Оқу сауаттылығы тек бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 сұрақ – 20 балл. 1-мәтін



бет3/3
Дата22.05.2020
өлшемі23,99 Kb.
#70602
1   2   3
Байланысты:
1523965801 7910bb8e79c0cdff09f8ec1f9daf2489

4-мәтін

Сарышұнақтар
Жабайы табиғатта сарышұнақтардың қимыл-қозғалысын бақылау – өте қызықтырарлық шаруа. Бұл кеміруші асқан сақтықпен жүреді. Күндіз інінен шығып, артқы аяқтарына тұра қала, айналасына қарауы еріксіз езу тарттырады. Сарышұнақтардың жақсы жақтарынан бөлек, жаман жақтары да бар. Мәселен, олар егістікті құртатын зиянкестерге айналуы мүмкін, немесе эпидемия таратушылар болуы, мысалы, жануарлар арасында оба таратуы мүмкін.

  1. Солтүстік жартышар, қоңыржай ендігі және тіпті, Полюс шеңберінің кейбір жерлері – сарышұнақтар мекендейтін жерлер. Қыр дала мен ормандар, көгалдар мен орман тундралары бұл кішкентай кеміргіштерге пана болады. Бір қызығы, көгалдарды мекендейтін сарышұнақтар, солтүстіктің суық климатынан қорықпай, жиі Полюс шеңберінен тыс тұрақтайды. Ал қыр даланың кеміргіштері жартылай шөлейт, шөл және теңіз деңгейінен 3500 м биік тау телімдерін ұнатады. Бір жағынан сарышұнақтардың сақтығын олардың мекендеу орнымен түсіндіруге болады, олар көбіне ашық ландшафтарды мекендейді.

  2. Әрине, сақ сарышұнақтардың үйіне жақындау оңай емес. Бірақ, кейде далалы аймақтарда сұр «бағандарды» көруге болады, сарышұнақтар осылайша қауіптің жақындауына әрекет етеді. Сыртқы түріне қарасаң, үлкен сарышұнақ тиінге ұқсайды. Бұлардың созыңқы тұрқы 14-40 см, құйрығы шағын, ұзындығы денесінің жартысына сирек жетеді, құлақтары қысқа әрі толықтай жалаң, көздері үлкен және артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзынырақ. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың.

  3. Шөпқоректі сарышұнақтар қорек іздеуде індерінен ұзақтамайды. Олар қолжетімді өсімдіктерді маңынан табады және оның жемісі мен жапырағын да, тамырын да ұнатады. Алайда, сарышұнақтардың тірі азығы да бар, олар – аулайтын не інінің қасынан табатын ұсақ жәндіктер. Көгалды мекендейтін сарышұнақтар жақын жердегі сұлы, жүгері, арпа егістіктерімен қоректенгенді ұнатады. Бұл кеміргіштер зиянкестер деген атқа ие. Даланың сан түрлі шөптерінен бөлек, бұл аңдар кейде жабайы жидек бұталаларына тап болады. Және жидектерді сүйсіне жейді. Сарышұнақтардың кейбір түрлері, мысалы, ұзын құйрықты сарышұнақтар әртүрлі өлексе, тіпті ас үй қалдықтарын жегенді ұнатады. Сонымен қатар, олар өсімдікке қарағанда, аң етін қуана жейді.

  4. Сарышұнақтар жылына бір рет балалайды, ал олардың ұрпақтары саны бойынша екіден он екіге дейін жетеді. Жүктілігі бір айға дейін созылады, ал өмір сүру салты орташа өсімталдыққа алып келеді. Сарышұнақтар зағип және жалаң төлдерді, көбіне көктемде алып келеді. Он күннен кейін төлдерінің жоталарында алғашқы қылшық пайда болады, ал тағы да бірнеше тәуліктен кейін олар толықтай жүндейді. Үш ай – жас өркеннің өсіп жетілуі және бағынышсыз өмір сүруі үшін қалыпты жас. Балалары аналарының інін, әдетте күзде тастайды.

(http://bilim-all.kz/)


  1. Мәтіндегі ақпаратты сәйкестендіріңіз:

  1. көбею

  2. мекені

  3. сипаты

  4. қоректенуі

A) 1 – a, 2 – b, 3 – c, 4 – d

B) 1 – a, 2 – b, 3 – c, 4 – d

C) 1 – b, 2 – c, 3 – d, 4 – a

D) 1 – c, 2 – d, 3 – b, 4 – a

E) 1 – d, 2 – a, 3 – b, 4 – c


  1. Сарышұнақтардың тірі азығы:

A) Қыр дала

B) Ормандар

C) Полюс шеңбері

D) Ұсақ жәндіктер

E) Жидектер


  1. Сарышұнақтардың зияны туралы дұрыс ақпарат:

1. Эпидемия таратады

2. Егістікті құртады

A) тек біріншісі

B) тек екіншісі

C) екеуі де бұрыс

D) екеуі де дұрыс

E) зияны жоқ



  1. Зағип сөзіне мәндес сөз белгілеңіз:

A) керең

B) саңырау

C) соқыр

D) сақау


E) құныс

  1. Жас сарышұнақтар өз індерін қай кезде тастап кетеді?

A) жаздыгүні

B) көктемде

C) қыста

D) тастамайды

E) күзде

Құрастырушы: Республикалық «KAZBILIM» орталығы

©Авторлық құқық толығымен сақталған

Байланыс нөмірі: +7 776 4318008





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет