Микробиология Тақырыбы: Нәрестелер иммунитетіндегі иммуноглобулиндердің ролі


Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі



бет3/3
Дата20.04.2024
өлшемі1,08 Mb.
#201064
1   2   3
Байланысты:
Әшок микро
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі
Нәресте уақытында туылса, жасушалардың фагоцитарлық белсенділігі анасындағыдай болады және 3-4 күнге қарай жоғарылайды. Лизоцим деңгейі анасының қанындағыдан жоғары болады. Дені сау баланың ағзасында пропердин мен комплемент мөлшері анасының ағзасындағы мөлшерден айтарлықтай төмен болады. Олардың орташа көрсеткіштерінің бала өскен сайын жоғарылап, ересек адамның деңгейіне жатады. Бейспецификалық иммунологиялық реактивтілік факторларының құрамының барлық өзгерістері негізінен өмірдің бірінші аптасында жүреді.
Балалар иммунитетінің 5 ерекшеліктері
1) Дамудың 17-аптасында ұрықтағы IgG мөлшері шамамен 0,1 г/л болады.
Жүктіліктің соңғы апталарында IgG мөлшері олардың анасынан плацента арқылы тасымалдануының есебінен едәуір артады.
◊ Бұл антиденелер ана сүтімен берілетін антиденелермен қатар баланы алғашқы 3-6 айларда әр түрлі инфекциялық аурулардан қорғайтын енжар (пассивті) иммунитетті қалыптастырады.
◊ Басқа иммуноглобулиндер плацента арқылы өтпейді. Секреторлы IgAS ұрықта шамалы мөлшерде өмірінің 3-4 айында пайда болады.
◊ Балада өмірінің 2-ші және 6-шы айларының аралығында өзінің IgG синтезі әлсіз жүреді. Біріншілік иммундық жауап IgM антиденелерінің синтезімен көрінеді. 1-ші жылының соңында IgG мөлшері ересектердердікінің 50-60%, ал IgA шамамен 30% құрайды. ◊ ◊ Секреторлық IgAS өмірінің 3-айынан кейін секреттерде пайда болады. Алғашқы 4 жыл бойы кейбір секреттердегі олардың концентрациясы ересектердікінен 4-5 есе төмен, сол себепті жергілікті иммунитет төмен болады. Ішекте IgAS жетіспесе, балалар тағамдық аллергияға шалдығады.
2) Өмірінің 3-6 айлары. Анасының антиденелері жойылуымен байланысты пассивті гуморальды иммунитеттің әлсізденуімен сипатталады. Көптеген антигендер енуіне біріншілік иммунды жауап түзілуі байқалады, IgM антиденелерінің синтезі басым келеді. Иммунды ес жасушалары түзілмейді. Тек 2-3 қайтара антигенді енгізгеннен кейін IgG синтезі басым болатын екіншілік иммунды жауап көрінеді. Иммунды ес жасушалары түзіледі. Жергілікті иммунитеттің жетіспеушілігі сақталады. Бұл кезде тұқымқуалайтын иммундық жетіспеушіліктер айқындалады.
3) 2 жас, баланың сыртқы ортамен контакттері кеңейеді. Бұл кезде антиденелер синтезінің IgM-нан IgG-ға көшуі жүреді. Алдымен IgG1 және IgG3, кейіннен IgG2 және IgG4 антиденелері пайда болады. Алайда жергілікті иммунитеттің әлсіз белсенділігі сақталады. Иммунды жүйенің мәнсіз аномалиялары, иммунопатологиялық диатездер, иммунокешенді аурулар жиі айқындалады.
4) 4-6 жас. IgM мен IgG антиденелерінің концентрациясы ересектердегі мөлшерге жетеді; IgA қандағы деңгейі әлі де төмен; IgE мөлшері артады. Кеш иммунодефициттер айқындалады.
5) Критикалық кезең жасөспірімдік кезеңге сай келеді: ұлдарда – 14-15 жастан, қыздарда – 12-13 жастан. Жыныс гормандары – андрогендердің секрециясының нәтижесінде жасушалық иммунитеттің басылуы мен гуморальдық иммунитеттің стимуляциясы жүреді. Қандағы IgE мөлшері төмендейді. Аутоиммунды, қабыну және лимфопролиферативті аурулар жиілейді.
Көрсетілген иммунды жүйе қалыптасуының критикалық кезеңдерінде иммунды жауап күшінің тұқымқуалайтын өзгерістері мен иммунопатологиялық жағдайлар әсіресе жиі байқалады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Поздеев А.В Медицинская микробиология //М.Медицина, 2004, 382с.
2.Воробьев А.А., Микробиология //М. Медицина, 1999 г. - 318с.
3.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. 1998г.
4.Покровский В. И. Медицинская микробиология // С-Петербург: Специальная литература 1998г. 1184с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет