Иеленбеу жолымен таратпау...
Адамзат қоғамдастығы ядролық қарудың «сыртқа тебу» күшін
едəуір əлсіретуге мүмкіндік беретін жолдар мен əдістерді іздестіруден əлі
жалыққан жоқ. Таратпау жəне қарусыздану ісіне нақ əмбебап
соқпақтардың қажеттігін көбірек ескеретін жаңа саяси тəсілдер керек жəне
де соны ескеріп қана қоймай, іс жүзіндегі əмбебаптықты ескеретін тəсілдер
керек.
Бұл дегеніңіз халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілі ретінде
таратпау режимін барша мемлекеттерге түп-түгелімен қатысты қамтамасыз
ететін механизмі жасалуға тиісті деген сөз. «Алаңдарды атқылау» емес,
əрбір мемлекетке жол таба білу керек. Бүгінгі таңда ядролық қаруы бар
жəне ондай қаруы жоқ мемлекеттер іргелес орналасқан əлдебір
континенттер мен аймақтарды бірден ядролық қарусыз ету əрекеттері бос
əурешілік. Бұл міндетті, осы процеске бір мемлекеттен соң екіншісін
тартып, сонымен бірге əлдебір себептермен ядролық статустан айырылу
120
мүмкін емес деп санайтын мемлекеттердің де бар екенін ескере отырып,
бірте-бірте ғана шешуге болады.
Мəмілелі əмбебаптық принципін орнықтыруға тырысып көру қажет:
ядролық қару таралып кетті жəне бəріміз мұны болары болып, бояуы
сіңген, күмəн келтіруге немесе қайта қарауға болмайтын факт деп
мойындаймыз, бірақ ядролық қару одан əрі таралмауға тиіс екенімен
бірауыздан, сөзсіз келісеміз. Сөйтіп біз тек қана ізгі ниетке сүйеніп, қазіргі
ядролық шекара- ларды нобайлауға, содан соң оның бұзылмауына
ұжымдық күш-жігер жүмсауға тиіспіз. Ал болашақта... Шекаралар
бұзылмауға тиіс, бірақ олар бастапқы себептің өзі - ядролық қару ғайып
болғанша ұдайы тарыла беруге тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда мундай шарт иеленбеу жолымен таратпау
принципіне сүйенеді. Сəйтіп бірден үш принципті: иеленбеу жолымен
таратпау, орналастырмау жолымен таратпау жəне сынаққа тыйым салу
арқылы таратпау принциптерін қамтитын өзіндік бір қондырма пайда
болады.
Оқырман мұны толып жатқан казуистика деп ойламасын, өйткені
таратпаудың барлық принциптерін біріктіру, яғни əмбебаптандыру - осы
заманғы негізгі міндет. Осы міндетті тиімді шешіп қана, адамзат еркін
тыныстап, өзінің алдағы тарихи жолындағы: «Қауіпті! Ядролық қару!»
деген ескертпе белгіні алып тастай алады.
Ғаламдық қос полярлық тайталас дəуірінде мəмілелі əмбебаптық
принципінің ең мінсіз іске асуы Ядролық қаруды таратпау туралы шарт
болды десем қателесе қоймаспын деп ойлаймын. Ол ядролық қарудың
таралу жолына бөгет қоюға, сол арқылығаламдық жəне аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық механизміне айналуға тиіс
халықаралық қуқықтық құжат еді.
1968 жылы 1 шілдеде Женевада аса ірі үш ядролық Держава мен
ядролық қаруы жоқ бірқатар елдердің басшылары Ядролық қаруды
таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қол қойды.
1970 жылға қарай Шартқа дүниенің 40-қа жуық елі қол қойып,
бекітті. Ол 1970 жылы 5 наурызда күшіне енді. 1995 жылға қарай Таратпау
туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің саны 175-кежетті. Олардың
арасында Шарт мəтіні бойынша: «1967 жылғы 1 қаңтарға дейін ядролық
қару немесе басқа ядролық қурылғы өндіріп, жарған» ядролық мемлекеттер
де болды. Бұл мерзімге дейін, АҚШ пен КСРО-дан басқа, өздерінің
алғашқы атом бомбаларын тағы да үш держава: Ұлыбритания мен
Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі, Қытай Халық Республикасы жене
121
Француз Республикасы жарып үлгергені белгілі.
Франция өзінің алғашқы сынағын 1960 жылы 13 ақпанда өткізді.
Сөйтіп Францияның халықаралық сəтсіздіктерінен - Суэц дағдарысынан,
АҚШ-тың қырын қарауынан, КСРО-ның қоқанлоқысынан бастау алған
ұлттық ядролық бағдарлама ойдағыдай аяқталды.
1964 жылы Лобнор көлінің маңын қуатты жарылыс дірілдетті.
Қытай Халық Республикасы өзінің ядролық əлуетін бүкіл əлемге осылай
паш етті. Айта кету керек, Қытайдың ядролық бағдарламасында оның іс
жүзінде шектеусіз интеллектуалдық жəне техникалық ресурсы көрінді.
Біріншіден, Сталин ядролық қарудың «ұлы ескекші» қолында нендей
құралға айналатынын түсінгеннен кейін, Кеңес Одағы Пекиннің атом
қаруын жасауына көмектесуді доғарды. Екіншіден, Қытай физик-
ядрошыларының ірі бір тобы əр кездерде АҚШ- қа көшіп алған болатын.
Кейінірек, By, Ли, Цзюндао, Янг, Самуэль Тинг секілді жəне басқа
көптеген есімдер Құрама Штаттардың іргелі жəне қолданбалы ядролық
физикасының мақтанышына айналды. Соған қарамастан, өзінің ядролық
міндетімен бетпе-бет қалған Қытай бағдарламасын ойдағыдай орындап
шықты.
Бүгінде біз БҰҰ-ның ядролық елдерден тұратын Қауіпсіздік Кеңесі
туралы айтқанда «Үлкен бестік» демей, «Үлкен жетілік» деп жүруіміз
əбден мүмкін еді.
1967 жылға дейін-ақ кемінде Үндістан мен Израильде ядролық
құрылғы жарылысы үшін қажетті техникалық құралдардың толық (немесе
толық дерлік) көлемі болды. Бірақ тұрлі себептермен ол сынақтар жасалмай
қалды.
Сайып келгенде, АҚШ, КСРО, Қытай, Ұлыбритания жəне Франция
ядролық кару таратпау туралы Шарттың «Үлкен бестігі» дейтінді құрады.
Өз кезегінде Ұлыбритания, КСРО жəне АҚШ шарт мəтініне сəйкес,
депозитарий-елдерге айналды. Шарт қурамына кіріп, оған қол қойған əрбір
ел бекіту грамоталарын депозитарий-үкіметтерге тапсыруға тиіс болды.
1990 жылдардың басында қуаты жағынан əлемдегі төртінші ядролық
арсеналға ие болған Қазақстан, аса ірі ядролық державалар жариялаған
қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандум қабылданғаннан кейін, Шартқа
ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Қосылды.
Шартқа кіргеннен кейін, процедураға сəйкес, біздің ел сондай-ақ
Атом энергиясы жөніндегі агенттікпен кепілдіктерді қолдану туралы тиісті
келісім жасасты.
Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа кіру мен қатысудың
122
процедуралары белгіленді, оларға сəйкес, қатысушы елдер атом энергиясы
жөніндегі халықаралық агенттікпен қосымша келісім жасап, өздерінің атом
энергиясын пайдаланып жұмыс істейтін өнеркəсіптік немесе зерттеушілік
объектілерін МАГАТЭ кепілдігіне қоюға тиіс болатын. Бұл, əлбетте,
Шартқа қатысушылардың ядролық реакторларды тек қана бейбіт мақсатқа
пайдаланып, ядролық энергетика мен іргелі зерттеулер саласындағы
прогресті одан əрі дамытуына тыйым салмайтын.
Сөйтіп ядролық қаруды таратпау принципі сақталды да, соның
негізінде Шарттың күшіне кіру сəтінде ядролық жəне ядролық қарусыз
державалар мүддесін уштастырудың сəті түсті: ядролық қаруы бар елдер
оны таратпайды, ядролық қаруы жоқ елдер қабылдамайды. Бұл əмбебаптық
рухында білдірілген мəмілелі шешім болатын. Алайда тұтас бір елдер, əр
қилы себептермен, таратпау режиміне кірмеді де, мұның өзі Шарт күшінің
барынша əмбебаптығын соққы өтіне қойды.
Сонымен Шарттың қабылдануы жаппай қарусыздану жəне
«ядролық» жанталаса қарулануды тежеу процесіне баға жетпес үлес
қосқанында ешқандай күмəн жоқ. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегі
іс жүзінде «таратпау жолымен иеленбеу» формуласының ықпалымен өтті.
