ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»



бет5/55
Дата09.10.2023
өлшемі145,08 Kb.
#184318
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
метод-ПЗ-СД-хир-и-реаним-каз

2 сабақ
1. Тақырыбы: Жалпы жансыздандыру. Организмге наркотикалық заттардың әсер ету механизмі (жансыздандыру теориясы). Наркотикалық заттардың фармакодинамикасы. Наркоздың клиникалық ағымы. Интубациялы, маскалы наркоз. Наркоз берудегі мейірбикенің рөлі.


2. Мақсаты: Емдік наркоз негіздерін үйрену, реанимация және интенсивті терапияда оны комплексті түрде қолдануға көрсетілімдер. Наркоздың түрі және әдістері. Құрал-жабдықтармен және оның жұмысымен таныстыру. Әсер ету механизмін фармакокинетикасы және фармакодинамикасын, дәрілік заттардың өзара әсерін және олардың асқынуларын түрлі маман дәрігерлер білуі тиіс.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  • альгология негіздері (ауру туралы ілім)

  • наркоздың теориялық негіздері

  • миорелаксанттар

  • адреномиметиктер

  • холиномиметиктер және холинолитиктер

Студент істей білуі тиіс:

  • наркоз өткізуге көрсетілімдерін атауды

  • анестезиологиялық – операциялық қауіпті анықтауды

  • Полинаркон – 5, Амбу қапшығы құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуді

  • анестезияға арналған дәрілік заттардың дозасын есептеуді

  • науқастың жасын, жынысын ескере отырып, науқасты операция алды психопрофилактик және медикаментозды дайындауды

  • жедел және жоспарлы түрде жасалынатын операцияларға премедикация жүргізуді

  • премедикация нәтижесін бағалауды



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Қызметкерлерді және қоршаған ортаны ингаляциялық анестетиктерден қорғау әдістері
- Ингаляциялық наркоздың құрал-жабдығын және құрал-саймандарын дезинфекциялау
- Жалпы және жергілікті ауруды басу. Ауру және оның пайда болу механизмдері
- Анестезия әдістерінің жіктелуі
- Жалпы анестезия түрлері, наркоздың ағымы
- Жергілікті анестезия түрлері
- Жалпы және жергілікті анестезияның асқынулары, олардың алдын алу және емдеу
- Жалпы анестезияның жалпы және специфик компонеттері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет