Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары


«Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің өзектілігі»



бет8/8
Дата11.05.2022
өлшемі0,9 Mb.
#142055
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
өзін-өзі тану 46-90
1611770133, Документ, Документ, Документ, ашық сабақ, 8 сынып ҚМЖ 3 тоқсан 43 сабақ, токтагулова
«Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің өзектілігі»
Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің міндеті
С.А.Назарбаева

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа- адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезеңінен басталуы керек. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту мақсаты мәңгілік рухани адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы , сөзі және ісі бір кемел мінезді бірлікте болатын адам қалыптастыру. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған.


Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен.
Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады.Өйткені, өзінің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр.
Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрін сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие-екі жақты үрдіс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан-тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Қазіргі заманауи әлемде адамзатты толғандырып отырған жаһандық өзгерістер Қазақстандық білім беру жүйесін жаңаша толықтыруды талап етуде. Қазақ елінің болашағы бүгінгі білім алушылардың рухани-адамгершілік санасына тікелей тәуелді.
Жаһандық дағдарыстан шығудың бірден бір жолы барша әлемге жақсылық тілеп, ойымызды, рухымызды ояту керек. Бұл орайда баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балаларын мүмкіндігін ескерту арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан- жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу кезінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке,ізгілікке,ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасаған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Атақта педагог Сухомлинский бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп,қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау,ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдинетті, парасатты ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Рухани жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдинетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиат дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу,оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, жанашырлық,ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті,адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында,олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған ортадан бойына сіңіреді.
Рухани адамгершілік білім-адам жанының тереңінде орын алатын құбылыс.Ал әр адамның жан дүниесі тек сүйіспеншілікке ғана құшақ жаяды.Өзін-өзі тану мұғалімі оқытпайды,білімді дайын күйінде ұсынбайды ,ол оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді танып білуден өзінің ішкі жан дүниесіненің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды.Оқушылар өздерінің ішкі жан дүниесін аша отырып,саналы түрде даму жолына түсіп өздеріне қажетті білімді және ар-ұждан даусын өзі ашады.
Адамзаттың ұлы ұстаздары өз ілімдерін сөзбен ғана емес, іс жүзінде де ұстана білген, ойы, сөзі және ісінің бірлігімен тарихта қалған.
Адам бойындағы ең бастысы – оның Рухани бастауы, жан - дүниесі,сондықтан адам болмысынан мейірімді және таза болуы керек.

  1.  А.Дистервег, Д.И. Менделеев, Я.А. Коменский, Л.Н. Толстой,К.Д. Ушинский, Я. Корчак, В.А. Сухомлинский және т.б. педагог-гуманистердің біреуін таңдап, рухани-адамгершілік қырлары негіздеріне сүйене отырып, өмірлерімен танысып, «Ой, сөз, істің бірлігінде өмір сүру» тақырыбына эссе жазыңыз

Ой, сөз, істің бірлігінде өмір сүру
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
А.Құнанбаев
Ой + сөз + сезім әрекет = тағдыр
Өзінің ойына, іс-әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін әрi өзгені сыйлайды және сенiмге ие болады екен. Ойдын, сөздiн және істің бірлігі іс-әрекетте көрінеді. Ізгі ниет, ак конiлмен берілген сөз жақсы істің бастауы. Бірақ кез келген ой, тіпті ең таза, ең жарқын және ең асқақ ой, егер ол Өзгермейтіндік заңының екінші аспектісінде - Сөзде жүзеге аспаса, «ештеңе» болады. Өйткені адамға өз ойын жүзеге асыру үшін сөздің астарында жатқан Сөз ғана керек. Тіл – сөйлеуді тудыратын құрал. Тіл – адамның шынайы тәрбиесінің көрсеткіші. Тілден ұшқан сөздер адамның мәдениетін айтады, оның ішкі күйін, ішкі дүниесін көрсетеді.
Қазіргі заманның ұлы ойшылдарының бірі, үнді философы Свами Вивекананда әрқашан ойдың, сөздің және істің бірлігі өзгермейтін заңдылық, оған сүйенсек, адам барынша шынайылықты, жанқиярлықты, жанқиярлықты тәрбиелей алады, өзінің ой-өрісін көтеріп, кеңейте алады. сана, рухани саланың нағыз қызметкері болу және шын мәнінде «кез келген мақсатқа» жету. Бірақ бұл заң тұтастай алғанда жеке тұлғаның рухани өзін-өзі дамытуға қалай ықпал ететіні туралы айтпас бұрын, оның триадасының әрбір аспектісін бөлшектеп қарастырайық, содан кейін оларды біртұтас тұтастыққа біріктірейік, дегенмен теософияның бұл мүмкіндікті қамтамасыз етпейтінін бұрыннан білеміз. Тұтастықты танудың және дамуының фрагментарлық перспективалары үшін фрагментарлы, яғни «төменгі» таным формалары «жоғары» ақиқатты тани алмайды, бүгінде біз бұл тәсілдерді әлі де бұзамыз. Ендеше, әрқайсымыз «ой деген не» туралы оқып, естіп, нақты ойластырғанымызға қарамастан, оның қайдан және қашан пайда болғанын, оның адам өміріндегі маңызы қандай екенін осыдан бастайық.
Сіз бәрінде – ойда, сөзде және істе шыншыл болуды үйренуіңіз керек. Ең алдымен, ойда; және бұл оңай емес, өйткені дүниеде көптеген жалған ойлар бар ... Олардың құлына айналған адам алға жылжи алмайды. Сондықтан, біз бір ойды көпшілік мойындағаны үшін немесе ол көптеген ғасырлар бойы солай ойластырылғандықтан немесе адамдар қасиетті деп санайтын кітапта айтылғандықтан емес, өзіміз осы ойды қарастырып, өзіміз шешуіміз керек. ақылға қонымды ма "Есіңізде болсын, кез келген мәселеде мыңдаған адамның пікірі бірдей болса да, бұл мәселенің мәні туралы ештеңе білмесе, олардың пікірі ешқандай құндылыққа ие емес. Кім бұл жолды ұстанғысы келсе, ол үшін ойлауды үйренуі керек.
Оның ойы қандай болса, адамның өзі де солай болады. Ой адамның мінезін қалыптастырады. Мінез – адамның басты байлығы. Бұл адам тұлғасының толық ішкі үйлесімділікке жетуіне, өзін-өзі жүзеге асыруына қол жеткізуге мүмкіндік беретін мінез. Біздің ойымыз өзімізге әрекет ете отырып, біздің психикалық және адамгершілік мінезімізді жасайды; кармалық әсерге байланысты кармалық басқалармен байланысты, олармен адамдары кейінгі инкарнацияда байланысты болады. Біздің әрбір ойымыз, әрбір сезіміміз және әрбір әрекетіміз өткеннен туындап, болашаққа әсер етеді. Адамның ойы – адам тағдырын құрайтын үш құраушы күш категориясының бірі. Егер біз әрқашан ойланатын болсақ, яғни жақсы нәрселер туралы ойланатын болсақ, онда біз жаман нәрселер туралы сөйлеспейміз, өйткені біз ойымызда не бар екенін айтамыз, ал егер біздің ойымыз жақсы болса, онда сөйлеу жақсы болады, демек, жақсы болатын әрекет. Дұрыс ойлаудың әсері міндетті түрде дұрыс сөйлеу арқылы көрсетілуі керек.
Константин Дмитриевич Ушинский – орыстың педагог демократы, Ресейде ғыл. педагогиканың негізін қалаушы. Ушинскийдің пед. қызметі басыбайлылық құрылыстың дағдарысы, қоғамдық-демокр. қозғалыстың өрлеуі, онда рев.-демокр. бағыттың қалыптасу кезеңдерінде өтті. Сол себепті, оның пед. жүйесінің негізгі өзегі білім беру мен оқытудың жүйесін демократияландыру болды. Тәрбиенің халықтығы, халықтың тарихи процестегі шығарм. күші мен білім алу құқығын қорғау идеясы У-дің пед. жүйесінің негізіне айналды. Ол басыбайлылыққа қар-сы болды, баланы жазалап оқытуды айыптады. Оқытудың сыныптық жүйесін қуаттады. Білім беру ісі мен тәрбие ісін қатар жүргізу керектігіне, оқытуың көрнектілігіне, білімнің тәжірибемен байланысына ерекше мән берді. Оқытудың дидакт. негізін қалап, педагогика ғылымын ең озық ғыл. дәрежеге көтеруді, оны әрі ғылым, әрі өнер деп бағалауды ұсынды. Ол мектептегі тәртіп мәселесіне баса көңіл бөлді, оқушыны үнемі қорқыту, жазалау әдісімен оқытуға қарсы болды. Баланы саналы тәртіпке үйретуге зер салды, мұғалім мектепте басты тұлға деп санады. Мұғалімнің жеке басының үлгісіне мән берді. Ол үнемі оқып, өз білімін арттырып отыруы керек, мұғалім оқуын тоқтатқан күні ұстаздық беделінен айрылады деді. У-дің Ресейдегі пед. ісі бүкіл ұстаздар қауымына үлгі-өнеге болды, прогресшіл педагогиканың дамуына зор ықпал етті. Оның жолын қуушы прогресшіл педагогтар тек ішкі Ресейде ғана емес Кавказ бен Орт. Азияда, соның ішінде Қазақстанда көптеп шықты. У-дің жолын қуушылардың бірі белгілі қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин болды. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді. Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды. Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады”. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты "ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол "қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды. Ушинский былай деп жазды: "Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді...” Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді. Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру оларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді. Ушинскийдің пікірінше, ана тілі "халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”. Осыдан келіп, ана тілі "негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. Рухани, діни білімнің өзектілігі сақталып қана қоймай, қоғамның адамгершілік деңгейінің күрт төмендеген 21 ғасырдың басында да жаңа мәнге ие болады. Дін мен ғылымның парасаттылық аясында тым болмаса жоққа шығармайтыны, керісінше, жақсы үйлесім тауып, бірін-бірі толықтыратыны анық. Білімді, ғылымды, дінді бір-бірімен үйлеспейтін нәрсе ретінде қарсы қою мүмкін емес, мұны ғылыми жаңалықтар тарихы растайды. Рухани құндылықтар – адамзаттың мыңжылдықтар бойы жинақталған, құнсызданып қана қоймай, әдетте көбейетін өзіндік қоры. Әрбір адамның адамгершілік ізденісінде жақсылық пен жамандықтың арақатынасы, бақыт пен әділеттің мәні, махаббат, өмірдің мәні туралы мәселе маңызды. Мұғалімнің адамгершілік борышы – шәкірттерінде өз тарихына, мәдениетіне және христиан дініне құрметпен қарауды қалыптастыруға көмектесу үшін діни дәстүрлер мен құндылықтардың орасан зор мәдени және қалыптастырушы рөлін нанымды түрде көрсету. Міне, осындай ойды К.Д.Ушинскийден де кездестіреміз, ол адамгершіліктің, рухани өмірдің қайнар көзі сыртта жатыр деген. Ал бұл рухани өмірдің қайнар көзі, адамгершілік сезімдердің негізі – Құдай дейді ұстаз. Адамгершілікті қоғамнан, материализмнен алуға болмайды. Моральдық норма, К.Д.Ушинскийдің ойынша, оны дамытпаған және ол туралы басқалардан естіген адам үшін теориялық тұжырымдама немесе дамыған болса, адамды мәжбүрлейтін практикалық ұғым болуы мүмкін. Адамгершілікті бір адамға деген жанашырлыққа салуға болмайды. Ешбір адамда болмаса да, басқа адамда сезінуге болады, әсіресе оның орнында өзіңізді ешқашан таба алмайтыныңызды түсінгенде. Жанашырлық, ұстаздың ойынша, басқаның бар екенін сезінудің құралы ғана. Адамзатқа ең асыл, әдемі, шынайы және шынайы құндылықтарды, өмір мен даму стандарттарын дамытқан және ұсынған христиандық болды. Біздің тәрбиеміз христиандық құндылықтарға, христиандық кемелдік идеалына, христиандық ақиқаттарға негізделген. К.Д.Ушинский былай деп жазады: «Адам тұлға ретінде бола алатын және болуға тиіс нәрсенің бәрі құдайдың ілімінде толық көрсетілген, ал тәрбие тек ең алдымен және барлық нәрсенің негізінде, мәңгілік ақиқаттардың тамырына балта шабу үшін қалады. христиандық. Ол өмір береді және кез келген білім берудің ең жоғары мақсатын көрсетеді, сонымен қатар ол барлық нұрдың және барлық шындықтың көзі ретінде әрбір христиан халқын тәрбиелеуге қызмет етуі керек. Менің ойымша, К.Д.Ушинский ұсынған рухани даму бейнесі адам болмысының шындығын, ағзаның (дененің), жан мен рухтың күрделі қатынастарын көрсететін ең объективті болып табылады.
Бұл даму барысында күрделі, қайшылықты қарым-қатынастарға түсіп, парасаттылық пен саналы өмірмен күресетін «қараңғы тұңғиығы бар» табиғи организмнің бейнесі. Ақыл-ойдың «оянуы», сана мен өзіндік сананың нақтылануы, ерік-жігердің пайда болуы адамның хайуандық болмысын сапалы түрде өзгертеді, нәтижесінде адамның екінші рет дүниеге келуі, жан дүниесі дүниеге келеді. Оның бірінші болмысы екінші рухани табиғатқа айналады.

  1. Қазақстандағы М.Х. Дулати, М.Ж. Көпейұлы, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров және т.б. еңбектерінің рухани-адамгершілік қырлары негіздеріне сүйене отырып, өмірлерімен танысу, «Ой, сөз, істің бірлігінде өмір сүру» тақырыбына эссе жазыңыз

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
А.Құнанбаев
Ой + сөз + сезім әрекет = тағдыр
Өзінің ойына, іс-әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін әрi өзгені сыйлайды және сенiмге ие болады екен. Ойдын, сөздiн және істің бірлігі іс-әрекетте көрінеді. Ізгі ниет, ак конiлмен берілген сөз жақсы істің бастауы. Бірақ кез келген ой, тіпті ең таза, ең жарқын және ең асқақ ой, егер ол Өзгермейтіндік заңының екінші аспектісінде - Сөзде жүзеге аспаса, «ештеңе» болады. Өйткені адамға өз ойын жүзеге асыру үшін сөздің астарында жатқан Сөз ғана керек. Тіл – сөйлеуді тудыратын құрал. Тіл – адамның шынайы тәрбиесінің көрсеткіші. Тілден ұшқан сөздер адамның мәдениетін айтады, оның ішкі күйін, ішкі дүниесін көрсетеді.
Қазіргі заманның ұлы ойшылдарының бірі, үнді философы Свами Вивекананда әрқашан ойдың, сөздің және істің бірлігі өзгермейтін заңдылық, оған сүйенсек, адам барынша шынайылықты, жанқиярлықты, жанқиярлықты тәрбиелей алады, өзінің ой-өрісін көтеріп, кеңейте алады. сана, рухани саланың нағыз қызметкері болу және шын мәнінде «кез келген мақсатқа» жету. Бірақ бұл заң тұтастай алғанда жеке тұлғаның рухани өзін-өзі дамытуға қалай ықпал ететіні туралы айтпас бұрын, оның триадасының әрбір аспектісін бөлшектеп қарастырайық, содан кейін оларды біртұтас тұтастыққа біріктірейік, дегенмен теософияның бұл мүмкіндікті қамтамасыз етпейтінін бұрыннан білеміз. Тұтастықты танудың және дамуының фрагментарлық перспективалары үшін фрагментарлы, яғни «төменгі» таным формалары «жоғары» ақиқатты тани алмайды, бүгінде біз бұл тәсілдерді әлі де бұзамыз. Ендеше, әрқайсымыз «ой деген не» туралы оқып, естіп, нақты ойластырғанымызға қарамастан, оның қайдан және қашан пайда болғанын, оның адам өміріндегі маңызы қандай екенін осыдан бастайық.
Сіз бәрінде – ойда, сөзде және істе шыншыл болуды үйренуіңіз керек. Ең алдымен, ойда; және бұл оңай емес, өйткені дүниеде көптеген жалған ойлар бар ... Олардың құлына айналған адам алға жылжи алмайды. Сондықтан, біз бір ойды көпшілік мойындағаны үшін немесе ол көптеген ғасырлар бойы солай ойластырылғандықтан немесе адамдар қасиетті деп санайтын кітапта айтылғандықтан емес, өзіміз осы ойды қарастырып, өзіміз шешуіміз керек. ақылға қонымды ма "Есіңізде болсын, кез келген мәселеде мыңдаған адамның пікірі бірдей болса да, бұл мәселенің мәні туралы ештеңе білмесе, олардың пікірі ешқандай құндылыққа ие емес. Кім бұл жолды ұстанғысы келсе, ол үшін ойлауды үйренуі керек.
Оның ойы қандай болса, адамның өзі де солай болады. Ой адамның мінезін қалыптастырады. Мінез – адамның басты байлығы. Бұл адам тұлғасының толық ішкі үйлесімділікке жетуіне, өзін-өзі жүзеге асыруына қол жеткізуге мүмкіндік беретін мінез. Біздің ойымыз өзімізге әрекет ете отырып, біздің психикалық және адамгершілік мінезімізді жасайды; кармалық әсерге байланысты кармалық басқалармен байланысты, олармен адамдары кейінгі инкарнацияда байланысты болады. Біздің әрбір ойымыз, әрбір сезіміміз және әрбір әрекетіміз өткеннен туындап, болашаққа әсер етеді. Адамның ойы – адам тағдырын құрайтын үш құраушы күш категориясының бірі. Егер біз әрқашан ойланатын болсақ, яғни жақсы нәрселер туралы ойланатын болсақ, онда біз жаман нәрселер туралы сөйлеспейміз, өйткені біз ойымызда не бар екенін айтамыз, ал егер біздің ойымыз жақсы болса, онда сөйлеу жақсы болады, демек, жақсы болатын әрекет. Дұрыс ойлаудың әсері міндетті түрде дұрыс сөйлеу арқылы көрсетілуі керек.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық философиясы. Ш. Уәлихановты терең толғандырған қазақ халқының тағдыры, оның жаппай сауаттануы, қазақтарды жалпыадамзаттық құндылықтар мен прогреске қосудың жолдары туралы маңызды мәселелер көрнекті қазақ ойшылы Ыбырай Алтынсарин үшін де басты мәселе болды. Зұлымдықпен, әділетсіздікпен және азғындықпен күрес идеялары екі ойшылдың да философиялық көзқарастарына тән.
Ыбырай Алтынсариннің жоғары өнегелілік пафосқа толы шығармашылық мұралары - әлемді философиялық түсіну мен гуманистік бағыттың жарқын үлгісі. Ы. Алтынсарин өзінің қалыптасуы барысында шығыстанушы В.В. Григорьевтің, К.Д. Ушинский бастаған педагогикалық қозғалыстың әсерін сезінді. Ол халықтың болашағы ең әуелі балалардың жаппай сауат алуына байланысты деп қарады. Өзі құрастырған “Қазақ хрестоматиясын” “ғылыми, әрі байыпты басшылыққа негізделген, қажетті танымдар мен пайдалы мағлұмат бере алатын ”жол нұсқаушы ретінде бағалады (Алтынсарин И. Собр. соч. Т.1. С. 78).
Ы. Алтынсарин халықтың қамын жеу қазақ зиялыларының адамгершілік парызы деп білді. “Біздің үлесімізге бәрін әлі құру, енгізу қажеттігі бар ең ауыр да жауапты ауыртпалық тиіп отыр ...қараңғы ортаға жаңалық енгізу, шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше жарық сәуле түсіру”,- деп жазды ол (Сонда. Т. 3. С. 63.). Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, қоғам игілігінің, өз Отанының байлығын өсіру мен оның күш-қуатын арттырудың қамын жеу, оның экономикалық және мәдени дамуына ықпал ету  осының бәрінің орындалуы өмірінің мәні болып табылатын әр бір ұлтжанды азаматтың негізгі міндеті. Ойшыл ұлтжанды азаматқа тыныш, уайымсыз өмір жоқ, оның жаны өз отанының дамуына үлес қоспаса, өз қызметінің жемісін көрмесе жай таппайды деп санайды. Ол: “Менің үнемі ұмтылысым жан-тәніммен пайдалы адам болуға бағытталды, ал қазір осыған қол жеткіздім деген ой мені жұбатады”, – деп жазды (Сонда. С. 26. ).
Ы. Алтынсарин өзінің ағартушылық философиясында жас ұрпақтың тағдырына халықтың рухани қайта өрлеу үмітін артып, осыған байланысты педагогикалық (ұстаздық), психологиялық көзқарастарын дамытты. Өз көрінісін ақындар айтысынан, қисса, хикая, жаңа эпикалық поэмалардан тапқан эстетика жаңа даму кезеңіне шығып, жарқырай дамыды. Музыка (әуез) өнерінің өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан сал, Мұхит, Ақан сері, Жаяу-Мұса, Зілғара, Құлтума, Сара, Сералы, тағы басқа ақын-әншілердің есімдерімен байланысты (Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. Алматы: Жазушы, 1989. 1-т. – 203 б. ). Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ философиясының биігі Абай шығармашылығынан көрініс тапты. Ол туралы кейінірек айта кетеміз.
Біз философиялық ой-пікірлері туралы айтайық деп отырған Ыбырай Алтынсарин, қанағат мәселелері туралы көп ой толғады. Ол мөлшерді сезінуді сақтамай бақытты болу мүмкін емес деп ойлады, онымен қоймай, ойшыл бақыт пен байлық - ынсаптылықта деп санады. Өзіңде барда қанағат қылудың қажеттілігі туралы Ыбырай Алтынсарин былай деп жазды: “Сараң адам қанша малды болса да, өз байлығына риза болмайды, ал керісінше малы аз болса да, өзінде барға қанағат қылған адамның жаны жай тауып, тыныштықта болады” (Алтынсарин И. Собр. соч. Т. 1. С.131.). Ы. Алтынсарин сараңдық, өзімшілдік және басқа да кемістіктер адам өмірінің мәнін жоғалтады деген пікірде болды.
Қанағат  адамда қызғаншақтық, сараңдық, нәпсіқұмарлық, ысырапшылдық тәрізді жағымсыз әдеттердің дамуына қарсы тұру қажеттілігінен туған моральдық құбылыс екенін айта кету жөн. Қанағат – тек қана адамның материалдық тірліктерді пайдалануда өзіне-өзі шек қоя білуі емес, сондай-ақ құмарлық әсерінен туған әр түрлі жамандықтардан сақтаушы рухани күш. Сабырлық, ұстамдылық адамды еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Бір қызығы, қанағат адамға шек қоя отырып, оны еркін етеді.
Ы. Алтынсарин өзі философ әрі педагог ретінде бағалаған Я.А. Коменскийдің еңбектерін мұғалімдер үшін өте пайдалы материал деп есептеді. XVІІ ғасырдың көрнекті чех педагог-философының “Ұлы дидактикасымен” қазақ ойшылы таныс болды. Я.А. Коменскийдің идеяларымен Ы. Алтынсариннің оқушыларға “заттарға дұрыс көзқараспен қарау”, “табиғаттан” үйрену, “кітаптағыдай түсінумен” шектелмеу, “ғылым мен өнер” үлгілері мен тәжірибеге сүйену сияқты талаптары сәйкес келіп жататынын баса айтқан жөн.
Көне грек ойшылдарының философиялық ойларынан бастау алатын, тек қана ізгіліктік туралы біліммен шектелмейтін, сонымен қатар қоғам үшін практика жүзіндегі ізгілікті адам болу  Я.А. Коменский ілімінің талаптары. “Ұлы дидактикасында” Я.А. Коменский өзі философия саласының үлкен беделі деп санайтын, Аристотельге көп сүйенеді. Аристотельдің тәрбие жөніндегі негізгі ұстанымдары мен әдістеріне чех ойшылы бас иді.
Я.А. Коменский сияқты қазақ ойшылы да кісілермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы ғана адам тұрмыстық және адамгершілік тәжірибе жинайды деп есептеді. Ы. Алтынсарин Я.А. Коменскийдің адал еңбегіммен күн көріп жүрмін деп айта алатын адамдар ғана шын бақытты дейтін философиялық ұстанымдарына сүйенуге кеңес береді.
К.Д. Ушинский де жеке бастың қалыпты өнегелілік дамуына еңбектің ықпалы зор екенін айтқаны белгілі. “Еңбектің психологиялық және тәрбиелік мәні” деген мақаласында орыстың белгілі педагог-философы “адам денесі, жүрегі, ақыл-ойы еңбекті талап етеді және бұл талаптың күштілігі сондай, егер адамның қандай да бір себептермен жұмысы болмай қалса онда ол сара жолын жоғалтады, оның алдында екеуі де жамандыққа әкеп соғатын екі жол тұрады: бірі - өмірге еш уақытта риза болмаушылық, бейқам енжарлық пен түпсіз сары уайым жолы, екіншісі – балаларша шолжаңдау немесе жануарларша рахаттану сезіміне дейін құлдырауға түсіретін өз еркімен, байқаусыз, өзін-өзі құрту жолы” деген.
Адам өміріндегі еңбектің рөлін терең түсіну, оған адам жанын жамандықтан, жалқаулықтан, әрекетсіздіктен қорғаушы деп қарау, еңбек адамның табиғи қажеттілігі деген пікірдің болуы Ы. Алтынсарин шығармаларына тән сипат. “Атымтай жомарт” деген әңгімесінде ойшыл адамның өнегелілік өміріндегі еңбектің мәні мен мағынасын сипаттайды, ал “Өрмекші, құмырсқа һәм қарлығаш” деген әңгімесінде қарапайым мысал арқылы тіршілік ету мен артына ұрпақ қалдыру үшін еңбектің табиғи қажеттілігін көрсетеді. Ы. Алтынсарин адам еңбек етуге және соңына ұрпақ қалдыруға тиіс деп біледі. Қазақ ойшылы өмірдің қызығы еңбекте, еңбектің арқасында ғана адам өзінің армандаған мақсатына жете алады деген байлам жасайды.
Оның ойынша, адал еңбек пен қанағатшылдық – адам бақытының негізі. Еңбек, ізгілікке ұмтылу, адамгершілік адамға лайықты өмірді қамтамасыз ететінін Ы. Алтынсарин “Таза бұлақ” деген әңгімесіндегі мысал арқылы дәлелдейді.
Қазақ ойшылы ізгілік деп халыққа пайда әкелетін іс-әрекеттерді санады. Оның көзқарасы бойынша, ізгілік жасау әр адамның адамгершілік парызы. Ы. Алтынсарин экономиканың дамуы, ақыл-ой прогресі өнегеліліктен ажырамау керек екенін пайымдайды. Дәстүрдің сақталуы, қазақтар бұрыннан тұрып жатқан жерді тартып алуға қарсы тұру, халықтың “өнегелілік саулығын сақтау қажеттілігі” – Ы. Алтынсариннің халықтың болашағы туралы ой-толғауларының басым бөлігі.
Ыбырайдың философиялық дүниетанымының қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ш. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты.
Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің сан алуандылығына назар аударылған. “Жаз”, “Өзен” сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам үшін маңызды екендігі сезіледі. Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, “Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!”, “Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым” деген өлең шумақтарында, “Мұсылманшылдықтың тұтқасы” т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. “Мұсылманшылдықтың тұтқасында” бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, “мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық — қадір екендігіне дәлел болса керек” деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Кейбір зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материалист, дінге қарсы болған деп айтып жүр. Мәселені нақты қарасақ, Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұхарадан келген молдалардың дінінің озбыр түріне қарсы болған. Н.И. Ильминскийге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу, оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді. Мұндай дүмше молдалардың барлық ақыл-парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетіндігін қатты сынайды.
Ыбырай Алтынсарин “қырғыздардың жас ұрпағы орыс тілі мен сауатына мәдениет пен білімінің жалғыз тілі ретінде қарайтын және оған құмарланып орыс дәстүрінде дами алатын” уақыт туралы шын жүректен армандады. Осы арманды іске асыру үшін Ы.Алтынсарин маңызды тәжірибелік нақты қадамдар да жасаған болатын. Отаршылық биліктің кедергілері мен жергілікті ескішілдіктің сарқыншақтары мен соқыр сенімдерін жеңе отырып, ол белсенді әрекеттер жасап, қазақ даласында қазақ балалары үшін бірнеше мектептердің негізін қалады. Оның табандылығы мен жігерлілігінің арқасында мектептерде балалар өз ана тілінде түрлі пәндерді өтумен бірге, орысша сауатын да ашты.
Ы. Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, “Жаз”, “Өзен” деген өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы, көкорай шалғынды көркі, күмістей сыңғырлаған суы, көкжиектің мүнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттары мен жазбаларында қазақ балаларына ән-күйден, суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп қояды. Бұдан Ыбырайдың жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағандығын қөреміз.
Этикалық тәрбие жөніндегі оның пікірлерін, ой-тұжырымдарын бағалы асыл мұра деуге болады. Ең алдымен, Ыбырайдың өз басының өте жоғары дәрежелі мәдениет иесі болғандығын айта кету керек. Оның достары мен жолдастарына жазған хатында кішіпейілділік пен ізгіліктің белгісі айқын көрінеді. Ұстазы болған Н.И. Ильминскийге жазған хаттарында үлкен құрмет пен ілтипат сезімдерін білдіріп, ал өзінің шәкірті есебінде болған А.А. Мазохинге жазған хаттарын ұдайы “сүйікті досым” деп бастап жазды. Кейбіреулерге ағарту жүмысындағы кемшіліктері үшін қатты сөз айтып, реніш білдірсе, артынан артық кеткеніне кешірім сұраған көңілін білдіреді.
Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрибиелейтін Ыбырайдың шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиетті қырда өскен балаларға түсінікті болатындай әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді. Ыбырай әлеуметтік мәселелерді көптеген еңбектерінде талқылайды. Ресей оқу орындарынан білім алып, өркениеттен нәр алған Алтынсарин озық-ағартушылық идеяларын қазақ елінде жүзеге асыру үшін талай еңбек етті. “Кел балалар, оқылық”, “Өнер, білім бар жұрттар” сияқты өлеңдерінде жастарды өнерге, білімге шақырды. Ыбырай ағарту ісінің тек насихатшысы ғана емес, сонымен бірге аса көрнекті ұйымдастырушысы болды. Қазақ даласында білім бұлағы болатын мектептермен қатар өндірістік кәсіпкер кадрлар дайындайтын арнайы техникалық-кәсіптік оқу орындарын ашу жөнінде мәселе қояды. Бұдан Алтынсариннің өндірістің қоғам өміріндегі рөлін жоғары бағалағандығы көрінеді. Кейбір зерттеулерде ағартушылар сияқты Ыбырай да оқыту, ағарту ісі қоғам өмірінде шешуші фактор болатындығын мойындаған деген біржақты тұжырымдар жасалады. Мұндай пікірді марксизм әдістемесін сыңаржақтылық тұрғыдан дәріптеу деуге болады. Шындығында, сол кездегі қазақ елінде ағарту және сол арқылы өнеркәсіпті дамыту ісінен басқа қандай жол бар еді?. Айталық, қазақ жұрты көтеріліс жасап, патша үкіметін құлатып, байларды жойды дейік. Сонда басым көпшілігі сауатсыз қалың кедей өндіріс кәсібі жоқ елде жоғары дәрежелі әділетті қоғам құра алады деп айта аламыз ба? Әрине жоқ. Ендеше, Ыбырай айтқан ағарту ісі, өндіріс кәсібінің өркендеуі сол замандағы қазақ халқы үшін бірден-бір дұрыс жол еді.
Ы. Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән. “Қырғыз қайғысы” деген жазбаларында ол 1868 жылғы отаршылдық қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік реформасына наразылығын білдірді. Халыққа пайдалы реформа қандай болу керек деген сұраққа берер жауабы Шоқан Уәлихановтың “Сот реформасы туралы” жазбаларындағы ойларына жақын. Тарих пен қоғамдық құбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары турал мәселеде Ы. Алтынсарин ғылым мен ағартушылыққа, олардың түрленуші күшіне сенім білдіреді.

  1. Педагог-гуманист Ш.А. Амонашвилидің (2000 жылдан басталған) соңғы жарияланған еңбектерінің біреуіне эссе-пікір жазыңыз

Мектеп оқушыларын ізгілікке тәрбиелеуде, олардың ішкі табиғаты мен әлемін және олардың өзін-өзі тануына бағыт-бағдар беруде қандай ұстанымдарды және қағидаттарды негізге аламыз деген орынды сауал туындайды. Әрине, ең алдымен жан шуағын балаларға арнаған, ғұмыр жолына ізгілікті педагогиканы жалау етіп, тәрбие деген ұлы іске барлық саналы ғұмырын арнаған, есімі әлемге мәшһүр тәлімгерлер мен педагогтар салған ізгі жол, олар түйіндеген ой-пікірлер, олар жинақтаған тәрбие бағытындағы тәлімгерлік тәжірибелер, олардың балалардың ой-өрісін жетілдіру, ақыл-ойын дамыту, адамгершілікке баулу, өнерге баулу, қарапайым еңбек дағдыларына үйрету, қоршаған ортаны тануға және табиғатты қорғауға баулу бағытындағы педагогикалық еңбектері біз үшін жарқын жол бастаушы және ізгілікті де айқын бағдар бола алады.
Осындай есімі елге кең танылған ұлағатты ұстаз, жарқын тәлімгерлер қатарында, барлық саналы өмірін бала тәрбиелеу бағытындағы ізгілікті шараларға арнаған атақты педагог Ш.Амонашвили еңбектерін осыған жарқын мысал ретінде айтуға болады. Амонашвилидің тәрбие туралы өзекті ой орамдары қандай ұлт болмасын, қандай педагог болмасын оңай ұғынылатын, тіпті халық тәрбиесі қағидаларымен үндесіп жататын қарапайым да терең тәрбие ұстанымдары. Ол балғын бүрдіршін кезеңінен бастап әрбір бала бақытты болуға лайық деп алдына терең мақсат қойып, өзінің осы педагогикалық мақсатына жету жолында қыруар еңбек атқарды. Бұл данышпан педагогтың жан дүниесін жарып шыққан қасиетті тәрбие туралы әрбір ақыл-кеңесі, ой-пікірі барлығымызды балалардың жанын түсінуге, оларды сүйе білуге, олардың ішкі әлемін тани білуге үйретеді.
Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка моя где ты?» еңбегінде педагогика кітаптарында мұғалімге, балаға деген сыйластықты, махабатты көре алмайтынын, өмірді тани алмайтынын, ғылыми педагогикадағы ғылыми жобалардан мұғалім өзін шарасыз сезінеді деп жазған. Шынымен де, қаншама қағаз, құжаттар жазамыз, ал балаға немқұрайлы қараймыз. Біздің заман тек сол құжаттардың жүзінде ғана жүруде, өзіміз әр түрлі жобалар жазып, сол жобаларды қорғап, одан ешқандай нәр алмаймыз, ол қағаздардың ешбірі бізге баланың махаббаты сияқты сезімді бермейді, кейде мұғалімдер ол қағазды не үшін жазып та жатқанын түсінбейді. Біз жоспарланған сабақты балаға түсіндірсек болды деп ойлаймыз, ал баланың бізге қарап, бізден жылулықты, мейірімділікті қажет ететінін ұмытып бара жатырмыз.
Мұғалім мен адамзат жайлы Ш.А.Амонашвили еңбегінде мысал келтіреді: «Орыс әдебиеті мұғалімі бір балаға сабақ оқып келмегені үшін қатты ұрсып, сабақтан сыртқа шығарып жібереді, ал бала кетіп бара жатып, оның сүйікті қызы тоқтатқысы келсе, мұғалім жібермейді, «кезекші мұғалім тоқтатшы, жақсы сөз айтшы» десе, жоқ ол да ұрсып, кетсе кете берсін, мұғалім шығарып жіберсе, дұрыс істегені, көшедегі адам тоқтатып жақсы сөз айтып, күлімдесе ғой, ол тоқтар еді, жоқ ол ренжулі, ал өтіп бара жатқан адам «бұған орын аз болған ба» деп ойлайды. Дәріханаға барып, дәрі алады, дәрігер дәрі бермесе де болар еді ғой, жоқ оған бәрін сату керек қой. Үйіне кіріп бара жатып, ол көршісін қағып кетті, көршісі күлімдеп, не болғанын сұраса ғой, жоқ ол да оған дүрсе қоя берді. Ал бала өзінің түні бойы жасаған ғылыми жобасына келіп, дәрісін ішіп,өз-өзіне қол жұмсамақшы, оған кінәлі оның сүйікті мұғалімі. Оның қабағының ашылмай оған ұрсуы еді. Ал сүйікті қызы бұл балаға жүгіріп келе жатыр, жете алса екен….»,-деген мысалы күлкінің адамға әсерін, адамдардың бойындағы бір-біріне деген адамгершілік, жақсылық жасай алуын сөз етеді.
"Менің күлімсіреуім, сен қайдасың?" (Улыбка моя, где ты?) еңбегінде Ш.Амонашвили балалармен қарым-қатынас орнату және олармен бірге білім мен жаңалықтардың қызықты әлеміне қалай бару керектігін оңай және қол жетімді көрсетеді. Бұл жұмыста автор өз тәжірибесімен және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдердің қандай проблемаларға тап болатындығы туралы естеліктерімен бөліседі. Ол оқулықтар туралы, өзіне және студенттерге деген құрмет туралы айтады.
Оқулықтарда, оның пікірінше, дәстүрлі авторитаризммен кептірілген ұғымдар, әдістер, принциптер жиынтығы бар, олар тек ақылсыздықты көрсетеді. Осы проблемаға тап болған Шалва Александрович өзіне басқа педагогикалық ғылымды ашады. Ішкі педагогикалық білім әркімге өзіне бағытталған дәрежеде ашылады. Олар оған түйсігі мен сезімі арқылы келеді. Мұның бәрі педагогика мен ғылымға қатысты. Тағы бір бөлігі әлдеқайда қызықты-ол күлімсіреу, оның күші мен мүмкіндіктері туралы әңгімелейді, ол мұғалім үшін де, оқушы үшін де ашылады.
Автор мектепте неге күлкі аз деген сұрақ жайлы ойланады. Біз мектептен күлкі шығарамыз ба? Біз күлімсіреуден ұяламыз ба? Біз оларды қажет деп санамаймыз ба? Біз күлуді үйрендік пе? Егер жауап "иә" болса, бізге бұл мектептер не үшін керек? Содан кейін оларды толығымен жабу жақсы! Бұл сұрақтар жауапсыз қалмайды, автор күлімсіреудің шынайы күшін және оның проблемаларды "жою" қабілетін ашады. Ол күлімсіреудің бірнеше түрін ажыратады. Мысалы, жарияланбаған күлімсіреу — бұл адамның бетіне әсер етпеген, бірақ оның рухани әлемінде ол қайырымдылық бейнесі, махаббат бейнесі, ұмтылыстың бейнесі ретінде қалыптасты.
Бұл еңбекте мектепті киелі жерге теңейді, ал киелі жерде жаман сөздер, жаман ойлар болмайды, тек жақсылық қана болуы керек. Ш.А.Амонашвили мектептің орынбасарларына да күлімдеп жүргенін айтуда, өйткені орынбасарлардың күлкісі мұғалімдерге тарап, күлкінің Нұры мұғалімдерден балаларға тарайды. Бірақ жаратушы бізге әлі де сәбилерді сыйлауда, сонда үмітіміз үзілмеуі керек, барша адамзаттың өзгеретініне сену керек. «Балалар тек жаратушыдан берілген табиғи күлкілерін жоғалтып алмаса екен»,-деп ойлайды педагог.

  1. «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақырыбында эссе жазыңыз

Өмірдегі нағыз көшбасшы ол мен үшін — ана, әке, ұстаз және де менің жолдасым!Сондықтан мен асқар таудай әкемді, аяулы анамды, мейірімді ұстазымды, жан жарымды үлгі тұтып , өз өмірімнің көшбасшысы деп білемін. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ананы қадірлеу керектігі ерекше әспеттелген. Анам ең бірінші өмірлік көшбасшым. Ананы дүниедегі ең жақын адам деп санау әр адамның парызы. Ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі- ана. Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының лаулап жанған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы- аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан.
Әкем екінші өмірлік көшбасшым. Асқар таудай әкем- менің тірегім. Менің қамқоршым. Өмірде жол сілтеп, тәрбие беріп отырған әкеме сансыз мадақ айтамын. Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір — шапағат көзі – менің әкем. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері — біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы — осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.
Үшінші өмірлік көшбасшым- ол менің ұлағатты ұстазым. Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адамы – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. Жарты күнің бізбен өткізіп, біздің әкеміз де, анамыз да болды. Әрқайсымызбен сырласып, қайғы-қуанышымызбен бөлісіп, күн сәулесіндей нұрың төкті. Күлкісімен жанымызға жылу сыйлады .Әрқашан біздерге тәлім-тәрбиеіңі айтып, әрдайым бізді қадағалап отырды. Біздің болашағымызды ойлап, әр сабағың мейіріммен түсіндіріп, біліммен сусындатты. Біз сабақтан шығып үйге кетсек те бізді уайымдайтын. Қандай жағдай болса да бізді жақтады. Ұстазымның осы қасиеттерің жақсы көрем. Бір өкініштісі уақыт өте біз де мектеп бітірдік. Бірақ мен ұстазымды ешқашан ұмытпаймын. Бойыма сусындатып отырған білімдерімді әр уақытта керегіме жаратып, ұстазымның берген тәлім-тәрбиесімен жүретін болам. Ұстазымның арқасында талай-талай биік шыңдарға шығатыныма сенем.
Ал,енді менің өмірімдегі барлық қымбат жандардың арасынан төртінші көшбасшым-ол менің жолдасым. “Менің ғана жан-жарым болғаны үшін, жақсы-жаман күндерде әрқашан жанымнан табылғаны үшін, барлық еркелігімді көтере алғаны үшін; сүйікті жарым деп мені ғана атағаны үшін, тәп-тәтті перзенттеріміздің әкесі болғаны үшін; біздің арқа-сүйер тірегіміз болып, жан-жылуын төккені үшін; Жылаған сәтімде жұбатып, қамқоршыма айналғаны үшін; менің кемшілігімді жасырып, мерейімді үстем еткені үшін; мені, балаларды қуанту үшін бар жағдайды жасағаны үшін; отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзірлігі үшін; бақытты отбасы болуға барынша талпынатыңы үшін оған алғысым шексіз”.
Міне, менің көшбасшыларым ауыз толтырып айтарлықтай алтын жандар. Бұл менің оларға деген құрметімнің кішкентай ғана бөлігі. Оларға деген ыстық махаббатым, ыстық сезімім бәрі-бәрі жүрегімде!

  1. «Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында ой-толғаныс эссе жазыңыз

Бала тұлғасының өскелең ұрпағын рухани-адамгершілік тәрбиелеу - оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып табылатын мектептің ең маңызды міндеттерінің бірі, ол мейірімділікке, қайырымдылыққа, жанашырлыққа, өзара көмекке бағытталған гуманистік құндылықтарды адамда ашуды көздейді. Бұл тәсіл адам, қоғам және мемлекет игілігі үшін білім берудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы қазіргі қазақстандық қоғам адамнан тек политехнизмді, жоғары мәдени деңгейді, ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында терең мамандануды ғана емес, сонымен бірге қоғамда өмір сүру, бірге өмір сүру дағдыларын талап етеді. Негізгі өлшемдері ретінде баланың тұлғалық деп санауға болады, оны бағдарлауға жалпы адамзаттық құндылықтар, гуманизм, интеллигентность, креативтілік, белсенділік, өз қадір-қасиетін сезінуін, тәуелсіздік суждениях. Бүгінгі таңда білім беру процесінде тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына көп көңіл бөлінгендіктен, адамгершілік тәрбиесі мен руханилықты қалыптастыру бүкіл білім беру процесінің өзегі болады [1].
Бүгінгі таңда адамды рухтандыратын, ұлттың шығармашылық әлеуетін дамытатын, өмірді руханият пен адамгершілік, махаббат пен жақсылық, бейбітшілік пен жақсылық ұғымдарымен толтыратын тірі білім қажет. Бүгінгі таңда бізде мұғалім мен оның оқушыларына мейірімді және таза жарық беретін пән бар - өзін-өзі тану пәні. "Ой, сөз және іс бірлігінде өмір сүретін" өскелең ұрпақты тәрбиелеуде "Өзін-өзі тану"пәні мұғалімінің рөлі зор.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, негізгі ұлттық құндылықтардың ішінде балалардың жан дүниесінде барлық басқа құндылықтарға — мұғалімнің құндылығына өмір беретін бір, ең маңызды, жүйені құру қажет. Мұғалім мамандығы-барлық уақытта да маңызды болады, өйткені жеке тұлғаның, сондай-ақ мектептердегі, ЖОО-дағы барлық білім беру процесінің табысты дамуының маңызды факторы мұғалімнің жеке мысалы болып табылады. Рухани-адамгершілік, жауапты, бастамашыл және құзыретті азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі, оның адамгершілік және кәсіби беделі маңызды.
Мұғалімнің рөлі зор: ол Қазақстанның жас азаматтарын рухани - адамгершілік дамыту және тәрбиелеумен айналысады, бұл ел дамуының, халықтың рухани бірлігін және оны біріктіретін моральдық құндылықтарды, саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Мұғалімді, оның ішкі өмірінің жағдайы мен сапасын айналып өтіп, заманауи инновациялық экономика құру мүмкін емес. Қоғамның даму қарқыны мен сипаты мұғалімнің азаматтық ұстанымына, оның өмірлік басымдықтарына, адамгершілік сенімдеріне, моральдық нормалар мен рухани құндылықтарға тікелей байланысты. Мұғалімнің рухани-адамгершілік денсаулығы оның кәсіби мәдениетінің негізін анықтайды. Адамды тәрбиелеу, рухани дамыған тұлғаның қасиеттерін, өз еліне деген сүйіспеншілігін, құру және жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты болып табылады.
Балаларға деген сүйіспеншілік-бұл мұғалімнің ерекшелігі, ол болып жатқанның бәрін рухтандыратын және мектепті жақсы отбасына айналдыратын тірі күш. Мұғалімнің моральдық идеалы көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, терең тамыр жайған. Я. Коменский, и.Г. Песталоцци, Л. Н. Толстой сияқты ұлы адамдар біздің адамгершілік дамуымыз үшін көп нәрсе берді.
Ян Амос Коменский (1592-1670) - көрнекті чех педагогы, ойшыл - гуманист, ғылыми педагогиканың, дидактиканың негізін қалаушы, жазушы, қоғам қайраткері. Мұғалімдердің тағайындалуын, рөлін бағалай отырып, педагогиканың негізін қалаушы Я. А. Коменский былай деп жазады: "олар жоғары құрметті орынға қойылды", "оларға күн астында ештеңе болмайтын жоғары лауазым берілді". Мұны мұғалім әрдайым есте ұстауы керек және өз ісіне құрметпен және құрметпен қарау керек, "өзіңізді тым төмен бағалаудан сақ болыңыз".
Педагогикада Я. А. Коменский мұғалімнің рөліне баса назар аударады. Өйткені, білім берудің өзі оқу пәнінсіз мағынасы жоқ. Бірақ сол кезде мұғалімнің беделі шамалы болды. Комениус, бір жағынан, халық мұғалімге құрметпен қарауды талап етті, ал екінші жағынан, мұғалімнің өзі қоғамда қандай маңызды функцияны атқаратынын және өзін - өзі бағалауға толы екенін түсінді. Мұғалім, ол жазғандай, адал, белсенді, табанды, студенттерге үйретуі керек, білімді және еңбекқор адам болуы керек. Ол өз ісін шексіз жақсы көруі, оқушыларға әкесінің жолымен қарауы, оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятуы тиіс [2].
Сонымен бірге мұғалім уағыздаушы, шәкірттерді Иеміздің Аянымен таныстыратын адам болуы керек. Осыған байланысты Коменскийдің мұғаліміне қарапайым жалдамалы қызметшіге қарағанда шәкірттері үшін бедел болу оңайырақ. Бірақ сонымен бірге, бұл талап Коменскийдің өз қағидаларынан ауытқу - балаларды олардың дініне қарамастан оқыту.
Дегенмен, мұғалімдерге арналған Коменскийдің сөздері әлі күнге дейін жаңа және өзекті болып келеді.
Тұрғысынан, Коменский мұғалімі мамандық ретінде емес, мамандық болып табылады. Адам өмірлік тәжірибе барысында жас ұрпаққа білім береді деген ойға келуі керек. Бұл жұмысқа кіріспес бұрын оның теориялық дайындығы болуы керек. Сонымен қатар, мұғалім өзінің әл-ауқатына алаңдамауы керек, оны қабылдаушы қауымдастық қамтамасыз етеді. Қоғам мұғалімді жалдауға ақша бөліп, оларды өз балаларының білімі түрінде жүз есе қайтарады. Коменскийдің пікірінше, мұғалім өзінің білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады. "Жақсы мұғалім пайдалы нәрсені үйренудің кез-келген мүмкіндігін жіберіп алмайды". Мұғалім оқушы үшін "пампедикалық тәлімгер" болуы керек, яғни барлығын және жан-жақты "адамға толық жетілуді жеткізу үшін"үйрету керек.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім мамандығы оны мұғалімнің мінсіз іскерлік беделін қалыптастыруға ықпал ететін жеке және моральдық және іскерлік қасиеттердің белгілі бір жиынтығына ие болуға міндеттейді. Педагог үшін ең маңыздылары: оқу материалын оқушылар үшін қолжетімді ету қабілеті; мұғалімнің оқушыны түсінуі; жұмыстағы шығармашылық; балаларға педагогикалық ерікті әсер ету; балалар ұжымын ұйымдастыру қабілеті; балаларға қызығушылық; сөйлеудің мазмұндылығы мен жарықтығы; оның бейнелілігі мен сенімділігі; педагогикалық әдептілік; оқу пәнін өмірмен байланыстыру қабілеті; балаларға қатысты байқау; педагогикалық талап.
19 ғасырдағы Ұлы Батыс педагогтарының пікірінше, мұғалімнің тұлғасы білім беру процесінде шешуші рөл атқарады. Ол оқыту ережелері мен әдістерін қолдануға шығармашылықпен қарауы керек. Оқытудың сәттілігі я.а. Коменскийдің айтуы бойынша әдіспен емес, мұғаліммен қамтамасыз етіледі. Мұғалім: даналық, батылдық, әділ, парасатты, қарапайым, еңбекқор, мейірімді болуы керек. Мұғалім оқушылардың дамуымен айналысатындықтан, мұғалімнің өзін-өзі дамытуының маңызы зор.
Өткен ғасырлардағы ұлы ағартушылар, Я. А. Коменский, Л.Н. Толстой, и. Г. Песталоцци және басқалар идеалды мұғалімді сауатты, білімді, балаларды және олардың кәсібін жақсы көретін. Кәсіби құзыреттілік пен еңбекқорлық бірінші орынға шықты.
Мінсіз мұғалім рухани бай, жомарт, әдепті, еңбекқор адам болуы керек, баланы жақсы көруі және құрметтеуі керек. Мұғалім, әрине, қарапайым адам, ол өз көзқарастарында өз уақытынан бұрын болуы керек және Эрудит болуы керек.
Өзін-өзі тану пәнінің өмір сүру кезеңінде өзін-өзі тану мұғалімінің ерекше кәсіби менталитеті мен бейнесі қалыптасты: гуманист, зерттеуші, әдіскер, өзін-өзі жүзеге асыратын тұлға. Өзін - өзі тану мұғалімдерінің кәсіби дайындығының мазмұны оларға мұғалімнің негізгі миссиясын-оқушының өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына түрткі болуға көмектесуге арналған, сондықтан әр оқушы қоғамға қызмет ету мүддесінде өзінің жеке әлеуетін ашып, іске асыра отырып, өзін құруға мүмкіндік алады.
Қазіргі мұғалім-мектептегі оқу процесін ұйымдастырушы. Ол сабақтар, қосымша сабақтар мен кеңестер кезінде де, оқу процесінің шеңберінен тыс уақытта да студенттер үшін білім көзі болып табылады.
Мұғалім қандай нақты міндеттерді шешсе де, ол әрқашан ұйымдастырушы, тәлімгер және педагогикалық ықпал ету шебері болып табылады.
https://articlekz.com/article/34194



  1. К.Г. Юнг, А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франкл және т.б. психолог-гуманистердің белгілі бір еңбектерін зерделей, бір тұжырымдамасын жазыңыз

Абрахам Маслоу - өзін-өзі кемелдендіру тұжырымдамасы туралы.
А. Маслоу жеке тұлға дамуы негізінде жатқан екі қажеттілік түрін көрсетеді: қанағаттандырылған соң тоқтайтын “деффицитарлы” және керісінше, жүзеге асқан соң да күшейе түсетін “өскіш” (көбейгіш) Маслоу бойынша мотивацияның 5 қана деңгейі бар:

  • физиологиялық (тамақ, ұйқы қажеттілігі);

  • Қауіпсіздік қажеттілігі (үй, жұмыс қажеттілігі);

  • Бір адамның қажеттілігін басқа адамда бейнелейтін құрамында болушылық қажеттілігі (мысалы, отбасын құру қажеттілігі);

  • Өзін-өзі бағалау деңгейі (өзін сыйлау, компетенция жетістікке қажеттілігі);

  • Өзін-өзі өзектілеу (шығармашылық, сұлулық, тұтастыққа деген мета қажеттіліктер).

Қажеттіліктердің алғашқы екі деңгейі дефицитарлы, үшінші деңгей аралық, ал төртінші және бесінші деңгейлері өскіш (ростовым) қажеттіліктерге жатады.
А.Маслоу мотивация дамуының алға басқан заңдылығын құрастырды, осы заңдылық бойынша адамның мотивациясы қалыпты (поступательно) дамиды: төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылғанда ғана жоғары деңгейде қозғалыс жүреді. Басқа сөзбен айтқанда, егер адам аш әрі тұрғылықты қоныстайтын баспанасы жоқ болса, онда оған отбасын құру, одан қалса өзіне деген сыйлауды сезіну немесе шығармашылық жұмыспен айналысу қиынға соғады.
Адам үшін ең маңыздысы өзін-өзі өзектілеу қажеттілігі. Өзін-өзі өзектеу адамның жетілуінің соңғы күйі емес. Барлық түрткілерін (мотивтерін) лақтырып тастау үшін ешбір адам соншалықты өзінен өзектелінген. Әр адамда одан ары қарай дарындылығы дамиды. Бесінші деңгейге жеткен адам “психикалық тұрғыда сау жеке тұлға” деп аталады (Маслоу А., 1999).
А.Х. Маслоудың «Мотивация және жеке тұлға» еңбегінен келтірілген үзінді де мотивация теориясында болуы тиіс 17 ұстанымға сипаттама беруден басталады. Оның бірі-Холистикалық тұрғы-жеке тұлға жиынықталған, ұйымдастырылған тұтастық дегенді нұсқайды. Осы тәжірибе мен теорияда дәлелденген деректі түсінудің қажеттілігі экспериементтерді сапалы жүргізу мен мотивацияның сапалы теориясын жасау мүмкіндігімен байланысты. Организмнің кез-келген күйі қандай болмасын мотивациялық күйді де анықтайды. Қазіргі замандағы тұжырымдамалар, мотивациялық күй организмдегі басқа жағдайлардан түбегейлі ерекшеліктерінен, айрықша әдеттен тыс күй дегенді әлі де ұстанады. А.Х. Маслоу саналы мотивация теориясы, керісінше,мотивация үздіксіз, ол таусылмайды, ол күрделі әрі тұрақсыз және организмнің кез-келген күйінің әмбебап сйпаттамасы болып табылады деген ұстанымды ұсынады.
Гуманистік психология өкілдері — А.Маслоу мен К.Роджерс оқытуды ұйымдастырудағы басты принцип «дамытушы көмек» көрсету деп көрсетті. Бұл принциптің мәні мұғалім оқушыға не істеу керек екендігін көрсетіп, проблеманы ол үшін шешпей, оның белсенділігін және ішкі күштерін ояту қажет, өзі таңдау жасап, шешім қабылдап, жауап бере білуге үйрету қажет деп есептейді. К.Роджерс: «Дәстүрлі мектепте өктемшіл, еріксіз оқыту (когнитивтік оқыту типі) жүреді, мұнда оқу үдерісінде білімдерді мұғалім таңдаған бағдарламамен меңгеру ғана жүреді. Ал оқыту типі «тәжірибелік оқу» болу керек. Бұл оқу типі бойынша окушылар ерікті, өз бетінше іс-әрекетте, өзінің тәжірибесінде, пікірталас пен шешім қабылдау барысында оқып білім алуы қажет», — дейді [1]. Тұлғалық дамыта білім беру идеясы 80-жылдарда ынтымақтастық педагогикасында жүзеге асырылды. Ынтымақтастық педагогикасын жаңашылдар педагогикалық үдерісте үйлесімді дамудың қажетті шарты ретінде оған қатысушылардың ізгілікті өзара қатынасын орнату деп түсінді. 
Гуманистік психология көрнекті өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларды орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршен психологияны тандап алу еді. Өз зерттеулерінің объектісі ретінде гуманист- психологтар салуатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты – өзін-өзі кемелендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып білу. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік – адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмытылу. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндеті. 

  1. Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаратын белгілі бір өсиет-әңгіме құрастырыңыз




  1. Гуманитарлық циклдегі пәндерге өзін-өзі тануды интеграциялаудың екі мысалын және жаратылыстану циклдегі пәндерге өзін-өзі тануды интеграциялаудың үш мысалын әзірлеңіз

«Өзін-өзі тану пәнін басқа пәнмен интеграциялау» тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өзін-өзі тану пәнін интеграциялауда Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және информатикалық білім беру мамандықтарының студенттерімен өткізілген сабақтарда кез келген гуманитарлық және жаратылыс тану пәндерін сабақ кездерінде интеграциялау сабақтан тыс уақыттардағы іс-шараларда пайдаланудың тиімді жолдарына студенттер өз тәжірибелері арқылы төмендегідей дәйекті дәлелдермен мысалдар келтірді.
Қазақ әдебиеті пәні: Балаларға Алдар көсе және Қожанасыр аңыздарын оқыту арқылы олардың бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баули аламыз. Әлсіздерді қорғап, зұлымдыққа қарсы әрекет жасауға үйретеміз.
Әдеби тұрғыдан келгенде Абай мен Шәкәрім, Мағжан мен Мұқағали шығармаларының көркемдік ерекшеліктері айшықты оралымдардан көрінеді, ал бізге қажеттісі – олардың жан дүниесінің сұлулығы.
Олар іздеген үйлесімдік пен ізгілік, махаббат пен достық, пейіл мен ықылас жарасымын адам бойындағы құнды қасиеттер деп бағалай отырып, біз әдеби-көркем туындылардағы мазмұн арқылы болашақ ұрпақты еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеуді нысана тұтамыз.
Ағылшын пәні
“Қыс” – “Winter” тақырыбын өткен кезде:
Spring is green
Summer is bright
Autumn is yellow
Winter is white - қыс-ақ, адам осы ақ қардай таза болуы керек деп рухани тәрбиени айтып кету қажет
Астрономия пәні: Ай мен Күн бар адамзатқа, тірі организмге ортақ. Күн барлығына бірдей шапағаты мен нұрын төксе, Ай бәріне бірдей жарығын түсіреді. Сол сияқты, жақсы адамның да жан-жағына, айналасындағы қоршаған жандарға таратар шапағаты мен төгер нұры бәріне ортақ, бәріне бірдей тең. Ол ешқашан ешкімді бөліп жармайды немесе адамдарды таңдамайды. Жай ғана бәрін бірдей жақсылығы мен мейірімділігіне бөлеп жүреді. Сондықтан біз жақсы адамдарды Күнге немесе Айға теңейміз.
Химия пәні: Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек. Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыруға болады, Рух «рухани бастаудың» қайнар көзі. Рухы мықты адам барлық қиыншылықтарға төтеп бере алады. Өмірде өзінің жолын табады. Қандай да бір қиыншылық болмасын адам сол қиыншылықты қалайда жеңуге әрекет етуі керек. Қиыншылыққа соншама ауқымды, ұзақ үдерісін ретінде қарамау керек, ол өткінші, уақытша нәрсе деп қабылдау қажет. Адамның рухты болуы ең жақсы қасиеттерінің бірі деп санаймын. Рухың биік болса алынбайтын асу жоқ.
Өзін-өзі тану пәнін интеграциялауда металдардың қасиеттерін атай отырып, оның адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы,«сабыр түбі сары алтын – сабырлының бәрі алтын» дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады. Менделеевтің периодтық кестесінде қанша элемент болса, әрқайсының өзіне тән ерекшелігі, өзіне тән қасиеті бар. Кестедегі элементтер өмірде қандай пайдалы болса, адамзаттың баласы да өмірден өз орнын табуға лайықты. Алайда, бәріне ортақ міндет белгілі бір мөлшерде пайда әкелу. Сол сияқты, адамдардың да мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы әртүрлі болады. Бірақ, сапалы білім алып, елімізге өз пайдамызды тигізу баршамызға ортақ міндет.
Математика пәні: Қосу және азайту жай ғана арифметикалық таңбалар. Егер сандарды бір-біріне қоссақ, олар көбейеді. Ал азайтсақ сандар азаяды. Сол сияқты, егер біз бір-бірімізбен қосылып, әрдайым бірге болсақ және неғұрлым жанымызда жақын жандарымыз көп болса, біз бірлік пен татулықтың арқасында көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Ал егер бір-бірімізден ажырап, кез келген нәрсе үшін айырыла беретін болсақ, біз ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан, бір-бірімізді азайтып алмай, керісінше жанымызға жақсы адамдарды қосып жүруіміз керек.
Экология пәні: Егер өсімдікке қамқорлықпен қарап, оны әрдайым баптап күтіп, түрлі зиянкестерден қорғап, қажет мөлшерде сумен қамтамасыз етіп тұрсақ, ол, әрине, жайқалып, әдемі болып өседі. Дәл сол сияқты, балаға да жастайынан дұрыс тәрбие беріп, оған қамқорлықпен, мейіріммен қарауымыз керек. Сонда ғана көркем мінезді, адал және ел ертеңін ойлар ұрпақ тәрбиелей аламыз.
География пәні: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су түссіз, мөлдір, иісі-дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су – өмір көзі», су жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді, тазалық көзі, шынығу көзі, су – тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі – су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады, таза су ішпеген, таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар көп болады. Әрбір қазақтың дүниетанымы – рухани байлықпен тығыз байланысты. Кез келген дүниені рухани санаға салып ой елегінен өткізу арқылы жағымды мінезқұлық, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіреміз.
Физика пәні: «Термодинамиканың» табиғаттағы қайтымсыздық заңдылығын қазақтың мақал-мәтелдерімен келтіруге болады «айтылған сөз-атылған оқ». Физика ғылымындағы Бүкіләлемдік тартылыс заңын «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен...» деген өлең шумақтарымен жеткізуге болады. Сол сияқты альфа, ветта, гамма сияқты өткір сәулелерді «сөз сүйектен өтеді» деп тұжырымдап, химиядағы сынап дейтін өте тұрақсыз затты «сынаптай сырғыған уақыт» деген әдемі сөз тіркестерімен салыстыруға болады. Алтын – ең салмақты қымбат металл. Ал оның ешқашан тот баспайтындығын білеміз. Мінеки, сол сияқты «жақсы адамныңда ешқашан жақсы ойлауының арқасында оған жамандық жуымайтынын білеміз». Осылайша өзін-өзі тану пәнін интеграциялау арқылы оқушылар, студенттер рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға, бүгінгі таңда өмір сүрудің алгоритмін жасай білуге үйренеді, өмірлік дағды қалыптастырады. Өзіне-өзі, қоршаған ортаға, кеңістікке, өзгерістер мен жаңалыққа жаршы, жанашыр және оны өздері жасай алуға ұмтылады. Жеке адамның адамгершілік-рухани қасиетінің өзге нәрселердің қай-қайсысынан да артық екендігіне сенімді болады, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауда адамгершілік ұстанымдары мен руханилық этномәдени өлшемдеріне сүйену шеберлігін қалыптастырады, өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, өзгелермен қоғамдаса өмір сүруге: түйіні қиын шиеленісті жағдайлардан дұрыс жол табуға, зиянды, қауіпті құмарлықтан бойын аулақ ұстауға, жауапты шешім қабылдай білуге әрекет етеді. Өзін-өзі бағалауға, жетілдіруге, өз өмірін жақсартуға деген қабілетін оятуға, ең алдымен өзін-өзі тану негізінде өзі туралы білімін қалыптастыруға, студенттердің үнемі белсенді қарым-қатынаста болатындығы арқылы олар өзінің ішкі ойларын, көзқарасын айта алуға дағдыланады, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болады, даралық, дербестік, өзіндік пікір қалыптастыруғы ықпал етіп, өзіңді де өзгені де құрметтей білуге үйренеді.
Информатикалық білім беру. Информатика – XXI ғасырдың қарқынды дамушы жас ғылымы. Ақпараттық технологияларды бүгінде күнделікті қолданамыз, онсыз өмір сүретін адамдарды кездестіру ықтималдығы өте төмен. Сондықтан да бүгінгі таңда мектеп оқушыларының да көңілдері ауып отырған мамандық болып жүр. Оқушылардың миын ақпараттық технологияның шым-шытырық дүниелерімен шатастыра бермей, рухани білім беретін өзін-өзі тану пәнімен жиі интеграция жасап, балаларды алған білімдерін ізгілендіру керек.
Информатика пәні мен өзін-өзі тануды интеграциялаудың бір әдісі: қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның ең үлкен жетістігі құлтемірлер (робот) мен адамдардың айырмашылығын түсіндіру. Яғни, адам мен құлтемірдің айырмашылығы: құлтемір тек сыртқы басқарулар мен бұйрықтардың көмегімен ғана іс-әрекетін жүзеге асырады, ал адамдар өз ақылдарымен ойланып, жүректеріне салып іс-әрекеттер жасайды. Құлтемірлердің жүрегі жоқ, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата білмейді, ал адамдар жұдырықтай жүрегіне құлақ асып іс-әрекет жасаса қаншама ізгіліктер жасалар еді. Екінші бір тәсіл: қаншама қосымшаларды, бағдарламаларды жазарда бар мүмкіншілігімізді пайдаланып, жақсы жұмыс істейтіндей, көптеген қызметтерді атқарып, адамдарға ұнайтындай ыңғайлы етіп жасауға тырысамыз. Енді дәл осы бағдарлама сияқты өзіміздің мінез-құлық, сөйлеу сөздерімізді барынша дұрыстасақ, байытсақ, көркейтсек керемет бағдарламалар сияқты жанымыздағы жандарға қаншама көмегіміз тиері сөзсіз.
Біз компьютердегі операциялық жүйені жаңартып (обновление) тұрғандай адамның да миындағы қажетсіз ақпараттардан арылып, рухани жан дүниені тазартып тұру қажет. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемел келеді. Абай атамыз тәнді жан билеу керек екенін айтады. Біз өмір сүріп жатқан дүние жақсылық пен жамандық, арлы, намыстылық пен арсыздық, намыссыздық, сұлулық пен көріксіздік, мейірімділік пен қатігездік, адалдық пен харамдық тәрізді бір-біріне қарама-қайшылықтардан тұрады. Әркімнің рухани байлығы оның ісінен, мінез-құлқынан, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын көрінеді. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекетіде соғұрлым саналы болып келеді. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақытқа бөлейді деген ойдамын.
Қорытынды
Ойымызды қорытындылай келе, білім беру ұйымдарында барлық пәндерді оқытуды олардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор екендігіне көз жеткіздік. Бұл пәнді оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал ол жақсылықты жасаған адам қалған мың адамға үлгі болады. Өзін-өзі тану жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор. Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін ингерациялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашанда қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.

  1. «Жақсылық жолымен» тақырыбында әлеуметтік өзара әрекеттесу қағидасы негізінде қайырымдылық ақция өткізу жобасына сипаттама беріңіз




  1. «Баланың рухани-адамгершілік дамуындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама және презентация дайындау.

Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше, оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы» деп көрсетілген. Сондықтан, өнегелі ұрпақ өсуін тілеп, ұрпақ тәрбиесін отбасынан бастап, әрбір ата- ана бала алдындағы парызын дұрыс атқаруы қажет. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады [2].
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз- өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың іс- әрекеті мен мінез- құлқы өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі [3].
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі, ұстаздары.
Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен, береке-бірлікпен, сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жеке тұлға пайда болады. Ал, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі, тату, берік отбасының әсері мол, себебі оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ [4].
Ата-ана – тәрбие өнегесі, сондықтан «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген –тон пішер» деп қазақ мақалы тегін айтылмаған. Осы нақыл сөзден-ақ, отбасының, ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі өте үлкен және маңызды екенін көреміз.
Ал, әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы:
«Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді!
Ұяда не көрсе, соны іледі,
Сүтпен сіңген өле-өлгенше жүреді!» [5], - деген бәйіті «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген мақалдармен үндес. Яғни, Ж. Баласағұн бұл бәйіттерінде өмір есігін енді ғана ашқан жас ұрпақты отбасында және қоғамдық ортада адамгершілікке тәрбиелеудің орны бөлектігін атап көрсеткен. Міне, сонда ғана әрбір бала ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттерді, әдеп ережелерін өз өміріне серік етіп өседі дейді.
Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.
Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Барлық ата- ана баласының тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалайды. Бірақ баланы осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәрі білсе де, бала тәрбиесімен қажетті түрде айналыса бермейді. Кейін бала есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы былай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатады. Алайда, бала неге осындай болды деп ойланып, оның осындай болуына басты себепкер өздері екенін мойындамайды [6].
Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
«Қоршаған әлеммен байланыстыратын бар жақсылық - ол менің отбасым»,-деп ұлы Абай айтқандай әр бала дүниеге келген сәтінен бастап ес біліп, ер жеткенге дейін ата-анасынан үлгі алады. Олардан жақсы мен жаманды, мейірімділік пен қатыгездік түсінігін үйренеді. Ал бала балабақшаға немесе мектепке барғаннан бастап сол ортасы тәрбиеші болады. Кейбір ата-аналар балабақшаға немесе мектепке сеніп, үйде бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Бұл дұрыс емес. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: «Ата-аналар - алғашқы педагогтар» деп жазылған [7]. Сол үшін біздің ата-аналар мен білім беру мекемелері тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Мектептерде екі жақтың бірігуімен балалар тәрбиесіне бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылғаны жөн. Сонда ғана түрлі бағыттағы психологиялық тренингтер, педагогикалық кеңестер мен басқа да бірлескен жұмыстар арқылы жеткіншектер арасындағы мәселелерді оңай шешуге болады.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасында дұрыс тәрбие беруде белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұяда бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым - қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата- ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, баланың эгоистік жақтарының басым болуы байқалады. Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанда өзінде бірге туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бұқаралық сипат алуы балалар арсында жатырқау, тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне негіз қалайды.
Толық емес отбасыларда, яғни ата- анасының біреуі жоқ болған отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік– психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады. Отбасы тәрбиесінің проблемасы – отбасындағы шаруалардан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, отбасы ұрыс-керіске ата – ананың бір– біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс- әрекеттерге толы отбасыларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды. Жалпы, бала тәрбиесі туралы сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға жүктелетіні шындық. Иә, ата-ана - бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Сондықтан да, ата-аналар баланың аяқ алысына, мінез-құлқына, жан дүниесіне терең үңіліп, отбасындағы тыныштық пен мейірімділікті сақтаулары керек.
Демек, отбасы - адам өмірінде, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Ата-ана мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін нақты жүзеге асыра білуі тиіс. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана ардақталады. Ал, қоғамдағы адамгершілік тәрбиесі - адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруде жалпыадамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпыадамзаттық тәрбиенің бір бөлігі. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің басты мақсаты - ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып табылады.

  1. «Ақиқат біреу, бірақ ойшылдар оны әр түрлі атаулармен атайды», «Ақпаратты қалай дұрыс қабылдау керек», «Жағымды ойлаудың пайдасы», «Өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқару керек», «Ажыратып ойлауды дамытудың маңыздылығы», «Интуиция дегеніміз не, және оны қалай дамыту керек», «Қалаулар шегін қалай белгілеу керек» тақырыптарының біріне шығарма жазыңыз

«Ақпарат» ұғымы абстрактілі мағынаға ие және оның анықтамасы көп жағдайда контекстке байланысты.Латын тілінен аударғанда бұл сөз «түсіндіру», «таныстыру», «танысу» дегенді білдіреді. Көбінесе «ақпарат» термині адам қабылдаған және түсінетін, сонымен қатар пайдалы деп танылған жаңа фактілер ретінде түсініледі. Алғаш рет алынған осы ақпаратты өңдеу процесінде адамдар белгілі бір білімге ие болады.
Ақпаратты адамның қабылдауы - {textend} дегеніміз құбылыстар мен заттарды олардың әртүрлі сезімдерге әсер етуі арқылы танысу. Заттың немесе жағдайдың көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және ұстау органдарына әсер ету нәтижесін талдай отырып, жеке адам олар туралы белгілі бір түсінік алады. Сонымен, ақпаратты қабылдау процесінің негізі - біздің бес сезім мүшелеріміз {textend}. Сонымен бірге адамның өткен тәжірибесі мен бұрын алған білімі белсенді қатысады. Оларға сілтеме жасай отырып, алынған ақпаратты бұрыннан белгілі құбылыстар ретінде жіктеуге немесе оны жалпы массаның ішінен жеке категорияға бөлуге болады. Ақпаратты қабылдау тәсілдері адамның психикасына байланысты кейбір процестерге негізделген:

  • ойлау (затты немесе құбылысты көрген немесе естіген адам, ойлана бастаған кезде кездескенін түсінеді);

  • сөйлеу (қабылдау объектісін атау мүмкіндігі);

  • сезімдер (қабылдау объектілеріне реакцияның әр түрлі түрлері);

  • ерік (адамның қабылдау процесін ұйымдастыруға қабілеттілігі).

Адамда осындай бірнеше әдістер бар. Олар бес сезіммен анықталады: көру, есту, ұстау, дәм және иіс. Осыған байланысты ақпаратты қабылдау тәсіліне сәйкес белгілі бір жіктеу бар:

  • көрнекі;

  • дыбыс;

  • тактильді;

  • дәм;

  • хош иіс.

Көрнекі ақпарат көз арқылы қабылданады. Олардың арқасында адамның миына әртүрлі визуалды кескіндер енеді, содан кейін олар сонда өңделеді. Есту дыбыс (сөйлеу, шу, музыка, сигналдар) түрінде келетін ақпаратты қабылдау үшін қажет. Жанасу мүшелері тактильді ақпаратты қабылдау қабілетіне жауап береді. Теріде орналасқан рецепторлар зерттелетін объектінің температурасын, оның бетінің түрін және формасын бағалауға мүмкіндік береді. Дәм туралы ақпарат тілдегі рецепторлардан миға енеді және адам оның қандай тағам екенін түсінетін сигналға айналады: қышқыл, тәтті, ащы немесе тұзды. Иіс сонымен қатар қоршаған әлемді білуге ​​көмектеседі, иістердің барлық түрлерін ажыратуға және анықтауға мүмкіндік береді. Ақпаратты қабылдауда көру негізгі рөл атқарады. Бұл алынған білімнің шамамен 90% құрайды. Ақпаратты қабылдаудың дыбыстық тәсілі (мысалы, радио беру) шамамен 9% құрайды, ал қалған сезім мүшелері тек 1% жауап береді.
Белгілі бір жолмен алынған бірдей ақпаратты әр адам әр түрлі қабылдайды. Біреу кітаптың бір парағын оқығаннан кейін оның мазмұнын оңай айта алады, ал екіншісі іс жүзінде ештеңені есіне алмайды. Бірақ егер мұндай адам сол мәтінді дауыстап оқыса, ол есте сақтаған нәрсені оңай жаңғыртады.Мұндай айырмашылықтар адамдардың әрқайсысы белгілі бір типке тән ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін анықтайды. Олардың төртеуі:

  • Көрнекіліктер.

  • Аудиториялар.

  • Кинестетика.

  • Дискрет.

Ақпаратты қабылдаудың қандай түрі адам үшін басым болатынын және оны қалай сипаттайтынын білу өте маңызды. Бұл адамдар арасындағы өзара түсіністікті едәуір жақсартады, сұхбаттасушыға қажетті ақпаратты тез және толық жеткізуге мүмкіндік береді.
Адамдардың ақпаратты қабылдау тәсілі көбінесе олар үшін тиімді болатын білім беру формасын анықтайды. Әрине, жаңа білімді бір сезім мүшесінің немесе олардың бір тобының көмегімен, мысалы, жанасу және иіс сезу арқылы алатын адамдар жоқ. Олардың барлығы ақпаратты қабылдау құралы ретінде әрекет етеді. Алайда, белгілі бір адамның бойында қандай сезім мүшелері басым болатындығы туралы білім басқалардың оған қажетті ақпаратты тез жеткізуіне мүмкіндік береді, ал адамның өзі үшін бұл өзін-өзі тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктер, мысалы, барлық жаңа ақпаратты оқылатын түрде, суреттер мен сызбаларда ұсынуы керек. Бұл жағдайда олар оны әлдеқайда жақсы есте сақтайды. Әдетте көрнекіліктер нақты ғылымдардан асып түседі. Балалық шақтың өзінде олар басқатырғыштар қоюға, көптеген геометриялық фигураларды білуге, сурет салуға, сурет салуға, текшелерден немесе конструкторлар жиынтығынан құруға шебер.
Аудиторияларды керісінше, ауызша сөйлеуден алынған ақпаратты қабылдау оңайырақ. Бұл біреумен сөйлесу, дәріс, аудиожазба болуы мүмкін. Аудиторияға шет тілін үйрету кезінде аудио курстар басылған оқулықтан гөрі жақсы.Егер сізге әлі де жазылған мәтінді есте сақтау қажет болса, оны дауыстап айтқаныңыз абзал.
Кинестетика өте мобильді. Олар ұзақ уақытқа бір нәрсеге назар аудару қиынға соғады. Мұндай адамдарға дәрістен немесе оқулықтан алынған материалды игеру қиынға соғады. Егер кинестетика теория мен практиканы байланыстыра білсе, есте сақтау процесі тез жүреді. Лабораторияда жүргізілген эксперименттің нәтижесінде белгілі бір ғылыми термин немесе заң ұсынылуы мүмкін физика, химия, биология сияқты ғылымдарды үйрену оларға оңайырақ.
Дискреттер басқа адамдарға қарағанда жаңа ақпаратты ескеру үшін біраз уақыт алады. Олар алдымен оны түсініп, өздерінің бұрынғы тәжірибелерімен байланыстыруы керек. Мұндай адамдар, мысалы, мұғалімнің дәрісін екінші рет тыңдау үшін диктофонға жазып ала алады. Ғалымдардың арасында көптеген ғалымдар бар, өйткені олар үшін ең алдымен парасаттылық пен дәйектілік басым. Сондықтан, оқу процесінде олар ақпаратты қабылдауды дәлдігі анықтайтын пәндерге жақын болады - мысалы, информатика.

  1. Өз өміріңде жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеде пайдалану туралы шағын ғылыми жұмыс жазыңыз




  1. Л.Н. Толстойдың «Қиянат» жасамау туралы көрсеткен жолдарына мысал келтіріңіз

Л.Н. Толстойдың қиянат жасамау этикасының негізгі ережесі –«қастыққа күшпен қарсы шықпау», яғни ешқандай жағдайда қастықты болдырмау»
Л.Кинг (Л.Толстой мен М.Гандидың ережелеріне сүйеніп) қарсыластарымен қалай өзін ұстануын қажет екенің түсіндіреді: «Бізге деген жаман қатынасына қарамастан, біздің ағайындарымызға өшпенділікті одан әрі қатайтпай және көрсетпеуіміз керек»
Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған. Л.Н. Толстойдың қиянат жасамау этикасының негізгі ережесі – «қастыққа күшпен қарсы шықпау», яғни ешқандай жағдайда қастықты болдырмау»
М. Гандидың негізгі қағидасы барлық тірі тіршілік иелеріне әрекетпен, ойымен және сөзбен зиян келтірмеу.
Л.Кинг (Л.Толстой мен М.Гандидың ережелеріне сүйеніп) қарсыластарымен қалай өзін ұстануын қажет екенің түсіндіреді: «Бізге деген жаман қатынасына қарамастан, біздің ағайындарымызға өшпенділікті одан әрі қатайтпай және көрсетпеуіміз керек».
Қиянат жасамаудың сипаттамалық ерекшеліктері
- Бәрінің бірлікте болуының мәнін жете түсіну;
- Қиянат жасамау барлық заттарға сүйіспеншілікпен қарауды қажет
етеді;
- Қиянат жасамау барлық адамгершілік істерді өзіне қосып алады;
- Қиянат жасамау тек қатыгездік жасамауды ғана білдірмейді,
сонымен қатар басқа адамдардың қайғысын жеңілдету үшін де
әрекет етеді (М.Ганди, Л.Толстой, Л.Кинг) ;
- Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, ал ол сонымен
қатар шексіз рақымдылықты білдіреді (М.Ганди).
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш
өмір сүруге мүмкіндік жоқ... Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты,зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
ҚИЯНАТ ЖАСАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі
Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі
(жансыз білім)
Өзгеріске қарсылық ретінде қиянат
Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетпен туындаған қиянат.
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ ПРАКТИКАСЫ
Шынайы білімді таратуға қиянат жасамау;
Әрекет етпеуге қиянат жасамау;
Еркіндікке бақталастықпен қиянат жасамау;
Басқарушы ісәрекетте қиянат жасамау;
Ешкімге қиындық келтірмеуге талпыну;
Агрессивті көңілкүйдің туындауына бақылау
Өзің турасында қиянат жасамау;
Зорлық-зомбылық жасамаудың күші
Махатма Гандидің ұлы және Ганди атындағы зорлық-зомбылық институтының негізін қалаушы доктор Арун Ганди 9 маусымда Пуэрто-Рико университетіндегі лекциясында әке болудағы зорлық-зомбылықсыз мысал ретінде келесі оқиғаны айтты:
Мен 16 жаста едім және ата-анаммен бірге Дурбаннан 18 миль қашықтықта, Оңтүстік Африкада қант плантациясының ортасында атам құрған институтта тұрдым. Біз шалғайда тұрдық, көршілеріміз жоқ еді, менің екі әпкем бар еді, біз қалаға достармен кездесуге немесе фильм көруге әрқашан баруды асыға күтетінбіз. Бір күні әкем қалаға күні бойы өтетін конференцияға апаруымды өтінді, мен мүмкіндікті пайдалануға асықтым. Және өйткені Мен қалаға көлікпен келе жатыр едім, анам маған сатып алуым керек өнімдердің тізімін берді, себебі Мен күні бойы қалада болайын деп едім, әкем маған көліктерге қызмет көрсету орталығына бару сияқты ұзаққа созылған нәрселерді аяқтауды өтінді. Сол күні таңертең әкемді шығарып салғанымда, ол маған: «Менімен кешкі сағат 17:00-де осында кездесіп, үйге бірге жет» деді. Мен барлық нұсқауларды асығыс орындап, дереу жақын жердегі кинотеатрға қарай бет алдым. Джон Уэйннің екі бөлімді фильміне қызығып кеткенім сонша, уақытты мүлдем ұмытып кеттім. Есіме түссе сағат 5:30 болыпты. Машинамды алайын деп гаражға жүгіріп барып, әкем күтіп тұрған жерге жеткенде сағат алты болып қалыпты. Ол: «Неге кешігіп қалдың?» деп қуана сұрады. Мен оған Джон Уэйн вестернін көргенімді мойындауға ұялғаным сонша, мен оның гаражға қоңырау шалып қойғанын байқамай: «Көлік дайын емес еді, мен күтуім керек болды» дедім. Мені өтірік айтты деп айыптай отырып, ол: «Мен сені өсіргенімде бірдеңе дұрыс болмады, ол маған шындықты айтуға сенімін бермейді. Сізді тәрбиелеуде не қателескенімді түсіну үшін мен үйге 18 миль жаяу барамын және бұл туралы ойланамын ». Ол костюмі мен аяқ киімін киіп, үйіне қараңғы, негізінен асфальтсыз және жарықсыз жолмен барды. Мен оны тастап кете алмадым және әкемнің мен айтқан ақымақ өтіріктердің азабынан өткенін көріп, бес жарым сағат бойы оның соңынан ердім. Сол кезде мен енді ешқашан өтірік айтпауға шешім қабылдадым. Мен сол оқиғаны жиі ойлаймын, ол мені де сол кезде балаларымызды жазалағандай жазалай ма еді, мен сол кезде сабақ алдым ба, жоқ па деп ойлаймын. Олай ойламаймын. Мен сол жазаны тартып, солай істей беретін едім. Бірақ зорлық-зомбылық болмаған мына бір әрекеттің сондай құдіреті бар еді, күні кеше болғандай әлі де бар. Зорлық-зомбылық жасамаудың күші осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет