Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясына жатпайтын объектiлер үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi мен тексеру парақтарын бекiту туралы


Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы тәуекелдер



бет4/8
Дата19.07.2020
өлшемі366,5 Kb.
#74444
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы тәуекелдер
дәрежесiн бағалау критерийлерi

      7. Тәуекелдiң жоғары дәрежесiне «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi декларациялануға жататын объектiлер жатады, оларда:


      1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшiн қауiп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiптi заттары бар өндiрiс қалдықтары; радиоактивтi және ионды сәулелену көздерi бар қауiптi заттардың бiрi өндiрiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, түзiлетiн, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      2) қара, түстi, бағалы металдардың балқымалары және олардың негiзiнде алынатын қорытпалар жасалатын;
      3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру және минералды шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзiлетiн;
      4) электр қондырғыларының барлық түрлерi пайдаланылатын;
      5) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
      6) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезiнде жұмыс iстейтiн техникалық құрылғылар;
      7) жүк көтергiш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтiлер.
      Сондай-ақ тәуекелдiң жоғары дәрежесiне даярлаушы – зауытпен белгiленген пайдаланылуының нормативтiк мерзiмiн өтеген, мынадай қауiптi техникалық құрылғылар (шахталық қауiптi техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады.
      8. Тәуекелдiң орташа дәрежесiне технологиялық үдерiстi тоқтататын және өндiрiстiк персоналдың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн авариялар, инциденттер туындауы мүмкiн объектiлер мiндеттi декларациялануға жатпайтын объектiлер жатады, оларда:
      1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшiн қауiп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiптi заттары бар өндiрiс қалдықтары; радиоактивтi және ионды сәулелену көздерi бар қауiптi заттардың бiрi өндiрiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, түзiлетiн, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      2) қара, түстi, бағалы металдардың балқымалары және олардың негiзiнде алынатын қорытпалар жасалатын;
      3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру және минералды шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзiлетiн;
      4) электр қондырғыларының барлық түрлерi пайдаланылатын;
      5) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
      6) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезiнде жұмыс iстейтiн техникалық құрылғылар;
      7) жүк көтергiш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтiлер.
      Сондай-ақ тәуекелдiң орташа дәрежесiне даярлаушы – зауытпен белгiленген пайдаланылуының нормативтiк мерзiмiн 50 %-дан 100 %-ға дейiн өтеген, мынадай қауiптi техникалық құрылғылар (шахталық қауiптi техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады.
      9. Сондай-ақ тәуекелдiң болмашы дәрежесiне технологиялық үдерiстi тоқтатпай, техникалық құрылғыларды зақымдап және мыналар пайдаланылатын қызмет көрсетушi персоналдың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiп, ықтимал авария, оқиға туындайтын қауiптi өндiрiстiк объектiлер жатады:
      1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезiнде жұмыс iстейтiн техникалық құрылғылар;
      2) жүк көтергiш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтiлер;
      Сондай-ақ тәуекелдiң кiшi дәрежесiне даярлаушы – зауытпен белгiленген пайдаланылуының нормативтiк мерзiмiн 50 %-дан астам қауiптi техникалық құрылғылар (шахталық қауiптi техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады.
      Сондай-ақ, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында аттестатталған және қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыстарын жүзеге асырушы ұйымдар.
      10. Тәуекелдiң жоғары, орташа және болмашы дәрежелерiне жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер және техникалық құрылғылар тексерiстер жоспарына кiргiзiледi.
      11. Объектi немесе техникалық құрылғы тәуекелiнiң аса жоғарғы тобына қатысы үшiн негiз болуға жағдай жасаған қауiптi өндiрiстiк фактордың зақымдану әсерiн жою немесе төмендету кезiнде объект немесе техникалық құрылғы тәуекелдiлiктiң төменiрек дәрежесi тобына өтедi.
      Бiр топтағы тексерiстер техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың, авариялар мен қақтығыстар көрсеткiштерiнiң өсу үдерiсi бар объектiлерден немесе техникалық құрылғылардан басталады.


Каталог: wp-content -> uploads -> doc
doc -> Қазақстан республикасы
doc -> Задача по созданию объединенной, эффективной, но разнообразной «зоны европейского высшего образования»
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар
doc -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
doc -> Мамандығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
doc -> Проблемы высшей школы
doc -> Бағдарламасы бойынша оқитындар үшін «Қазақ тілі»
doc -> Қар мту жексенбілік кеңес беру тыңдаушылары үшін қазахстан тарихы пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
doc -> 2. Жапарова, Г. Ә. Информатика негіздері: оқуқұралы / Г. Ә. Жапарова. Алматы: Экономика, 2006. 295 с. (Оқуқұралы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет