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға осы сөзбен қолын созады. Осылайша «тізбектеле» барлығы бір бірінің қолынан қстап шеңбер құрады.

3.Өзіндік таңдау 

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз

дегенде он түрлі жауапты жазып, тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат ілінеді.

Сөздер тізімі: сүйкімді, әлсіз, жағымды, әділ, мақтаншақ, еңбекқор, ақылды, мықты, қу,

күлкілі, шыдамды, сенімді, жаңымсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, сыпайы, ұялшақ, ұяң, сұлу, тәк мінезді, нәзік, күшті, қызғаншақ, белсенді, мейірімді, шыншыл, инабатты, қамқоршы, ұрысқақ, әуесқой, білімді, тапқыр, көпшіл, мінезі тұйық, т.б.

4.      Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»

Мына сөйлемді аяқтаңдар.

Менің ойымша, мен ...

Өзгелер мені ...

Мен келешекте ...

5.      Жаттығу «Ыстық орындық»

Қазір сендер жайлы өз сыныптастарың не ойлайтындарын бәлесіңдер және өздерің жайлы өз ойларыңмен салыстырыңдар. Оқушылар кезекпен шеңбер ортасындағы орындыққа отырады, ал қалған ойыншылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін жоғарыдағы сөздер тізбегінен сәйкес келетін сөздердің ішінен таңдап немесе өзі ойынан айтуларына болады. Кейін оның қаншалықты «Менің ойыша мен ...» деген сөйлемді аяқтаған кездегі жазған анықтамасына сай келетінін анықтау керек.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренингтер

1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау, қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын
. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет