Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі


Мерзімсіздікті   зілді-кесілді  мірі



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev


Мерзімсіздікті   зілді-кесілді  мірі:
ателік пе, шынды  па?
Əрбір  ұжымдық  əрекет  қалай  болғанда  да,  ықтимал  немесе
болжанатын болашақтың өзінше бір өзгеруіне жетелейді. Сондықтан біздің
əрбір  ұжымдық  жəне  бірлескен  шешіміміздің  нəтижесінде  жаңа  болмыс
туындайды.
Сондықтан  1995  жылғы  конференцияда  қабылданған  Таратпау
туралы  шартты  «сөзсіз  жəне  мерзімсіз  ұзарту»  менің  ойымша,  кейіннен
ядролық «үшінші» дүниенің ашық пайда болуына серпін берді. Сол арқылы
жаңа  болмыстың  -  көп  полярлық  ядролық  дүниенің  қалыптасуына
жəрдемдесті.
Бірақ  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шартты  «мерзімсіз  жəне
130

сөзсіз ұзарту» туралы 1995 жылғы шешім болмысты қалай өзгертті?
* * *
Тарих  түлкі  бұлаңға  төзбейді,  сондықтан  əрбір  шешім  бүгінге  ғана
емес, ертеңге де жауапты. Тым болмағанда, таяу болашаққа.
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарттың  мерзімсіздігі  туралы
дəйекті  де  табанды  жүзеге  асырылған  шешім  əлемдегі  «ядролық
қатынастардың»  барлық  содан  былайғы  барысына  эсер  етті.  Бірақ  осынау
ықпал  неден  көрінеді?  Ол  ықпал  қаншалық  зор  болды  жəне  не  нəрсеге
алып келді?
Дегенмен əуелі Таратпау туралы шарт мəтінінің өзіне ден қойып, біз
нені  мəңгілікке  ұзартқанымызды  ой  елегінен  өткізуге  тырысалық.  «Сөзсіз
жəне мерзімсіз ұзартуға» не түрткі болды?
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарттың  негізгі  мақсаты  мен
қажеттілігі  қабылданған  мəтіннің  іргелі  бірінші  жəне  екінші  баптарында
білдірілген.
Ядролық  державалардың  шарттық  міндеттемелерін  белгілейтін  1-
бапта бейбітшілік пен жаппай қарусыздануға бағытталған ізгі ниетке орай
«осы  шартқа  қатысушы,  ядролық  қаруға  ие  əрбір  мемлекет  ешкімге  де
ядролық  қару  немесе  басқа  ядролық  жарылыс  құрылғысын,  сондай-ақ
осындай  қаруға  немесе  жарылғыш  құрылғыға  бақылауды  тікелей  де,
жанама  да  бермеуге;  дəл  сол  секілді,  ядролық  қаруы  жоқ  əлдебір
мемлекеттің ядролық қаруды немесе басқа ядролық жарылғыш құрылғыны
өндіруге  немесе  қандай  да  бір  амалмен  алуға  осындай  қаруды  немесе
жарылғыш  құрылғыларды  бақылауда  устауға  ұмтылысына  көмектеспеуге,
ынталандырмауға жəне итермелемеуге міндеттенеді».
Өз кезегінде, ядролық қаруы жоқ, Шартқа қол қойып, бекіткен елдер
2-бапқа  сəйкес  «ешкімнен  де  ядролық  қаруды  немесе  басқа  ядролық
жарылғыш  құрылғыны,  сондай-ақ  осындай  қаруды  немесе  жарылғыш
қурылғыларды бақылауды тікелей де, жанама да алмауға, ядролық қаруды
немесе  басқа  ядролық  жарылғыш  құрылғыларды  өндірмеуге  немесе  басқа
бір  амалмен  алмауға,  сол  секілді  ядролық  қаруды  немесе  баска  ядролық
жарылғыш  құрылғыларды  өндіру  жөнінде  қандай  да  көмек  алу  үшін  күш
салмауға жəне ондай көмекті қабылдамауға» міндеттенді.
Бұл  баптардың  мағынасы  түсінікті  де  айқын  секілді.  Біреулер
иемденбеуге мақул, екіншілері бермеуге міндеттенеді. Бірақ шынтуайтында
бұл баптарда реңктер бір қарағандағыдан əлдеқайда көп.
Егер  мемлекетте  ядролық  қарудың  белгілі  бір  мөлшері  болып,  оны
131

басқа
бір
мемлекетте
орналастырғысы
келсе,
ол
халықаралық
процедураларға  сəйкес,  аумағына  ядролық  қару  орналастырылатын  елдің
үкіметімен тиісті келісім жасауға тиіс. Қабылдаушы жақ туралы ол тəуелсіз
мемлекет  ретінде  сөз  болғандықтан,  егемендік  туралы  нормаларды  бұзбау
үшін,  тараптар  орналастыру  шарттарын  этап  көрсетуге  тиіс.  Бұл
шарттардың құрамы қандай?
Əрине,  біріншіден,  сол  ядролық  қаруды  бір  жақ  береді,  екіншісі
қабылдайды. Өйткені кез келген орналастыру осы қимылға рұқсатты талап
етеді  жəне  бұл  руқсат  сол  қаруды  қабылдау  тұрінде  ғана  хаттала  алады.
Сондықтан  ядролық  қару  турасында  «орналастыру»  сөзінің  мағынасы
ядролық  қаруды  «берумен»  дерлік  бірдей.  Мұның  үстіне,  ядролық  қаруды
орналастыру  тиісті  қауіп  туындататындықтан,  екі  жақ  орналастырылған
ядролық  қаруды  қолдану  орналастырылған  жақтың  келісімінсіз  мүмкін
еместігін атап көрсетеді.
Яғни  бұл  жағдайда  атом  қаруын  қолдануға  берілетін  руқсат
орналастырылған жақтың осы қаруды жанама басқаруымен бірдей.
Ал мұның өзі қаруын əкелген жақ пен орналастырылған жақтың бір
мезгілде  ұжымдық  басқаруы  немесе  сол  қаруды  ұжымдық  бақылау
принципімен  мəнзелдес.  Сондықтан,  қалай  болғандада,  жағдайға  тəуелсіз
ядролық қаруды үшінші бір аумақта формальды түрде орналастыру не оны
беріп,  артынан  қабылдаумен,  не  орналастырылған  ядролық  қаруға  шешім
қабылдау деңгейінде бақылауды ішінара (жанама) берумен бірдей.
Соңғы отыз жыл ішінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың
екі  іргелі  бабын  ядролық  қару  орналастыратын  жақ  та,  оны  қабылдайтын
жақ та жүйелі түрде, ұдайы бұзып келгенін фактілермен дəлелдеп жатудың
қажеті де жоқ.
Осы кезең ішінде ядролық қару талай рет берілді (орналастырылды),
ал  ядролық  қаруға  бақылау  жанаматүрде,  яғни  тараптардың  ұжымдық
басқару,  келісу  немесе  ақылдасу  туралы  келісімдерінің  көмегімен  беріліп
отырды. Осы пошымдардың бəрі жанама басқару ұғымымен бірдей.
Мəтінге  тағы  бір  жүгініп,  өзімізге  мынадай  сауал  қоялық:  ядролық
қарудың бір мемлекетте болуы басқа елдер үшін оны алудың түрткісі бола
ала  ма?  Сөз  жоқ,  нақ  солай!  Ядролық  қаруды  иелену  оны  иеленушілер
санының сөзсіз ұлғаю процесіне жетелейді.
Кəдімгі  қызғаныш  принципі  іске  қосылады:  көршімде  бар  екен,
менде  неге  болмасқа.  Бəлкім,  тіпті  жақсырақ  та,  көбірек  те  болғаны  жөн
шығар...
Бақастықпен
иелену
принципі
ештеңені
елең
қылмайтын
132

табандылықпен,  қандай  зат  екеніне  қарамастан  (машина,  асыл  бүйым
немесе атом бомбасы болсын) іске қосыла кетеді.
* * *
Шарттың  6-бабын  алып  қаралық:  «Осы  шартқа  əрбір  қатысушы  ізгі
ниет  рухында  таяу  болашақта  ядролық  қару-жарақпен  жанталаса
қарулануды  тоқтату  жəне  ядролық  қарусыздану  жөніндегі  тиімді  шаралар
туралы,  сондай-ақ  қатаң  да  тиімді  халықаралық  бақылаумен  жаппай  жəне
толық  қарусыздану  жөніндегі  шарт  туралы  келіссөздер  жүргізуге
міндеттенеді».