60-жылдардың аяғында Таратпау туралы шарттың қабылдануы
көптеген дамыған жене дамып келе жатқан елдердің жаппай ядролық
қаруға ие болуының шаң берген процесін айтарлықтай тежеді. Мамандар
берген көптеген бағалар бойынша, атом бомбасының Аламогордадағы
алғашқы сынағынан кейінгі 20-30 жыл барысында, халық тұратын барлық
континенттерде кем дегенде жиырмадан астам ел ядролық қару иеленуге
тиіс еді. Бірақ болжам іске асқан жоқ.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ықпалымен көптеген
елдер не өздерінің ядролық бағдарламаларын доғарды, не одан мүлдем бас
тартты. Қалай десек те, таратпау ауанының ықпалды сипатқа ие болтаны
соншалық, ядролық кеудемсоқтық халықаралық қатынастарда, бейнелеп
айтқанда, «надандық белгісіндей» көрініп, елдердің бір бөлігі атом қаруын
пелену жөніндегі өздерінің анық мүмкіндіктерін тым ашық аңғартпауға
мəжбүр болды.
Таратпаудың халықаралық режимі іс жүзінде планетаның барлық
аймақтарында «ауа райын» едəуір жақсартты. Кеңес Одағының бұрынғы
республикалары, тəуелсіздік пен егемендікке ие болып, өздерінің ядролық
əлуетінен толық арылуға кірісті. Атап айтқанда, Қазақстан КСРО
ыдырамай турып-ақ əлемдегі ең ірі атом сынақтары полигондарының бірі
Семей полигонын бір жақты жапты да, тəуелсіздікке ие болғаннан кейін
123
ядролық арсеналдан да арылу туралы шешім Қабылдады.
Ядролық қару қоры бар Оңтүстік Африка Республикасы ақыр
аяғында өзінің ядролық қарусыз статусын жəне Ядролық қаруды таратпау
туралы шартқа кіретінін жариялады. Көптеген «табалдырықта» тұрған
елдер Ядролық қару саласындағы өз жұмыстарын одан əрі дамыту ісін
тоқтатуға мəжбүр болды.
Таратпаудың жалпыға бірдей режимі мынаған жетеледі: кейбір
ядролық «ошақтар» не сөніп қалды, не лаулап үлгере алмады. Ядролық
қаруды таратпау туралы шарттың негізгі идеялары мен жинақталған
тəжірибесі басқа бір дəуірлік құжаттың - Ядролық сынақтарға жаппай
тыйым салу туралы шарттың негізіне алынды.
Таратпау туралы шарттың «бейбіт» еңбегінің толық емес тізімі
осындай.
М гілік шарт: ретроспективалы ба а
1995 жылы 17 сəуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі
ғимаратында Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы
мемлекеттердің кезекті конференциясы болып, оған шартқа қатысушы 179
мемлекеттің 171-нің үкімет делегациясы, соның ішінде, Қазақстан
Республикасының делегациясы қатысты.
Шарт конференциясының алдында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі №984
қарарын қабылдады. Конференцияда ірі ядролық державалар - АҚШ, Ресей,
Қытай, Франция жəне Ұлыбритания үкіметтері ядролық қаруы жоқ мем-
лекеттерге негативті жəне позитивті кепілдіктер дейтінді беру туралы
мəлімдеме жасады.
«Негативті» кепілдіктер бойынша, ядролық, державалар ядролық
қаруы жоқ елдерге қарсы ешқандай жағдайда ядролық қару қолданбау
туралы міндеттемелер қабылдады. Ядролық қарусыз мемлекеттерге қарсы
ядролық қару қолдану қатері төнгенде нөмесе қолданылғанда оларды
қорғау кепілдіктері БҰҰ қарарының «позитивті» кепілдіктерін қурады.
Мұнан басқа, «Үлкен бестік» агрессияшыл саясат жүргізбеуге жəне
ешкімнің агрессиялық пиғылдар білдіруіне жол бермеуге, ядролық қаруды
оқшаулауға ұмтылуға жəне ядролық қарудан өздігінен арылу мен
қарусыздануға жəрдемдесуге міндеттенді.
Сөйтіп Таратпау туралы шарт жөніндегі конференция қарсаңында
ядролық державалардың кепілдіктері туралы мəселе өздігінен алып
тасталынды, ал мұндай кепілдіктер шарт мəтінінде жоқ болатын да, мұның
124
өзі конференция басталғанға дейінгі таратпау режиміндегі едəуір осал
буынеді.
Таратпау туралы шарт жөніндегі конференцияның негізгі жəне
«өмірлік» маңызы бар мəселесі күн тəртібінің он тоғызыншы тармағы:
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт күші мерзімін ұзарту туралы мəселе
болатын. Қазақстан делегациясының мүшелері маған кейін айтқанындай,
ағымдағы басқа мəселелердей емес, кулуарда нақ осы мəселенің
төңірегіндегі негізгі айтыстар мен пікірталастар қызу өрбіген. Қалай
болғанда
да
Шарт
мерзімін
ұзарту
туралы
мəселені
талқылау
Конференцияның ең соңғы күндеріне қалдырылған.
Эрине конференция барысында қарусыздану мен таратпаудың шын
мəніндегі маңызды мəселелері де талқыланған.
Бірінші кезекте, бұл заманымыздың ең маңызды проблемасы -
жаппай ядролық қарусыздану проблемасына қатысты. Бірқатар дамыған
жəне қосылмаған елдер жаппай қарусыздану режимін барынша тез белгілеу
жəне бүкіл əлемде ядролық қарудың жиынтық санын нақты да түбегейлі
қысқартудың дəл мерзімін көрсету қажеттігі жөнінде қарар қабылдау
туралы мəселе қойды.
Атом жəне сутегі бомбаларын өңдіруді толық тоқтатудың, ядролық
қару арсеналы мен ядролық материалдарды, соның ішінде, аса байытылған
қарулық уранды жоюдың кезең-кезеңге бөлінген кестесін жасау жөнінде
қажетті жұмыс жүргізу талап етілді.
Бір топ елдің мұндай «революциялық» инициативасы, əлбетте,
ядролық державалар тарапынан қарсылыққа ұшырады. Қарсы уəж ретінде,
қанша асығып аптыққанмен, қордаланған қарудан бірден арылу таза
техникалық жəне қаржылық себептер бойынша мүмкін еместігі туралы көз
жеткізерлік дəлелдер келтірілді. Біріншіден, сондай мөлшердегі ядролық
қаруды бірден жою орасан зор қаржылық шығындарға ұшыратады жəне
экологиялық жағынан қауіпті.
Сөйтіп ядролық державалар жаппай қырып-жою құралдарын жасап,
жетілдірудің барлық тəсілдерін мінсіз игергендігін, бірақ оларды жойып,
жоғары радиоактивті компоненттерді кəдеге жарату технологиясында
мінсіздіктен қашық екенін ұқтырды.
Айтпақшы, осыған байланысты конференция делегаттарының бірі
былай деді: «дамыған мемлекеттер, соның ішінде, ядролық мемлекеттер де
өздерін қосылмау қозғалысының радикалдарынан кей турғыда əлдеқайда
адал ұстады. Біреулерден ядролық қаруды тұтасымен жəне бірден жоюды
талап ету əлдеқайда оңай екені түсінікті. Бірқатар косылмаған елдер үшін
125
бұл тезис саяси риторика амалынан өзге ештеңе де болтан жоқ. Шынында
да, Малайзия үшін тікелей, тіпті ықтимал да ядролық қатер жоқ».
Малайзияда
мұндай
қару
жасаудың
қаржылықта,
техникалықта,
интеллектуалдық та мүмкіндігі жоқ». Ядролық қарусыз бірқатар елдердің
аузына осылай құм қуйылды.
Айта кетуім керек, жалпы алғанда, бұл пікір негізінен дұрыс:
ядролық қарудан бас тартудың оңай еместігін өз басымнан білемін. Бірақ
дегенмен мынаны айтпасқа болмас: бұл пікірде біршама логикалық
қайшылық пен мəселенің қойылуының өзін бұрыс ұғынудың салқыны бар.
Біріншіден, Бұл пікірден ядролық қарусыз «бетімен кеткен» елдерді
тəубасына келтіріп алудың лебі аңқып тұр: ядролық қару проблемасын тек
қана оған ие елдер шешеді. Дəл осы арада мынадай сұрақ туады: онда
ядролық қаруы жоқ елдердің барлық форумдарға қатысуының, сондай-ақ
олардың Шарттар мен келісімдерге тікелей қатысуының жалпы не қажеті
бар? Мұның үстіне, ақтық дауыс беруде дауыс санауды көпшілік нышаны
бойынша жүргізудің демократиялык, процедурасы бар.
Менің білуімше, ядролық қаруы жоқ елдер қарусыздану процесіне
оған ие болмау үшін ғана емес, оған басқалардың да ие болмауы үшін
қатысады. Мұнан басқа, ядролық қаруы жоқ елді ол ядролық қаруы бар
елден қарусыздану жөніңдегі нақты қадамдарды батыл талап еткені үшін
оны «əділетсіз» деп айыптау мүлдем ерсі.
Ядролық статус «атомофобияның» тіпті төтенше радикалдық
көріністерінің өзіне неғұрлым төзімді де кешірімшіл қатынасты талап етеді.
Өйткені ядролық қару нақ ядролық қарусыз елдер үшін ең үлкен қауіп,
себебі басқа жағдайларда оны қолдану өзара тежеу факторымен
«реттеледі», ал ядролық қарусыз елдер бұл тұрғыдан алғанда мүлдем
қорғансыз.
Мұның үстіне, əлдебір «жазмыштық шарасыздық» формуласы
таңылады деуге болады. Ядролық қаруға ие болмау себебі, оған шамасы
келмейді дегендей. Егер технология деңгейі мен қалта қалың болса, ел оған
ие болуға өзінен-өзі ұмтылады дегендей. Мұндай «дəлелдің» əуейілігін
дəлелдеп жатудың қажеті бар ма?
Ядролық,
қаруды
ақтайтын
ештеңе
жоқтығына,
бола
да
алмайтынына, оның қылмысты міндеті мен мұндалап тұратынына иманым
кəміл.
Сондықтан жоғарыдағы пікірдегідей түрде айтылған уəждер мен
дəлелдерді əдепті деуге бола қоймас.
1-2 мамырда, басталғанына екі аптадан кейін, Таратпау туралы шарт
126
жөніндегі конференция қабылданатын шешімдер бойынша дауыс берілетін
ақтық бөлігіне тақады. «Дəуірлік» мəселені: Ядролық қаруды таратпау
туралы шартты «мəңгілікке» ұзарту керек пе, əлде уақытша ұзарту керек пе
деген мəселені шешетін сəтке тақады.
Мерзімді
ұзартуға
байланысты
мəселелер
бойынша
қызу
айтыстардың барысы мен пленарлық мəжілістер мынаны көрсетті:
Ядролық қаруды таратпау туралы шартты «сөзсіз əрі мерзімсіз» ұзарту
туралы шешімді қолдау жөніндегі «жалпы нұсқауға» қарамастан,
конференцияның ақтық бөлігіндегі қандай да шешім біршама солқылдақ
деңгейде болатын.
Өткенге көз жүгіртіп, əлемдегі ядролық қатынастардың дамуына
баға бергенде мынадай қорытындыға келесің: Таратпау туралы шешім сол
сəтке ғаламдық жəне аймақтық ядролық қауіпсіздіктің негізінде жатқан ең
мінсіз «конструкция» болғанында дау жоқ.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт жөніндегі Нью-Йорктегі
конференцияның екі аптасы 25 жыл бұрын қабылданған Шарттың барлық
жақсылықтары мен кемістіктерінің ғана емес, оның ықпалымен
қалыптасқан
бүкіл
қауіпсіздік
жүйесімен
бірге
таратпау
жəне
орналастырмау режимінің шыркау шыңы болды.
Екі апта бойы жүз жетпістен астам «ядролық» жəне «ядросыз»
елдердің делегаттары, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың тарихы
мен оның қызметін шола отырып, қандай да бір шешімді бағалап, оңтайына
келетінін ойластырып отырды.
Делегациялардың
Шарттың
мерзімсіз
ұзартылуы
мəселесіне
қатынасы
олардың
Шарт
қызметінің
нəтижесін,
қарусыздану,
орналастырмау, иеленбеу жəне таратпау проблемаларына байланысты
қалыптасқан ахуал жүзінде, қалай анықтайтынына тікелей тəуелді екені
айқын бола түсті.
* * *
Конференция жəне онда қабылданған шешімдер маған екіұдай эсер
етті.
Бір жағынан, қабылданған кезеңнен бастап Ядролық қаруды
таратпау туралы шарттың игі рөлі даусыз да айқын.
Көп жағынан Шарттың арқасында ядролық державалар клубы
мүшелерінің саны елеулі түрде өзгере қойған жоқ жəне атом қаруы əскери
жанжалдарда қолданылған жоқ. Көп жағдайда шарт «ядролық əлует»
табалдырығында тұрған елдердің ядролық қаруды ашык, сынауына кедергі
жасаған қуатты тежеуші фактор қызметін атқарды. Тіпті сол елдер аталмыш
127
Шартқа қол қоймағанына, оған қатысушы мемлекет еместігіне қарамастан
солай болды.
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы да белгілі бір дəрежеде
Таратпау туралы шарттың бар екендігінін, арқасы. Осы жағдайлардың бəрі
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың төтенше беделін айғақтайды.
Сонымен конференцияның қорытындылаушы кезеңінде төрт
ядролық державаның - АҚШ-тың, Ресейдің, Францияның жəне
Ұлыбританияның - инициативасы бойынша «Ядролық қаруды таратпау
туралы шартты мерзімсіз жəне сөзсіз ұзарту» туралы мəселе қаралды. Тағы
да айта кетейін, əңгіме Шарт күшінің мерзімдерін жалғастыру туралы емес,
нақ оны «мерзімсіз жəне сөзсіз ұзарту» туралы еді. Бұл бастама əр қилы
пікір туғызды.
Мерзімсіз ұзартуды жақтағандар оны қабылдау жалпыға бірдей
қауіпсіздіктің бұдан былайғы режимін едəуір нығайтады деп санады. АҚШ
пен Ресей Таратпау туралы шарт күшін «сөзсіз жəне мерзімсіз ұзарту»
қажеттігіне кəміл сенді.
Бұған қосымша, олар өздеріне Шарттың іргелі принциптерін
неғұрлым
қатаң
сақтап,
ядролық
қарусыздану
жөніндегі
өзара
келіссөздердің тиімділігін арттыруға міндеттеме қабылдады. ҚХР
делегациясы да «мерзімсіз жəне сөзсіз ұзарту» идеясын қолдап, сонымен
бірге басқа парасатты нұсқаларды да теріске шығарған жоқ. Бұл Шартты
«мəңгілікке» ұзартуды тек ядролық державалар мен ірі мемлекеттер ғана
ашық жақтады деген сөз емес.
* * *
Мерзімін шектеп ұзартуды жақтағандар Таратпау туралы шартты
«мерзімсіз жəне сөзсіз ұзарту» ядролық мемлекеттерді артықшылық
жағдайға қоятынын атап көрсетті. Мəңгілік шарт аса ірі ядролық
державалардың
жаппай
қарусыздану
процесінде
тым
белсенділік
көрсетпеуіне
мүмкіндік
беріп,
олардың
жаппай
жəне
ғаламдық
қарусыздануы жөніндегі келіссөз процесін едəуір тежейді. Сөйтіп ядролық
статус халықаралық процестерде мəңгі дипломатиялық қаруға айналады, ал
мұның өзі ядролық қаруы жоқ елдердің бейбітшілікке бағытталған күш-
жігерін едəуір əлсіретеді.
Кейбір уəждер мынадай айыптауға сайды: ядролық державалар 1995
жылғы Конференция алдындағы 25 жыл бойғы таратпау режиміне
қарамастан ядролық технологияларды өзара алмасып турды жəне бұл
технологияларды өздерінің стратегиялық одақтастарына беріп отырды.
Атап айтқанда, аймақтық қауіпсіздік пиғылымен Сирияның, Египеттің
128
жəне Иорданияның делегациялары Израиль Шартқа ресми түрде мүше
болып, МАГАТЭ кепілдіктері жүйесіне енгенше Шарт мерзімсіздігі
идеясын қолдаудан бас тартты.
Кейбір делегаттар Шарттың «мерзімсіздігі» планетаның ядролық
дүние жəне ядролық қарусыз дүние деп жаппай жəне мəңгілік қақ
жарылуын туғызады деп ескертті. Шектеулі ұзартудың жақтастары, осынау
қатерлерді
əділетті
көрсете
отырып,
ұзарту
мерзімін
ядролық
қарусызданудың нақты процестерімен байланыстыруды ұсынды. Формула
бойынша кезекті узарту - кезекті қарусыздану. Мұндай ұсынысты өз
жобасында Мексика делегациясы ұсынды. Ядролық қаруды таратпау
туралы шарт идеясының бетіне онын
күшінің тоқтатылуы салдарынан шіркеу түсуі ядролық державаларды
ядролық, қару-жарақты қысқарту жөнінде сындарлы бейбітшіл күш-жігер
жүмсауға ұдайы итермелеп отырар еді.
Сонымен қосылмау қозғалысы мемлекеттері делеацияларының
басым көпшілігі жəне дамушы елдер делегацияларының бір бөлігі шартты
«мерзімсіз жəне сөзсіз ұзартудың» қажетті шарты ретінде ядролық
сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келіссөзді 1996 жылы аяқтау,
барлық бес ядролық державаның қатысуымен ядролық қарусыздану туралы
келіссөз бастау жəне бөлінетін материалдар өндіруге тыйым салу, ондай
материалдардың қолда бар қорын қатаң бақылау жөнінде шарт жасасу
туралы келіссөз бастау секілді талаптар қойды.
Бандунг елдері тобы, соның ішінде, Иран, Ирак, Индонезия,
Малайзия жене басқалар Шартты 25 жылға ұзартып, одан кейін автоматты
түрде 25 жылға созып отыру нұсқасын үсынды. Бірқатар дамушы елдердің
неғұрлым радикалдық пиғылдағы делегаттары бұл процесс жеткілікті
қарқынмен жүріп жатқан жоқ, іс жүзінде «Үлкен бестік» сүмдық қаруды
жою жолында мүлдем ілгерілеген жоқ деп санады.
* * *
Регламентке сəйкес, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт
конференциясының төрағасы, Шри Ланка Республикасының АҚШ-тағы
елшісі Джаянта Данапала ұзарту жөніндегі қарардың үш жобасын алды,
олар - Канаданың «мерзімсіз жəне сөзсіз ұзарту» жөніндегі, Индонезияның
«25 жылдық мерзімге көп рет ұзарту», Мексиканың «шартты-мерзімсіз
ұзарту» жөніндегі ұсыныстары еді.
Ақыр аяғында 6 мамырдағы пленарлық мəжілісте, Ядролық қаруды
таратпау туралы шартқа қатысушы 108 мемлекет дауыс бермей-ақ шартты
129
белгісіз мерзімге созу туралы, Канада делегациясы «Шарт мерзімі
белгіленбей, күшінде қала беруге тиіс» деп қысқа тұжырымдаған тұрінде
бейнелеген шешім жобасына қол қойды.
Сонымен 1995 жылы сəуір-мамырда өткен Ядролық қаруды
таратпау туралы шарт конференциясын қазбалап қарастыра келіп, біз едəуір
маңызды бір фактіні: «Ядролық қаруды таратпау туралы шарт күшін сөзсіз
жəне мерзімсіз ұзарту» туралы шешім сол кезде күшінде бар ғаламдық жəне
аймақтық қауіпсіздік жүйесін мəңгілік еткенін атап көрсете аламыз. Бұлай
болғаны, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт, долбарлап айтқан күннің
өзінде, іс жүзінде бүкіл əлемде ядролық қауіпсіздік режимін қамтамасыз
етудің заманалық механизмінің жотасы еді.
Бірақ бұл шешім қауіпсіздік жүйесі қанағаттанарлық, сол күйінде-
ақжеткілікті, уақыт шындығына əбден сай келеді жəне қандай да бір
сындарлы қайта қарауды қажет етпейді дегенді даусыз мойындау секілді
болып естілді. 1968 жылы Ядролық қаруды таратпау туралы шарт
жасалғалы бері əлемдегі жағдай өзгере қоймаған секілді.
Шыны солай ма? 25 жыл бұрын жасалған ғаламдық жəне аймақтық
ядролық
қауіпсіздік
тұжырымдамасы
қазіргі
шындықтарға
жəне
халықаралық қайшылықтар мен егестіктердің өзгерген схемасына сай келе
ме? XX ғасырдың соңғы он жылдығындағы ғаламдық геосаяси өзгерістерді
бейнелей ала ма? Əлемнің геостратегиялық картасы соншалықты тез
өзгеріп жатқан тұстас мерзімсіздік пен мəңгілік идеясы соншалық маңызды
ма еді? Жаңа мыңжылдыққа аттай отырып, ядролық «күш факторын»
мəңгілікке «заңдастыру» қажет пе еді?
Достарыңызбен бөлісу: |