Бұл  -  Таратпау  туралы  шарт  түпкілікті  қабылданғанға  дейін-ақ
кейбір  қосылмаған  елдер  қарсы  шыққан  тужырым.  1970  жылдан  Ядролық
қаруды  таратпау  туралы  шарттың  1995  жылғы  конференциясына  дейін
ширек  ғасыр  уақыт  өтті.  Осы  жолда  қандай  «табыстарды»  атап  көрсетуге
болар  еді?  Өте  зор  табыстарды!  КСРО  мен  АҚШ-тың  стратегиялық
ядролық  боеголовкаларының  саны  екі  есе  улғайып,  1970  жылғы  7500-дей
боеголовка орнына 17000-дай болды.
Басқа  ядролық  державалардың  да  стратегиялық  ядролық  зарядтары
шамамен  екі-үш  есе  ұлғайды.  Жанталаса  қаруланудың  жаңғыртылу
көрсеткіші  ретінде  бүкіл  əлемде  ядролық  қару  сынау  саны  да  ұлғайды.
Жеткізу құралдары едəуір жетілдірілді.
Бұл ахуалды «толық жəне жаппай қарусыздануға ізгі ниет көрінісі»
деп бағалау, қаншалық тыраштансақ та, мүлдем қисынсыз болып шығар еді
-  атом  қаруы  қуатының  сан  рет  ұлғаюы  ірі  ядролық  державалардың  өзара
бейбітшілдігін  күшейте  түсіп,  олардың  бейбітшілік  пен  достық  туралы
келіссөз  жүргізу  туралы  ниетін  еселей  түседі  дейміз  бе?!  Баптың
мағынасының өзі де жарымжан. Əңгіме қарусыздану процесінің өзі туралы
емес,  қарусыздану  жөніндегі  келіссөз  туралы  ғана  болып  отыр.  Ядролық
державалардың өкілдері кофеденбір- бір ұрттап қойып, қарусыздану туралы
зор  мархабатпен  келіссөз  жүргізе  береді:  «Тəп-тəуір  ой  екен  ғой!  Неге
жүргізбейік келіссөзді!?» Бірақ қарусыздануға тіпті де міндетті емес!
Шарттың өзінің кемістіктері тұрғысынан алғанда оны мерзімсіз жəне
сөзсіз  ұзарту  туралы  шешім  мына-  ны  көрсететін:  ядролық  елдер
қарусыздану  жөніндегі  келіссөздерді  «мəңгілік»  жүргізе  беруге  тиіс,
сондык,-  тан  ешқашан  қарусыздана  алмайды;  ядролық  елдер  біреуді
ядролық  қару  иеленуге  «мəңгілік»  итермелеуге  тиіс,  сондықтан  ядролық
қару  бар  болғандықтан  ғана,  бүкіл  əлемді  ядролық  қарулануға  итермелеп
отырады; ядролық елдер атом қаруын «мəңгілік» бермейді, сондықтан оны
133

мүмкін болған жердің бəрінде ұдайы орналастыра беретін болады.
Былай  қарағанда,  қып-қызыл  софистика,  бірақБұл  софистикада  -
адамзаттың  нақты  да  сөзсіз  жаппай  қарусыздануының  жолында  сызатсыз
тығырық тұр.
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарт  шеңберінде  атом  бомбасын
1967  жылға  дейін  жасап,  сынап  үлгерген  елдерді  ядролық  елдер  деп  заң
жолымен  тану  туралы  тужырымның  өзі  де  қарсылық  туғызады.  Шарттың
осынау  датадағы  мəмілелік  əмбебаптығы  хронология  жағынан  ғана  емес,
мəні жағынан да кемсітушілік болып табылады.
Сөйтеді де шын мəніндегі сюрреалистік картина туындайды: белгілі
бір  кезеңге  дейін  ядролық  есалаңдыққа  бейімділігін  көрсеткендер  тіпті  де
бейбітшіл  емес  пиғылдары  үшін  индульгенция  алады  да,  халықаралық
құқық  шеңберінде  ядролық  қару  иеленудің  мəңгілік  «сөзсіз  де  даусыз»
заңды өкілеттігіне ие болады. Ал бейбітшіл саясат жүргізген, соның ішінде,
кезінде  атом  бомбасын  жасау  мүмкіндігі  бола  тұрып  сондай  саясат
жүргізген,  сөйтіп  жанталаса  қарулану  есуастығынан  бой  тартқан  елдер,
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарт  шеңберінде,  ядролық  держава
болып алғандардың «ядролық қалпағының» көлеңкесін паналайды.
Егер  «ядролық  есуастық»  немесе  «есалаң  жанталаса  қарулану»
секілді  терминдерді  жалпы  журт  мойындағанын  ескерсек,  Шарт  бейненің
логикалық  қарама-қайшылығына  негізделген  болып  шығады:  сырқатты
дəрігер  емдемейді,  сырқат  адам  дəрігерді  емдейді.  «Дүниені  сұлулық
құтқармайды», қару құтқарады.
Осыған  байланысты,  үстірт  қарағанда  ойдан  шығарылғандай,  бірақ
нақты іске асуға тиіс бір ойды ортаға салғым келеді: жаппай жəне ғаламдық
қарусыздану  проблемасы  оны  ядролық  қарудың  иелері  емес,  баршаның  -
ядролық қаруы бар елдердің де, ондай қаруы жоқ елдердің де халықаралық
қоғамдастығы  шеше  бастағанда  ғана,  тек  сонда  ғана  шешіледі.  Яғни  ол
шешім демократия мен алқалық принциптеріне негізделгенде жүзеге асады.
Ал  қазір  ядролық  қаруы  жоқ  елдер  қарусыздану  жене  таратпау
принциптерінде
шешуші
даусы
жоқ
(Шарттың
Нью-Йорктегі
конференциясы  көрсеткеніндей)  жай  ғана  статистер  болуы  нормаға
айналып  кеткен.  Бұл  дұрыс  емес.  Егер  ядролық  мемлекеттер  өздері
инициатор  болып  табылатын  сан  алуан  шарттар  мен  келісімдердің
шеңберіне ядролық қаруы жоқ баска бүкіл дүниені тартады екен, онда олар
екінші  қадамды  да  жасап,  бұл  процестерде  тең  құқық  жасауға  жəне  дауыс
теңдігі принципін орнатуға тиіс.
Таратпауда,  орналастырмауда  жəне  қарусыздануда  ойын  тəртібін
134

ядролық  қаруы  бар  елдер  ғана  белгілеп  жүрген  түста,  толық  ядролық
қарусыздану  процесінің  сəтті  аяқталуын  күту  аңғырттық  қана.  Қауіп
мынада:  ядролық  қаруға  ие  болған  əрбір  мемлекет  бұдан  былай  өзінің
даусы ядролық қарусыз барлық елдердің жиынтық даусымен теңестірілуге
тиіс деп санай бастайды.
Ядролық  қарусыз  мемлекеттер  мұндай  сұмдық  өктемдікке  шыдас
бермейді,  өйткені  ядролық  қару  жаңағы  жалған  тезистің  бұлтартпас
«айғағы».  Сондықтан  ядролық  қару  барлық  мемлекеттер  арасындағы
катынастарға  əу  бастан  іріткі  салады.  Өйткені  ядролық  кару  «саяси
кұрылымы»  жағынан  демократиялық  емес,  тоталитарлық  пəлекет.
Сондыктан  ядролық  уəждерге  негізделіп,  күшіне  енген  казіргі  барлық
шарттар,  соның  ішінде,  бейбітшілікке  бағытталған  шарттар  өзінің
кемсітушілік сипатын ылғи да байкатады.
* * *
Шарттың  мəмілелік  əмбебаптығы,  сайып  келгенде,  өз-өзінен-ақ
мынаған  жетелейді:  ядролық  державалар  ядролық  қарудың  көлденең
таралуына  (жаңа  ядролық  мемлекеттердің  пайда  болуы)  тыйым  салуға
барлық  күш-жігерін  жүмылдырады,  сонымен  бірге  тік  таралу  саласында
(өзінің ядролық əлуөтін үлғайту) өзін ештеңемен шектемейді.
Бұл  проблеманың  асқына  түсетін  себебі,  Шартта  көлденең  жəне  тік
таралу ұғымдары арнайы бөліп көрсетілмеген.
Олардың  ядролық  қаруды  өзінің  ойдағы  жəне  іс  жүзіндегі
одақтастарына  қайта  бөліп  беруіне  мүмкіндік  туғызбайтын  географиялық
шектеулілік  ядролық,  қару  коллапсы  əсеріне  жетелейді.  Ядролық  қаруды
бірте-  бірте  молайта  беру  оның  шамадан  тыс  шоғырлануына  алып  келеді.
Нəтижесінде ядролық қару коллапсына ұшырап, асыра қарулану ахуалына
тап болған держава бастапқы қауіп дəрежесі шеңберін сөзсіз кеңейте түседі.
Егер  бастапқы  кезеңде  ядролық  қарудың  əдеттегі  деңгейі  жеке  алғандағы
бір  мемлекетке  ғана,  ықтимал  дұшпан  дейтінге  ғана  қауіп  сезімін  сіңіру
үшін  қызмет  етсе,  ядролық  коллапс  немесе  асыра  қарулану  ахуалына  ену
қауіп сезімінің букіл адамзатқа таралуына апарып соқтырады.
Шарттың таратпау ұғымының көлденең жəне тік кеңею ұғымдарын
көрсетіп, шектеуге тиісті болған уғымның өзін анықтаудағы кемістігі неден
көрінгені түсінікті болу үшін мысал келтірейін.
Ойдан шығарылған бір жарыс сөресінде əуесқой 100 жүйрік жəне 5
кəсіпқой  тұр.  Бір  сəтте  жарысты  бастап  кету  туралы  белгі  беріледі.
Кəсіпқойлар  бірден  алға  ұмтылады,  ал  əуесқойлар  тұрған  жерінде  қала
135

береді. Неліктен? Өйткені ереже солай!
Бес жүйрік бір-біріне тіл қатпай, қарқынын да бəсеңдетпей, зымырап
барады. 100 əуесқой əлі де бұрынғы орнында, қолынан келері бұрын-соңды
болмаған  жарыстың  ережесін  іштей  іреу  ғана.  Ең  қызығы,  ол  ережені
белгілеген кəсіпқойлардың өздері жəне мəңгілікке белгілеген.
Неліктен  екені  белгісіз  ядролық  қару  иелену  қуқығы  жоқ  елдер
мундай жағдайға узақ төзе бере ме? Мұның үстіне ондай қаруы бар елдер,
енді  оны  қанша  болса  да  иелену  құқығын  толық  алып  отыр.  Ерте  ме,  кеш
пе кемсіту сезімі аңғарылуға тиіс болатын.
* * *
Сөйтіп Шарттың өзінің анық кемістіктері тұрғысынан, оқиғалардың
одан əрі өрбуі мен əлемдік аренада ядролық баланстың өзгеруі турғысынан
алғанда  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шартты  «мерзімсіз  жəне  сөзсіз»
ұзарту  туралы  шешім  ғаламдық  жəне  аймақтық  қауіпсіздік  мүдделеріне,
жаңа геосаяси шындыққа сай келмейтін еді.
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарттың  «мəңгілігі»  туралы
шешім іс жүзінде қалыптасқан көп полярлық дүние жағдайында  не болып
шықты  жəне  1995  жылғы  конференция  бүкіл  назарын  таратпау  режимін
нығайтуға емес, оны орнықтыруға аударып, нені істей алмады?
Қорытындылар мен мұндалап тұр:
—  ядролық  мемлекеттер  бұдан  былай  да  ядролық  қару  иеленуден
бас тартқысы жəне оны нақты жоюға кіріскісі келмейді;
— ядролық  мемлекеттер  атом  қаруын  алдағы  уақытта  да
халықаралық  мəселелер  мен  проблемаларда  көз  жеткізер  уəж  ретінде
пайдаланғысы келеді;
— ядролық  мемлекеттер  алдағы  уақытта  да  ядролық  қарусыз
мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне дəл де анық кепілдік бергісі келмейді;
— ядролық  мемлекеттер  қосылмау  қозғалысының  Шартқа  қол
қоймаған  «табалдырықтан  аттаған»  елдері  жөнінде  саясат  белгілеу
тұрғысында қандай да бір нақты шаралардың инициаторы болтан жоқ;
— ядролық  державалар  осынысымен  Шартқа  адал  қатысушы
мемлекеттер  жөнінде  анық  кемсітушілік  саясатын  көрсетті,  олар  ядролық
қаруы  жоқ  жəне  Шартқа  қатысушы  мемлекеттер  бола  отырып,  жаңадан
пайда  бола  кеткен  əлдебір  ядролық  держава  тарапынан  төнетін  ядролық
қатермен бетпе-бет қалды. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы шарт
ядролық  қаруы  жоқ  мемлекеттерге  оларға  қарсы  ядролық  қару  қолданбау
кепілдігін  тек  Шартқа  қатысушы  ядролық  қаруы  бар  мемлекеттер
тарапынан ғана береді;
136

— ядролық  мемлекеттер  осынысымен  ядролық  қаруы  жоқ
мемлекеттерді келіссөз процесінен мүлдем шытарып тастамақ, оларта жаңа
паритеттер  мен  келіссөз  процесінің  сындарлы  да  ойдатыдай  аяқталуының
ешқандай  кепілдігі  жоқ  «шексіз»  қарусыздану  процесінің  қалыптасуына
сырттан тана қарап отыратын статистер рөлін біржола бөліп бермек;
—  ядролық  қаруы  жоқ  елдерге  ядролық  уəж  негізінде  дүниені
жаңадан  белуге  жене  неғұрлым  жоғары  сапалық  деңгейде  ядролық  қайта
қарулану процесінде кедергі жасамау ұсынылды.
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарт  жөніндегі  Нью-Йорк
конференциясының шешімі сайып келгенде бір ғана міндетті тиімді шешті:
ядролық қауіпсіздіктің отыз жыл бұрынғы ескірген схемасына тағы да жан
бітірді.  Жаңа  ғасырға  өз  қауіпсіздігін  өткен  ғасырдың  рецептері  бойынша
қамтамасыз ету ұсынылды.
Ядролық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  механизмінің  шын  мəніндегі
маңызды  категорияларына  келетін  болсақ,  1995  жылғы  Конференциядан
кейінгі уақыт көрсеткеніндей, олардың Конференцияда «умытылып кетуі»
тіпті де қуанта қоятын нəтиже берген жоқ.
Жалпы  картинаны  ескере  отырып,  кейбір  қорытындылар  жасауға
болады.  Бірақ  бұл  орайда  мынаны  ескерте  кету  керек:  біздің  білуімізше,
Таратпау  туралы  шарттың  қызмет  хроникасы  мен  қорытындысы  —
ғаламдық  жене  аймақтық  ядролық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  қазіргі
жүйесінің жиынтық көрінісі немесе айталық, барометрі.
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарттың  əмбебаптығына  əлі  де
қол жеткен жоқ. Ол-ол ма, Шарттың мерзімсіздігі мынаған алып келді: сол
тіндегі  қарусыздану  мен  таратпау  процесі  бұдан  былай  ешқашан
əмбебаптық сипатқа ие бола алмайды.
Бір жағынан, əмбебаптыққа қол жеткізу жағына қарай ойысу болды
да: 1995 жылдан кейін Шартқа Ангола, Бразилия, Вануату, Джибути, Оман
жэне Біріккен Араб Əмірліктері қосылды. Бүгінге дейін Та- ратпау туралы
шартқа төрт-ақ ел: Израиль, Үндістан, Куба жəне Пəкстан қол қойған жоқ.
Никита  Хрущевтың  Кубада  орташа  қашықтықта  қолданылатын,
ядролық
боеголовкалары
бар
42
баллистикалық
зымыран
орналастыруының сəтсіз əрекетінен кейін Кубаны ядролық немесе ядролық
қарусыз елдер қатарына қосу мəселесі өз-өзінен доғарылды. Бірақ Ядролық
қаруды таратпау туралы шарт, біз білеміз, тек қана атом қаруын таратудың
көзі  ретінде  ядролық  қару  иелену  негізінде  құрылатын  қатынастарға  ғана
қатысты.
1995  жылға  дейін-ақ  барлық  елдер  Тель-Авивтің,  Делидің  жəне
137

Исламабадтың  ядролық  қаруы  немесе  кем  дегенде  оны  өндіруге  қажет
барлық  компоненттері  бар  екенін  білетін.  Сондықтан  таратпау  режимінің
соншалық  қажет  əмбебаптығы  туралы  əңгіме  тек  соларға  ғана  қатысты.
Нені  меңзеп  отырмыз?  Бір  көзқарас  тұрғысынан,  əмбебаптыққа  түгел
дерлік қол жетті деуге болады, өйткені Таратпау туралы шартқа қатысушы
елдер  саны  қазір  189  болып  отыр,  тек  4  ел  ғана  оған  мүше  емес.
«Жаппайлық» пен «əмбебаптықтың» сөйтіп мерейі үстем деуге болады.
Бірақ  шындықтан  титімдей  де  ауытқымай,  басқаша  айтып  көрелік:
ядролық бес мемлекет Таратпау туралы шартқа қатысады, ал үш ядролық ел
оған қатыспайды.
Осылай пайымдасақ, жалпы жаппайлық пен əмбебаптық туралы сөз
етуде  мəн  қала  ма?  Қайта  ядролық  паритет  орын  алып  отыр.  Əлбетте,
сандық  емес,  тек  сапалық  тепе-теңдік  жене  бұл  тепетеңдік  таратпаудың
қалыптасқан режимі толық сəтсіздікке ұшырағанын аңғартады, өйткені бес
ядролық  елден  құралған  бір  жағы  атом  қаруын  тарата  алмайды,  ал  екінші
жағы, үш ядролық ел атом қаруын қалай болса солай тарата алады.
Барлық  ядролық  державалар  тек  тік  тарату  жағынан  шектелмеген,
бірақ бəрі де көлденең тарату жағынан шектелген. Ядролық қару таратпау
туралы  шартқа  қатысушы  ядролық  державалар  ядролық  қаруды  Шарт
талаптары бойынша тарата алмайды, ал Қосылмау қозғалысының ядролық
елдері  бұл  процеске  ядролық  қарусыз  барлық  баска  елдер  Шарт  мүшесі
ретінде атом қаруын қабылдамайтындықтан қатыса алмайды. Сөйтіп соңғы
отыз  жыл  ішінде  Таратпау  туралы  шарттың  негізгі  міндеті  —  жаппай
əмбебаптық  шешілмей-ақ  қойды.  Керісінше,  əмбебаптық  орнына  паритет
қалыптасты: ядролық державалардың бір бөлігі тарату режиміне катысады,
ядролық елдердің екінші бөлігі реттелетін таратпау процесіне катыспайды.
* * *
Таратпау да жаппай қарусызданудың осынау өте маңызды өрісіндегі
зор  табыстар  туралы  əңгіменің  тақырыбы  бола  алмайды.  Соңғы  отыз  жыл
ішінде  осы  бағытта  елеулі  бетбұрыска  қол  жетті  ме?  Тегінде  қол  жеткен
жоқ.
Керісінше,  ядролық  қару  буқпантайлап  бүкіл  əлемге  тарады,  əлі  де
таралуда деуге болады.
Ядролық  қарудың  іздері  Жұмыр  Жердің  барлық  нүктелерінде
ұшырасады  жəне  қосымша  иелену  мен  иеленуге  ұмтылыс  пошымында
көрінген  таралу  аса  қатерлі  мөлшерге  жетті.  Əлемнің  қырыққа  жуық
мемлекетінің  ядролық  қару  иеленуге  əбден  мүмкіндігі  бар.  Соңғы  ширек
138

ғасыр  ішінде,  ресми  ядролық  державалардан  басқа,  онға  тарта  ел  не
ядролық  бомба  жасаумен  айналысты,  не  атом  қаруын  жасау  жөнінде
белсенді  жұмыспен  айналысты.  Бүгінде  ядролық  қаруы  бар  бес  елдің
орнына,  кем  дегенде  сегіз  елдің  белгілі  бір  мөлшерде  ядролық  арсеналы
бар.  Мунан  басқа,  ядролық  қарусыз  статусына  күмəнмен  қарауға  болатын
тағы терт ел бар.
Эрине жалпыға бірдей ядролық жуқпалы дерт орын ала қойған жоқ,
бірақ  дегенмен  таратпаудың  теріс  əсері  бар:  ядролық  мемлекеттердің  саны
көбейді, ядролық қарусыз елдердің саны азайды.
* * *
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың отыз жылдық режимінің
қорытындыларын  талқылаудағы  ең  дімкəс  тақырып,  тегінде  қарусыздану
болуы керек. Ядролық қарудың таралу тұжырымдамасын анықтай түсудегі
бастапқы  кездейсоқ  немесе  қасақана  ағаттық  қарусыздану  процесінің
басталмауына  əкеліп  соқтырды.  Тек  ядролық  қару-жарақ  процесін  шектеу
ғана орын алды.
Бұл  айтқаным  сөз  қақпақылы  емес:  қарусыздану  процесі  мен  қару-
жарақты  шектеу  процесі  бір-бірімен  байланысты  болғанымен,  рухы
жағынан  да,  мəні  жағынан  да  мүлдем  басқа  ұғымдар  екеніне  күмəндануға
негіз  жоқ.  Ядролық  боеголовкалар  саны  едəуір  үлғайды,  тек  енді  ғана,  екі
жақты  уағдаластықтардан  кейін,  1970  жылғы  бастапқы  деңгейге  дейін
төмендеді.
Қысқасы,  Таратпау  туралы  шарт  қызметінің  есепті  кезеңінде  дүние
қарусызданған жоқ.
Бейнелеп  айтқанда,  ядролық  қару  эволюциясын,  Ядролық  қаруды
таратпау  туралы  шарттың  пайда  болуы  мен  қызметін  көрсететін  картина
мынадай болып көрінеді:
Жұмыр  жердің  географиялық  екі  нүктесінде  селекционерлер  жаңа
штамм — «ядролық» бациллалар өсіріп шығарды.
Күшті  антибиотик  болып  табылатын  ядролық  штамм  əу  баста
«қошқыл  обамен»  пəрменді  күресуге  арналған  болатын.  Бірақ  оба
жойылды,  ал  ядролық  бациллалар  қалып  қойды.  Олар  өзара  қайта
бағытталып,  «коммунистік  індет»  пен  «империализм  гидрасын»  нысанаға
алды.  Бірте-бірте  бациллалар  саны  көбейіп,  олардың  колонияларының
мөлшері  ұлғая  берді.  Қолдан  жасалған  селекция  əлдеқайда  қауіпті  əрі
бейімделгіш  «ядролық»  бактериялардың  жаңа  өзгерген  түрлерінің
туындауына алып келді. Ядролық бациллалардың одан арғы диффузиясын
139

бөгейтін  жасанды  кедергілердің  болмауы  жалпыға  бірдей  атомдық
пандемияның катерін түсінуге жетеледі.
Үрейі ұшқан, ыза болған төңіректегі тұрғындар осынау «сұмдықты»
тоқтатып,  сайып  келгенде,  «ядролық  бактериялардың»  жойылуын  талап
етті.  Мəміле  табылды.  Ядролық  бацилла  пионерлері  оларды  лаборатория
қабырғасынан  шығармауға,  оларды  əлденеге  еліккен  біреулерге  сатпауға,
сыйламауға  міндеттенді.  Содан  кейін  бірте-бірте  жоюғада  міндеттенді.
Бейбіт
тұрғындар
оларды
сатып
алмауға,
ондай
сыйлықты
қабылдамауғақуана-қуана  келісті.  Бірақ  сөрелер  мен  шкафтардың  көлемі
тіпті  де  шексіз  емес,  ядролық  бациллалар  салынған  Петри  шынылары
лабораториялардың сөрелеріне сыймай барады. Тар бөлмеде бұрылудың өзі
қиындай түсті, шынылар ушып түсіп, күл-паршасы шығуы мүмкін.
Тығырықтан  шығудың  амалы  табылды.  Ядролық  бацилланы  алғаш
ашушылар  көршілер  мен  достарынан  бацилла  толы  шыныларды  уақытша
сақтай  тұру  үшін  алуды  өтіне  бастады.  Жұқтырып  алармын  деп  қорқып,
сіздің  үйге  енді  ешкім  кірмейтін  болады,  Сіз  де  алаңдамайсыз.  Уақыты
келгенде оларды қайтадан жиып аламыз.
Уақыт  келді.  Шынылар  бұрынғысынша  «ядролық»  бациллаларға
толы,  «ядролық»  колониялардың  бір  бөлігі  əлі  де  көршілерде,
маңайдағылар ықтимал қауіптен əлі де қорқады.
Тағы  да  жиналыс,  тағы  да  бəз-баяғы  сүрақ:  «Оу,  қашанға  дейін?
Сіздер  ядролық  індетті  құртасыздар  деп  келісіп  едік  қой.  Одан  қалай
қүтылудың  амалын  баяғыда-ақ  табар  едіңіздер  ғой.  Сіздердің  кіріп
алғандарыңызға  жиырма  жыл  болды  ғой.  Кететін  түрлеріңіз  көрінбейді.
Қашан?» Бұған бүқпасыз да бүкпесіз жауап: «Ешқашан». Тілсіз сахна...
Мінді  мойындау  —  мінсіздікке  қарай  жасалған  қадам.  Бірақ
ғаламдық  жəне  аймақтық  қауіпсіздіктің  жалпыға  бірдей  режимін  одан  əрі
жетілдіруге  қол  жеткізу  мүмкін  емес,  ол  үшін  сол  режимнің  кемістіктерін
атап  көрсетіп  қою  жеткіліксіз,  сол  кемістіктен  арылудың  сындарлы
шараларын қолдану қажет. Ядролық қауіпсіздік механизмі ретінде Шарт не
істегенін ғана көріп қою, бұл орайда Таратпау туралы шарт не істемегеніне
назар аудармау немесе еске алып қана қою қауіпті.
Жаппай  жəне  сөзсіз  бейбітшілік  ісі  үшін  Таратпау  туралы  шарт
істеген  немесе  істей  алған  нəрседен  оның  нені  істемегені  немесе  істей
алмағаны  əлдеқайда  маңызды  секілді.  Өйткені  Ядролық  қаруды  таратпау
туралы шарттың олқылықтарынан туындауы мүмкін немесе қазірдің өзінде
туындаған қауіптер, ол алдын алған ықтимал қауіптерден мол.
140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет